Ұлтының бүгіні мен ертеңін, болашағы мен келешегін ойлаған кемел тұлға Мұстафа



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата22.10.2022
өлшемі4,79 Mb.
#44957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. (https://knastu. ru/media/files/page_files/teachers/Bershadskaya_UK_- _indikatory_opyt_razrabot. . 
tsenivaniya_Seminar_AKUR_05. 2018. pdf
2. Әмір Р. С., Әмірова Ж. Р. Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: Қазақ университеті, 
2014. – 110 6.
 
 
Арғымбек М. 
 
 
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің 
1-курс магистранты 
 
ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
Ұстаз-жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген естіген және 
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да 
аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ 
және ар-намысын ардақтайтын, жақын-дарына жақсылық пен ізгілік көрсететін жан. Осы 
қасиеттерін бойына жинақтаған ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы
профессор Рақыш Сәтұлы Әміровтың туғанына 90 жыл.
Рақыш Әмір Сәтұлы 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Жамбыл ауданында, 
Жетітөбе ауылында туды. 1943 жылы Жамбыл қаласындағы педучилищеге оқуға түсті. 
Педучилищеден Әмір Рақыш үздік аттестат алып, 1946 жылы Қазақ мемлекеттік 
университетінің филология факультетіне емтихансыз алынды. Оқуда озат болып, филология 
факультетінде қазақтың ұлттық мәдениетінің М. Әуезов, А. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Н. 
Сауранбаев, М. Балақаев сынды ірі тұлғалардан сабақ алды.
Р. С. Әмір «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген тақырыпта диссертация жазып, қорғап, 
1955-жылы филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. Р. Әмір 
ауызекі сөйлеу тілі мәселесін бірінші болып зерттеді, «Особенности синтаксиса казахской 
разговорный речи»деген монографиясын жарыққа шығарып, соның негізінде 1972 жылы 
докторлық диссертация қорғады. Зерттеу қазақ тілі синтаксис жүйесіндегі амалдарды 
(қайталау, шенеу, үндеу т. б), тұлғаларды толық ашып, адекватты түрде танытты, түрлі 
коммуникативтік мақсаттарды өтеу механизімін ашып берді.
Рақыш Әміров қазақ тілін дамытуға үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі. Сондай-ақ, қазақ 
тілін оқыту әдісін ойлап тапқан, қазақ тілін оқытудың мәселелерін эксперимент арқылы 
шешуді қолға алған және «Қазақ тілі»пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарды 
шығаруға атсалысқан белсенді авторлардың бірегейі.
Көптеген кітаптары оқулық ретінде Білім және ғылыми министрлігі тарапынан ресми түрде 
бекітілген. Оқулықтар қазақ тілі синтаксисінің фактологиялық базасын неғұрлым толық 
қамтып танытуға ұмтылған. Бұл бағыт қазақ тілі мамандарының түрлі интернационалдық 
ортаға еркін түсуге, түрлі ғылыми еңбектерді еркін игеруге жол ашады.


342 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет