Анықтамасы 2021 жылы 7 қаңтар күні «Қолөнер» бірлестігінің ұйымдастырумен «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатты өтті.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Осы орайда тапсырылған жетекшілер өздеріне берілген сағатта тәрбиенің мәнін аша білді.
Қолөнер» бірлестігінің жетекшілері:
Тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.
«Оқушылар сарайының» КММ директоры: Қ.Т.Тилешевке және оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Қобландина.Г.Н қатысып, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.
Бірлестік жетекшісі: А.Т.Мурзагельдина