ҚЎлпыбаев с



бет59/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   314
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу неге қажет?
2. Қаржылық-құқықтық нормалар дегеніміз не?
3. Қаржылық-құқықтық механизм қалай сипатталады?
4. Қаржылық-құқықтық реттеу қандай әдістермен жүргізіледі?
5. Мемлекеттің қаржылық қызметінің мазмұны неде және оған қандай факторлар әсер етеді?
6. Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістерін атап шығыңдар және сипаттап беріңдер.
7. Қаржылық-құқықтық актілер дегеніміз не және олар қалай сипатталады?
8. Қаржылық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының аса маңызды заңнамалық актілерін атаңдар.
6-тарау. Қаржылық бақылау


6.1 Қаржылық бақылаудың мәні,
міндеттері және қағидаттары

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау қаржы жүйесінің барлық буындарының қаржылық ресурстарын жасаудың, бөлудің және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.


Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ­ция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдаумен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.
Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылық бақылау жеке емес, басқа функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.
Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі – оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның тікілей объекті ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үдерістері, қаржылық ресурстарды жасау және пайдалану болып табылады. Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен шектелмейді. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті ақшалай қатынастардың кең тобына таралады, өйткені қаржы басқа құндық категориялармен: еңбекке ақы төлеумен, өнімнің өзіндік құнымен, табыспен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым қорларымен), күрделі жұмсалымдармен, инвестициялармен тығыз байланысты. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджеттік қаражаттарды дұрыс пайдалануын бақылау олардың қызметінің барлық жақтарын – желілер мен контингенттердің толымдылығын, қаржаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды шалады. Түпкі қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақшалай қатынастармен ортақтастырылатындықтан ол елдің материалдық, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бақылау әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық,саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық қызметтің басқа үдерістері бейнелеп көрсетіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет