Ұлттық банкі №97 б а с п а с ө з р е л и з І



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі243,16 Kb.
#11156

 

 

                                                                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

                                                                       ҰЛТТЫҚ БАНКІ 

                                                                       № 97 Б А С П А С Ө З  Р Е Л И З І  

 

 

 

 

«Жоғалып бара жатқан жəне сирек кездесетін  

жануарлар түрлері»  монеталар сериясынан   

 «Сұңқылдақ аққу» ескерткіш күміс  монетасын айналысқа шығару туралы 

 

 

2014 жылғы 19 желтоқсан 

 

 

 

                     Алматы 

 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  2014 жылғы 19 желтоқсаннан  бастап  



«Жоғалып бара жатқан жəне сирек кездесетін жануарлар түрлері» монеталар сериясынан 

номиналы 100 теңгелік «Сұңқылдақ аққу» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару 

туралы хабарлайды.  

«Жоғалып  бара  жатқан  жəне  сирек  кездесетін  жануарлар  түрлері»  монеталар 

сериясынан «Сұңқылдақ аққу» күміс монетасының  пішіні сопақ. 

Монетаның 

бет 

жағында 


(аверсінде) 

орталық 


бөлігінде 

Қазақстан 

Республикасының  елтаңбасы,  монета  дайындалған  металды,  оның  сынамын  жəне 

массасын  білдіретін «Ag 925  24 g» деген  жазу,  ұлттық  ою-өрнектің  екі  элементі,  

монетаның  номиналын  білдіретін «100 ТЕҢГЕ»  деген  жазу  жəне  Қазақстан  теңге 

сарайының  тауар  белгісі  бейнеленген.  Айналдыра  мемлекеттік  тілде  «ҚАЗАҚСТАН 

ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жəне монета соғылған жылды білдіретін «2014» деген сан бар. Жазулар 

мен сан нүктелермен бөлінген. 

 

          



               

 

Монетаның сырт жағында (реверсінде) су айдыны мен жағалаудағы тоғай аясында 



сұңқылдақ  аққудың  алтындатылған  бейнесі  орналасқан.  Айналдыра  мемлекеттік  тілде 

«СҰҢҚЫЛДАҚ  АҚҚУ»  деген  жазу,  латын  тілінде  түрдің  зоологиялық  атауы «CYGNUS 

CYGNUS» деген жазу бар. 

Монетаның  бет  жəне  сырт  жағындағы  бейнелер  мен  жазбалар  бедерленген. 

Айналдыра шығыңқы жиек. 

Қыры (гурты) бедерлі. 

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, сопағы 38,61 х 28,81 

мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 13 мың дана. 

Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монета Қазақстан Республикасының бүкіл 

аумағында  көрсетілген  құнымен  төлемнің  барлық  түрлері  бойынша,  сондай-ақ  банк 

шоттарына  есептеу  үшін  жəне  аударым  жасау  үшін  қабылдануға  міндетті,  Қазақстан 

Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады жəне айырбасталады. 



 

 

 

«Сұңқылдақ аққу» ескерткіш монетасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 

«Польша  Монета  сарайы»  акционерлік  қоғамы  жəне  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

Банкінің  Қазақстан  теңге  сарайы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық 

мемлекеттік  кəсіпорны  арасындағы  монеталарды  шығару  мен  сатуға  арналған  келісімге 

сəйкес дайындалды. 

Бұл Келісім бойынша: 

-

 

Ұлттық Банк монеталарды сатады; 



-    Польша  Монета  сарайы  монеталарды  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  сату  үшін 

оларды Ұлттық Банктен сатып алады; 

-

 

Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындаушы жəне оларды Польша Монета 



сарайына жөнелтуші болып табылады; 

-

 



дайындалатын  монеталардың  бір  бөлігін (3000 дана)  Ұлттық  Банк  оларды 

Қазақстанның ішкі нарығында коллекциялық құны бойынша сату үшін резервтейді. 

Монета бетіне алтын жалатылған технологияны қолдана отырып дайындалды. 

Сұңқылдақ  аққу (лат. Cygnus cygnus) –  үйрек  тұқымдасына  жататын,  суда  жүзетін 

ірі құс, салмағы 7 – 10 кг аралығында, кейде одан да көп. Денесі су бетінде қалқып бара 

жатқандай  көрінеді,  мойнының  ұзындығы  шамамен  денесінің  ұзындығына  тең. 

Сұңқылдақ басқа аққулар сияқты «S» əрпінің пішінінде мойнын бүкпей, оны тік ұстайды. 

Ескерткіш  монетаны  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Қазақстан  теңге 

сарайы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық  мемлекеттік  кəсіпорны 

дайындаған. 

Монетаның  дизайны  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2003 жылғы               

25  қыркүйектегі  № 1193 Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  теңгесі – ұлттық  валюта 

банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сəйкес əзірленген. 

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монета коллекциялық құны бойынша 

сатуға  арналған.  Ол  кəдесыйлық  ораумен  шығарылады  жəне  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық  Банкінің  мемлекеттік,  орыс  жəне  ағылшын  тілдеріндегі  нөмірлік  сапа 

сертификатымен жабдықталған. 

Монетаны  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  барлық  филиалдарында, 

сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz  сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы 

интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша  

сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Толығырақ  ақпаратты  мына  телефондар  бойынша  алуға  болады:  +7  (727)  270-46-39,                

+7 (727) 2 704 585; +7 (727) 330 24 97,  e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет