«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7

 

 

Қазақстандағы  мәдениет  құрылысы  және  мәдениет  жетістіктері  (1920-1940  жж).  Қазакстанда 



болып  жатқан  жағдайлар  мынадай  міндеттердің  жуық  арада  шешілуін  қажет  етті.  Ол  еңбекшілердің 

сауатсыздығын  жою  еді.  Осы  мақсатга  1924  жыддың  кекегіңде  "Республикада  сауатсыздықты  жою" 

қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. 

Алайда  бұл  уақытгың  талабына  және  сол  кездегі  қалыптасқан  жағдайға  жауап  бере  алмады. 

Сондықтан  да  1931  жыдцың  желтоқсанында  республикада  15  пен  50  жас  арасындағы  еңбекші 

тұрғынға  міндетті  түрде  сауатсыздықты  жою  мақсатында  оқу  жүктелінді.  Жылдан  жылға  халыққа 

білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 

65 пайызға кӛтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган 

аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. 

Республиканың  қүрылғанына  20  жыл  толуына  қарсы  сауатсыздықты  жою  негізінен  аяқталды. 

Сауатсыздықты  жою  мен  қатар  оқу-ағарту  жұмыстары  белсене  түрде  дамыды.  1926  жылдың  мамыр 

айында  республикалық  СНК  "КАССР-де  бірдей  еңбек  мектебінің  уставы"  қабылданды.  1930-1931 

жылдары кӛшпелі және отырықшы  аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде 

жоғарғы  кластарды  нығайтуға  ерекше  кӛңіл  бӛлінді.  Колхоздар  мен  совхоздардың  қаржысына 

интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті.  1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. 

Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 

40  мың  адам  оқыды.  Одан  басқа  1940  жылы  еліміздің  әр  түрлі  аудандарында  20  мыңнан  астам 

қазақстандықтар оқып, білім алды. 

Республиканың  ересек  тұрғындарының  арасындағы  сауатсыздықты  жою,  жалпыға  бірдей 

бастауыш  мектепті  оқуды  ендіру,  халыққа  білім  беруді  дамыту  немесе  жетілдіру,  профессионалдық 

білім  беру,  мектепке  Шығыс  халықтарыньщ  қыздарына  жоғарғы  білім  беру  осылардың  барлығы 

ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды. 

Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -

дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. 

Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты. 

Сонымен  сауатсыздықты  жою  жалпы  білім  беретін  мектептерді  кӛбейту  жӛнінде  елеулі 

табыстарға  қол  жетті:  жаңа  советтік  интеллигенцияны  қалыптастыру  процесі  жүргізідці.  Советгік 

Қазақстанның  ғылымы  ӛркендеді,  әдебиет  пен  ӛнер  дамыды.  1930  жылы  жалпыға  бірдей  міндетті 

бастауыш  білім  беру  тәртібі  енгізідді.  1932  жыддың  аяғында  Қазақстан  тұрқындарының  42%-і 

сауаттанды.  Бастауыш  мектепте  оқитындар  саны  1928  жылғы  305  мыңнан  540  мыңға  дейін  орта 

мектепте  оқитындар  —  23  мыңнан  65  мыңға  дейін  кӛбейді.  Жұмысшылар  мен  шаруалар  қатарынан 

қазақ  совет  интеллигенциясын  даярлау  кең  кӛлемде  жүргі-зідді.  Абай  атындағы  қазақтың 

педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, 

медицина, зоотехникалық- мал дӛрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін 

оқу  орывдары  ашылды.  Мыңдаған  қазақ  жігітгері  мен  қыздары  РСФСР,  Украина,  Белоруссия, 

Ӛзбекстан  т.б.  туысқан  республикалардың  жоғары  оқу  орындарында  білім  алды.  Республикада 

ғылымды  ӛркендетуде  1932  жылы  СССР  Ғылым  академиясының  қазақстандық  базасының  ашылуы 

маңызды  қадам  болды.  Ол  1938  жылы  СССР  Ғылым  академиясының  филиалына  айналды.  Мәдени 

даму рухани ӛмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен ӛнерінің 

онкүндігі ӛтті. 

 

Совет  ғылымының  кӛрнекті  ӛкілдері  —  академиктер:  А.Д.  Архангельский,  И.П.Бардин, 



С.И.Вавилов,  И.М.Губкин,  А.П.Карпинский,  В.Л.  Комаров,  В.А.  Обручевт.б.  респуб-лика  халық 

шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын 

даярлауға тікелей араласты. 

Қазақ Советі әдебиеті мен ӛнері гүлденіп ӛсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, 

С.Мұканов,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин  т.б.  кӛрнекті  сӛз  шеберлері  осіп  шықты.  Қазақ  поэзиясының 

алыбы  Ж.Жабаевтың  жалынды  жырлары  бүкіл  әлемге  тарады.  Қазақ  сахнасының  шеберлері 

К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, 

Е.Ӛмірзақов  т.б.  ӛнері  лайықты  бағасын  алды.  Қазақ  халқы  орыс  және  дүние  жүзі  мәдениеті  мен 

ғылымының  үздік  жетістіктерімен  танысты.  Қазақтың  әдеби  тілі  жетіле  түсті,  халық  бүқа-расының 

тілегіне  сәйкес  орыс  графикасына  кӛшірілген  альфавиті  қайта  құрыдды.  Біздің  кӛп  ұлтты  еліміздің, 

оның  ішінде  Қазақстанның  экономикасында,  саяси  және  мәдени  ӛмірінде,  әлеуметтік  қүрылысында 

түбірлі ӛзгерістер болды. 



Қазақтардың  ұлттық  қауымдастығын  нығайта  түсетін  аса  маңызды  факторлардың  бірі  казақ  тілі 

болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі 

диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы", 

"Ер  Тарғын",  "Қозы  Керпеш-Баян  сұлу",  "Қыз  Жібек"  т.б.  эпостық  поэмалары  Қазақстанның  жер 

жеріне  кең  таралып,  халық  арасында  зор  сүйіспеншілікке  ие  болды.  Кӛрнекті  халық  ақындары  мен 

әншілері  Бүқар  жырау,  Махамбет  Ӛтемісүлы,  Ақан  сері,  Біржан,  Жаяу  Мұса,  Жамбыл  т.  б.  ӛлеңцері 

мен  ӛндері,  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай  Алтынсарин,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  және  басқа  да  жазба 

әдебиеті  ӛкілдерінің  шығармалары  жайлы  да  осыны  айтуға  болады.  Алайда,  Қазан  революциясына 

дейін қазақ тілі бір жақты дамыды. Ол негізінен ӛлі де жете дами қоймаған кӛркем әдебиеттің поэзия 

тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер ӛте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады 

деуге  болады.  Қазақ  тіліне  Қазақстан  экономикасының  кенже  қалуы:  ӛнеркәсіптің  кӛптеген 

салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сӛзсіз әсерін тигізді. 

Тілдің даму деңгейі қоғамдык ӛмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің, 

қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты. 

Совет  ӛкіметі  жылдары  қазақ  халқының  ӛмірінде  қазақ  тілі  қазақтардың  және  Қазақстан 

халықтарының  толыққанды,  жан-жақты  дамыған  тілдерінің  біріне  айнала  алмады,  дегенмен  оның 

лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби 

және  сӛйлеу  нормасы  үндесіп,  алфавит  пен  орфография  жүйесіне  елеулі  ӛзгерістер  енгізідді,  ең 

бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді. 

Коммуникативтік,  яғни  қарым-қатынас  құралы  ролін  атқара  отырып,  қазақ  тілі  мектептерде, 

жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған кӛркем ӛдебиет пен ғылым, мерзімді 

баспасӛз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-

жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ғылым, білім, эдебиет, ӛнердің дамуы. Ӛнер қайраткерлері.

 

 

20  ғ-дың  20  –  30-жылдары  қазақ  ақын-жазушыларының  шығармаларына  әділ  бағасын  берген 

ғалымдар  кейіннен  кеңестік  тәртіптің  құрбаны  болды.  Кеңестік  кезеңде  қазақ  әдебиеті  барынша 

жылдам  қарқынмен  қаулап  ӛсті,  ақын-жазушылардың  шығарм.  белсенділігі  артып,  қазақ  әдебиеті 

жанрлық  тұрғыдан  елеулі  түрде  молайды.  Әйтсе  де  идеол.  қысым  салдарынан  ӛз  мүмкіндігін  толық 

кӛрсете  алмады.  Республика  тәуелсіздігін  алуымен  бірге  ақын-жазушыларға  толық  шығарм.  еркіндік 

беріліп, әдебиетке қойылатын талап-тілек те ӛзгеріске ұшырады. Осыған байланысты бұған дейін де 

қазақ  әдебиетінің  даму  барысында,  әсіресе  поэзияда  байқалып  келген  белгілі  бір  күрделі  ӛзгерістер 

тұсында аңтарылу, дағдару секілді ӛткінші құбылыстар аз уақыт қана орын алды.  

Қазіргі  уақытта  жан-жақты  ӛсіп-ӛркендеп,  кемелденген  қазақ  халқының  ұлттық  әдебиеті  елдің 

тарихи  ӛмір  жолы,  тұрмыс  тіршілігі,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы,  эстет.  талап-тілегі  мен  филос. 

танымының ӛркендеу деңгейіне сай туып, дамып келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің 

тарихын  зерделеуде  бүгінгі  күні  біршама  орнығып,  ғыл.  түрде  дәлелденген  нақтылы  тұжырымдарға 

қол  жеткізді.  Кеңестік  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  қазақ  әдебиетінің  тарихын  кезеңдеу,  оларды 

идеялық,  жанрлық  тұрғыдан  жіктеу  мәселесіне  байланысты  қалыптасқан  кейбір  біржақты  теориялар 

түзетілді.  Соның  ішінде  қазақ  әдебиетінің  тарихын  Қазақ  хандығының  құрылуымен  ғана 

байланыстыру,  жазба  әдебиеттің  қалыптасуын  Абайдан  бері  ғана  бастау  секілді  ұлттық  әдебиеттің 

ӛрісін  тарылтатын  қате  тұжырымдар  күн  тәртібінен  алынып  тасталды.  Қазіргі  қазақ  әдебиеті  жалпы 

әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын терең түйсіну, оны кӛркемдікпен шынайы-шыншыл бейнелеу 

жолындағы  қалыпты  даму  ырғағына  түсті.  Тұтастай  алғанда  қазіргі  уақытта  қазақ  әдебиеті  –  әлем 

әдебиетінде  ӛз  орны  бар,  тарихы  бай,  жан-жақты  жетілген  дәстүрлі  әдебиет  болып  қалыптасты;  қ. 

Қазақ әдебиеті. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты қазақ жеріне аяқ 

басқан  ӛзге  ұлт  ӛкілдері  тұрақтап  қала  бастады.  Олар  20  ғ-дың  алғашқы  жартысынан  қазақ  еліндегі 

саяси-әлеум.,  мәдени  шараларға  белсене  араласып,  ӛздерін  этник.  топтар  ретінде  кӛрсетті.  Әсіресе, 

Қазақстанға  орыстар  кӛптеп  қоныс  аударды.  Олардың  арасында  әдебиет  пен  мәдениет  ӛкілдері  де 

болды.  Қазақстан  жазушылар  одағы  құрамында  1933  жылдан  орыс  әдебиеті  секциясы  жұмыс  істей 

бастады.  И.Шуховтың  ―Қасірет  белдеуі‖  (1931;  қазақ  тілінде  1972;  ауд.  О.Оспанов),  ―Ӛшпенділік‖ 

(алғашқы  ред.  1932;  қазақ  тілінде  1935;  ауд.  Х.Есенжанов)  сияқты  романдары  сол  кездегі  кеңес 

әдебиетінің  роман  жанрындағы  елеулі  шығармалары  болып  саналды.  2-дүниежүз.  соғыс  жылдары 

А.Бектің  ―Волоколам  тас  жолы‖  повесінде  (1943)  Б.Момышұлының,  И.Панфиловтың,  т.б-дың  ерлік 

бейнелері  жасалды.  Соғыстан  кейін  Шуховтың  ―Күн  келбеті‖  (1950),  В.Ванюшиннің  ―Тірек  нүктесі‖ 

(1952)  повестері  жарияланды.  Бұлар  Қазақстандағы  орыс  жазушыларының  тақырыптық  ауқымын 

кеңейтті.  Н.Анов  ―Ән  қанатында‖  романында  (1959)  20  жылдардағы  Қазақстанның  әлеум.-тарихи 

жағдайын  суреттеді.  Онда  ұлттық  ӛнердің  қалыптасуы  мен  дамуы  кӛрсетіліп,  дарынды  адамдардың 

(И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелері жасалды. И.Щеголихиннің 

―Қарлы  бұрқасын‖  романы  (1961),  Г.Черноголовинаның  ―Жаңбырсыз  маусым‖  повесі  мен  ―Тәуекел 

аймағы‖  романы  (1981),  т.б.  шығармалар  жазылды.  Г.Свиридовтың  ―Жанкешті  сапар‖  романында 

(1976)  Ә.Жангелдин  басқарған  отрядтың  шӛл  дала  арқылы  ӛткен  ерлік  жорығы  баяндалады. 

Жангелдиннің бейнесі М.Симашконың ―Комиссар Жангелдин‖ романында айқынырақ әрі жан-жақты 

жасалды,  Дм.  Снегин  ―Таңертең  және  талтүс‖  дилогиясында  (1976,  1982)  тарихи  тақырып  ауқымын 

кеңейтіп,  тарихи  тұлғалардың  бейнелерін  сомдады,  олардың  ішінде  О.Жандосовтың  бейнесі  ерекше 

орын  алады.  Симашконың  Ы.Алтынсарин  туралы  ―Қоңырау‖  (1982),  орыс  халқының  тарихы  туралы 

―Семирамида‖  (1968)  романдарын,  Ф.Достоевский  туралы  П.  Косенконың  ―Ӛмір  үшін  ӛлім‖  деректі 

повестер  топтамасын  (1986)  оқушылар  жылы  қабылдады.  Снегиннің  І.Жансүгіров,  И.Эренбург, 

А.Твардовский,  Вс.Иванов  туралы  ―Қауышқан  құшақ‖  әдеби  естеліктері  (1988)  жарияланды.  Поэзия 

саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун, В.Смирнов, М.Чистяков сияқты 

ақындардың жаңа толқыны келіп қосылды. Республикада тұратын кӛптеген орыс жазушылары қазақ 

қаламгерлерінің шығармаларын  орыс тіліне аударды. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей 



әдебиеті  секциясы  ашылды.  Корей  жазушылары  ӛз  шығармаларында  ежелгі  ұлттық  әдебиет 

туындыларын  бүгінгі  заман  дәстүрімен  шебер  ұштастырды.  Олардың  кӛрнекті  ӛкілдерінің  бірі  – 

жазушы, ақын Ким Дюн (1900 – 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған 

―Әлия‖  атты  поэмасы  (1969  ж.  корей  тілінде),  корей  патриоттарының  күресін  бейнелеуге  арналған 

―Жүз  елу  мың  вонның  ісі‖  романы  жарық  кӛрді.  1937  жылдан  бері  респ.  корей  театрында  корей 

драматургтерінің  жүзден  астам  пьесалары  қойылды.  Сонымен  қатар  театр  сахнасында  қазақ 

жазушылары М.Әуезовтің ―Қарагӛз‖ және ―Қобыланды‖, Ғ.Мүсіреповтің ―Қозы Кӛрпеш – Баян сұлу‖, 

О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тілінде қойылды.  

Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары ―Корей ӛлеңдері‖ (1958), ―Дала қызғалдағы‖ 

(1973), ―Сырдария әуендері‖ (1975), ―Күнбағыстар‖ (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. 

Сондай-ақ,  Ким  Дюннің  жыр  кітаптары,  Ен  Сенненнің  шығармалары,  корей  жазушыларының 

―Шаттық Отаны‖ (1988), ―Гүлден, дала‖ (1988), Хан Диннің пьесалар жинақтары (1988) корей тілінде 

жарық  кӛрді.  Қазақстандағы  неміс  ақын-жазушылары  да  елеулі  еңбек  етті.  ―Фройндшафт‖  (1966  ж) 

газетінің шығуы, ―Қазақстан‖ баспасында (Алматы) неміс әдебиеті редакциясының құрылуы (1967 ж), 

Алматыдан  неміс  тілінде  радио  хабар  таратылуы  (1958  ж.),  сондай-ақ,  Қарағандыда  неміс  тілінде 

телевизиялық  хабардың  әуе  толқынына  шығуы,  Теміртау  қ-нда  неміс  театрының  ашылуы  (1980)  – 

осылардың  бәрі  Қазақстандағы  неміс  ұлты  ӛкілдеріне  жасалған  қамқорлық  болды.  50  –  60  жылдары 

Қазақстандағы  неміс  жазушыларының  шығармаларында  поэзия  жанры  ерекше  ӛркендеді. 

Р.Жакмьеннің,  К.Вельцтің,  И.Варкентиннің,  Н.Ваккердің,  Г.Генкенің,  Д.Левеннің,  Р.Франктің, 

Э.Ульмердің,  Р.Лейстің,  Н.Ваккердің,  О.Пладерстің,  т.б.  жыр  жинақтары,  А.Реймгеннің, В.Клейннің, 

Д.Гольманның, А.Дебольскийдің, Г.Бельгердің, К.Эрлихтің, Г.Гольманның прозалық кітаптары жарық 

кӛрді.  Қазақстанда  ұйғыр  тілінде  алғашқы  газеттер,  журналдар,  альманахтар  шықты,  ұйғыр  ақын-

жазушыларының  шығармалары  жарық  кӛре  бастады.  1932  ж.  Қазақстан  Жазушылар  одағы  жанынан 

ұйғыр  секциясы  ұйымдастырылды.  Бұл  кезеңде  И.Саттировтың,  И.Искандеровтың  поэзиясы  ерекше 

кӛзге  түсті,  драматургтер  Ж.Асимов  пен  А.Садировтың,  К.Хасановтың  пьесалары  қойылды.  Проза 

жанры  жетекші  орын  алды.  Х.Абдуллиннің  З.Сәмәдидің,  Ж.Босақовтың,  Т.Тоқтамовтың, 

М.Зұлпықаровтың,  А.Ашировтың,  Н.Баратовтың,  П.Сәбитованың)  повестер  жинақтары  жарық  кӛрді. 

И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың, Р.Кадыридің, А.Ғаниевтің, М.Абдурахмановтың ӛлең-

поэмалары  жарық  кӛрді.  А.Құнанбаевтың  ―Ӛлеңдері‖  (1987),  С.Мұқановтың  ―Балуан  Шолақ‖  (1987, 

ауд. Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсіреповтің ―Кездеспей кеткен бір бейне‖ (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары 

ұйғыр тілінде жарияланды. Республиканың тәуелсіздігімен бірге Қазақстандағы түрлі ұлт ӛкілдерінің 

әдебиеті  даму  үстінде.  Кӛрнекті  ақын-жазушыларға  мемлекет  тарапынан  қолдау  кӛрсетілуде, 

Дм.Снегинге, Г.Бельгерге, М.Симашкоға ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы 

берілді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

 

Соғыстың басталуы, оның сипаты.  



 Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік 

Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан 

соғысы осылай басталды.  

 Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс 

болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті ӛз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.  

 1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің 

«Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар 

бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз 

күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) 

қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде 

(қараша) аяқтау тиіс еді.  

 «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» 

кӛп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», ӛзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық 

конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жӛніндегі біздің 

саясатымыз, - деді Гитлер ӛз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бӛлінудің кез келген түріне 

қолдау кӛрсету болуға тиіс.  

 Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия 

империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды кӛздеді.  

 Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында кӛрсетілді. Жоспар 

бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх 

комиссарияттарын құруды кӛздеді. Жоспарда кӛрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына 

Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан 

кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.  

 Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы 

Отан қорғаушылар қатарына ӛз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина 

институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, 

апам да жоқ, сондықтан ӛзімді жіберуді ӛтінемін», - деп әскери комитетке ӛтініш берді. Республикада 

2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан ӛтті.  

 Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, 

майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. 

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар 

дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 

(1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.  

 Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. 

Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери 

оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан 

Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының 

Батыры атағын алды.  

 

 Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.  



 

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. 

Республика экономикасы әскери бағытқа кӛшірілді (милитарландырылды).  

 Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.  

 Кӛптеген кәсіпорындар қорғаныс ӛнімдерін шығара бастады.  

Ӛскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды кӛмір шахталары сияқты соғысқа қажетті 

ӛнімдер шығаратын ӛнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және 


майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға кӛшіру 

жүргізілді.  

 

Ӛнеркәсіптерді Қазақстанға кӛшіру екі рет жүргізілді:  



 1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;  

 2. 1942 жылдың күзінде ӛнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград 

облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.  

 Кӛшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ ӛнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында 

болды. Жеңіл және тоқыма ӛнеркәсібінің 53 кәсіпорны кӛшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім 

саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе ӛсті.  

Москва қаласы және Москва облысынан кӛшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, 

Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 

Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда 

Москва қаласы мен облысынан кӛшірілген 40 завод орналастырылды.  

Украинадан Қазақстанға кӛшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск 

механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина 

ККС – інен Қазақстанға 70 ӛнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.  

 Қазақ КСР – не әкелінген ӛнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, 

Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтӛбе, Орал қалаларында орналастырылды.  

 Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар ӛте қиын жағдайда жұмыс істеді. Ӛнеркісіп орындарымен 

бірге Қазақстанға майдан ӛңірінен кӛптеген мамандар да кӛшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 

3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан ӛңірлерінен келген инженер– техниктер 

саны 700 – дай болды.  

 Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - ӛнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта 

ӛндірілген қорғасынның 85 % - ын, кӛмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 

млн тоннаға жуығын берді.  

 

Соғыс жылдыры салынған құрылыстар 



 

 Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной 

аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай ӛңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі 

т. б.  


1944 – 1945 жылдары салынған жаңа ӛнеркәсіп обьектілері:  

 Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола 

ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай ӛңдеу заводы. 1941 – 

1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Ӛнеркәсіп ӛндірісі соғыс жылдарында 37 

% - ке ӛсті.  

 

Ауыл шаруашылығындағы жағдай тӛмендеді.  



 

 Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға 

кеміді. Колхоз ӛндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -

ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік 

жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.  

 1942 жылы егіс кӛлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға кӛбейді. 1943 жылы 775 мың га 

жаңа жер алқаптары егістікке арналды.  

 Сӛйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына кӛшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы 

күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, 

азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.  

 


 Ұлы Отан соғысының зардаптары.[ӛңдеу] 

 

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың ӛнеркәсіп орны, 



сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық ӛнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз 

бӛлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск 

сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне 

байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, 

одан да кӛп болуы мүмкін. Ӛндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі 

Кеңес Армиясы қатарынан ірі кӛлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы 

шілде-қыркүйек айларында ӛтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер

инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия 

қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған 

кӛптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт ӛнімдер шығаруға кӛшті. Дегенмен соғыстың зардабы 

Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші 

жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған 

мамандардың кӛпшілігі туған жерлеріне кайтты. Кӛптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және 

соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай 

қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының 

қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының 

мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру 

үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. 

Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік 

тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін 

алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы 

ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа 

республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан 

келген кӛмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар 

Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын 

қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың ӛзінде Украинаға 500 трактор және басқа да 

ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. 

Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой 

жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін кӛмек кӛрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс 

оккупациясынан азат етілген аудандарға кӛмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 

350 мың қой жіберді.Кеңес ӛкімет ӛз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін 

дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын 

әскери ӛнім шығарып келген ӛнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта 

бейімделді. 

 

Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 



 

1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және 

ӛнеркәсіп тауарларымен мӛлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. 

Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, ӛнеркәсіп тауарларына деген 

баға тӛмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да тӛмендеді. Тұтастай 

алғанда, тӛртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет тӛмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің 

нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, 

майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік кӛмек кӛрсетілді. Жасы жеткендерге, 

асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы 

тағайындалды. Кӛп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс 

үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы тӛленетін 


қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен 

ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны кӛбейді. 

Алайда, ӛкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары 

деңгейінің» үлгілері, олардың ӛмірлік сұраныстарын қанағаттандыру кӛбінесе жасанды сипатта болды. 

Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бӛлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы 

деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен 

қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана кӛбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл 

сатып алушылық қабілеттің тӛмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға 

жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол 

уақытта кең қолданылған бағаны тӛмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың 

кӛпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-

жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан тӛрт есе аз алды. 

Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік ӛнімдерін ете тӛменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл 

еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының кӛтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы 

КСРО-ның кӛптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет ӛнімдері, сүт 

жетіспеді. Адамдар аштықтан ӛле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі 

экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр ӛнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып 

қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші 

кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін тӛзімнің қажеттігі жӛніндегі 

насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап кӛрсету салты тарихи шындықка 

карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде кӛрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса 

кӛріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар 

ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен 

алмастырылды. Барлық себептер, кӛбінесе, ӛткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. 

Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі 

теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің ӛз ішінде де, халыкаралық 

дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде 

үздіксіз жүргізілді. 

 

Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы 



 

 

Экономика 



Қоғамдық ӛмір 

Прогресшіл бастамалар 

 

демократияландыру үрдісі 



 

«Хрущевтік жылымық» 



 

ӛнеркәсіпті қарқынды түрде 



дамытутың және тыңайған 

жерлерді игеру әскери-

ӛнеркәсіптік кешенге қолдау 

кӛрсету 


 

әскери блоктар кұру, шағын 



соғыстар  

жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді 

 



 



жазықсыз жазаға 

үшырағандарды ақтау үрдісі 

аяғына дейін жеткізілмеді 

 



репрессияға ұшыраған 

халықтар қүкы қалпына 

келтірілмеді 

 



«жоғарыдан - тӛменге» 

басқару әдісі сақталды 

 

басқаша ойлайтындар 



айыпқа тартылды  

 



Сталиннің жеке басына 

табыну айыпталды 

 

1954-1956 жылдары 



республикаларға аздаған 

жеңілдіктер жасалды 

 

тоталитарлық режимнің 



құрбандарын ақтау үрдісі 

басталды 

 

 

 



Қазақстан - лагерьлер ӛлкесі. 

20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де 

жалғастырылып, ол кӛптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен 

офицерлерін қамтыды. Кӛптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. 

істер болды. Ӛнеркәсіптегі жұмысшылардың тӛменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез 

келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп 

қоныс аудару - біздің елдің ӛткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға 

байланысты оқиғалар жӛнінде ұзақ уақыт бойы еш нӛрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс 



аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін 

адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік 

комиссариаты  басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 

2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен кӛз жазып қалды, 

олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар 

да жер аударылып, олар ӛз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр 

күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың ӛкілдері ӛздерінің үздік адамгершілік және 

интернационалдың қасиеттерін кӛрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, 

мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бӛлісті. Қоныс аударғандар да борышта 

қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек кӛрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт 

саясатын қудалау ісі жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұканов «Қазіргі тақырыпка пьеса 

жазбайтындар» ретінде саналды. Ӛ. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-

шонжарлар ӛмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов 

«феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 

жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және 

әдебиет институтының жұмысындагы саяси ӛрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң 

ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан тӛңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы 

шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды.  

Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі 

дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. 

Ысмайылов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ӛ. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар 

қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де 

айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан ХЫХ ғасырдың 20-40-жылдарында» атты 

монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 

жылга сотталады. Оның кӛзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. 

Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым 

академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр 

болады. Тек кана 1956 жылы КОКП-ның ХХ съезінде сталиндік жеке баска табынушылық 

әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай 

дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. 

Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. 

- Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) 

лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар ӛз мерзімін ӛтеді. 

Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. 

Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы 

 

Социалистік  заманда  Кеңес  Одағын  мекендеген  халықтардың  қай-қайсысы  болсын  сталиндік 



зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. 

Кеңес ӛкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір 

халықтар  —  сенімсіз  де  сатқын  ұлттар  қатарына  жатқызылып,  тарихи  атамекенінен  күштеп  жер 

аударылды. 

Депортация  латынша  депортатіо  —  «қуғындау»,  «кӛшіру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Халықтар 

депортациясын  белгілі  бір  ұлт  ӛкілдерінің  белгілі  бір  іс-әрекеттеріне  байланысты  елден  қуылуы  деп 

түсіну  қажет.  Ал  шетел  тіліне  енген  сӛздер  сӛздігінде  «депортация»  —  қылмыстық  және  әкімшілік 

жаза ретінде мемлекеттен қуылу, кӛшіру, жер аудару деп кӛрсетілген. 

1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп кӛшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас 

бір бӛлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға 

дейін  3,2  млн  адамға  жетті.  КСРО-да  ең  кӛп  орын  алған  жаппай  қуғын-сүргіндік  кӛші-қондардың 

тӛмендегідей түрлері қолданылды: 

этностың 

белгілері 

бойынша 

депортация 

(«жазаланган 

халықтар», 

«шекараларды 

тазалау»,«сенімсіз халықтар»). 

әлеуметтік-таптық  белгілері  бойынша  депортация  (1934  жылға  дейінгі  кулақтарды  жер  аудару) 

кезінде келгендерді арнайы кӛшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады. 

саяси  мүдде  негізіндегі  1934—1944  жылдары  кӛшірілгендерді  «еңбек  қоныстарындағылар»  деп 

атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. 

Жоғарыда  аталған  күштеп  жүргізілген  депортациялардың  ішінде  мерзімі  жағынан  большевиктік 

әлеуметтік-таптық  геноцид  бірінші  болып  жүзеге  асырылды.  Кубань  казактары,  зиялылар,  діни 

адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды 

тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бӛлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды 

КСРО-  ның  алыс  аудандарына  жер  аудару  кӛзделді.  Жоспарлы  түрде  әкімшілік  күшпен  алып  келіп 

қоныстандырудың  мұндай  ауқымы  этностардың  гендік  қорына  нұқсан  келтірді,  миллиондаған 

шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь 

капастарына қамалды. 

Қазақстандағы  байларды  тәркілеу  барысында  шамамен  5500  отбасы  сыртқа  кӛшірілсе, 

Қазақстанға  Орта  және  Тӛменгі  Еділ  бойы,  Орталық  қаратопырақты  және  Мәскеу  облыстары, 

Солтүстік Кавказ ӛңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» 

сӛзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп кӛшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, 

әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 

20—30-жылдары  Қазақстан,  Орал,  Орталық  Азия,  Сібір,  Қиыр  Шығысқа  жаппай  кӛшіріп-қондыру 

қызу жүргізіліп жатты. 

Кулак  деп  аталған  миллиондаған  таңдаулы  шаруалардың  кӛзін  құртқан  этнодемографиялық 

дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған 

кулактардан  тұратын  арнайы  кӛшірілгендердің  100-ге  тарта  қоныстары  болды.  Олар  арнайы 

комендатураларда  есепте  тұрды.  ГУЛАГ  қызметі  жүйесіне  күшпен  тартылып,  кӛмір  ӛндіру,  металл 

ӛндірісі,  темір  жол  мен  электростанциялар,  НКВД  (Ішкі  істер  Халық  Комиссариаты)  құрылыс 

объектілерінде,  мақта  ӛсіру,  қызылша,  қант  ӛндірістерінде  және  т.б.  жұмыс  күші  ретінде 

пайдаланылды. 

Арнайы  қоныс  аударылғандардың  азаматтық  құқығы  сақталды,  қоныстанған  әкімшілік  аудан 

кӛлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың 

тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді. 

1930  жылдардың  ортасында  жаппай  саяси  қуғын-сүргіннің  тереңдеуіне  Сталиннің  «Троцкий-

Зиновьев»  топтарымен  және  оңшыл  оппортунистермен  күресі  түрткі  болды.  Орталықтағы  болып 

жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, ӛлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып 

берді.  Осы  үлгімен  мұнда  да  «халық  жауларын»  —  «ұлтшыл-фашистерді»  әшкерелеу  қолдан 

ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды. 

Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар 

1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың 

поляк және неміс шаруашылықтарын кӛшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың кӛп бӛлігі Солтүстік 

Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, 

Украинадан,  Белоруссия  мен  басқа  республикалардан  арнайы  коныс  аударылғандардың  жалпы  саны 

1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. 



Еділ  ӛңірі  немістерін  Сібірге  депортациялау  идеясы  1915  жылы  туса  да,  оны  жүзеге  асыруда 

кӛптеген  кедергілер  кездесті.  Ал  1937—1938  жылдары  немістердің  ұлттық  мәселесі  қайта  жандана 

бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы 

«Кіші  Қазан»  науканы  кезінде  босап  қалған  жерлерге  корейлерді,  финдер  мен  поляктарды 

орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді. 

Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты ӛкілдерінің екінші толқыны кӛшіріліп 

әкелінді.  1939—1940  жылдары  Гитлер  армиясының  Полынаға  басып  кіруіне  байланысты  Батыс 

Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың 

осы  бӛлігі  Қазақстанға  қоныстандырылды.  Дегенмен  1936  жылғы  кӛшірілгендер  мен  1940—1941 

жылдары  кӛшірілген  поляк  азаматтарының  құқық  жағынан  айырмашылықтары  болды.  Соңғы 

келгендер  «поляк  осадниктері  мен  босқындары»  ретінде  ӛмір  сүрді.  Кеңес  үкіметі  КСРО  аумағына 

келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—

1941  жылдары  200  мыңдай  поляк  Ақмола,  Ақтӛбе,  Қостанай,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан, 

Талдықорған,  Жамбыл,  Алматы  облыстарына  орналастырылды.  Поляк-кеңес  пактісіне  қол 

қойылғаннан  кейін  олардың  кӛп  бӛлігі  Владислав  Андерс  бастаған  поляк  армиясының  қатарында 

ӛскери  қимылдарға  қатысты.  Тоталитарлық  тәртіптің  құрсауына  алғашқылардың  бірі  болып 

қиыршығыстық  корейлер  ілікті.  Олардың  кейбір  белсенді  бӛлігін  1935—1936  жылдары  күштеп 

әкімшілік қоныс  аудару  басталды.  Жалпы,  жаппай  кӛшіріп-қоныстандыру  екі  кезеңнен  түрды.  Оның 

алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың кӛктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының 

соңынан  бастап  алғашқы  эшелондармен  бірге  Қазақстандағы  корейлердің  тарихы  басталды.  Жапон 

«шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты 

халдеріне  түсіністікпен  қарады,  құшағын  жайып  қарсы  алып,  қиын  жағдайда  қол  ұшын  беруден 

тайынған жоқ. 

 

Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы 



 

Күштеп  қоныс  аудару  кезінде  жол  бойында  және  арнайы  лагерьлер  мен  тұрақжайларда  бұл 

халықтардың жартысына жуығы опат болды. 

Оларды  бір  сәтте  туған  жерінен  айырып,  мал  сияқты  жүк  вагондарымен  Қазақстанға  әкеліп,  24 

сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды кӛшіріп-орналастырып үлгерді. 

Сталиндік  куғын-сүргін  кезінде  осы  халықтардың  алдыңғы  қатарлы  зиялыларына  қарсы  «үлкен 

террор»  жасалды,  ұлттың  бетке  үстарлары  тұп-тамырымен  жойылды.  Жер-жерлерде  ұлттық 

мектептер, газет-журналдар жабылды. 

Солтүстік  Кавказ,  Грузия,  Қырым,  Қалмақ  ӛңірлеріне  күшпен  жүргізілген  депортациялар  ӛзінің 

кӛлемі  жағынан  ауқымды  болды.  1942  жылдың  күзіне  қарай  кеңес  әскерлері  шығысқа  қарай  шегіне 

отырып,  Еділ  жағалауы  мен  Үлкен  Кавказ  қыраты  алқабына  жақындады.  Шешен-Ингушетияның  бір 

бӛлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград 

пен  Курск  түбінде  Гитлер  армиясын  талқандағаннан  кейін  ғана  Солтүстік  Кавказ  ӛңірі  жаудан  азат 

етілді.  Алайда  жаудан  азат  ету  аяқтала  салысымен  фашистік  басқыншылармен  жақындасты  деген 

желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды. 

1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды кӛшіру туралы қаулы 

қабылданды.  Жалпы  саны  45,5  мың  адам  Қазақстанның  Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Ӛзбекстанға аттандырылды. 

Депортацияның  қайғылы  қасіреті  балқарларға  да  келіп  жетті.  1936  жылы  құрылған  Кабардин—

Балқар  АКСР-нан  1944  жылы  наурыз  айында  650  мыңдай  шешен,  ингуш,  калмақ,  қарашайлар 

кӛшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бӛлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер 

қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның ӛзі баскарды. Жалпы саны 40 

мыңдай  балқарлардан  Солтүстік  Кавказ  түгелдей  «тазартылды»,  46,6  мың  балқар  отбасы  оңтүстік 

облыстарға  қоныстандырылды.  Қалғандары  Қырғызстанға  жӛнелтілді.  Балқарларды  кӛшіргеннен 

кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады. 

1943  жылғы  28  қазандағы  бұйрық  негізінде  Қалмақ  АКСР-інен  2,2  мың  адам  Қызылорда 

облысына орналастырылды. 

Ел  басшылығындағы  шовинистік  пиғылдардың  ұлт  саясатындағы  белгілері  жекелеген  халықтар 

мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде кӛшірудің белең алуынан кӛрінді. Әңгіме бірінші 

кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан кӛшіру туралы болып 

отыр. 

 


Қазақстандағы халықтар Ассамблеясы жэне оның қызметі 

 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  -  1995  жылғы  1  наурызда  Қазақстан  Республикасының 



Президентінің  Жарлығымен  Мемлекет  басшысы  жанындағы  консультативті-кеңесші  орган.  Ел 

Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру  идеясын  алғаш  рет  1992  жылы 

Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай 

институтты  құру  қажеттілігі  саяси  тұрғыдан,  сондай-ақ  жаңадан  құрылған,  тәуелсіз,  полиэтносты, 

поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет 

аралық  диалогты  нығайтудың  жаңа  кезеңінің  негізін  қалап,  этносаралық  қатынастарды  дамыту 

мәселелерін  жоғары  деңгейде  шешуге  мүмкіндік  жасайтын  әлемдік  тәжірибедегі  тың  бағыт  болып 

табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі ӛзгерістерді бастан кешірді. 

Оның  дамуы  барысында  Н.Назарбаевтың  этносаралық  толеранттылық  және  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық  үлгісі  қалыптасты.  Осы  жылдар  ішінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

институционалдық  құрылымы  нығайып,  қоғамды  ұйыстырушы  әлеуеті  толысты,  ол  халық 

дипломатиясының  маңызды  күретамырына  айналды.  Бүгінде  Ассамблея  ел  Президенті  Тӛрағалық 

ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 

 

Ассамблеяның қызметі 



Бұл  бірегей  институт  еліміздегі  барлық  этнос  ӛкілдерін  ортақ  мақсатқа  ұйыстыра  отырып, 

республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. 

Ассамблея  қызметінің  арқасында  Қазақстанда  этностық  немесе  діни  ерекшелігіне  қарамастан 

әрбір  азаматтың  Конституциямен  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен  еркіндігі  толығымен 

қолданылатын  этносаралық  және  конфессияаралық  келісімнің  айрықша  үлгісі  қалыптасты. 

Қазақстанның кӛпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен ӛзара түсіністік үлгісі орнады. 

Бүгінде  республикада  Қазақстан  этностарының  мәдениеттері,  тілдері,  дәстүрлерінің  дамуына 

қажетті  барлық  жағдай  жасалған.  Этномәдени  бірлестіктердің  ӛзінің  саны  тұрақты  ӛсуде,  қазір  олар 

800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 

тілде  телебағдарламалар  шығады.  Білім  беру  толықтай  ӛзбек,  тәжік,  ұйғыр  және  украин  тілдерінде 

жүргізілетін  88  мектеп  жұмыс  істейді.  108  мектепте  22  этностың  тілі  жеке  пән  ретінде  жүргізіледі. 

Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім 

беру  кешендері,  жексенбілік  және  лингвистикалық  мектептер  ашылды.  Қазақ  және  орыс  театрларын 

қоспағанда елімізде тағы тӛрт ұлттық – ӛзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр 

жыл  сайын  Қазақстан  этностарының  тілдерінде  бірнеше  ондаған  жаңа  кітаптар  жарық  кӛреді.  Жыл 

сайынға  халықтық  мерекелер  Наурыз,  1  мамыр  –  Қазақстан  халқының  бірлігі  мерекесі,  масленица, 

сабантой  дәстүрге  айналды.  Егер  мемлекеттің  қалыптасу  кезеңінде  басты  міндет  этносаралық 

тӛзімділік  пен  қоғамдық  келісім  негізінде  қоғамды  ұйыстыру  болса,  ел  дамуының  жаңа  кезеңінде, 

стратегиялық  басымдық  ретінде,  қоғамның  барлық  азаматтары  мойындаған  ортақ  құндылықтар  мен 

қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде 

азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған 

Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы  – халықтың, 

уақыт  талабына  сәйкес,  бірігу  қажеттігін  түсінуіне  негіз.  Бұл  –  бізді  қандай  күш  біріктіреді  және 

біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. 

Ассамблеяның негізгі міндеттері 

этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдармен  және  азаматтық  қоғам 

институттарымен  тиімді  ӛзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету,  қоғамда  этносаралық  келісімді  және 

толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық 

келісімді қолдау және дамыту; 

қоғамдағы  экстремизмнің  және  радикализмнің  кӛріністері  мен  адамның  және  азаматтың 

құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік 

органдарға жәрдемдесу; 

азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру; 

Ассамблеяның  мақсаты  мен  міндеттеріне  қол  жеткізу  үшін  этномәдени  және  ӛзге  де  қоғамдық 

бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін ӛркендету, сақтау және дамыту 

болып табылады. 

 


Қазақстан КСРО-ның кұрамдас бір бӛлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның 

қызметі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет