Ұлтаралық келісім – Қазақстанда демократиялық процестерді тереңдету шарты



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі120,41 Kb.
#1725

 

Шакаева Д.Ж. 

Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі 

 

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ҚАЗАҚСТАНДА 

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ТЕРЕҢДЕТУ ШАРТЫ 

 

Нарықтық экономиканың күрделі де қиын кезеңдерінде төзімділік 

танытып, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығару нәтижесінде бүгінгі 

өркендеу 

жолында 

қадам 


басып,ертеңгі 

күнімізге,жарқын 

болашағымызға  сеніммен  қарауға  мүмкіндік  алып  отырғанымыз 

Қазақстанда  мекендейтін  ұлттар  арасындағы  достықтың  нәтижесі 

екенін өмір көрсетіп отыр. 

Кез келген елдің өмірінде қиын да жауапты кезеңдер болады. Біз 

мұны  мемлекеттердің  сан  ғасырлар  бойы  тарихынан  да,қоғамдық 

даму  үрдісінен  де  байқаймыз.  Уақыт  сынына    төтеп  бере  білетін 

халықтардың  барлық  мақсат-мүддесі,ең  алдымен  өзара  бірліктен 

бастау  алып,өмірдің  терең  қойнауында  ынтымақтастық  жыолымен 

баратыны  да  белгілі.  Жалпы,  халықтар  бірлігінің  түп-тамырын 

жақсырақ  түсіну  үшін  өткенге  көз  сала  отырып,болашақты  көре 

білген жөн. 

Егер  тарихқа  көз  жүгіртетін  болсақ,  бұрыңғы  кееңстік 

республикалардың  ешқайсысында  да  Қазақстандағы  тәріздес 

миграциялық көшкін көп болған жоқ. Қазақ жеріне тағдыр тәлкегімен 

қоныс  аударғандардың  ешқайсысы  өздерін  қазақстанда  уақытша 

қонақ 


ретінде 

сезінбейді. 

Олар 

жергілікті 



тұрғындармен 

бірлесіп,өмірдің  талай  ауыртпалықтарын  бірге  көтерді,  өз  жеріне 

келгендерді  қашан  да  түсіністікпен  қабылдайтын  қазақ  халқының 

мінез-құлқымен қазақ жерінің жомарттығы туындатқан жәйтті көрді. 

Қоныс  аударғандар  жергілікті  тұрғындармен  бірлесіп  өмірдің  талай 

ауыртпалықтарын  бірге  көтерді.  Сөйтіп,  Қазақстан  халықтарының 

бүгінгі полиэтникалық келбетін қалыптастырған қоғам пайда болды. 

Жалпы  ұлт  мәселесі  өте  күрделі  және  нәзік.қандай  да  бір  сәл 

асыра  сілтеудің  өзі  шиеленсті  жағдайға  әкеліп  тірейтін  кезі  аз  емес. 

Кешегі  кеңестік  кезеңде  ұлттық  мәселені  біржолата  шешілген  деп 

есептеп  келдік.  Шындығына  келсек,  олай  емес  екен.  Алып  империя 

ыдырауының  ең  негізгі  түйіні  ұлттық  саясатты  үстемдікпен, 

күштеумен  жүргізіп,халықтардың  сана-сезімін  ұзақ  жылдар  бойы 

жаныштаудың  салдарынан,  ұттық  теңдікті  сақтамаудан  тығырыққа 

тіреліп,  бұл  мәселені  мұқият  ескермеуден  біржолата  құлағанының 


куәгеріміз. 

Этносаралық 

шиеленіс 

пен 


әртүрлі 

дәрежеде 

қақтығыстардың,  жанжалдардың  өршуі  де  бүлдіргіш  үрдістерден 

бастау алатыны белгілі. 

Ұлттық  саясат барлық  кезеңде  және  барлық  елдерде  мемлекеттік 

саясаттың  негізгі  басымдықтарының  бірі  болады.  Қазіргі  заманғы 

саясаттанушылар  ұлттық  мәселені  жүзеге  асырудың  үш  нұсқасын 

бөліп көрсетеді. 



Бірінші,  кейбір  мемлекеттер  өзге  ұлт  өкілдерін  «қысу»саясатын 

жүргізеді; 



Екінші,  проблемалар  өзінен-өзі  күн  тәртібінен  түсіп  қалады  деп 

сеніп, ұлттық мәселеге мүлдем көңіл аудармайды. 



Үшінші,  Қазақстан  жүріп  келе  жатқан  көп  еңбекті  талап  ететін 

жалғыз  жол  дұрыс  жол.  Бұл-халықтар  арасындағы  келісім  мен  іздеу 

жолы  және  бұл  жұмыс  қазақстанның  көп  ұлтты  халықтарының  тең 

құқықты  дамуын  қамтамасыз  ететін  конституциялық-құқықтық  база 

құрудан басталған. 

1995  ж  30  тамызда  қабылданған  Ата  Заңымыздың  бірқатар 

баптары  осы  мәселелерге  негізделген.  Мысалы,  39-баптың  2-

тармағында  «Ұлтаралық  таутылықты  бұзатын  кез-келгген  әрекет 

Конституциялық  емес  деп  танылады»  делінген.  Сондықтан, 

Қазақстандық Отан сезімі осы ежелгі жерге атын беріп отырған қазақ 

халқымен бірге,республиканы мекендеген басқа халықтарға да теңдей 

ортақ.  Полиэтностық  Қазақстан  біздің  қоғамымызда  этносаралық 

жанжалдардың  қатерлі  шарпуынан  сақтап  тұрғане  ерекше  тұтастық 

психологиясын қалыптастырып отыр. 

Ал  мұндай  жағдайға  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қалай  жеттік? 

1992  жылдың  желтоқсан  айында  Қазақстан  халықтарының  тұңғыш 

форумы  өткізілді.  Бұл  уақытта  тәуелсіздіктің  елең-алаңында,  жан-

жағымыздағы елдерде туықанның туысқанға, көршінің көршіге қарсы 

қол  көтеріп,  саяси  жанжалдары  мен  құрбандықтың  қайғылы  қасіреті 

өршіп тұрған кезеңде саяси тұрақатылық пен келісімді сақтау бұрын-

сонды  болмаған  жағдайға  ие  болды.  Біздің  елбасымыз  мұны  терең 

түсініп, дер кезінде ұйымшылдықпен қолға алды. Міне, әрі-сәрі қиын 

дағдайда 

Н.Ә.Назарбаевтың 

елімізде 

тұратын 


халықтардың 

ынтымағын,достығын сақтап қалу Ассамблея институтын 1-наурызда 

1995 ж құрғанын данышпандығы деп білу керек. 

Елбасының Ассамбеляның алғашқы мәжілісіндегі баяндамасында: 

«Қазақстан  -  Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлт-ұлыстардың  елі, 

Отаны,  мемлекеті.  Көп  ұлтты  халықтың  Қазақстанда  тұруы-біздің 

кемістігіміз 

емес, 


бұл 

біздің 


байлығымыз,біздің 

мақтанышымыз,біздің  халқымыз  қаншалықты  тату-тәтті  дос  болып 

тұрса еліміз де соншалықты тез алға басады» -деді. 

Қазақтан  халықтары  Ассамблеясының  еліміздегі  ұлтаралық 

келісімді  нығайту  жөніндегі  ролі  уақыт  өткен  сайын  маңызды  бол 

түсуде. 

Қоғамдағы  проблемалардың  барлық  қырлары  бойынша,  әсіресе, 

ұлттық саясатта мемлекеттік шаралар әзірлеуде Ассамблеяның пікірін 

ескеру  және  оны  шешу  ұлттар  мүддесін  назарға  алу  үйлесімді 

қалыптасты. 

Мемлекет  дамуының  қазіргі  кезеңінде  Қазақстан  халықтар 

Ассамблеясының  ролі  өте  жоғары.  Көбінесе,  Ассамблея  жұмысы 

арқасында  қазақстанда  еліміздің  тарихи  ерекшелігін  ескере  отырып, 

этносаралық қатынастың ұтымды да үйлесімді моделі құрылды. 

Ассамблея  өмірге  келген  уақыттан  бері  консультативтік-кеңесші 

органнан конституциялық органға дейін эволюциялық жолмен дамып 

келді. 


Ал  мұның  өзі  мемлекет  пен  қоғамның  келісім  мен 

бейбітшілікке,тұрақтылықты  нығайтуда  қосқан  үлесі  барлығын  және 

маңызды  ролін  мойындағандығын  білдіреді.  Өткен  жылы  еліміздің 

қоғамды-саяси  өмірінде  жаңа  мәртебеге  ие  болған  Қазақстан 

халықтар  Ассамблеясы  жоғарғы  заң  шығарушы  органға  өзінің  9 

өкілін сайлады. 

Ассамблеяның  негізгі  діңгегі  нығая  түсті.қазақстандағы  барлық 

халықтардың  тілдерін  дамытуда,  ұлттық  БАҚ  жақсартуға  және 

ұлттық  мәдениетті  қорғаудың  құқықтық  тұтқаларын  нығайтуға 

заңдылық негіздер жасалған. 

Жалпы ұлттық тіл саясатында нақты тетіктер тиянақталған. Қазір 

республикамыздың  мектептері  9  тілде  қазақ,  орыс,  өзбек,  ұйғыр, 

тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді, 15 

тіл  ана  тілі  ретінде  оқытылады,  22  ұлттық-мәдени  бірлестіктердің 

жексенбілік мектебі бар. Олардың саны қазір 170-ке жетті. 

Мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  ие  қазақ  тілін  үйренуге  деген  ынта-

ықылас жақсаруда. 

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің абырой билігі,баршаны құрметтеуге 

тиіс қарым-қатынас құралы. 

Деректерге жүгінсек, жалпы республикамызда түратын 6 млн 968 

мың  этностыө  өкілдердің  1,5  млн  мемлекетік  тілді  еркін  меңгеріп, 

сөйлей алды. Қазір қазақстандықтардың 65 пайызы қазақ тіліне жетік, 

18  орыс  өкілдерінің  60-80  пайызы  өазаө  тілін  жетік  біледі.  45 

этностық  өкілі  қазақ  тілін  өз  тіліне  қарағанда  жақсы  біледі,  дәлірек 



айтсақ,  болгарлардың  29  пайызы  және  еврейлердің  17,6  пайзы  қазақ 

тілінде сөйлей алады. 

Тұтастай  алғанда:  Қазақстанда  5  республикалық  және  15  өңірлік 

ұлт  тіліндегі  газеттер  бар.  Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  жыл 

сайын аз ұлттардың тілінде 30 атаумен жалпы тарлымы 80 мың дана 

болатын кітаптар шығарылады. 

Республикамыздағы кәсіби 49 театрдың 15-і орыс театры. Сондай-

ақ ұйғыр, неміс, корей ұлттық ұжымдары жұмыс істейді. 

Жыл  сайын  дәстүрлі  халық  шығармашылығының  фестивалінде 

этностардың  өнері  мен  мәдениетін  насихаттауда  көп  іс  атқарылуда. 

Түрлі  ұлт  өкілдері  Отанымыздың  халықтық  мейрамдарын  бірге  атап 

өтудің  мағынасын  жалпы  Қазақстандыө  өуаныш  деп  санайды.Бұл 

халықтар бірлігінде сапалық деңгей көрінісі. 

Қазақстан  халықтарының  бірлігін,  ынтымағын  қалыптастыратын, 

дәнекер болатын қоғамдық және саяси ең маңызды институт. 

Ассамблея - елімізде тұратын барлық ұлт-ұлыстардың тең құқылы 

дамуының  демократиялық  базасы.  Ассамблея  -  әлемде  ешбір  елде 

жоқ  халықтар  бірлігін  жасайтын  бірегей  тәжірибе.  Сондықтан 

Қазақстанда  тұратын  27  республикалық  қауымдастығы  орталығы, 

сонымен  бірге  350  жергілікті  ұлтық  бірлестігі  бар  үлкен  қоғамдық 

ұйымның мәртебесі одан да бтікте Республикада тұратын ұлттар мен 

ұлыстар өздерінің келешегін қазіргі Президентіміз Н.Ә.Назарбаевпен 

тікелей байланыстырады.  

Бұл нені көрсетеді? 

Бұл – Қазақстанның келешегіне ұлттардың немқұрайлы еместігін 

көрсетеді.  Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар  саласындағы 

сарабдал саясат арқылы және көп дінді мемлекет екенімізді байыптай 

отырып,  қоғамдық-саяси  тұрақтылық  жағдайды  сақтауда  Қазақстан 

бай тәжірибеге ие болды. 

Сан  ұлттың  басын  біріктіріп  отырған  Қазақстан  біздің  жақын 

көршілерімідегідей қайғылы жағдайға жол бермеді. Бізден беті аулақ, 

бірде-бір ұлттық жанжал болған жоқ. 

Біздің  елімізде  тұрып  жатқан  барлық  ұлттар  мен  ұлыстар 

Қазақстан  өз  тіуелсіздігін  алғаннан  кейін  мемлекеттілігін  құру 

қағидасында  ұлттық  саясатқа  зор  мән  беріп,  азаматтардың  тең 

құқылы  жағдайда  өмір  сүруіне  қолайлы  мүмкіндіктер  туғызғанын 

жақсы  біледі.  Қазақ  ұлты  баршаның  құрметтеуіне  лайық  екеніне 

өзінің  бүкіл  тарихымен  дәлелдеп,  мемлекетіміздің  негізгі  ұйытқысы 

болып отыр. 


Біздің  жерімізде  бейбітшілік  пен  келісімінің  ең  бағалы 

құндылығымзыға айналғаны осында өмір сүруіп жатқан халықтардың 

ақыл-ойының өзара бірлігінің нәтижесі. 

Саяси  және  азаматтық  бірлікке,  түрлі  ұлт  азаматтарының 

мүдделері мен тағдырларының ортақтығына ұмтылу мемлекетіміздің 

басты бағыты. 

 «Біз  ұлтына  жіне  діни  наным-сеніміне  қарамастан,  әрбір 

қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға еркі беретін 

еркін,  әрі  ерікті  қоғамның  негіздерін  нығайтуға  тиіспіз.  Біз  өзіміздің 

жатсынбас  тұрпатымызбен,  этносаралық,  конфессиялар  аралық 

татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз. 

Еліміздің  қазір  келе  жатқан  бітімгершілік  әлеуеті  алдағы  уақытта  да 

мұқият  сақталып,  дамытыла  береді»-деп  Жолдауында  қадағалап 

айтып,  ұлтаралық  қатынастың  стратегиясын  Президентіміз  көрсетіп 



берді. 

    


*** 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет