Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың Өзін-өзі дамыту және жетілдіру әдісі ретінде жаңа технология элементтерін қолдану



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі157,23 Kb.
#5029

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ 

ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 

 

К.Ж.Мүтиева  



БҚО, Теректі ауданы 

 

Қазіргі  XXI  ғасырда  тәуелсіз  еліміздің  дамуының  негізгі  кілті  –  сапалы  білім  беруді 



қалыптастыру.  Келешекте  өз  елінің  тірегі  атанып,  тәуелсіз  елге  ие  болып,  тілінің  тізгінін  ұстар 

азаматтар - қазіргі мектеп оқушысы. Алдағы уақытта жас елді кемелденген мемлекетке айналдыратын 

да, әлемдік аренада туған тілімізді тек ұлттық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде көрсетіп алып 

шығатын да - біздің  алдымызда отырған өз оқушыларымыз. Оларды осындай дәрежеге алып шығу  - 

біздің, ұстаздардың  міндеті, парызы. 

Қазақстандық  жаңа  мектепті  қалыптастыруға,  ұлттық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  бүгінгі 

ұрпақты  тәрбиелеуге,  білім  мазмұнын  байытуға  қазіргі  кезде  білім  берудің  жаңа  бағыты  ретінде 

педагогикалық  инновацияны  қолдану арқылы жүзеге асырылып келеді. 

Қазіргі педагогика теориясына үлкен өзгерістер енгізіліп, білім беру құрылымында инновацялық 

негізде жаңа технологиялар көптеп қолданылуда. Жаңа технологияларды пайдаланудың жөні осы екен 

деп  бей-берекет  қолдана  бермей, оқушылардың, сыныптың  жағдайына,  тақырыптың ауқымына  қарай 

таңдап, саралап қолдану  -  ұстаздан шеберлікті  талап  етеді. Жаңа  технологяны  қолданудың  мақсаты  - 

білімді сапалы беру арқылы жеке тұлғаны дамыту.  Әсіресе, ұлттық құндылықтарды, ұлттық тәрбиені 

жаңа технология негізінде байланыстырып қолдану – үлкен ізденісті, шеберлікті қажет етеді. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  сабағында  өзім  жиі    қолданып  жүрген  жаңа  технология 

әлементтеріне тоқталып өткім келеді. Биылғы оқу жылында кейбір сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінен  жаңа  «Арман-ПВ»  оқулығы  балама  ретінде  оқытуға  шығарылғаны  белгілі.  Бұл  оқулықтың 

ерекшелігі оқушылардың танымына сәйкес жаттығулар мен тапсырмалар ұлттық салт-дәстүрге, тарихи 

деректерге  негізделіп берілген. Мысалы, 7-сыныпта «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбын өткенде 30-

жаттығуды /37-бет/ орындату кезінде деңгейлеп саралап оқыту технологиясының элементтерін негізге 

ала отырып орындаттым.  

1-деңгей Тәуелденген сөздерді теріп жазу және төмендегі сөздерге түсінік беріңдер. 

Қазағымыздың, шаңырағының, уықтарын, тілімізді, күлдіреуіштері 

Қазақ халқы – ұлт, шаңыра қ- киіз үйдің басты бөлшегі, уық- 

күлдреуіш - киіз үйдің бөлшегі, қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік тілі. 

Суреттерін  слайд  арқылы  көрсетуге  де  болады  немесе  үйге  тапсырма  ретінде  салып  келуге 

беруге де болады. 

2-деңгей -Тәуелденген сөздерді морфологиялық талдау жасау 

3-деңгей - Өздері қалаған 2 сөзге көптік жалғау жалғап тәуелдеу 

4-деңгей  -  шаңырақ,  уық,  тіл,  ата-баба  дәстүрі  сөздерін  тірек  сөздер  ретінде  алып,  «Менің 

халқымның қасиетті шаңырағы» тақырыбына ой толғау  жаздыру немесе киіз үйдің бөлшектері туралы 

реферат жазып келу. 

Жалпы  жаттығулар  мен  тапсырмаларды  орындатқанда  оқулықтың  шарттарымен  ғана  шектеліп 

қоймай, мұғалім бір жаттығудың өзін әртүрлі әдіс – тәсілдермен түрлендіре отырып өткізуіне болады. 

Қазіргі  кезде  кез  келген  мұғалімдердің  сабақта  үнемі  өте  жиі  қолданатын  және  өз  нәтижесін 

беріп жүрген  технология – СТО технологиясы. 

Сонымен    қатар  семантикалық  картаны  қолдану  да  мұғалімге  уақытты  үнемдеуге  барлық 

оқушыларды  қатыстыруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы  «Етістіктің  сөйлемдегі  қызметі»  тақырыбын 

бекітуге осы әдісті қолдандым. 

Сөйлем 

мүшелері 



Оқыған 

озар 


Дауыстап 

сөйледі 


Білгенге 

маржан 


Сырын 

сақтар 

Көргеннің 

пайдасы 


Баст. 

 + 


  

  

  



  

Баянд. 


  

  

  



 + 

  

Анықт. 



  

  

  



  

 + 


Толықт. 

  

  



 + 

  

  



Пысықт.  

  

 + 



  

  

  



 

Мұнда топқа бөліп те немесе әр оқушыға жеке мысал беру де тиімді. 

Тағы бір жаңа технологияның бірі - интерактивті оқыту әдісі. Бұл технология ағылшынның өзара 

әрекет ету деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция - жеке тұлғалардың, топтың, жұптың өзара біріккен 

әректте  бір-біріне  алма  кезек  әсер  етуі.  Интерактивті  оқыту  –  бұл  таным  әрекетін  ұйымдастырудың 


арнаулы  формасы.  Оқытудың  бұл  формасы  алдына  нақты  және  бағдарланған  мақсат  қояды.  Сондай 

мақсаттардың  бірі  -  оқу  үдерісінің  өнімділігін  арттыратын  оқушының  ақыл-ой  кемелділіктерін,  өз 

жетістіктерін сезінетін жайлы жағдай туғызу. «Интерактивті оқыту»                1990 жылдары интернет 

желісінің  дамуымен  байланысты  пайда  болды.  Осыған  орай  көптеген  ғалымдар  бұл  технолгияны 

интерактивті оқыту компьютер және  интернет  желісін  пайдалану арқылы оқыту деп түсіндіреді. 

Интерактивті  оқыту  кезінде  оқушылардың  істі  ұйымдастыра  білу  қабілеті  де  көрінеді.  Алайда 

көп жағдайда оқушылар көбіне мұғалімнің көмегіне көбірек жүгінеді. Интерактивті әдістерімен сабақ 

өткізу  кезінде  мұғалім  кеңесші  ролін  атқарып  тұрады.  Мұғалім  жаңа  біліммен  бірге  оқушыларды  өз 

беттерінше ізденуге бағыт береді. Бұл кезде мұғалім оқушы белсенділігін бірінші орынға қояды және 

соған жағдай туғызады. 

Бұл  әдіс  үй  тапсырмасын  сұрау,  пысықтау,  қайталау,  ойын  сабақтарында  қолданса  жақсы 

нәтижеге  жетеді.  «Етістіктің  түрлерінен  өткенді  қайталау»  сабағында  «Миға  шабуыл»  әдісін 

пайдаландым.  

1.Қанша шақ бар? 

2.Райдың түрі нешеу?  

3.Есімшенің жасалу жолы нешеу? 

4.Есімшенің түрленуі деген не? 

5.Көсемшенің жасалу жолы қанша? 

6.Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?  

5-7-сыныптарда  «Қар  көшкіні»,  тәртіпке  үйрету  мақсатында  «Келісімді  қабылдау»,  Қиялын 

дамытуға «Екі шындық, бір өтірік» ойынын өткіізіп жүрмін. «Келісімді қабылдау тренингі» ойынында 

«Біз  барлығымыз  өзімізді оқыту  үшін  жауаптымыз; Бір-бірімізді  тыңдаймыз; Бір  ғана  адам  сөйлейді; 

Өз ойларымызбен жайлап отырып бөлісеміз; Бос сұрақтар болмайды; Шулап, бір-біріміздің мазамызды 

алмаймыз;  Басқалардың  сезімін  ескереміз»  деген  келісімге  келіп,  өздерін  үлкендерше  сезініп, 

қорытынды шығаруға тырысады. Сабақты  қорытындылағанда: «Сен жаңадан не білдің? Не үйрендің? 

Саған  ол  пайдалы  деп  санайсың  ба?»  деген  сұрауларға  балалар  қызығушылықпен  жауап  береді,  өз 

ойын ашық айтуға тырысады, үндемейтін балаларды сөйлеуге итермелейді. 

Неміс  педагогы  А.Дистервег:  «Жаман  мұғалім  ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы  мұғалім 

оқушының өзін  ізденуге  жетелейді,  ойлануға  үйретеді»  -  деген  екен.  Кез келген  оқыту  технологиясы 

ұстаздан  терең  теориялық  біліммен  қатар  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік  білімді, 

шәкірттердің жан әлеміне ана, әке көзімен  қарауды талап етеді. 

Қорыта айтқанда, қай технологияны  қолдансақ та, алдымызда отырған  балаға білім ғана емес, 



алдымен ұлттық тәрбие беруге де жауапты екенімізді ұмытпайық. 

 

Әдебиеттер 

1.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы.  – 

Астана, 2003. 

2.Тұрсынова Г., Қасымбек А. Қазақ тілі. 7- сынып. Оқулық.Астана: Арман-ПВ, 2012. -287 б. 

3.Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. №7, 2011. 

4.Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. №11, 2011 

5.Курт    Мередит,  Джинни  Стил,  Чарлзь  Тэмпл,  Скот  Уолтер.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. Алматы, 2000. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет