ҰБТ апелляциялық комиссиясы Бірыңғай критерийлердің сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеуді өткізу кезеңінде электрондық форматта түсетін құқықтарды қорғау мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссия түлекке ұпай қосу туралы ұсыныстардың дұрыстығын қарап, түпкілікті шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді, оларға төраға және Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары Ұлттық тестілеу орталығында бір жыл бойы сақталады.
Апелляция нәтижелері өтініш берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі.
Мазмұны бойынша апелляцияға өтініш түсушілерге тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша компьютер экранында түсушінің тестілеу нәтижелерін талдау картасы, оның жауап нұсқасы, сондай-ақ әрбір тапсырма бойынша жинаған баллы және блоктар бойынша жинаған баллдарының жиыны және ҰБТ-ның жалпы баллы көрсетіледі
Апелляция нәтижелері 30 (отыз) жұмыс күні ішінде беріледі.
Түсушінің жеке кабинетінде Республикалық апелляциялық комиссия отырысының мерзімі көрсетіледі.
Республикалық апелляциялық комиссия отырысы басталғанға дейін апелляция өтінішін жеке кабинетінде қайтарып алу жүзеге асырылады.
Апелляция өтініші қайтарып алынғаннан кейін сертификат түсушінің жеке кабинетінде бір жұмыс күні ішінде қолжетімді болады.