Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Баласағұн Ж. Құтты бiлiк. – Алматы: Жазушы, 1986. - 358 б.
2. Әл-Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттары. – Алматы: Ғылым, 1975. - 305 б.
3. Өмiралиев Қ. Ата тарихымызға үңiлсек//Жалын. – 1985, №5. - Б.105-121.
4. Әуезов М.О. 20-томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1978. −1 т.
5. Әуезов М.О. Дәстүр және жаңашылдық диалектикасы//Ақиқат. − 1996, 1-қаңтар.
6. Сахих хадистер. Ред. басқарған Мыңбаев М.Г. Таңдамалы бiрiншi кiтап. – Алматы, 2003. - 224  
б.
7. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тiлi, 1992. - 160 б.
Резюме
В статье дается характеристика положительного влияния на воспитание преемственности по-
колений в казахской семье.
Summary 
This article gives characteristic about good influence to upbringing of Kazakh generation.

120
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
                                                                             Ә.Сәдуақасұлы –  
                                          педагогика ғылымдарының кандидаты,
                                         ҚазақМемҚызПедУ-дің «Қазақ мектебінің даму
                                  мәселелері» зертханасының аға ғылыми қызметкері
ҰЛТТЫҚ  ТӘРБИЕНІ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
БАСЫМДЫҚ  ҰСТАНЫМДАРЫ  
Қазіргі  таңда  Қазақстан  білім  беру 
жүйесіндегі  тәрбиені  ұлттық  үрдіске 
жетелеудің  шаралары  мен  амалдарын 
ұйымдастыру  ықтияттылықпен    жүргізіліп 
отырғанымен,  елімізде  қалыптасып  келе 
жатқан 
әлеуметтік-экономикалық 
аху-
ал  әлемдік  жаһандану  үрдісіне  жетелеп, 
еуроамерикандық  технократтық  білім  мен 
тәрбиенің  бел  алуына  жол  ашуда.  Ал,  ол 
өз  кезегінде  халқымыздың  ұлттық  тәрбие 
нысандарының  эволюциялық  дамуына    за-
лалын тигізуде. Классикалық педагогиканың 
негізгі 
теориялық 
және 
қолданбалы 
принциптерін кеңестік кезеңнің коммунистік 
ұстанымдары мен қағидалары талаптарында 
пайдаланудың  келмеске  кеткендігі  белгілі. 
Қоғамдық  қарым-қатынастардың  түбегейлі 
өзгеруі қоғамдық тәрбиені, әсіресе мектептегі 
тәрбиені  ұйымдастырушылардың  елеулі 
дағдарысқа  ұшырауына  әкеліп  тірегендігі  
анық  байқалып  отыр.  Әсіресе,  қазіргі 
егеменді елге қажетті тәрбиенің мақсаты мен 
міндеттерін, ұстанымдары мен қағидаларын 
белгілеуде қатерлі адасушылықтардың етек 
алып бара жатқандығы айрықша көрінуде. 
  «...Теорияда  да,  іс  жүзінде  де  барлық 
халықтарға  ортақ  тәрбие  жүйесі  жоқ.  Әр 
халықтың  тәрбие  жүйесі  өзінше  ерекше 
түзілген.  Сондықтан  да,  бір  халық  екінші 
халықтың тәрбие жүйесін пайдалана алмай-
ды. Соншама тартымды да үлгілі болғанымен 
бір  халықтың  тұрмыс  тіршілігіндей  екінші 
халық  өмір  сүре  алмайтыны  тәрізді  жақсы 
ойластырылып  ұйымдастырылған  бөтен 
педагогикалық  жүйеде  басқа  халықтың 
тәрбиеленуі мүмкін еместігі анық...», «Біздің 
тәрбиені  ойлап  тапқымыз  келетіні  бос 
әурешілік..., тәрбие орыс халқында, халықтың 
өзі қанша өмір сүрсе, тәрбие де сонша ғасыр 
өмір  сүреді...,  өз  тұрпатында  бүкіл  тари-
хын,  бүкіл  жақсы  және  жаман  қасиеттерін 
бейнелейді», – деп жазды К.Д.Ушинский. Ол 
білім  мен  тәрбиенің  қажетті,  ұнамды  және 
қызықты түрлері туралы жаза отырып, ұлтқа 
алдымен  қажетті  білім  мен  тәрбие  берілуі 
тиіс  екендігін  баса  айтады.  Қажетті  білім 
мен  тәрбиені  бойына  толық  сіңірген  ұрпақ 
қана «ұнамды» әлде «қызықты» тәрбие мен 
білімді  меңгеруге  ұмтылуға  тиіс  екендігін 
ескертеді.   «...қажетті білім баланың жанына 
ұлттық негіз болып ұялауы тиіс. Ал пайда-
лы білім қаншалықты қызықты болғанымен, 
оған ұлттың психологиясы тәуелді болмауы 
керек. Әр адамға: өз ана тілінде сөйлей білу, 
оқи білу, жаза білу, Өз отанын тани білуі алы-
нуы  тиіс»  дей  келіп,  шынайы  ұлттық  орыс 
мектебінің  қандай  болуы  қажет  екендігін 
дәлелдеген еді. Әсіреқызыл қажетсіз білім мен 
тәрбиенің ұлт мәдениетін қожыратып, әдеті 
мен  ғұрпына,  салты  мен  дәстүріне  нұқсан 
келтіретінін, ұлтқа жат моральдық-этикалық 
үрдістерді  жөнсіз  тықпалап,  косметикалық 
өзгерістер  ендіретінін  бағамдауға  болады. 
К.Д.Ушинский «Ұнамды», «қызықты» білімге 
қызығушылықтың  басқа  ұлтқа  тәуелді 
ететінін  көрсетіп,  космополиттік  білімнің 
залалды  соқпақтарынан  сақтандырған.  Осы 
тұрғыда өткен ғасырдың басында [1912] орыс 
ғалымы А.В.Васильев «Отстранение ребенка 
– инородца от родного языка сопровождается 
сильным  понижением  умственных  способ-
ностей,  талантливости,  творчества,  порож-
дает  мелкоту  чувств  и  шаткость  характера 
и ведет к вырождению» деген екен. Ал про-
фессор  Қ.Т.Арынов  «Генетикалық  жолмен 
кодталып  қойылған  бала  дамуының  табиғи 
үйлесіміне балта шауып, тұтқиылдан өзгеріс 
жасасақ, бұл мемлекеттің де, қоғамның да, бір 
шаңырақтағы отбасының да, жеке тұлғаның 
да рухани болмысына қатер туғызады» деп, 
алдыңғы  әріптесінің  пікірін  жаңа  заман  та-
лабына үйлестірген. 

121
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Жас ұрпақ өзінің ұлттық психологиялық 
және  халықтық  тәлім-тәрбие  қазанында 
қайнап, 
жетілуі 
тиіс. 
Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  ұлттық 
тәрбие жүйесінің мазмұны да қазақ этнопси-
хологиясы  мен  қазақ  этнопедагогикасының 
тәлімдік  ұстанымдары  мен  тағылымдық 
қағидаларына 
сәйкес 
түзілуі 
қажет. 
К.Д.Ушинскийдің  жазып  отырғаны  да  осы-
ны дәлелдейді.  
Ұлттық 
тәрбие 
мазмұны 
өзінің 
көпфакторлы, 
көпсатылы, 
дәстүрлі 
этнопедагогикалық 
құрылымымен 
ерекшеленеді.  Ол  көп  ғасырлық  тарихына 
сүйене отырып, жан-жақты, ұдайы, үдерісті 
жетіліп,  толысып  отыратын  динамикалық 
процесс.  Қоғамның  әлеуметтік,  саяси, 
экономикалық 
қарым-қатынастарының 
өзгеріп  отыруына  байланысты  тәрбиеде  де 
жаңа  қоғамдық  көзқарас  талаптары  пайда 
болады.  Қоғамдық  көзқарастардың  ықпалы 
арқылы  тәрбие  мазмұны  да  белгілі  тари-
хи  толымдылық  ерекшелікке  ие  болады. 
Қоғамның әрбір тарихи даму кезеңіне сәйкес 
тәрбиенің  жаңа  мақсаттары  мен  міндеттері 
белгіленіп,  жүзеге  асырылады.  Міне, 
сондықтан  да  Қазақстан  мектептеріндегі 
ұлттық  тәрбие  нысандары  мемлекеттік 
деңгейде  басымдық  қызмет  атқаруы 
тиіс,  өйткені  ол  ұлтымыздың  өркениетті 
дамуының  рухани  әлеуетінің  бұлжымас 
іргетасын  қалайды.  Болашақ  ұрпақтың 
мәдени  және  рухани-интеллектуалдық  бол-
мысын қалыптастырады. Еліміздің қоғамдық-
әлеуметтік  құрылымының  күрделі  де 
үдерісті дамуы қоғамдық тәрбиенің, әсіресе 
отбасындағы  тәрбиенің  ұлттық  мазмұнына 
тікелей байланысты екені даусыз. 
Қазақстан  Республикасы  зайырлы,  әрі 
көпұлтты  ел  ретінде  ұрпақ  тәрбиесінің 
мазмұндық құрылымына  біржақты қарай ал-
майды және екінші жағынан мемлекеттің иесі 
ретінде қазақ халқының атқарар қызметінің 
мемлекеттік  дәрежеде  мойындалуының 
маңызы  зор  және    қазақ  халқының  ұлттық 
тәрбие  ұстанымдарын  басшылыққа  алуы 
тиіс.  Қоғамға  қажетті  ұлттық  тәрбие 
моделін  жасауда  қазақ  этнопедагогикасы-
на  сүйенуі  тиіс,  бұл  еліміздің  өркениетті 
елдер  қатарына  қосылудың  руханияттық 
кепілдігін  жасаудың  алғышарты  болып  та-
былады. Ал ұлттық тәрбие моделі  алдымен 
ұлттық тәрбие мазмұнының стратегиясы мен 
тактикасының, ұлттық қоғамдық-әлеуметтік 
мүддеге 
сәйкестігінің, 
мақсаты 
мен 
мұратының, басымдық тәрбие бағыттары мен 
тәрбие қағидаларының, мемлекеттік дәрежеде 
орындалуға тиісті тәрбие міндеттерінің, пай-
далану парадигмаларының құзыреттілігімен 
анықталады.  Бізге  ешқандай  бөтен  елдің, 
басқа халықтардың тәрбие моделі үлгі бола 
алмайды. Әр халықтың өзіндік генетикалық, 
этнопсихологиялық, 
тарихи-әлеуметтік 
қалыптасу ерекшеліктеріне тән туындап от-
ыратын проблемелары мен ұрпақ тәрбиесіне 
арналған моральдық-этикалық ережелері бар. 
Бір  халықтың  тәрбие  проблемалары  екінші 
халыққа  тәрбие  проблемасы  бола  алмайды
Әр  халық  тәрбие  жолын  өзі  таңдап  алады. 
Оған бөтен халықтың араласуға, ықпал ету-
ге құқы жоқ. Басқа ұлттың тәрбие дәстүріне 
жат әрекеттер істеп, зорлық-зомбылық жасау 
қашан да ұлтаралық қақтығыстарға апарғанын 
біз  тарихтан  білеміз.  Сондықтан  тәрбиенің 
тәуелсіздігі мен егемендігін, ізгіліктілігі мен 
тазалығын сақтауды ата-бабаларымыз келер 
ұрпаққа  аманат  етіп  отырған.  Бұл  қағида 
қазіргі  таңдағы  тәрбиенің  даму  үдерісінде 
басты роль атқаруы тиіс деп ойлаймыз.  
Егеменді  ел  аталып,  тәуелсіздікте  өмір 
сүре  бастаған,  бірақ  толық  қоғамдық 
кәмелеттікке  қолы  жете  қоймаған  қазіргі 
біздің 
қоғамымыздың 
болмысында 
феодализмның,  социализмнің  және  қазіргі 
анықталмаған  капитализмнің  қоғамдық 
қарым–қатынастары  араласып,  шешуі  аса 
күрделі педагогикалық проблемеларды алға 
тартып отыр. Қазақ, орыс, аралас және басқа 
да  ұлттық  мектептерде  мемлекеттік  тәрбие 
тұжырымдамасының  басшылыққа  алынып 
отырғандығына  қарамастан  әртүрлі  діни 
конфессиялық,  еуропалық,  американдық, 
ресейлік    т.б.  бағыттағы  тәрбие  нысан-
дарына  «қызығушылықтың»  етек  алып 
бара  жатқандығы  жасырын  емес.  Әсіресе, 
әсіреқызыл  космополиттік  жолға  түскен 

122
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
технократизмнің  әуесқойлары  «жаттан-
ды  білім»  мен  «тәрбие  бостандығын»  жас 
ұрпақтың санасына тоғытуда.  
  «Тәрбие  бостандығын»  көксейтіндер 
еуропалық немесе американдық тұрмыс сал-
тын қабылдап, «жүгенсіз махаббаттың» жо-
лына түскендер. Бұдан он жыл бұрын қазақ 
жігіттерінің  4%,  қыздардың  6%  бөтен    ұлт 
өкілдерімен  тұрмыс  құрған  болса,  қазіргі 
таңда  бұл  көрсеткіш  екі  есеге  өсіп  отыр. 
Ұлттық  генефонның  бүлінуі  «тәрбиеге 
бостандық» берудің нәтижесі екендігі сөзсіз. 
Қазақ халқының дәстүрлі неке салты бүлініп, 
жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау  қағидасы 
тәркіленуде.  Соңғы  жылдары  «азаматтық 
некедегілердің» көбейгендігінен барған сай-
ын  тастанды  балалар  мен  тірі  жетімдердің 
саны артуда. Бұл істің сорақылығы сонда те-
лехабарлардан «азаматтық некені» жарнама-
лайтын хабарлардың берілуі, оған кейбір пе-
дагог,  психолог  ғалымдардың  «атсалысуы» 
таңдандырмай  қоймайды.  Ал  олар  тәрбиені 
ұйымдастырудың басы-қасында жүрген аза-
маттар емес пе? Тәрбиедегі адасушылықтың 
сорақы  көрінісі  міне  осы  болар.  Көпе-
көрінеу жастарымызды бөтен елдердің бізге 
жат  моралі  мен  этикасына  бұрып  әкету 
космополиттік экспансия екендігі даусыз.      
Ұлттық идеологиялық тұрғыда шешілуге 
тиісті күрделі де өзекті мәселенің бірі орыс 
сыныптарында  оқитын  қазақ  балаларының 
ұлттық  тәрбие  мәселесі.  Еліміздегі  7576 
мектептің    1777  (23,4  %)  орыс  мектебі  мен 
1500-ге  (20,2%)  жуық  аралас  мектепте  720 
мыңға  жуық  қазақ  баласы  орыс  сыныбын-
да  славияндық  үлгіде  тәрбиленуде.  Оларға 
ұлттық тәрбие беріліп жүр деп айту қиянат 
болар.  Жыл  сайын  орыс  мектебін  бітіретін 
түлектердің 60-65 мыңы қазақ баласы, олар 
өз ана тілін білмейтін шала қазақтар қатарын 
көбейтушілер  екендігі  ақиқат.  Қазақ  тілін 
мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  көтеруге 
кедергіні  өзіміз  қолдан  жасап  отырған 
жоқпыз ба?
Мемлекеттік 
тіл 
болып 
отырған 
қазақ  тілінің  қоғамдық  рөлі  туралы  ай-
тар  болсақ:  біріншіден,  ана  тілі  ұлттық 
генезистің,  ұлттық  болмыстың  жарқын 
бейнесі;  екіншіден,  ана  тілі  ұлттық 
құндықтылықтың, қоғамдық белсенділіктің 
айнасы;  үшіншіден,  ана  тілі  ұлттық  ой-
сананың  қайталанбайтын,  алмастыруға 
келмейтін  құралы;  төртіншіден  ана  тілі 
ұлттық  руханияттың  жаршысы,  ұрпақтан 
ұрпаққа  мәдени-рухани  құндылықтарды 
жеткізуші  құдіретті  күш;  бесіншіден,  ана 
тілінің  өзі  ұлттық  өркениеттік  құндылық, 
ұлттың абыройы мен беделі, тек қана өз ана 
тілі арқылы әр ұлт дүниежүзілік өркениеттен 
орын  ала  алады.  Сондықтан  қазақ  тілінің 
философиясы мен логикасын, этномәдениеті 
мен риторикасын дамытып, қазақ халқының 
данышпандық  мектебін  қайта  қалпына 
келтіру қажет. Мұның мәні қазақ даласының 
Ұлы  ойшылдары  мен  ғұламалары,  демо-
крат ағартушылары мен халық педагогтары 
қалыптастырған  данышпандық  дәстүрлерін 
жаңғыртып,  жас  ұрпақтың  қолына  рухани, 
мәдени,  біліми,  ғылыми  құндылықтарды 
тапсыру және ол құндылықтарды байытып, 
дамытып  бүкілхалықтық  игілікке  айнал-
дыру.  Оған  әл-Фарабидың  философиялық, 
логикалық,  педагогикалық  қағидаларын, 
Ж.Баласағұнидың  халықтық  дәстүрлерін, 
ата-ананы,  аруақты,  табиғатты  қадірлеу 
туралы  тұжырымдарын,  А.Йассауидың 
қиянатсыз адал өмір сүру және бейкүнәлілігін, 
М.Қашғаридың түркі тілі білімінің тәлімдік 
қағидаларын,  А.Жүйнекидің  моральдық-
этикалық, табиғат-адам-тәрбие категорияла-
рын, Абайдың тәлімдік-этикалық, қоғамдық-
психологиялық  тағылымдарын,  Шоқанның 
демократиялық  ой-пікірлерін,  Шәкәрімнің 
педагогикалық  ұстанымдарын,  билер  мен 
шешендердің  толғаныстары  мен  тәлімдік 
философиясын  терең  зерттей  отырып,  оқу 
мен тәрбие үрдісіне ендіру.
Ендеше  ұрпағын  өз  ана  тілінде  оқытқан 
ұлттың кемелденуі кемшін болуы тиіс емес. 
Орыс  мектебі  қазақ  мектебіне  қарағанда 
білімді  сапалы  береді  деген  желеумен  ба-
лаларын  орысша  оқытуды  жөн  көруші  ата-
аналардың өзі орыстанған қазақтар екендігі 
анық. Дейтұрғанмен 60 мың қазақ баласының 
ұлттық тәрбиесі мен ана тілінің болашағына  
кім жауап береді? Бұл мемлекеттік дәрежеде 

123
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шешілуге  тиісті  аса  күрделі  және  кезек 
күттірмейтін  мәселе.  Сонымен,  «тәрбие 
бостандығы»  дегеніміз  өз  ұрпағымызды 
бөтен халықтың  боданына байлап беру де-
сек артық айтқандық емес.  
Осы  тұрғыда  білім  беру  жүйесіндегі 
адасушылықтан  арылу  үшін  жас  ұрпаққа 
берілетін  ұлттық  тәрбие  тұғырының 
жаратылыстық 
немесе 
этногенездік  
ерекшеліктерін анықтап алудың маңызы зор 
деп санаймыз:
Біріншіден,    қазақ  халқының  басты 
этногенездік  ерекшелігі  оның  ежелгі  түркі 
жұртының  мызғымас  мұрагері  екендігінде. 
Қазақ  халқы  ұрпақ  тәрбиесінде  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  түркілік  ұлттық  тәрбие 
жолын ұстанып келе жатқан ел. Жүзден астам 
түркі  тектес  ірі  рулардан  біріккендігіне, 
ол  рулардың  кезінде  жеке  дара  мемлекет 
құрғандығына және олардың біртұтас ұлан-
байтақ  территорияға  орналасқандығына  
қарамастан  тілі  мен  ділі,  әдеті  мен  ғұрпы, 
салты мен дәстүрінің тұтасып қазақ ұлтының 
дүниеге келуі тарихи таңданарлық құбылыс. 
«...Жаратылыстың  құшағында,  меруерт 
себілген  көк  шатырдың  астында,  хош  иісті 
жасыл  кілем  үстінде,  күнмен  бірге  күліп, 
түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, 
алдындағы  малмен  бірге  өріп,  сары  сай-
ран  далада  тұрып  өсетін  қазақ  баласының 
қиялы  жүйрік,  терең  болуға  тиісті»  –  деп, 
М.Жұмабаев қазақ халқының жаратылыстық 
ерекшелігін екшеп берген. 
Ал,  әлмисақтан  жаратылысы  жарасып 
келе  жатқан  түркі  халықтарының  ұрпақ 
тәрбиесінде  бірінің  екіншісіне  жаттығы 
жоқ,  қайта  ғасырлар  тоғысында  береке, 
бірлігі  нығая  түсіп,  ғаламдану  үдерісіне 
төтеп  бере  алатын  руханиятты  үрдіске  ай-
налып  отыр.  Түрік  әлемін  36  ел  құрайды. 
Оның  ішінде  6  ұлт  дербес  мемлекеттер 
ретінде  өз  тәуелсіздігін  жариялап,  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымының  құрамына  еніп  отыр. 
Олар:  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан, 
Түркменстан,  Әзірбайжан  және  Түркия  Ре-
спубликалары.  Ал  қалған  түрік  жұрттары 
Ресей  Федерациясының  (Татар,  Башқұрт, 
Саха, Алтай, Құмық, Қарашай, Ноғайлар мен 
Гагауздар т.б. Кавказ және Сібір халықтары) 
мен  Қытай  Халық  Республикасының 
құрамындағы  (Ұйғырлар,  Қидандар  мен 
Қимақтар  т.б.)  автономиялық  республика-
лар,  облыстар  және  аудандар  дәрежесінде 
өмір  сүруде.  Оған  ертеде  Еуропаға  қоныс 
аударған  арийлер, мажарлар мен бұлғарлар 
тәрізді  түрік  жұрттарын  қосу  қажет. 
Баку,  Стамбул  қалаларында  болып  өткен 
түркі  мемлекеттерінің  саммиты  түркі 
халықтарының    одақтастығының  кепілі,  ал 
ХХІ ғасыр түркі әлемі өркениетінің өркендеу 
ғасыры болады  деп сеніммен айтуға болады. 
Сондықтан көк түріктің ғасырларды көктей 
өткен бабалар дәстүрін киелі аманат ретінде  
болашақ  ұрпақтарымызға  тапсыру  біздің 
міндетіміз. 
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе? –  деп, 
Мағжан  Жұмабаев  осылайша  болашақ 
ұрпақтың  санасына  ұлттық  патриотизмнің 
ұрығын сепкен.
Екіншіден,  Қазақ  –  Азиялық  халық. 
Ғасырлыр  бойы  Еуразия  материгін  көктей 
жосып, көшпенді өмір сүрді. Қытай, Парсы, 
Моңғол,  Корей,  Жапон,  Үнді  мәдениетімен, 
олардың  әдет-ғұрпымен,  салт-дәстүрімен 
шендесіп, 
араласып, 
біте 
қайнасып 
отырған, тәрбие дәстүрлері  үндесіп жатқан 
халықтар.  Қытайдың  ұлы  философы  Кан 
Фу  Ци  уағызындағы  Қытайдың  ұлттық 
моральдық  ұстанымдары  туралы  ережелері 
мен Түркілік Жүсіп Баласағұнидың «Құтты 
білігіндегі»  тәңірге,  аруаққа  табынушылық 
нанымдарының 
біртектілігіне, 
ата-ана 
мен  үлкенді  сыйлау,  кішіге  қамқорлық, 
мейірімділік  ұстанымдарының,  тәрбиелік 
категорияларының,  философиялық  тегінің 
бір  негізден  тарайтындығына  қол  қоймасқа 
болмайды.  Оған  қазақ  даласының  абызда-
ры  мен  ғұлама  ойшылдарының  этикалық 
қағидалары  үндесіп  жатуы  бекер  емес.  Де-
мек,  қазақ  халқының  ұрпақ  тәрбиесінің 
этногенезі Азиялық халықтарға тән екендігі 
даусыз.  «Шығыс  жолбарысына»  айналған 
Сингапурдағы  экономикалық  ғажайыптың 

124
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
атасы Ли Куан Ю: «Біз батыстың моральдық 
құндылықтарын  ойланбастан  қабылдайтын 
болсақ, қоғамымызды ұстап тұрған құдіретті 
күштен айырыламыз», – деп бекер айтпаған. 
Ал,  моральдық  құндылықтардың  Азиялық 
халықтардың барлығына ортақ екендігі және 
Канфуциандық  ұстанымдарды  дамудың 
тұғыры  етіп  пайдаланып  отырған  Азиялық 
елдердің даму үдерісінің жылдамдығы осы-
ны дәлелдесе керек. Мұның барлығы тамыры 
терең Азиялық тәрбиенің нәтижесі болар.
Моральдық 
құндылықтардың 
отба-
сы  мен  мектепте  егілетіндігін,  оқу-тәрбие 
үрдісінің  мазмұнына  енгізудің  қажет 
екендігін  пайымдау  қиын  емес.  Қандай  да 
болмасын  халықтың  қоғамдық  құдіретті 
күші  оның  ұлттық  моралінде,  әдеті  мен 
ғұрпы,  салты  мен  дәстүрінде  екендігін,  ол 
дәстүрлі  этнопедагогикалық  қағидалар  мен 
ұстанымдар  арқылы  берілетінін  жадыда 
ұстау, одан айнымау басты шарт.
Үшіншіден,  Қазақ  халқы  он  екі  ғасыр 
бойы  ерікті  түрде  ислам  дінін  ұстанып 
келе  жатқан,  ислам  шариғаттарының 
имандылық 
қағидаларымен 
ұрпағын 
тәрбиелеп отырған ел. Қазақ халқы үшін ис-
лам  қағидалары  мен  ежелден  қалыптасқан 
тәңірге 
табынушылық 
нанымдарының 
біртұтастығы  ұрпақ  тәрбиесінде  де  мықты 
орын  алып  отырғандығының  айрықша 
маңызы бар. Бұл ұстанымнан бас тарту ұрпақ 
тәрбиесінің  болашағына  күмән  келтірумен 
пара-пар болмақ. Өйткені, әрбір қазақ отба-
сында  қалыптасқан  ислам  шариғаттарының 
тәрбиелік  мазмұнын  қоғамдық  тәрбие 
үрдісінде  жоққа  шығарудың  кеңестік 
кезеңде қаншалықты моральдық азғындыққа 
ұрындырғаны  ересек  ұрпақтың  жадында.  
Қазіргі қазақ-орыс аралас мектептерінің орыс 
сыныптарында,  әсіресе  орыс  мектептерінде 
оқитын  қазақ  балаларын  басқа  діннің 
ықпалынан  сақтау  қазіргі  таңда  өзекті 
мәселе.  Үлкен  қалалардағы  қазақ  отбасыла-
рында бірнеше діннің өкілдерінің «ар-ождан 
бостандығы» желеуімен «бейбіт қатар» өмір 
сүруі барған сайын өріс алуда. Олар үшін тіл 
тазалығы,  діл  тазалығы  және  дін  тазалығы 
күн тәртібіне қойылмаған мәселе. Демек, бұл 
мемлекеттік деңгейдегі ұлттық тәрбие саяса-
тында қайта қаралуға тиісті ең өзекті мәселе 
деп санау қажет. 
Осы тұрғыда тәрбиенің қандай мемлекеттік 
міндеттерді  атқаратынын  еске  сала  кеткен 
жөн деп санаймыз:
1.  Жас  ұрпаққа  берілетін  тәрбие  ал-
дымен    мемлекеттік  мүддеге  қызмет  етуі 
тиіс.  Мемлекеттік  мүдде  деп  отырғанымыз 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі 
мен егемендігі үшін ғасырлар бойы күресіп, 
«мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ  халқының 
ұлттық мүддесі екендігін ашық айту қажет. 
Қазақ  халқының  ұлт  ретінде  сақталуы, 
ұрпақ сабақтастығын ұлттық үрдісте үдерісті 
жалғастыруы  өзекті  мәселе.  Сондықтан  да 
Қазақ халқының ұлттық мүддесі – Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  мүддесі  бо-
лып табылады. Өз тәуелсіздігін қорғап қалған 
қазақ  халқының  мемлекеттілігін  баянды 
етудің  ең  маңызды  және  тура  жолы    тамы-
рын тереңге жіберген ұлттық тәрбие екендігі 
даусыз.  Ол  Қазақ  азаматының  ұлттық-
патриоттық  рухын  кемелдендіреді.  Ендеше 
Қазақстан азаматына берілетін тәрбие қазақ 
халқының ұлттық мүддесін қорғайтын қазақ 
этнопедагогикасының  ұлттық  ұстанымдары 
мен қағидалары  негізінде ұйымдастырылуы  
шарт.
2. Ұлттық тәрбие – мемлекеттің қауіпсіздігі 
мен  оның  қуат-күшін      нығайтудың 
кепілі.    Ұлттық  тәрбиесі  мемлекеттік 
дәрежеде  мықты  қойылған  елдің  қоғаныс 
қуаты  да  күшті  болатындығын  тарих-
тан  білеміз.  Мемлекеттің  қауіпсіздігі  мен 
әскери  қуат-күшін  нығайту  оның  тек 
техникалық жарақтануы мен экономикалық 
әлеуеттілігіне  ғана  байланысты  емес. 
Әскери  құрамалар  мен  бөлімшелердегі 
сардарлардың,  сарбаздардың  азаматтық 
әскери  міндетін  адал  атқаруына,  олардың 
тәрбиелік 
ұстанымына, 
бөлімшелерде 
қалыптасқан  тәртіп  пен  тәрбиелік  деңгейге 
тікелей  байланысты  екендігі  даусыз.  Ал, 
әскери  қызметке  тартылған  азаматтардың 
тәрбиелік  әлеуеті  отбасы  мен  қоғамдық 
тәрбиенің нәтижесі екені белгілі. Жас ұрпақты 
тәрбиелеуге  тартылған  субъектілердің, 

125
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
атап айтқанда, отбасы иелері мен қоғамдық 
тәрбиені  ұйымдастырушылардың  мемлекет 
алдындағы  жауапкершілігін  заңдастыруды 
күн  тәртібіне  қоюдың  кезек  күттірмейтін 
мәселе  екендігін  мойындау  қажет.  Ата-
ананың отбасылық міндеті мен парызы, мек-
теп  пен  қоғам  алдындағы  жауапкершілігі, 
мектептің, 
ұстаздардың 
мемлекеттік 
жауапкершілігі  мәселелері  күн  тәртібіне 
қайта қойылуы тиіс. Қазақ халқы мемлекеттің 
иесі ретінде мемлекет алдындағы қоғамдық 
өз жауапкершілігін толық мойындай отырып, 
Қазақстандық патриотизм қалыптастырудың 
ұйымдастырушысы  қызметін  атқаруы  тиіс. 
Ол үшін қазақ және Қазақстанды мекендейтін 
басқа  да  ұлттардың  отбасыларындағы 
қалыптасатын 
ұлттық 
патриотизмнің 
Қазақстандық 
патриотизмге 
ұласуын 
қамтамасыз етудің басымдық ұстанымдарын 
заңдастыру қажет. Өйткені, ұлттық патрио-
тизм  мемлекеттің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етудің шешуші факторы  болып табылады.
3.  Ұлттық  тәрбие  –  азаматтық  тұлға 
қалыптастырудың  кепілдігін  қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Ұлтына  және  тегіне  қарамастан 
этностардың 
қазақстандық 
азаматтық 
униформасындағы  (жан-жақты  жетілген) 
тұлғасын  қалыптастыру  тәрбиенің  ба-
сты  міндеттерінің  бірі.  Ол  үшін  алдымен 
қазақ  халқының  этногенездік  ерекшелігіне 
сәйкес  келетін  этноформа  қалыптастыру 
басты  мақсат  етіп  қойылуы  тиіс.  Қазақ 
этногенезіндегі  этноформа  дегеніміз  –  өз 
ұлтының  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпында 
өмір  сүретін,  өз  халқының    тілін,  білімі 
мен  ғылымын,  мәдениеті  мен  өнерін 
терең  меңгерген,  қазақ  халқы  мен  мем-
лекет  алдындағы  азаматтық  борышын 
адал  атқаруға  дайындығы  мол,  қажетінде 
ұлттық  мінез  көрсете  алатын  ұлттық  тұлға 
қалыптастыру  болмақ.  Қазақ  этноформасы 
қазақстандық униформаның негізгі үлгі эта-
лоны болуы тиіс.      
4. Тәрбие – отбасы тәрбиесі мен қоғамдық 
тәрбиені  біртұтастығын  қамтамасыз  етуі 
тиіс.    Біздің  ойымызша,  алдымен  отбасы 
тәрбиесін шешудің негізгі тетігі мемлекеттік 
дәрежедегі отбасы саясатын жасап, тәрбиенің 
ұлттық идеологиялық мазмұнына ендіру. От-
басы саясатының моральдық-этикалық және 
ар-намыс кодексін, қоғамдық-жауапкершілік 
ережесін 
жасап, 
оны 
практикалық 
қолданысқа беру қажет. Сонымен қатар отба-
сы саясаты мен отбасы тәрбиесін жүргізудің 
ғылыми-әдіснамасын жасаудың, әлеуметтік-
педагогикалық 
шарттарын 
белгілеп 
алудың  маңызы  зор.  Мемлекеттік  деңгейде 
отбасылардың  даму  деңгейі  мен  болашағы, 
тәрбиелік әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы 
жылдық есептер дайындап,  мониторингілеу 
қажет.  Үлгілі  отбасы  тәрбиесін  насихат-
тау,  оқулықтар  мен  тәрбие  әдістемеліктерін 
молайту,  бейнефильмдерді  көбейтіп,  жаңа 
технологиялық  тәсілдерді  кеңінен  пайдала-
ну маңызды рөл атқармақ. 
Жедел үдерістегі дамудың жолына түскен 
еліміз  саяси-экономикалық,  демократиялық 
тұрақтылық,  өзара  түсіністік  проблемала-
рын  жоғары  парасаттылықпен  шешіп,  жаңа 
кезеңге – тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді 
сақтап қалу, нығайту кезеңіне аяқ басты. Елба-
сымыз жүргізіп отырған бұл саяси бағыттың 
кемелденіп,  тұрақтануын  қамтамасыз  ету 
үшін  бүкіләлемдік    жаһандану  үрдісінің 
әлеуметтік,  қоғамдық  өмірімізге,  ғылым, 
білім беру жүйесіне, әсіресе қоғамдық тәрбие 
ұстынына  теріс  ықпалынан  сақтауымыз 
қажет.    Соңғы  кездердегі  технократтық, 
космополиттік,  нигилистік,  шовинистік, 
діни  –  конфессионалдық,  және  миссонерлік 
жосықтар  мен  жорықтардың  көрініс  беруі, 
дүниежүзінде байқалған аса қатерлі лаңкестік 
ұйымдардың 
біздің 
шекараларымызға 
жақындауы қоғамымыздың ішкі және сыртқы 
қарым-қатынастары  мен  қауіпсіздігі  үшін 
елеулі  алаңдатушылық  тудырып  отырғаны 
белгілі.  Оның  еліміздегі  қоғамдық  тәртіп 
пен  қоғамдық  тәрбиеге  тигізетін  қаупінен 
сақтануды  кейінге  сырғытып  қоюдың  жөні 
жоқ.  Елімізде  қоғамдық  тәртіпті  қоғамдық 
тәрбиенің әлеуетті құралдары арқылы жолға 
қоятын,  оның  үгіт-насихат  жұмыстарын  
жүргізетін  қоғамдық  тәрбиенің  біртұтас 
институты  болмай  отыр.  Кәсіпорындар 
мен  құрылыс,  транспорт  пен  байланыс, 
кәсіпкерлік  пен  іскерлік,  сауда  мен  ақпарат 

126
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
құрылымдарындағы,  мемлекеттік  және 
қоғамдық ұйымдардағы тәрбие ұстанымдары 
мен  оның  мазмұнын  бақылайтын,  жөн 
сілтейтін, 
ғылыми-әдістемелік 
көмек 
беретін  ұйымның  болмауы  қынжылтады. 
Тек оқытумен қолы байланып отырған мек-
теп пен басқа да оқу орындарының тәрбиеге 
кешенді кірісуге шамасы жетпейді.  Тәрбиені 
тек  мектептің  қызметі  деп  түсінушіліктің 
саяси көрсоқырлық екендігін мойындайтын 
кез келді.      
Қазақстан 
азаматының 
өркениеттік 
жаңа  қоғам  кеңістігіне  шығуына  лайықты 
руханияттық 
тұлға 
қалыптастыратын 
қоғамдық тәрбие жүйесін орнықтыру қажет. 
Ол  үшін  әлемдік  өркениет  пен  ұлттық 
мәдениеттің руханияттық құндылықтарына, 
ұлттық 
философиялық, 
этикалық, 
эстетикалық  ілімдеріне,  этнопедагогикалық 
тәрбие қағидаларына сүйенген жөн. Барлық, 
мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктік, сая-
си, діни-конфессиялық, жастар мен кәсіподақ 
құрылымдарының, әсіресе оқу орындарының 
қоғамдық  тәрбиені  ұйымдастыру  шара-
ларына  араласу  белсенділігін  арттырып, 
жауапкершілігін 
күшейту, 
қоғамдағы 
ізгіліктілік, 
адамгершілік, 
моральдық, 
этикалық  және  руханияттық  тәрбиеге 
қажетті  ұлттық  мәдени  құндылықтардың 
мүмкіндіктерін толық пайдалану,  қоғамдық 
тәрбиені 
ұйымдастырудың 
ұлттық 
идеологиясының  басымдық  ұстанымдары 
мен  ұлтаралық  этникалық  мәдениеттің 
сәйкестілік  ахуалын  қалыптастырудың 
тетіктерін іске қосу қажет. Біздің қоғамымызға 
жат көзқарастар мен ағымдардың қоғамдық 
тәрбие  мазмұнына,  ұлтымыздың  зайырлы, 
парасатты, ізгілікті және демократиялық да-
муына теріс ықпал етуіне жол бермеу керек. 
Бүгінгі ұрпақты тәрбиелеудің жолы келесі 
ұрпаққа  үлгі.  Өз  басымыздың  азаматтық 
жауапкершілігін, 
патриоттық 
сезімін, 
ұлттық руханиятын,  қоғамдық белсенділігі 
мен  төзімділігін  тезге  салмайынша    зайыр-
лы, мәдениетті, өркениетті қоғам орната ал-
маймыз. Ар мен намыс, жан мен тән, тіл мен 
дін  тазалығы  үшін  күресу  қажет.  Ұлттық 
қырағылықты  ұлықтау  тәуелсіздігіміздің 
кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет