аудиториядан (компьютерлік сыныптан) дәліз кезекшісінің функциясын атқаратын тестілеу администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға;
аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық шығуға;
сөйлесуге, орын ауыстыруға;
құжаттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
ғимаратқа және аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькулятор, фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, фитнес білезік, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқа да микроқұлаққаптар), сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) және тағы басқалар, шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына;
тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға.
- Министрлікпен бекітілген оқулықтар тізімі; - Тест спецификациялары; - Тест жоспарлары; - Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы бойынша 100 дата; - Қазақ әдебиеті және орыс әдебиетінен шығармалар тізімі; - Информатика пәні бойынша терминдер (3 тілде); - ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн байқау сынағы (Prob-ent.testcenter.kz). ⁕ тест спецификациясы – тесттің басты сипаттамаларын анықтайтын құжат (тесттің мақсаты, міндеті, мазмұны т.б.)