ҰБТ өткізу кезіндегі тәртіп Тестіленушілер ҰБТӨП-ке бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте тестіленушінің жеке басына көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі және жеке басын растайтын құжаты және он алты жасқа толмағандарға орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтамасы ұсынылады.
Тестілеуге кіргізу кезінде қолды және рамалық типтегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ҰБТӨП-ке мынадай тыйым салынған заттарын: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кірмеу үшін жүзеге асырылады.
Сонымен қоса, келесі заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, А0-А10 форматтағы қағаздар.
Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу администраторлары акт (электрондық формат)" жасайды және түсуш ағымдағы тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу администраторы "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)" жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Ұлттық тестілеу орталығы түсушіні сайттағы жеке кабинеті арқылы тестілеуге жіберілмейтінін қосымша хабардар етеді.
Тестілеудің нәтижесі көбінесе тәртіпке байланысты. Кері жағдайда, түлектің тестілеу нәтижелері жойылып немесе тестілеуден шығарылады. Тестілеуді тапсыру кезінде түлек білуі және сақтауы қажет ерекше маңызды сәттерді атап өтеміз.