ҰБТ өткізу тәртібі ҰБТ:
1. ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
2. республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
3. республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
4. республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
5. республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
6. ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, күнтізбелік жылы ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға одан әрі қабылдау үшін бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларға;
7. ЖЖОКБҰ-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушыларға;
8. ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі.
Тестілеу бес пән бойынша жүргізіледі: үш міндетті және екі бейіндік пән. Тест тапсырмаларының саны 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша - 20, математикалық сауаттылық бойынша – 10, оқу сауаттылығы бойынша - 10 және екі бейіндік пән бойынша - 40 тапсырма.
Бейіндік пәндер тізбесі:
математика және физика.
математика және география.
дүниежүзілік тарих және география.
биология және химия.
биология және география.
шет тілі және дүниежүзілік тарих.
оқу тілі мен әдебиеті.
география және шет тілі.
химия және физика.
дүниежүзілік тарих және құқық негіздері.
математика және информатика.
ҰБТ тест тапсырмалары тек зерттелген материалды (нақты фактілерді) ғана емес, сонымен бірге игерген білімді стандартты емес және жаңа жағдайларда қолдануға, атап айтқанда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, принциптерді, теорияларды қолдануға бағытталған.
2021 жылы ҰБТ форматы біршама өзгеріске ұшырады, бейіндік пәндер бойынша тестке контекст негізіндегі тест тапсырмалары, 2024 жылы сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары енгізілді.
ҰБТ тест тапсырмаларын бағалау: ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдағанда – 1 балл, ұсынылған көптеген жауаптардың ішінен және сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмаларында бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдағанда – 2 балл, контекст негізіндегі тест тапсырмалары – 1 балл.
Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары математикадан игерген білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттілігін, математикалық есептеулердің нәтижелерін интерпретациялау және бағалау дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді.
Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі ақпаратты бөліп көрсету, контексттегі мәтінді түсіну, мәтінді талдау интерпретациялау, оқылған материал негізінде қорытынды мен жалпылаулар жасай алу, мәтіннің мақсаты мен негізгі идеясын анықтау қабілеттері мен дағдыларын тексеруге бағытталған.
Бейіндік пәндер бойынша тест ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалатын 25 тест тапсырмасынан, ұсынылған көптеген жауаптардың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар таңдалатын 5 тапсырмадан, контекст негізіндегі 5 тапсырмадан және сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырмадан тұрады.
Контекст негізіндегі тест тапсырмалары білім мен дағдылардың практикалық қолданылуын, оқылған материалды нақты мәселелер мен жағдайларды шешуге бейімдеу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары білімнің тереңдігін және материалды түсінуді тексеруге бағытталған.
Сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары элементтер арасында логикалық және функционалдық байланыстарды орнату қабілетін, аналитикалық ойлау және пайымдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Барлығы 120 тест тапсырмасы бар.
ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.
Тестілеудің ұзақтығы - 4 сағат (240 минут), оның ішінде:
- шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы - 70 минут.
– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары және білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы - 130 минут.
Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін – 2 сағат (120 минут), олардың:
– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер үшін қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша-80 минут.
Бұл ретте: Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут көлемінде үзіліспен жаттығулар жүзеге асырылады.
Тестілеудің 120 минуты өткеннен кейін 3 минут көлемінде үзіліспен жаттығулар жүзеге асырылады.
Тестілеудің 180 минуты өткеннен кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар балалар үшін (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тестілеу үшін қосымша 40 минут беріледі.
Көру аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.
Сонымен қатар, көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді
Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беріледі.
Өту балы: - ұлттық ЖЖОКБҰ-ға кемінде 65 балл, ал «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша - кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша-кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша − кемінде 50 балл, «Құқық» даярлау бағытында - кемінде 75 балл;
- басқа ЖЖОКБҰ-да - кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» саласында – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласында – кемінде 70 балл, «Құқық» даярлау бағытында - кемінде 75 балл.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін ең жоғары балл саны - 130 балл.