Ұлттық құндылық асық



Pdf көрінісі
Дата16.09.2023
өлшемі241,22 Kb.
#108221
Байланысты:
Асық жайлы



Ұлттық құндылық – асық. 
Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан 
дәстүрінің бірі-асық ойыны. 
Асық ойыны
– қазақ халқының ежелгі өте кең 
тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған 
төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. 
Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, 
мергендікке, 
ұқыптылықа, 
сергектікке 
баулыйтын 
тәрбиенің 
көзі. 
Тіліміздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау тіркестері 
тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын 
асықтай немесе киіктің 
асығындай 
шымыр деп 
атайтын 
үрдіс 
бар. 
Мұндай тіркестер асықтың айырықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық. 
Асықтың түрлері: 
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан 
асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп.
Атап айтқанда: 
Сақа –
асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек 
қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады. 
Кеней
– көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. 
Шүкейт 
– жас малдың асығы. 
Қойлық
– қойдың асығы.
Ешкімек
– ешкінің асығы. 
Құлжа
– құлжаның асығы. 
Көктабан
– қорғасын құйылған салмақты сақа асық. 
Топай
– сиырдың асығы. 
Жабай
– ірі асықты айтады. 
Қолқар
– арқардың асығы 
Асықтың тұрысының атаулары: 
Алшы
– асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. 
Тәйке
– асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. 
Бүге
– асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. 
Шіге
– асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. 
Омпы
– асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік 
тұрып қалуы. 
Шоңқай
– асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі. 


Асық ойын түрлері 
Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие 
және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы 
барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын 
салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп 
екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі қазіргі заманауи 
жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң 
ойыны» делініп жүр. 
Асық ойынының «тақталық» түріне: 
— «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»; 
— «Құмар»; 
— «Қақпақыл»; 
— «Қаржу» немесе «Қаржымақ»; 
— «Сасыр»; 
— «Төрт асық»; 
— «Бес тас»; 
— «Бес асық»; 
— «Иірмекіл» т.б. жатады. 
Асық ойынының «алаңдағы» түріне: 
— «Арқаласпақ»; 
— «Алты атар»; 
— «Омпа»; 
— «Кетсін бір»; 
— «Шыр»; 
— «Бәйге»; 
— «Алшы»; 
— «Бес табан»; 
— «Көтеріспек (Атбақыл)» т.б. жатады. 


Ұлттық құндылығымыз асықты әр пәнге қалай кіркітіруге болады, соған 
тоқталсақ 
Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс–әрекеті, 
оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.
Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте 
дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол 
ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді 
игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға 
жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық 
сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық 
құбылыс. 
Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы қызықтыра 
отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді. 
Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, 
сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
білуге 
деген 
ынтасы 
мен 
мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған 
білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын 
элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Сабақтарда ойын элементтерін 
пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың 
тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, 
тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге 
үйретеді. 
Әдебиеттік оқу сабағында 
Әдебиеттік оқу сабағында орынды қолданылған ұлттық ойын 
элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, 
іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын 
дидактикалық материалдар оқулық мазмұнымен үндес болып, оқушыларға 
ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді. 
Ойын тәртібі: а) жұмбақтардың шешулері жазылған қима қағаздар 
немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір 
оқушы өз қолындағы жұмбақтарды ойлап тауып, оның тұсына қояды. 
Мұғалім ойнаушы оқушылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Қолындағы 
жұмбақтарын түгелдей дұрыс тапқан оқушы ұтқан болып саналады. 
ә) ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға мұғалім 
жұмбақтар жазылған қима қағазды іледі. Сонымен қатар жұмбақтардың 
шешулері (суретті немесе жеке сөз қима қағаздар) салынған қалтада тақтаға 
ілініп қойылады. Оқушылар жұмбақтарды қима қағаздағы ретіне қарай 


біртіндеп шешеді. Оқушы жұмбақтың шешуін айтып, соның суретін не сөз 
қима қағазын қалта ішінен алып, жұмбақ сызығына орналастырады. Суреттің 
атын немесе қима қағаздағы сөзді тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ 
шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа жұмбақтар да осы ретпен 
шешіледі. 
Қима қағаздағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, жұмбақ мәнін орынды 
түсіндірген оқушылар ойында ұтады. 
б) Бұл ойында, керісінше, шешулері бойынша жұмбақтарды айту көзделеді. 
Мұғалім оқушыларға жазылған қима қағазды немесе суретін біртіндеп 
көрсетеді . Оқушылар оған сай жұмбақты жатқа айтып беруі тиіс. Шешуі 
бойынша жұмбақты көп әрі дұрыс айтқан оқушы ұтады. 
«Адам болам десеңіз» тарауын қайталау кезінде М.Әуезовтың 
«Көксерегі» мен Ш.Мұртазаның «Бөртесін» көркем сөзбен сипаттап
жұмбақтауға болады. 
Мысалы: «Зіңгіттей көк шолақ, тамаққа өлгенше ашқарақ, жота жүні үрпиіп, 
көздері жалындап тұратын» және «Ай сияқты айналма мүйізі, делдиген 
танауы бар, басы кекшиіп, тұяқтарымен жерді тарс-тарс тарпиды». 
Мұғалім 
жұмбақталған 
нәрселердің 
ішкі-сыртқы 
сапа, 
белгілеріне 
оқушылардың назарын аударта отырып, сипаттама иесін таптыртады, яғни 
мұның қайсысы бөрте, қайсысы көксерек екенін ажыратады. Осындай ойын 
арқылы мәтіннен бейнелі сипаттамаларды айыра білуге оқушылар төселеді.
«Асыл мұра» тұрмыс-салт жырларынан «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», 
«Сиыр», «Торпағым», «Түйе», т.б. шығармалар берілген. Бекіту, қорытынды 
сабақтарда «Қалай айтуды білемін», «Жануарлар қалай үндейді» ұлттық 
ойындарын ойнатуға болады. 
Тәжірибелі ұстаз сабақта оқушылардың тілін дамытып, байланыстырып 
сөйлеуін жетілдіру, ұлттық сезімін ояту мақсатында көп жұмыс түрлерін 
жүргізеді, сабақта ұлттық ойын элементтерін орайлы пайдаланады. Ана тілі 
сабақтарында «Қыз қуу», «Бәйге», «Теңге алу» т.б. ойындарын жүргізудің 
тәсіліне, оның сабақ мазмұнына сәйкестігіне айрықша көңіл бөледі. Мысалы 
«Шопан атаға», «Түйе», «Сиыр» өлеңдерін өткеннен кейін «Сақина салу» 
ойынын өте сәтті ұйымдастырды. Сыныпты екі топқа бөледі. Бәрінің қолына 
сақина салған болып аралап білдірместен әр топтың 2 оқушысының қолына 
сақина салып кетеді. Тақта алдында тұрып «Кел, сақинам, кел!» деп 
шақырады. Егер сақина салынған оқушы орнынан тез тұра алмай қалса, онда 
тақтаға шығып, қима қағаздағы тапсырмаларға жауап береді. Егер сақина 
салынған оқушы тұрып кетсе, жанында ұстай алмай қалған оқушы осы 
шартты орындайды. Тапсырма төмендегідей мазмұнда беріледі: 
«Шопанатаға» өлеңі бойынша: 


1. Қой сүтінен жасалған тағамдарды ата. 
2. Қой жүнінен қандай заттар жасалады? 
3. Қойдың терісінен жасалатын заттарды ата. 
«Түйе» өлеңі бойынша: 
1. Түйе жүнінен жасалатын қандай заттарды білесін? 
2. Түйе сүтінен жасалатын тағамдарды ата. 
3. Қойдың терісінен не жасалады? 
«Сиыр» өлеңі бойынша: 
1. Сиырдың терісінен жасалатын заттарды ата.
2. Сиыр сүтінен қандай тағамдар жасалады? 
3. Сиырдың етінен қандай тағамдар дайындалады? 
Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-
ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан, ұлттық ойындарды ойнату 
керек. 
1. «Бәйге алу» ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі: 
а) Қандай ұлттық ойындар бар? 
ә) Атпен ойналатын ойын түрлерін ата. 
б) Ел рәміздерін ата. 
Осындай сұрақтардан кейін қима қағаздар беріледі. Қатты қағазға жіп 
арқылы бекітілген 2 атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұрады. Дұрыс 
әрі тез орындаған оқушы туды алып жеңіске жетеді. 
2. «Қыз қуу» ойыны. Алдымен сұрақ - тапсырмалар беріледі. Содан кейін 
алдымен қыз бала 1-тапсырманы орындауға кіріседі, артынша ер бала 
орындай бастайды. Егер ер бала тапсырманы бұрын орындаса, онда қызды 
ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ол ер балаға жеткізбей 
жеңіске жеткен болады. 
3. «Хан талапай» ойыны. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге 
байланысты алдын ала үлестірмелі қима қағаздар дайындалады.Асық жерге 
шашылады,ал балалар талапайлап асық алады.Оқушыға қай нөмірлі асық 
түссе,сол нөмірге сәйкес келетін қима қағаздағы тапсырманы орындайды.Кім 
тез,әрі дұрыс орындаса,сол жеңіске жетеді.
4. «Теңге алу» ойыны. Бұл ойынды 2 затты салыстыру, олардың ұқсастықтары 
мен айырмашылықтарын тапсыру тапсырмаларын орындату арқылы 
ойнатуға болады. Алдымен сұрақ-тапсырма беріледі. Ұлттық теңгеміздің 
суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы тапсырманы дұрыс орындаса, сол 
төл теңгемізді алады. 


5. «Арқан тарту» ойыны. Бұл ойында алдымен ойынға байланысты сұрақтар 
беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Тақырып бойынша берілген 
тапсырманы кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады. 
Осы ойындарды ойнатқанда, оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге 
деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, 
білімі, сауаттылығы күшейеді. Сөйтіп «оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы 
дамытуға қажет»
Қазақ тілі сабағында 
Сиқырлы асықтар ойынның мақсаты: балаларға дыбыс, әріптерді тани 
білуге, әріптерден сөз құрап, сөздерден сөйлем құрауға, топтық жұмыс 
жасауға үйрету. 
Асықтар көк және қызыл бояумен боялған, үстіне әріптер жапсырылған 
болады. Бұл ойында бала қолға асықты ұстай отыра әріптермен танысып, 
сөздік талдау жасау арқылы сөйлем құрайды 
Математика сабағында әр түрлі асықты пайдаланып ондықпен санауға 
үйренеді.Екі екіден, төрттен қосуға дағдыланады. Түстері бірдей асықпен 
фигуралар жасау. 
Ақ және қара асықтардың көмегімен дойбы ойнаймыз. Асықтарды түс 
түсімен жинап, жана санау құрал ретінде қолданылады.
Жаратылыстану сабағында түрлі түсті асықтармен планеталарды жасауға, 
санауға, өсімдіктердің құрылысын жасап шығару. 
Асық-терапия элементтері
барлық білім беру салаларында қолданылады. 
Сабақтар мен ойындар балаларға ұсақ моторика мен сенсориканы дамытуға, 
алған білімдерін бекітуге көмектеседі. 


Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл 
байлығын дамытады. Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына 
өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген асықты бір түстен кейін екінші түсті 
жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата 
алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау 
арқылы, саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы 
мен ойын, ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы 
балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-
логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын 
тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. 
Жалпы бастауыш білім берудегі оқулықтарында әр бөлімнің соңында 
тағы да кейіпкерлердің (Зерделі мен Талапбектің) қатысуымен оқушылардың 
білімі, біліктілігі мен дағдысы алуан түрлі сұрақтар, тест – тапсырмалар 
арқылы тексеріліп, бекітіледі. Бұл жұмыс түрлерін «Көкпар», «Орамал 
тастамақ», «Теңге алу», «Кім жылдам ?» т.б. ойындар арқылы ұйымдастыруға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет