~~Ауызша әдеби тілдің ауыз әдебиетімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жіктеп көрсетіңіз.
Ауызша әдеби тіл — ауызекі сөйлеу стиліне жақын, алайда әдеби тіл нормаларын сақтай отырып қалыптасатын тілдік қарым-қаты нас тың бір түрі. Адамдар алдын ала даярланған баяндаманы, дәрісті белгілі бір аудиторияға ауызша сөйлеу тілі арқылы жеткізіп, сұхбаттың түрлерін ауызша әдеби тіл арқылы жүзеге асырады. Сол сияқты радиодан, теледидардан берілген сөздер де тыңдармандарға жеткізілу формасы жағынан ауызша болғанымен, тілдік құралдарды пайдалану тұрғысынан әдеби нормаларға негізделеді. Ауызекі сөйлеу лексикасында қарапайым сөздерді қолдануға жол берілсе, ауызша әдеби тілде тілдің грамматикалық нормаларын сақтап, мәнерлік сипатын арттырып қолдануға рұқсат етіледі.
Ауызша әдеби тілді қолданушы өзі айтып тұрған мәтіннің лексикалық құрамына, сөз үлгілеріне, сөйлем құрылысына, сөздердің орын тәртібіне жіті назар аударады
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |