1940 ж 18 желтоқсан фашистік Германия «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады (КСРО-ға қарсы соғыс)
КСРО аумағын бірнеше рейхскоммиссариатқа бөлуді көздеді:
Остланд-Беларусь, Украина, Московия, Кавказ, Еділ-Орал және Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)
Ұлы Отан соғысы 22 маусым (таңғы сағ 4.00) 1941 жыл - 2 мамыр 1945 жыл Республикада 2 млн астам адам әскери даярлықтан өтті.
Мәншүк Мәметова (Алматы медицина институтының студенті): «ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін» деп майданға сұранды.
Соғыстың басында 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға жіберілді.
Алматыда 316 атқыштар дивизиясы (генерал И.Панфилов) жасақталды.
Армия қатарына 1 млн 196 мың қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Еңбек армиясы құрылып Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды.
Көшіріп әкелінген 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж әскери оқу орындарына 42 мың қазақстандық жіберілді.
Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар Қазақстанға көшірілді.
Тамақ өнеркәсібінің 54 кәсіпорны, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді.
Көшіріліп әкелінген зауыттар Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбеде орналасты.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды.
Алматы машина жөндеу зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтарын алды.
Оңтүстіктегі тамақ өнеркәсібінің құрылысы Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды.
Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі: Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автомат зауыты, Көкшетау механикалық зауыты.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.