Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
Аджи М.
1. 
 Полынь половецкого поля. - М., 1994. - с.172-173.
Әбілғазы.
2. 
 Түрік шежіресі. – Алматы, 1992. - 12 б.
Байбатша А.
3. 
 Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы: «Сенат». – 2004.
Бержанов К., Мусин С.
4. 
 Педагогика тарихы. – Алматы, 1976.
История педагогики и образования. /Под.ред. А.И.Пискунова М., 2001.
5. 
Қазақтың көне тарихы. – Алматы: «Жалын». –1993.
6. 
Мид М.
7. 
 Культура и мир детства. – М., 1988.
Салғарин Қ.
8. 
 Қазақтың қилы тарихы. – Алматы: «Жалын». – 1992.
Семенов Ю.Н.
9. 
 Происхождение брака и семьи. – М.,1974.
Сулейменов О.
10. 
 Язык письма. – А., 2004.
Резюме
В  данной  статье  автор  рассматривает  воспитание  первого  человечества,  в  годы  матриарха, 
неолита, их пути использование, значимость и т.п. 
Рулық 
қауымдастықтары 
араларында 
тұрмысқа  қажетті  заттарды  айырбастау, 
сауда-саттық элементері туа бастады. 
Әлеуметтік  шаруашылық  жағдайларда 
жеке  меншіктік  бастау  алып,  өндірістік 
құралдар мен өнімдер бір қолға жиналып, ру-
тайпалық ауқатты (көсем, тайпа басшылары 
т.б.) адамдар шыға бастады.
Неолит 
дәуірінде 
Ұлы 
Дала 
территориясында  б.з.б.  8-6  мыңжылдықта 
ертедегі  жазба,  яғни  пиктографикалық 
(тасқа  сурет  салу)  таңбалар  жартастарға 
түсіріле  бастады.  Суретті  таңбалар  тасқа 
ойып жазулар түсіру, белгілі территориядағы 
болған  өмір  тіршіліктері  жайлы  хабарлар 
беріп отырған.
Археологтар    мен    этнографтардың 
зерттеу  материалдары  бойынша    Алтайдан 
Дунайға,  Қиыр  Шығыстан  Балқанға 
дейінгі  аралықтағы  өмір  сүрген  тайпалар, 
тұрмыс-тіршіліктен 
түйген 
сезімдерін 
пиктографикалық  жазбалармен  тасқа,  мал 
терісіне,  сүйектерге,  қайың    қабықтарына  
жазып  келген. 
Сонымен қатар еңбекті бөлісу қажеттілігі 
әр түрлі қолөнерге арнайы   үйретуді  талап 
етті.  Сол  себептен,  материалдар,  заттар 
мен  бұйымдардың    жекелеген  отбасының 
қолында 
шоғырланғандықтан 
кәсіби 
мамандыққа   балаларды даярлау отбасының  
мүмкіндіктеріне  байланысты болды. Кәсіби  
мамандық    икемділік    пен  қабілеттілікті  
басқалардан  қорғауға,  сақтай    білуге 
талпыныс  туды.  Өйткені,  бұл  қажеттілік 
жеке отбасы мен кейбір әлеуметтік  топтарға  
өте    қажет    болған.  Сондықтан  қолөнерлі  
шебер отбасы кәсіби  ұстаздық пен қабілетті 
шәкірттерді  дайындайтын    орталыққа  
айналды.  Ал,  жасөспірімдерді  еңбекке, 
әскери,  дене  шынықтыру  және  әлеуметтік-
адамгершілік 
қасиеттерге 
тәрбиелеу, 
өмірге  дайындау,  оларды  арнайы  үйретудің 
бастамасы  деп  айтуға  болады. 
Summary
In given article the author stops on education of the primitive person living in Eurasia during an epoch 
of matriarchy and a neolith, his importance, use ways, etc.

95
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  ел 
болғалы  ғылым,  мәдениет  салаларында 
жасалып  жатқан  шаралардың  барлығы 
жастарға  жалпыадамзаттық  және  жеке 
ұлттық  игіліктер  негізінде  тәрбие  мен 
білім  беру  ісін  неғұрлым  жоғары  деңгейге 
көтеруге  ықпал  етуде.  Кез-келген  ұлттың 
дара көрсеткіші де, ішкі жан-дүниелік және 
сыртқы келбетін даралану сипаты да ұлттық 
мәдениетінің  қалыптасуынан  тұратыны 
белгілі. Ұлттық мәдениетін даралай білмеген 
ел тарихын да дұрыс пайымдай алмайды екен. 
Әр  халықтың  өзіне  тән,  тарихи-әлеуметтік 
даму  ерекшеліктері  мен  өмір-тіршілігіне, 
тұрмыс-салтына,  дәстүрлеріне  байланысты 
дүниетанымдық, 
рухани-материалдық, 
мәдени  құндылықтары  қалыптасады.  Осы 
құндылықтар  негізінде  ұлттық  мәдениет 
дамып,  кемелденеді.  Ұлттық  мәдениет  – 
халықтың  ежелден  жалғасып  келе  жатқан 
өзіне  тән  өнері,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы, 
дүниетанымы есебінде қалыптасып, жетіліп 
отырады.  Ұлттық  мәдени  құндылықтар 
дегеніміз  не?  Қарапайым  тілмен  айтқанда 
ұлттық  мәдени  құндылықтар  –  белгілі 
бір  ұлтқа,  ұлт  азаматына  тән  зат,  адами 
қадір-қасиет,  яғни  халық  ғасырлар  бойы 
жинақтаған ұлттық рухани және материалдық 
құндылықтары.
Қазіргі  заманғы  ұлттық  мәдениетті, 
фольклорды,  ұлттық  қолөнерді,  дәстүрлер 
мен  әдет-ғұрыптарды  зерделеудің  тұтас 
жүйесін  құру  арқылы  қолда  бар  мәдени 
құндылықтарды  сақтап,  дамытып  ұлттық 
мәдениеттің негізін құрай аламыз.
Бүгінгі 
таңда 
қоғамдық 
өмірді 
демократияландыру 
және 
ізгілендіру 
жағдайында 
ұлттық 
ерекшелігімізді 
айқындайтын 
рухани 
мәдениетімізді 
жетілдіру  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Отаршылдық  езгісі  әсер  еткен  ұлттық 
менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту 
және  өркениетті  елдер  қауымдастығы 
қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді 
қалыптастырудағы  басты  алғышарттардың 
бірі. 
Ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірбие 
жетістіктері 
негізінде 
жеке 
адамды 
қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік 
шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу 
үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  азаматтық 
пен  патриотизмге,  өз  Отанына  деген 
сүйіспеншілікке, 
халық 
дәстүрлерін 
қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік 
мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы 
мен республиканың басқа да халықтарының 
тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін 
зерделеуге негіздеу. Мемлекетімізде ұлттық 
маңызы  бар  бірқатар  бағдарламалар  болса, 
соның бірегейі «Мәдени мұра» бағдарламасы 
болып  табылады.  Ұлт  тарихын  түгендеу, 
ұлт  руханиятын  қайта  түлету  мақсатында 
жасалынған  бұл  бағдарлама  ұзақ  мерзімге 
бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың 
мазмұнын  құрайды.  Бағдарлама  елдің 
рухани  және  білім  беру  саласын  дамыту, 
мәдени  мұрасының  сақталуын  және  тиімді 
пайдаланылуын  қамтамасыз  ету  мақсатын 
көздейді.  Бұл  мақсаттың  тиімді  шешімін 
табуда  әлемдік  ғылыми  ой-сананың, 
ұлттық  мәдениет  пен  өнердің  таңдаулы 
жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім 
берудің  мемлекеттік  тілдегі  толыққанды 
қорын жасау міндеті қойылып отыр. 
«Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты 
алқалы  жиында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 
көшпенділердің 
әлемдік 
тарихтағы 
роліне  тоқталып,  қазақ  жерінің  Еуразия 
Кеңістігінің 
мәдени 
мәйегі, 
рухани 
түп  қазығы  болғанын  айта  отырып: 
«Қазақстанды  Ұлы  Дала  өркениетінің 
қара  шаңырағы  ретінде  халықаралық 
деңгейде  танытып,  қалыптастыруымыз 
керек»,  –  деді.  Сондықтан  халқымыздың 
өткен  тарихындағы  озық  педагогикалық 
Ж.А.Сейсенбаева –
филология ғылымдарының кандидаты,
Инновациялық технологиялар және 
білім беру мазмұнын ҒЗИ бөлім басқарушысы 
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ДАМЫТУШЫ ФАКТОР
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
идеяларды  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  тұрғысынан  қарап,  бүгінгі 
ұрпақты  жан-жақты  дамыған  тұлға  ретінде 
қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. 
Біз  ең  алдымен,  өзіміздің  тарихымызды 
нақты  айқындап  алуымыз  қажет,  бұл  - 
әрбір ғылымның саласына қатысты мәселе. 
Қазақ  халқының  сан  ғасырлық  тарихын 
академик  философ  Әбдімәлік  Нысанбаев 
атап  өткеніндей,  түркілік  кезеңнен  бөліп 
қарастыруға  болмайды.  Сондықтан  ата 
тегіміз  болып  келетін  түркі  халықтарының 
ділі  мен  дінін,  дүниетанымы  мен  әлемді 
философиялық тұрғыдан игеру тәжірибесін 
қазіргі  дамуымызда,  өркениеттік  жолында 
және  ел  тәуелсіздігін  нығайту  тұрғысында 
толық  ескеруіміз  керек.  Рухани  өмірдің 
бедерсізденуін  еңсеру  мен  қазақ  халқының 
өзіндік  санасын  жаңғырту  міндеттері 
әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдар, 
әсіресе  педагогика  ғылымы  саласында 
Шығыс,  оның  ішінде  түркі  өркениетінің 
ерекшеліктері  мен  тарихи  тамырларын 
дүниежүзілік 
мәдениетпен 
салыстыра 
отырып,  кешенді  түрде  зерттеулер  жүргізу 
қажеттігін  туындатып  отыр.  Шығыстың 
бай  педагогикалық  және  тәлім-тәрбиелік 
ой-санасы,  оның  ішінде  қазақ  халқының 
педагогикалық 
дүниетанымы 
халық 
шығармашылығы  мен  ұлы  ойшылдардың 
тәлім-тәрбиелік  идеяларынан  құралады. 
Адам мен дүниенің арақатынасын, адамның 
өзін-өзі  тануын,  сөйтіп  өзін  басқаға 
танытуын, тұлғаның өмірдегі орны мен ролін 
әлеуметтік  және  этикалық  тұрғыдан  жан-
жақты  зерделеуге  айрықша  мән  беру  қазақ 
педагогикасының  ерекше  сипаты  болып 
табылады.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,  қазақ 
педагогикасы  –  шығыстық  педагогикадағы, 
ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген 
адам  болу  рухын  қастерлеу  мен  зерделеу 
дәстүрін  жалғастыра  отырып,  оны  өзіндік 
мазмұнмен  байытқан  педагогика  болып 
табылады.  Қазақ  педагогика  ғылымының 
шоқжұлдыздары  әл-Фараби,  Ж.Баласағұни, 
М.Қашқариден  басталып,  олардың  бай 
мұрасы  педагогика  ғылымындағы  ұлттық 
тарихымыздың  бастау  көздері  болып 
табылатындығын  өркениетті  ел  болуға 
аяқ  басқан  қазіргі  кезде  батыл  айтатын 
уақыт жетті. Қазақ халқының сан ғасырлар 
бойы  тәлім-тәрбиеге  қатысты  жинақтаған 
інжу-маржандарын  әлем  жұртшылығына 
танытып, әлемдік педагогиканың қатарынан 
орын  алуына  күш  салуымыз  елдігіміздің 
басты белгісі екендігін назарда ұстанған жөн 
деп білеміз.
Ұлттық мәдениетті білім беру үрдісінде 
ұлттық тәрбиенің бір бағыты ретінде ендіру 
жолдары: 
Ұлттық  және  жалпыадамзаттық 
1. 
құндылықтардың  басым  міндеттерін  білім 
беру  жүйесімен үйлестіру;    
Бүгінгі күн талабына сай ұлттың тілін, 
2. 
тарихын,  дінін,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпын, 
ділін қалыптастыру; 
Қазақтың  ұлттық  құндылықтарын 
3. 
қазіргі заманға сай сараптап, жастарға білім 
мен тәрбие беру жолын анықтау; 
Ұлттың  терең  де  мәнді  мәдениетін 
4. 
мемлекетте  тұратын  басқа  ұлт  өкілдеріне 
насихаттай  отырып,  ұлтаралық  қатынасты 
нығайту жолдары мен тәсілдерін зерделеу
Өз  Отанына  деген  сүйіспеншілікке, 
5. 
халық  дәстүрлерін  қастерлеуге  тәрбиелеуге 
баулу; 
Ұлттық  мәдениетті  ұлттық  тәрбиемен 
байланыстырып 
оқыту 
жайттарын 
қарастырғанда  Ұлттық  мәдениет  негіздері-
мен тығыз байланыстыра қарастырғанымыз 
орынды.  Бұл ұлттық тәрбие процесін дұрыс 
жүйелеуді қамтамасыз етеді. Ол төмендегідей 
үш бағытқа жүйеленуі тиіс. (Қараңыз сызба 
№ 1)
Cызба №1
 
Ұлттық сана 
Ұлттық тәрбие көздері 
Ұлттық идея 
Ұлттық мәдениет негіздері 
 

97
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Сонымен,  Ұлттық  мәдениет  негіздері: 
ұлттық сана, ұлттық тәрбие көздері, ұлттық 
идея  тұрғысында  білім  беру  процесінде 
жұмылдырылады.  Ұлтттық  сана  ұлттық 
мәдениет  негізі  ретінде  қарастырылуының 
өзі  жастардың  рухани  жан-дүниелерінің 
ұлттық  деңгейде  дамып  жетілуінің  бірден 
бір себебі. Ұлттық тәрбие көздері «
ұлттық 
Ендеше  көріп  отырғанымыздай
,  ұлттық 
тәрбие  көздерін  мәдени  тұрғыдан  ұлттық 
сипат  беріп  ұғындырғанымыз  мәдениеті 
толық  тұлға  тәрбиелегеніміз  деген  сөз. 
Осы  процес  білім  беру  үрдісінде  өзіндік 
сипатпен  ерекшелініп  тәрбие  жолындағы 
бедері  жоғары  болып  табылары  анық.  Осы 
мәселелерді  толықтыруда  әрине,  ұлттық 
идеясыз  жүзеге  аспасы  түсінікті.  Ұлттық 
идея  –  мәдениет  толық  кемелді  тұлғаның 
өзіндік  түсінік  танымын  қалыптастырушы 
процес  ретінде  саралануы  тиіс.    Осы 
тұрғыдан,  ұлттық  мәдениет  негіздерінің 
құрылғыларын  саралар  болсақ,  ұлттық 
тәрбие  баспалдақтары  нығая  түседі. 
Тек 
егемендікті алып қоюмен ғана емес, әлемдік 
өркениеттің  көші  соңында  қалып  қоюда 
ғана  емес,  өсіп-өніп,  қолдан  келер  бар 
мүмкіндікті  арттыратын  ұлттық  идеясы 
да  қымбат.  Елбасымыздың  пайымдауынан 
ұлттық идеяға қатысты екі ой туындап, оны 
тарқатып береді. Бірі – ұлттық идея өзін-өзі 
діл,  дін,  тіл,  тарих,әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлерді  оқытудағы  өзара  байланыс 
жүйесіне негізделеді және  ұлттық рух пен 
адам санасының  жетіліп қоғамдық тұлғаға 
көтерілуін қамтамасыз ету болып табылады. 
Осы  сатылар  ұлттық  тәрбиенің  ғылыми 
негіздерін    қалыптастырады.    (қараңыз 
сызба № 2).
 
Ұлттық тәрбие 
Діл 
Дін 
Тіл 
Тарих 
Әдет-ғұрып, 
Салт-дәстүр 
Cызба №2
таныған  ұлт  бар  кезде  ғана  дүниеге  келеді. 
«Ұлттық идея дегеніміздің өзі – этностардың 
– этникалық тұтастығын сақтап, ұлттық күш-
қайратына сенімін күшейтетін ұмтылыс пен 
іс-қимылдардың  маңызды  құралы.  Ұлттық 
идея – талай ұрпақтардың еңбегін, қуаныш, 
қайғысымен  сараланған  рухани  дүние.  Бұл 
қайталанбас  байлық  өмірге  ұлттық  өзіндік 
тарихи  болмысымен  келген,  сол  себептен 
де  ол  ұлттық  дүниетанымның  айнасы»,  [2. 
133  б.]  -  дейді  А.Айталы.  (Айталы  А.  (оқу 
құралы)  2-ші  басылым  –  Алматы:  «Арыс» 
баспасы, 2003. – 226 б.) 
Ұлттық мәдениет жалпы екі құрылымнан 
тұратыны белгілі. Соның бірі ұлттық мәдени 
құндылықтар  болса,  екіншісі:  ұлттық 
рухани  құндылықтар.  Мәдениеттің  осы 
екі  құрылымын  білім  алушының  бойына 
қалыптастыруда  жоғарыда  біз  айтып  өткен 
ұлттық  мәдениеттің  негіздері  арқылы  қол 
жеткізуге болады. Ал, ол мәдениеттің негізін 
отбасындағы  тәрбиеден  және    білім  беру 
орындарыдағы  білім  мен  тәрбие  арқылы 

98
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
екендігі  түсінікті.  Осы  тұрғыда  білім  беру 
орындарында  ұлттық  тәрбиелік  білімді 
толық  меңгеру  қажет  болса,  ал  отбасында 
рухани  мәдени  құндылықтарды  қандай 
тұрғыда  баланың  бойына  қалыптастыруға 
болады  деген  сұрақ  көкейге  ұялайды.  Осы 
жөнінде  біз  төмендегідей  қалыптастыру 
баспалдақтарын ұсынар едік. 
1. Өмірге өзіндік көзқарасы қалыптасқан, 
жан-жақты  терең  ойлай  білетін,  жан-
дүниесімен  рухилылықты  сезіне  білетін   
«Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  адам»  бала  
тәрбиелеу. 
2.  Отанды,  жерін,  елін  сүйе  білетін, 
халқының  тарихын  құрметтейтін,    елімізде 
болып  жатқан жайттарға бейжай  қарамайтын, 
өзіндік  үлесін  қосуға  даяр  «Атаның  ұлы 
емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу. 
3.  Отбасында  балаға  ата-бабамыздың 
ар-қасиетін  жоғары  қоя  білу  ерекшелігін 
ұғындыру. 
4.  Ұлттық  ерекшелігіміздің  бірі  жеті 
атасын,  туыстық  қарым-қатынас,  үш  жұрт 
білуге тәрбиелеу. Отбасындағы кенже ұлдың 
ерекше  рөлін  ұғындыру.  Ата-баба  дәстүрін 
жалғастыру. 
Отбасында  рухани  мәдени  құндылық-
тардың біз ұсынып отрыған баспалдақтары 
бала  бойына  сіңіріле  тәрбиеленер  болса, 
бүгінде  қоғамда  белең  алған  ата-ананы 
қарттар  үйіне  өткізу,  баланы  тастап  кету 
және  т.б.  жаман  жайттардан  арылар  едік.     
Оқу  мен  тәрбие  егіз.  Оны  бір-бірінен 
бөліп  қарауға  болмайды.  Ендеше  ұлттық 
мәдениеттің негіздерін білім беру үрдісінде 
білім  мен  қатар  тәрбиелік  мақсатта  қатар 
пайдалана білгеніміз жөн.       
Ұлттық биік 
сананы бүгінгі барлық елдер мемлекеттердің 
жаһандану жағдайында бейімделіп жатқанда 
ұлттық  биік  санасын  қалыптастыру,  оны 
жүзеге  асыру  кезек  күттірмейтін  мәселе. 
Жаһандану  жағдайында  әр  тұлға  еркін 
және  жеке  бастама  жасай  алатын  идеяға 
негізделген  Батыс  өркениетіне  талпынуда. 
Ол  өте  дұрыс-ақ.  Дегенмен  де  ұлттық 
санаға,  салт-дәстүрге  ықпалын  тигізетін 
жаһандануға  бой  ұрмай,  өзіндік  дербес 
жолымызбен  дамуға  түскеніміз  дұрыс.  Бұл 
жерде  бізді  алаңдатар  мәселе  Батыстану 
өркениеті.  Батыстың  технологиялық  жетіс-
тіктерін,  ғылыми-техникалық  мәдениеті-
мен  экономикалық  ұйымдастыра  алу  тәжі-
рибелерін  қабылдап  отырғанымыз  дұрыс 
шығар,  бірақ  та  әлеуметтік  реттелуге 
келгенде  ұлттық  сипатымызды  жоғалта  тү-
семіз.  Атап  айтар  болсақ,  жеке  адамның 
тұлғалық  дамуы,  діни  сенімі,  ұлттық  салт-
дәстүр,  әдет-ғұрыптарды  ұстануы,  ұлттық 
құнды  қасиеттерді  сақтай  білуі,  қарым-
қатынас  жағдайында  өзі  орынды  ұстана 
білуі және т.б. Бұл тұрғыда келіспеушіліктер 
өркениеттердің өзара кірігіп, сіңісуінде және 
бір-бірімен  ұштасып  кетуінде  болып  отыр. 
Бұл  бәрімізге  белгілі,  жанымызды  ауыртар 
жағдай.  Өйткені,  жаһандану  жағдайында 
Батыстың  мәдени  құндылықтарына  бой 
алдыру, оның басымдық танытуы халықтың 
ежелден  көздің  қарашығындай  сақтап  келе 
жатқан өзіндік дара, төлтумалық сипатынан 
айырылуына  мұрындық  болатын  қауіптің 
зоры. 
Резюме
В  статье  рассматривается  национальное  культурное  воспитание  будущих  специалистов 
посредством развития их познавательных процессов. 
Summary
In  the  article  patriotic  education  of  the  future  experts  by  developing  their  cognitive  processes  is 
considered.

99
Ж.Ж.Молдабеков –
 философия ғылымдарының докторы, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры,
 «Қазақтану және ұлттық инновация» орталығының жетекшісі
ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ҚУАТЫ – ӨЗІНДІК БАСТАУДА, РУХАНИ 
БАЙЛЫҚТА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРДА
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-
мәдени  дамуының  стратегиялық  ресурсы 
неде?  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  соңғы 
сөздерінде  мына  қағидалар  алға  ұсынылды: 
интеллектуальды ұлтты қалыптастыру, елдік 
дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырту, 
ғылым мен білімнің инновациялық индстрия-
сын  жасау  [1].  Бұл  іргелі  мақсаттар  мәдени 
мұраны  және  халықтың  рухани  байлығын 
игерудің 
қазақстандық 
жөн-жобасын 
қалыптастырмақ.  Жаңа  ұрпақтың  ойлану 
мәдениетін қалыптастыру міндеттерін жүзеге 
асыру үшін, әрине, тарихи уақыт, әлеуметтік 
бірлік,  ұйымдасқан  тірлік,  іс-әрекеттегі 
серіктестік  керек,  жинақталынған  озық 
тәжірибелердің  өзара  ықпалдастығының 
сабақтасуы  мен  артуын  қамтамасыз  ету 
қажет.  Ол  үшін  экономикалық  табысты, 
информациялық жетістікті рухани байлықпен 
және жаңа, әрі өзіндік бітімге деген бастаумен 
толықтыру шарт.
Азаматтық  мәдениет  пен  азаматтық 
қоғамды  қалыптастырудың  гуманитарлық 
қуаты осында. Ал сол елдік дамудың әлеуетінің 
артуына жоғарғы оқу орнының, соның ішінде 
әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдардың 
қосатын үлесі қандай?
Білім  саласындағы  әлемдік  кеңістікке 
ену,  яғни  білімнің  халықаралық  стандартта-
рын басшылыққа алу – жаңа дәуірдің өтімді 
қажеттілігіне,  өркениеттіліктің  айғағына 
а й н а л уд а .Әле у ме т т і к-г у м а н и т а рл ы қ 
білім  саласының  ерекшелігі  мұнымен 
шектелінбейді.  Осы  ғылымдардың  өмірлік 
қуаты  ұлттық  мәдениетті  жаңғыртуда, 
дәлірек айтсақ мәдениеттің адамзаттық және 
ұлттық үлгілерін тең ұстауда айқындалынбақ. 
Адамзаттық  мәдениет  жетістігін  ойға  сіңіру 
де,  өзіміздің  ұлттық  мұрамызды  әлемдік 
кеңістікте  көрсете  білу  де  –  қазақты  тану 
мен  танытудың  қос  өрімі.  Енді  қазақтық 
болмыстың,  оның    мәдени  жетілуінің 
адами  өлшемін  өрбіту  –  оқу  жүйесінің 
гуманитарлық  маңызын  арттыру.  Ол  үшін 
адами өлшемнің азаматтық қасиеті мен кәсіби 
қабілетін  тең  ұстау  –  тұлғалық  тұтастыққа 
тірек болмақ. Білім арқылы кәсіби мамандар-
ды даярлау – негізгі міндет, ал елдің азаматын 
тәрбиелеу – мызғымас парыз. Білім жүйесінің 
нышандық  негіздерін  –  жаратылыстану, 
саяси-әлеуметтану, 
рухани-гуманитарлық,  
информациялық  және  т.б.  деңгейлерін  бір-
бірімен үйлестіру өмір талабы.  Білім сапасын, 
тұлға құндылығын, кісі қасиетін арттыру, ин-
теллектуалды ұрпақ пен ұлтты қалыптастыру 
мәселелерінің  күн  тәртібіне  қатар  қойылуы 
кездейсоқ емес. 
Саясат  пен  экономикада  интеграциялық 
үрдіс  халықаралық  сипат  алуда.  Бұл  бір 
заңдылық.  Сол  интеграциялық  тенденцияда 
әркім өз пайдасын, серіктестік пен әріптестікті 
қатар  алып  жүретін  тәжірибеге  бет  бұрып 
жатқаны – бұл да әлеуметтік бәсекелестіктің 
ережесіне  айналуда.  Содан  адам  капита-
лын  заттық  іс-әрекетте  де,    мәдениетте  де  
қозғаушы күшке, шешуші факторға айналды-
ру үшін ортақ тәсілдерге тәнтілік артуда. Осы 
орайда интеграцияның гуманитарлық-мәдени 
деңгейі қандай көрініс алуда, жүзеге асуда де-
ген сауалдар мамандарды мазалауда. 
Бүгінгі таңда оқу үрдісінің технологиялық, 
информациялық,  әдістемелік  ұйымдастыру 
жағына басым назар аударылуда. Өркениетті 
өмірдің инновациялы тәсілдерін, инициативті 
бастамаларын, сыншыл көзқарасын білім са-
ласына енгізудің маңызы да, перспективасы да 
осы тұрғыдан сарапталуда. Міндеттер нақты 
ғана емес, кешенді әрі күрделі. Осы бағдардың 
екінші жағы  нені, неге білу керек, оны кіммен, 
қалай жүзеге асыруға болады деген сауалдар 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
бір-бірімен байланыста, жүйелі түрде жүзеге 
асырылмай келеді. Оқу жүйесіндегі кенжелік 
пен келтеліктің себептері алуан. Жоғарғы оқу 
жүйесінде  жаратылыстану,  гуманитарлық, 
қоғамдық,  техникалық  сияқты  пәндердің 
өзіндік  жоғарғы  танымдық  және  тәсілдік 
ерекшелігі бар екені әйгілі. Жоғарғы ерекшелік 
осы  білімдер  саласындағы  өзара  тәуелділік 
пен  өзіндік  құндылықтардан  құралатыны 
онсызда  мәлім.  Ғылымның  философиясы 
мен  тарихы  ғасырлар  бойы  пікірталасты 
тудырса,  оның  шешімінің  жалқы,  біртекті 
еместігін аңғартады. Оның өзі жаратылыста-
ну  мен  әлеуметтік-гуманитарлық  білімдер 
саласын  бір  информациялық  жүйеге  немесе 
әдістік тәсілге енгізу оқу-тәрбие жүйесіндегі 
түрлі  мақсат-мүддені  нәтижелі  алып  кету-
ге  жарай  бермейтінін  ХХІ  ғасыр  тәжірибесі 
көзімізді 
жеткізуде. 
Оқу 
жүйесіндегі 
идеялық,  теориялық,  әдістемелік  негіздердің 
құрылымдық және мазмұндық байланыстары 
үзілуде, олардың құрамдас бөлшектері тура-
лы  көзқарастар формальді бір бағытта өрбуде. 
Соның салдарынан оқу жүйесіндегі танымдық 
мазмұн мен ұстанымдық нәтижені бір-бірімен 
толықтыру жасандыққа ұшырап жатқандығы 
ендігі  үдеу  үстінде.  Содан  технологиялық 
стандартқа,  басқа  өркениетте  қалыптасқан 
информациялық  жүйеге  «тәуекелмен»  кірісу 
әрекеттері  түрлі  күмәнді  сейілтпей,  қайта 
оны  үдетушілік  оқу  жүйесінде,  әсіресе 
гуманитарлық салада басылмауда.  
Сонымен  мамандарды  интеллектуаль-
ды  ұлтты  қалыптастыру,  елдік  дәстүр  мен 
мемлекеттік 
мәдениетті 
жаңғыртудағы 
әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдардың 
әлеуеті  аландатады.  Мүмкін  содан  да  бо-
лар,  білім  мен  тәрбиенің  іргелі  проблема-
лары  туралы  а)  ұстаз  бен  шәкірттер  ара-
сында,  педагогтардың  өз  арасында  дұрыс 
түсінбеушілік  белең  алуда;  ә)  көргеніміз  бен 
көңілдегіміз,  ұққанымыз  бен  үйретеріміз 
педагогикалық  практикада  әзірге  бір-бірімен 
толық  үйлесе  бермеуде.  Оған  себеп  қос 
құрамдастың  біреуіне,  бір  жағына,  әсіресе 
қолданбалы жағына ғана көңіл бөлу орнығуда. 
Бұл  бәсекесі  басым  рыноктық  қатынастың 
қатаң талабына бір жақты тұрмыстық түсінік. 
Бәсекенің  әлеуметтік-мәдени  арқауы  тал-
даудан  тыс  қалуда.  Келтелік  кенжелікке 
ұшыратады.  Оны  тұлғалық  қабілет-қасиетін 
жетілдірмек азамат алдымен сезінеді. 
Расында,  оқу  үрдісіндегі  тұлғалық 
белсенділіктің қай түрі – кәсіби-қолданбалы, 
азаматтық-мәдени  және  дүниетанымдық 
фактордың  қайсысы  сұранысқа  жақын  деген 
кезде,  әлгі  ұстанымдар  мен  педагогикалық 
тәжірибе  бір-бірімен  мазмұндық  және 
құрылымдық  жағынан  үйлесе  бермейді. 
Педагогикалық тәжірибедегі ала-құлалық осы 
аяда біржақты өріс алуда, әзірге ол басылмау-
да. Информациялық технологияның шешетін 
нақты  қолданбалы  функциялары  бар.  Бірақ, 
ол  оқу  жүйесінің  гуманитарлық  жақтарын 
және  тәрбиенің  рухани-мәдени  деңгейін  тең 
алып  кете  алмауда.  Уақыт  өте  бұл  олқылық 
осалдыққа  айналып  кетсе,  оның  болашақта 
немен аяқталатынын ойлауға, болжауға әзірге 
мұрша келмей жатқандай. Осы тұрғыдан зерт-
теу  жұмысының  аяқсыз  қалуы  мамандарды 
қатты алаңдатады. 
Егеменді  елдің,  тәуелсіз  мемлекеттің, 
азаматтық 
қоғамның 
үрпақтарын 
қалыптастыру,  тәрбиелеу  –  бұл  да  бүгінгі 
күнмен  болашақтың  кезектен  тыс  талабы. 
Осыдан біреулер білімдегі ұстаздың рөлінің, 
яғни  беделінің  әлсіреп  бара  жатқанын,  енді 
біреулер  тұлғалық  ықпалдың    ыдырай 
түскендігін, үшіншілер, ұлттық мұраны иге-
ру жүйесіздікке ұшырап жатқанын тілге тиек 
етеді. Бұл ойдан шығарған үрейлер емес, ре-
форма  жүріп  жатқан  кезде  дұрыс  шешуін 
таппай  қордаланған,  мамандардың  нақты 
аңғарған  проблемалары.  Олардың  аясы  мен 
деңгейі уақыт өткен сайын кеңеюде. 
Сонымен жаңа технологияға негізделген оқу 
жүйесіне не ұстаздар корпусы бейімделмеген, 
не  информациялық  реформа  біржақты  бағыт 
пен деңгейде жүргізілуде, не оқу жүйесіндегі 
интеграциялық үрдістің мазмұндық бағдарын 
бағалайтын  тиянақты  өлшемдер  айқын 
еместігі  туралы  түрлі  тоқтамдар  айтылып 
жүр. Ол бекер емес. Әзірге түрлі көрсеткіштер 
бар, бірақ олар кәсіби және кісілік қасиеттерді 
бірге  бағалауға,  халықаралық  үлгі  мен 
ұлттық  тәжірибені  теңестіре  жүргізуге 

101
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
мүмкіндікті  аша  бермейді.  Технология  са-
ласында  жинақталынған  жағымды  тәсілдер 
алуан  және  молшылық,  бірақ  оларды  кәсіби 
тәжірибеге айналдыруға не жетіспейді неме-
се әркімнің әр саладағы өмірлік тәжірибесінің 
озық  та  ортақ  тәсілге  айналуына  нендей 
нәрселер  (әлдекімдер)  кедергі  болуда?  деп 
сұрақты  әр  саланың  мамандары  бір-біріне 
қойып көрсінші. Қандай жауаптар болар екен? 
Оны  арнайы  зерттеп  жатқан  орталық  әзірге 
жоқ  дерлік.  Оқу  жүйесіндегі  инновациялық 
қызметтің  бұл  екі  түрінің  мән-мағынасын 
қалай  ұғамыз,  қайтіп  түсіндіреміз?  Әзірге 
жанды,  түйінді  шешімдерін  таппай  немесе 
жаңа  әдістерді  еркін  қолдана  алмаушылық  
қайталануда.
Тек  таяу  уақыттың  дара  пайдасын  қуған 
әрекеттер бәсекелі екі тәсілдің басын біріктіре 
алмайтынын батыстың өз тәжірибесі көзімізді 
жеткізуде. Ал ұлттық мақсат қуған мамандар 
түрлі  бастаманың  бағдарын  аңғаруға  тыры-
сады. Бұл да өмірдің үйреткен үлгісі. Кәсіби 
мамандық  пен  азаматтық  өмірдің  осы  тек-
тес мәселелері мен міндеттерін жүйелі түрде 
ұқпай,    зерек  те  ерек  тұлғалардың  (ұстаздар 
мен  студенттер)  ортақ  мәселеге  арала-
суы,  ортақ  мүмкіндікті  қарастыруы,  ортақ 
жұмысты  ұйымдастыруы,  ортақ  міндетке 
үйретуі,  ортақ  ісімен  үлгі  болуы  өзара 
үйлесе бермейтіні белең алуда. Мәдениеттегі 
ұстанымдар  мен  ұлттық  мақсат  бір-бірімен 
үйлеспей,  көзқарастар,  шаралар,  қимыл-
әрекеттер бір-бірінен алшақтайтыны жаңалық 
емес, бұрын-соңғы мәлім жай.
Саяси-әлеуметтік дағдарыс мәселелері кең 
талқылануда.  Өйткені,  ол    әлсіздерге  алпау-
ыт  дауыл,  бітімсіз  елге  қайта-қайта  оралар 
қиындық,  жігерсізді  іштей  күйретер  дерт. 
Иә,  ол  діңкелететін  дерт.  Дағдарыс    елдің 
экономикалық  әлеуетіне  кедергіні  қолдап 
көбейтеді,  ондағы  әлеуметтік  әбігерлікті 
асқындатады. 
Оған 
саясаты 
икемсіз, 
бірізді    империялар  да  төтеп  бере  алмады. 
Кемшіліктің басты нышаны дағдарысқа қарсы 
шаралардың жүйесіздігінде, оның икемсіздігі 
мен тиімсіздігінде, яғни табанды шаралардың 
қолға  алынбауында  екенін  әлеуметтік 
тәжірибе  көрсетуде.  Экономика  тұралап 
қалғанда  дағдарыс  іштен  алып,  ақырында, 
ұлттың  өміршеңдігіне  нұқсан  келтіретіні  де 
шындық. 
Содан  рухани  дағдарыс  тамыр  жаяды. 
Дағдарыс  рухани  сипат  алғанда  қоғам  мен 
мемлекеттің  тұтастығына,  тұрақтылығына 
сынақ  әрқалай  күшеймек.  Қоғам  мен 
мемлекетті  басқарудағы  осалдық  адам  бол-
мысын  күйзеліске  үшыратады.  Ол  –  үлкен 
қауіп.  Адам  болмысын  қалыптастырудағы 
жүйесіздік 
істі 
дәйектілікпен 
асыра 
алмаушылыққа  ұшыратады.  Дағдарыстан 
шығу  –  тарих  төріндегі  сын  ғана  емес,  ел 
алдындағы жүйелі жаңғыру. Қыспақтан шығу 
–  мемлекеттік  саясаттың,  елдік  әрекеттің, 
тұлғалық  тәжірибенің  таяудағы  межесі. 
Еліміз  бұл  қыспақтан  біртіндеп  шығуда. 
Бірақ  қолданып  жатқан  танымдық-тәрбиелік 
тәсілдер  қаншалықты  тиімді,  олар  біздің  та-
рихи  тәжірибемізден,  ұлттың  менталитеттік 
ерекшелігінен,  педагогикалық  практиканың 
ішкі  заңдылығынан  туындауда  ма?  Жау-
ап  әзірге  дәйекті,  дәлелді,  көңілден  шыға 
бермегендіктен,  гуманитарлық  саладағы 
мамандардың,  оқу  жүйесінде  тәлім-тәрбие 
жұмысымен  шұғылданатын  эдвайзерлердің 
ойын әр саққа жүгіртеді.
Қоғамдық  және  ғылыми-педагогикалық 
бірліктердің мемлекетке белсене қызмет ететін 
сындарлы кезеңі келді. Бұрын халқымыз үш 
байлыққа – елге, жерге, тілге ерекше мән бер-
ген. Ендігі байлық: а) қоғамдағы тыныштықта, 
экономикадағы тұрақтылықта, елдегі береке-
бірлікте; ә) әлеуметтік белсенділікте, бітімде, 
беделде;  б)  тұлғалық  біліктілікте,  қабілет-
дарында,  қажыр-қайратта,  іскерлікте;  в) 
ақылға  ақыл  қосатын,  өркениет  өресін 
халыққа  жеткізетін  тіл,  діл,  дін  құдіретінде. 
Ол  үшін  оқу  жүйесіндегі  информациялық 
жүйені,  әлеуметтік  инженерияны  және 
ұлттық  тәрбиенің  тәжірибесін  бір-бірімен 
үйлестірудің  маңызын,    оқу  реформасының 
әлеуметтік-мәдени және саяси-философиялық 
сипатын арттыру шарт. 
Ұлттық  тәрбиенің  тәжірибесі  де,  тілі  де 
алуан.  Оларды  саралайтын,  жинақтайтын 
білімділік  тұтас  жүргізілмегендіктен,  тәлім-
тәрбие  жұмысында  жүйелілік  жетіспеуде, 

102
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жеке  іс-шаралар  студент  жастардың  бүгінгі 
үміттері  мен  қажетін  өтей  бермейтіні  жиі 
байқалуда. Жалпы білімділіктің әлемдік және 
ұлттық үлгілері бірін-бірі толықтырмай тәрбие 
туралы дұрыс түсінік те қалыптаспайды. Со-
дан жастардың мәдениеті туралы мемлекеттік 
саясат іске асырылмай, азаматтық мәдениетте, 
азаматтық  қоғамда  сапалық  деңгейге 
көтерілмейтіні  таңғаларлық  нәрсе  емес.  
Білім – шындыққа жол, егер ол тарихи және 
ұлттық  тәжірибені  сабақтап,  ұлттық  рухты 
қолдаса. Өмірлік шындыққа сүйенбей, ұлттық 
тәрбиенің  қабырғасы  қаланбайды,  қадағасы 
қағылмайды. Ұлттық рух – а) адамшылыққа, 
адалдыққа,  әділеттілікке,  азаматтыққа  тірек, 
елдік  пен  ерлік  бітімі;  ә)  көне  мен  қуатты 
бәсекенің бел ортасы. Сондықтан оны қолдау 
–  болашақты  тәрбиелейтін  ардың  ісі.  Бұл 
дегеніміз жүйенің ашықтығын мойындау және 
іс-әрекетті нақ ортаның өмірлік тәжірибесімен 
дұрыс  және  дер  кезінде  үйлестіре  білу.  Оқу 
жүйесі бұл бағытта кенже қалуда.
Мұндай  келелі  де  кешенді  ізденіс 
әдіснамалы сапалыққа немесе сапалы әдістік 
өнерге мұқтаж. Ұлттық тұжырымдаманы жа-
сау қажеттілік десек, біздер үшін оның негізгі 
мәселелері мынау:
- тарихи сана – тарихи білім, ұлттық сезім 
және ұлттық тәрбие жиынтығы; 
-  туған  жер,  туған  елдегі  тәрбие,  өзіндік 
сана-сезім; 
- адами болмыстың табиғи шындығы және 
тарихи  шындығы  (білім,  еркіндік  сана,  от-
басы  тәрбиесі,  туған  елдегі  тәлім-тәрбиенің 
тұтастығы); 
-  ұлттық  дүниетаным  және  ұлттық  идея; 
ұлттық сана-сезім және ұлттық намыс; ұлттық 
қабілеттің қасиеттері мен құндылықтары; 
-  ұлттың  рухы  киелі  топырақ  қуатында, 
ана  тілінде,  халықтың  ділінде.  Ұлттық 
тұжырымдаманы  әлеуметтік  капиталға  ай-
налдыру  үшін    адамдық  шынайы  қатынас 
және  сапалы  әдіснамалы  мәдениет  керек. 
Екі  факторда  ұлттық  мәдени  сәйкестік 
пен 
мәдениетаралық 
толеранттылықты 
қалыптастыру  үрдісін  үйлестіруге  қажетті  
педагогикалық  шешімдер.  Адамдық  шы-
найы  қатынас  адамды  ең  жоғары  құндылық 
және  қозғаушы  күш  деп  ұғындырады,  соған 
ұмтылдырады.  Адамдық  қатынасты  ұлттық 
мәдениет  шеңберінде  жинақтайтын  және 
асқақтататын  әдіснаманы,  біз  қазақтану 
деп  атаудамыз.  «Қазақтану»  пәні  Қазақ 
ұлттық  университетінің  «мәдениеттану» 
бөлімшесінің  бакалаврлары  мен  магистрант-
тарына  ғана  арнайы  курс  ретінде  оқытыла 
басталды.  Көтерілген  мәселелер  азды-көпті 
ұстаным  мен  тәжірибелер  қалыптасуда.  Күн 
тәртібіндегі күрделі мәселелерді, әлеуметтік-
гуманитарлық  саладағы  жаңа  міндеттерді 
талқылау,  зерттеу  және  тәсіл-тәжірибелерді 
жинақтау мақсатымен «Қазақтану және ұлттық 
инновация»  орталығы  мәдени  антропология 
кафедрасының  жанынан  ашылды.  Алғашқы 
жұмыстарымыз  жастарды  қызықтыруда. 
Бастамаға  көмек  те,  қолдау  да  қажет-ақ. 
Мақсат  –  елдік  дәстүр,  ұлттық  мәдениет 
және  қазақстандық  патриотизм  мәселелерін 
талқылау  және  бағалау,  осы  әлеуметтік-
гуманитарлық  міндеттерді  жүзеге  асырудың 
негіздері мен нұсқаларын жинақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет