Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев


Үлкенді сыйлау – өзіңді сыйлау



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Үлкенді сыйлау – өзіңді сыйлау
Үлкендер  дегеніміз  пайғамбар  жа-
сына  жеткен  ақсақалды  аталар  мен  ақ 
шашты  əжелер.  Олардың  өмірде  көргені 
мен  түйгені  көп,  күнделікті  тұрмыста 
мол  тəжірибе  жинаған  дана  адамдар. 
Үлкендер  бұрын  сол  байлықтарын  өткен 
ата-бабалардан  қалған  мұра  ретінде 
келер  ұрпаққа,  яғни  немерелері  мен 
шөберелеріне аманат етіп беріп отырған. 
Ертеде  ауыл  ақсақалдарының  қазақ 
қоғамында  атқаратын  рөлі  өте  жоғары 
болған.  Олар  өздерінің  отбасынан  ба-
стап, əулеті мен руына басшылық жасап, 
күнделікті  өмір  салтында  əдет-ғұрыптар 
мен ырым-жоралардың уақытында дұрыс 
орындалуын  қадағалап  отырған.  Ауыл 
жастарын тəрбиелеуді негізінен үлкендер 
атқарған.  Олар  жастардан  қоғамымызда 
ғасырлар  бойы  қалыптасып,  дамып  кел-
ген  ұлттық  салт-дəстүрімізді  мүлтіксіз 
орындап  отыруды  талап  еткен.  Жастар 
оны жазылмаған Заң ретінде қабылдаған, 
сол  себепті,  ол  кезде  имандылық  пен 
қайырымдылық  жəне  ізгілік  қазіргі  кез-
ден əлдеқайда жоғары болған.
Адамзат  қоғамында  бір  уақытта 
бірнеше  ұрпақтың  өкілдері  өмір  сүреді, 
сол  себепті  олардың  арасындағы  өзара 
қатынас қандай да бір жүйеге келтірілген 
Заңдылыққа  бағынуға  тиіс,  оны  қазақ 
қоғамында  салт-дəстүр  деп  атаған.  Осы 
салт-дəстүр бойынша үлкендер жастарға 
өзінің  өмір  тəжірибесінен  үлгі-өнеге 
көрсетіп,  оларға  дұрыс  өмір  сүрудің 
қыр-сырларын  үйрететін  болған.  Қазақ 
қауымында  ауыл  ақсақалдары  өздерінен 
кейінгі  ұрпақтарына  шежіре  айтып, 
шыққан  тегінен  мағлұматтар  беріп,  жеті 
атасын үйретіп отырған. 
Қоғамдағы  əрбір  əлеуметтік  топтың 
өзінің атқаратын міндеті бар. Егер де ауыл 
ақсақалдары  жастарды  имандылыққа    
баулып, ақыл айтып, батасын беріп отыр-
са,  орта  жастағы  жігіт  ағалары  жастарға 
мал  бағуды,  жер  өңдеуді,  аң  аулауды 
үйреткен. Ал, ақ шашты аналар болса, қыз-
келіншектерге  инабаттылық,  əдептілік, 
ізеттілік туралы тəлім-тəрбие беріп, олар-
ды  үй  шаруасына,  қол  өнеріне,  былайша 
айтқанда – ою-өрнек салуға, кесте тоқуға, 
жүннен,  теріден  түрлі  киім-кешек  тігіп, 
тұрмысқа  қажетті  бұйымдарды  жасауға 

42
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
баулыған. 
Ата  ардақты  тұлға. “Əкеден  ұл  туса 
игі,  ата  жолын  қуса  игі“  деп,  халық 
ұрпаққа  атаның  мұрасын  жалғастыруды 
уағыздаған. Ата ұрпағының қайырымды, 
мейірімді,  іскер  болуын  тілеп,  соған 
қамқорлық  жасап,  өнеге  көрсеткен.  Ата-
бабаларымыз болашақ жастарға иманды, 
инабатты,  ізетті  болып  өсуі  үшін  өсиет 
айтып, бата беріп, тілек тілеген. 
Қазақ  халқының  салты  бойынша  ата-
бабасының  айтқан  өсиеттерін  ардақтап, 
оны ерекше құрметпен есте сақтау əдетке 
айналған.  Үлкендерді  қадірлеп,  оларға 
бірінші  болып  сəлем  беру,  қариялармен 
ақылдасу,  үйге  келген  қарт  кісіні  төрге 
шығару,  қарт  адамдарға  сыбаға  сақтап, 
сый-сияпатын  көрсету,  олардың  бата-
сын  алу,  үлкен  адамдарға  қамқорлық 
жасау  халқымыздың  салтқа  айналған 
дəстүрлерінің бірі.
«Жауынмен  жер  көгерер,  батамен  ел 
көгерер» деген қазақтың мақалы бар. Яғни, 
бата дегеніміз адамдарға жақсылық тілеп, 
олардың  алға  қойған  мақсат-мұратына 
жетуі  үшін  айтылатын  адал  ниет.  Сол 
себепті,  алдына  үлкен  мақсат  қойған 
кейбір  жастар  қариялардан  бата  алуды 
өзіне  міндет  санаған.  Халық  ұғымында 
бата киелі сөз болып есептеледі жəне оны 
жастарға жадында сақтап əр уақытта еске 
алып отыруды міндеттейді. Бата алудың, 
бата  сұраудың,  бата  қылудың  өзіне  тəн 
көп рəсімдері бар. Мысалы, дастархан ба-
сында, ас соңында қариялар сол үй иесінің 
сый-құрметіне  ризашылығын  білдіріп, 
дастарханға бата беруіне болады.
Ата-бабамыздың  арттағы  ұрпағына 
ақыл-парасатымен,  сөзімен,  ісімен  үлгі-
өнеге етіп қалдырған мұрасын қастерлеп, 
əркез  олардың  аруағын  сыйлап  отыру 
қазіргі  ұрпақ  үшін  міндет.  Біздің  салт-
дəстүріміз  бірнеше  ғасырға  созылған 
бодандықтың 
зардабынан 
ұлттық 
қасиетін  əлсіретіп,  сырттан  күшпен 
таңылған  басқа  мəдениеттің  ықпалына 
беріліп,  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Енді 
қазір егемендігімізді алып, өз алдымызға 
тəуелсіз ел болғаннан кейін, сол бұрынғы 
салт-дəстүрімізді 
қалпына 
келтіріп, 
ұлттық  өмір  салтымызды  орнату  біздің 
парызымыз.
Əрине  уақыт  өткен  сайын  заман 
өзгеріп, 
бұрынғы 
салт-дəстүріміздің 
кейбірі қазіргі уақыт талабына сай келмеуі 
мүмкін.  Сондықтан  да,  біз  қазақтың 
бұрынғы  өмір  салтын  терең  зерттеп, 
оның  ішінен  қазіргі  заманға  сай  асылда-
рын  таңдап  алып,  күнделікті  өмірімізге 
батыл ендіруіміз керек.
Біз  жоғарыда  қазақтың  дербес  ел  бо-
лып  өзінің  төл  өмір  салтымен,  өмір 
сүріп  тұрғандағы  қалыптасқан  салт-
дəстүрі  туралы  сөз  қозғадық.  Мұның 
бəрі  Ресейге  отар  болмай  тұрғандағы 
қазақ  қоғамындағы  əдет-ғұрыптар  бо-
латын.  Ресейге  бодан  болғаннан  кейін, 
əсіресе  Кеңес  заманында  қазақтарды 
бұрынғы  көшпелі  өмір  салтынан  айы-
рып,  отырықшылдыққа  жəне  кеңшар 
мен  ұжымшарға  ұйымдастыруына  бай-
ланысты  қазақтың  өмірі  көп  өзгеріске 
ұшырады.  Оның  үстіне  коммунистік 
идеология  қазақтың  бұрынғы  өмір  сал-
тын, ескінің сарқыншағы деп, оны жоққа 
шығарып,  советтік  өмір  салтымен  өмір 
сүруге  үгіттеді.  Осындай  объективті 
жəне  субъективті  жағдайларға  байланы-
сты халқымыздың ұлттық санасы тоқсан 
градусқа  өзгеріп,  көп  адамдарымыз, 
соның  ішінде  жастарымыз  мəңгүрттікке 
ұшырады.
Енді  қазіргі  ұлттық  менталитетімізге 
көз жүгіртсек, бұрынғы қазақтың үлкенді 
сыйлау дəстүрінен ештеңе қалмады деуге 
болады. Оның басты себебі, жастарымызға 
ұлттық  тəрбие  бере  алмауымыз  жəне 
күнделікті  өмір  салтымыздың  ұлттық 
мəн-мазмұнын 
жоғалтып, 
орыстың 
болмаса  батыстың  өмір  салтына  көзсіз 
еліктеуіміз. 
Қазір  көп  адамдар  Батыс  елдерін 
мəдениеті  жоғары  дамыған,  экономика-
сы қарқындап өскен, құқықтық мемлекет 

43
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
құрған  өркениетті  ел,  ал  Шығыс  елдері 
болса  барлық  жағынан  артта  қалған, 
сондықтан да Батыс елдерінен үлгі алып, 
солардың қатарына қосылуымыз керек деп 
ойлайды. Бір қарағанда, олардың да уəжі 
дұрыс сияқты. Бірақ та мəселеге тереңірек 
үңілсек,  шындықтың  басқаша  екеніне 
көзіміз  жетеді.  Өмірде  материалдық 
жəне  рухани  құндылық  деген  ұғым 
бар.  Егер  де  материалдық  құндылықты 
алып  қарасақ,  Батыстың  ол  жөнінен  көп 
нəрсеге  қол  жеткізгені  тарихи  шындық. 
Соның  арқасында  адамдардың  тұрмысы 
жақсарып,  фəни  дүниедегі  өмірдің  ра-
хатын  көріп  жүр  деуге  болады.  Бірақ  та, 
батыстың  бір  кемшілігі  материалдық 
құндылыққа  көп  көңіл  бөліп,  рухани 
құндылықты  əлсіретіп  алды.  Ал  шығыс 
елдері  болса,  тарихи  даму  барысын-
да  əр  түрлі  себептермен  материалдық 
байлықты  жасауда  батыс  елдерінен  көп 
кейін  қалды.  Оның  ең  басты  себебі,  бұл 
елдердің  бірнеше  ғасырлар  бойы  батыс 
елдерінің отары болып, басында билігінің 
болмауы. 
Қазір  бұл  елдер  саяси  тəуелсіздігін 
алғаннан  кейін  өздерінің  экономикасын 
дамытуға күш салып жатыр жəне кейбір 
шығыс  елдері  осы  жолда  айтарлықтай 
табысқа  қол  жеткізуде.  Бірақ  та,  батыс 
елдері  оларды  бұрынғыдай  өздеріне 
қажетті  шикізат  өндіретін  аймақ  етіп 
қалдыру  үшін  олардың  дамуына  түрлі 
айла-шарғылармен 
кедергі 
келтіріп 
бағуда.
Шығыс  елдері  болса,  материалдық 
байлықты  жасауда  батыстан  кейін 
қалса 
да, 
рухани 
құндылықтарын 
сақтап,  өздерінің  дəстүрлі  мəдениетімен 
өмір  сүруде.  Дəстүрлі  мəдениеттің 
бір  артықшылығы  сол,  олар  рухани 
құндылықты материалдық құндылықтан 
жоғары  қояды.  Қазақтардың  бұрынғы 
үлкендерді  сыйлап,  оларға  қамқорлық 
көрсетуі осы дəстүрлі мəдениетке жатады. 
Егер де біз осы дəстүрімізді жаңғыртып, 
оны  қазіргі  жастарымыздың  санасы-
на  жеткізе  білсек,  олар  имандылыққа 
бет  бұрып,  адамгершілік  қасиеттері 
жетілген  болар  еді.  Адам  адам  болып 
жаратылғаннан кейін оның адамгершілік 
қасиетті қадірлеп, оны бəрінен де жоғары 
қоюы  əр  адамның  парызы.  Оның  үстіне 
қазақтың  «Өгіздің  басына  түскен  күн, 
бұзаудың  да  басына  келеді»  дегендей 
адамдардың  қартайып,  күш-қуатының 
азайып,  басқаларға  күнінің  түсетіні 
табиғи  заңдылық.  Сондықтан  да,  əрбір 
адам өзінің ертеңін ойлап, бұл дүниедегі 
ең  басты  құндылық – ол  адамдардың 
бірін-бірі сыйлап, құрмет көрсетуі екенін 
əр уақытта естен шығармағаны дұрыс.
Қазақ        халқы    өзінің  тəуелсіздігін 
жаңадан  алып,  өзінің  ұлттық  руха-
ни  мəдениетін    өркендетуге  енді-енді 
аяқ  басып  келеді.  Рухани  мəдениет, 
бұл  күнделікті  өмір  салты  арқылы 
қалыптасады.  Сол  себепті,  біз  ең  əуелі 
болашақта  қандай  өмір  салтымен  өмір 
сүретінімізді  ойлап,  соның  жаңа  үлгісін 
жасауымыз керек. Ол өмір салты меніңше 
«Салауатты өмір салты» болуға тиіс.
Резюме
Автор статьи сравнивает методы воспитания советского и современного периодов.
Summary
Author of the article compares the methods of education of the Soviet and early modern periods.

44
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Т.Қ.Əуелғазина– 
саяси ғылымдарының докторы,
Магистратура жəне PhD докторантура институтының 
 «Саясаттану жəне əлеуметтік-экономикалық
 пəндер» кафедрасының профессоры, Абай атындағы ҚазҰПУ
ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ ӨЗЕГІ
Адам – қоғамның ажырамас бөлшегі. Ал, 
отбасы – қоғамдық құрылымның алғашқы 
ұясы  болып  табылады.  Іс  жүзінде  отба-
сы  қоғамдық  іс-тəжірибе  сұраныстарына 
сəйкес бала тəрбиесін жүзеге асыратын ең 
алғашқы  ұжым.  Ата-ана  мен  отбасының 
өзге  мүшелері  қоғамның  мақсат-мүддесі 
мен  қажеттіліктерін,  құндылықтары  мен 
бағыт-бағдарын  білдіретін  белгілі  бір 
əлеуметтік  топқа  жатады.  Адам  баласы 
тəрбиенің  ең  алғашқы  бастауын  өз  отба-
сында  сезінеді.  Əрине,  адамды  отбасы-
нан  тыс  қоғамдық  орта  да  тəрбиелейтіні 
рас,  алайда  ата-ананың  жан  дүниесінің 
ізгі  ниеті  мен  баласына  арнаған  махаб-
баты  ерекше.  Адам  баласы  туғанда  өзге 
тірі организмдерге қарағанда өте əлсіз əрі 
нəзік болып келеді. Соған орай, ата-анасы 
баласының адам болып жетілуі үшін бағып-
қағып,  қамқорлық  жасап,  өсіп-дамуына 
жəрдемдеседі.  Бұл  туралы  көрнекті 
қазақ  ақыны,  көптеген  педагогикалық 
еңбектердің  авторы  М.Жұмабаев  былай 
деп атап көрсеткен: «Жер жүзіндегі басқа 
жан  иелерімен  салыстырғанда,  адам  ба-
ласы туғанда өте əлсіз, зағып, осал болып 
туады.  Малдың  төлі  туа  сала  аяқтанады. 
Тауықтың балапаны жұмыртқадан жары-
лысымен жүгіріп кетеді. Ал, адам баласы 
туғанда  іңгəлаған  айқайы  мол  бір  кесек 
ет.  Ақылы-есі  жоқ.  Мінекей,  адам  бала-
сы  осылай  өте  əлсіз  боп  туып,  аса  баяу 
өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық 
беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни, оған 
тəрбие қылмай болмайды» [1]. Осылайша, 
бізге адам баласының дүниеге ақ қағаздай 
таза, қоршаған ортада болып жатқан түрлі 
құбылыстардан хабарсыз болып туатыны 
мəлім.  Адам  нақтылы  бір  табиғи  жəне 
əлеуметтік  ортада  өмір  сүріп,  жетіледі. 
Яғни,  ол – қоғамдық  дамудың  нəтижесі 
болып табылады. 
Отбасы 
адам 
өмірінде 
маңызды 
əлеуметтік  қызметті  орындап,  оны 
тəрбиелі  де  тəлімді  етіп  қалыптастыруда 
ерекше  рөл  атқарады.  Өз  кезегінде  қазақ 
халқының ұлттық сананы қалыптастыруға 
бағытталған ұлттық тəрбие тағылымының 
орны  ерекше.  Халқымыздың  «Үлкенге 
құрмет,  кішіге  ізет»  көрсете  отырып, 
парасаттылық танытуы қай ұлтты болсын 
таң қалдырады. Сондықтан, бүгінгі таңда 
өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  бойына 
ғасырдан  ғасырға  жалғасып  келе  жатқан 
халықтық  тəрбиенің  озық  та  өнегелі 
дəстүрлерін сіңірсек нұр үстіне нұр болар 
еді.
Сонымен, бала тəрбиесiнде отбасының 
орны  ерекше.  Оны  қоғамдық  тəрбиенiң 
қандай саласы болса да алмастыра алмай-
ды.  Отбасының  негiзгi  қызметі  баланы 
өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне 
заманнан  келе  жатқан  ұлттық  тəрбиенің 
əдеп-тағылымдарын  қабылдату  мен  аға 
ұрпақтың  тəжiрибесiн  сiңiру,  қоғамға 
пайдалы  жеке  тұлға  етiп  тəрбиелеу  бо-
лып  табылады.  Ата-ананың  өз  боры-
шын  мүлтiксiз  орындауы – үлкен  тəрбие 
мектебi.  Осылайша,  адамға  тəн  адами 
сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамыту 
ең алдымен отбасынан бастау алады. Бұл 
ретте «Халқым ел болам десең, бесігіңді 
түзе» деп қазақ халқының ұлы жазушысы 
М.Əуезов  айтып  кеткендей,  отбасындағы 
тəрбиенің  бесік  жырынан  нəр  алуының 
маңызы  айрықша.  Осыған  орай  əр  ата-

45
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
ананың  баласына  ертегі,  аңыз,  əңгіме, 
жыр-дастандарды айту арқылы, оның ой-
лау, қиялдау, тыңдай білушілік пен арман-
дау қабілетін ұштай білуі аса зор мəнге ие 
екендігі даусыз жайт. 
Бала 
мінез-құлқының 
негізін 
қалыптастыруда, 
оның 
бойына 
адамгершілік 
сезімін, 
инабаттылық, 
əділеттілік, шыншылдық тəрізді адамдық 
абзал  қасиеттерді  егуде  отбасы  ең 
алғашқы жəне басты рөлді атқарады. Нақ 
осы  жағымды  қасиеттерді  жас  ұрпақтың 
бойына дарыту, ең алдымен, отбасындағы 
тəрбие 
арқылы 
жүзеге 
асатыны 
белгілі.  Осымен  байланысты  «Тəрбие – 
табалдырықтан  басталады», «Тəрбие – 
тəлімнен» деген нақылдардың өзі өмірден 
алынған  шындық.  Жас  ұрпақтың  жады-
на  адамгершілік  сезімін  дарыту  отба-
сында  ең  алдымен  ата-анасының  ыстық 
махаббаты  мен  мейірімінен,  шынайы 
қамқорлығынан басталады. Яғни, адамға, 
қоршаған  ортаға,  Отанға  деген  қымбат 
қасиет  бала  жүрегінде  отбасы,  ошақ 
қасында  бүршік  атып,  бұтағын  жаяды. 
Сондықтан да мұны «Отан отбасынан ба-
сталады» деп түйіндейді халық даналығы. 
Ал, бала кезінде ата-ана немесе тəрбиеші 
тарапынан  жылылық,  бауырмалдық, 
жанашырлық  сияқты  сезімдерді  көріп 
өспеген  баланың  кейін  мейірімді  азамат 
болып  өсуі  екіталай.  Көбінесе  мұндай 
балалар 
бойынан 
қайырымсыздық, 
қатыгездік,  тұйықтық  тəрізді  жағымсыз 
қылықтарды  көруге  болады.  Осымен 
байланысты  ата-аналар  мен  отбасының 
өзге ересек мүшелері баланы өзімшілдік, 
қыңырлық,  жағымпаздық,  қатыгездік, 
жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық 
сияқты жəне т.б. келеңсіз мінез түрлерінен 
қашықтатумен  айналысады.  Себебі,  бала 
бойындағы жат қылықтардың алдын алма-
са, болашақта ондай адамның Отан үшін, 
халқының  қамы  үшін  адал  қызмет  етуі, 
сонымен  қатар  қоғамдық  жүйеде  жоғары 
дəрежеде əлеуметтік белсенділік танытуы 
күмəнді. Сəйкесінше, жас балдырғандарға 
адамгершілік  пен  борыштың,  арлылық 
пен  намыстың  мəнін  жете  ұғындырудың 
маңызы зор. 
Осымен байланысты ұлы ойшыл, ғұлама 
ғалым  Əбу  Насыр  əл-Фараби  адамның 
бойына  кішіпейілділік,  қайырымдылық, 
шешендік,  қанағаттылық,  жомарттық 
жəне т.б. ізгі қасиеттерді негіздеуде тəрбие 
мəселесіне  зор  мəн  берген.  Бұл  ретте  ол 
«Тəрбиелеу  дегеніміз – халықтардың 
бойына  білімге  негізделген  этикалық 
ізгіліктер  мен  өнерлерді  дарыту  де-
ген  сөз…  Тəрбиелеу  кезінде  халықтар 
мен  қалалықтарға  білімге  негізделген 
қасиеттерден  туатын  іс-əрекет  жасау 
дағдысы  сіңіріледі,  олар  осындай  іс-
əрекетке  жігерлендіріледі..,  сөйтіп,  осы 
қасиеттер  жəне  бұлармен  байланысты 
əрекеттер адамдардың жан дүниесін бау-
рап  алатындай  жəне  адамдарды  осыған 
жан-тəнімен  құштар  ететіндей  болуы 
көзделеді», – деп  тұжырым  жасайды [2. 
343 б]. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың жас 
ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда 
адамгершілік 
тəрбиесін 
негіз 
етіп 
алудың  маңыздылығы  турасындағы  ой-
пікірлерінің  орны  айрықша.  Соған  орай 
ұлы ойшыл: «Енді біз жақсы адамгершілік 
сапалар  туралы,  сондай-ақ,  осылардың 
негізінде  туатын  жəне  мораль  саласында 
ең абзалы болып табылатын нəрсеге қарай 
ойымызды  сілтейтін  мінез-құлық  норма-
лары туралы əңгімелегеніміз жөн», – дейді 
[3].  Сондай-ақ,  əл-Фараби  əр  адамның 
қоғамның  саяси-əлеуметтік  жеке-дара 
тұлғасы  болып  қалыптасуы  үшін  екі 
əдісті – ерікті түрде жəне күштеу арқылы 
тəрбиелеуді  ұштастыра  қолдануды  та-
лап  етеді.  Яғни,  ол: «Күштеу  арқылы 
тəрбиелеу  жəне  ерікті  түрде  тəрбиелеу 
тəлім-тəрбие алушы адамдар болмысының 
мəніне  байланысты,  бұлар  өзінің  аумағы 
мен  күшіне  қарай  дараланып  отырады… 
Ерікті  түрде  тəрбиелеу  өнері  өте-мөте 
көп күшті керек етеді. Күштеп тəрбиелеу 

46
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал 
мұның  мəнісі,  басқасын  былай  қойғанда 
адамның өмірдегі арманы болып табыла-
тын  бақытқа  жеткізерлік  белгілі  бір  іс-
əрекет  жасау…  деген  сөз», – деп  пайым-
дайды [2. 347 б].
Өз кезегінде əйгілі түрік ойшылы Жүсіп 
Баласағұн «Құтты білік» шығармасында: 
«Сəбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!
Ұяда не көрсе, соны іледі,
Сүтпен  сіңген  өле-өлгенше  жүреді!» 
[4. 175 б], – деп,  бала  өмірінің  алғашқы 
жылдарынан-ақ  адамгершілік  негізін 
қалыптастырып,  өмір  есігін  енді  ғана 
ашқан  жас  ұрпақты  отбасында  жəне 
қоғамдық  ортада  тəрбиелеуге  айрықша 
мəн  беру  қажеттігін  тұжырымдайды. 
Міне, сонда əрбір бала ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ізгі  қасиеттерді, 
ұлттық  тəрбие  тағылымдары  мен  əдеп 
ережелерін  өз  өміріне  серік  етіп  өседі 
дейді.  Ойшылдың  бəйіттері  «Сүтпен 
біткен  мінез,  сүйекпен  кетеді»  деген 
мақалмен үндес.
Халық  тəрбиесi – отбасы  тəрбиесiнiң 
негiзгi  бастауы.  Өз  кезегінде  жас  ұрпақ 
өкілдеріне  отбасында  тəрбие  беруде 
ғасырлар  бойы  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп 
келе  жатқан  ұлттық  тəлім-тəрбиенің, 
халықтық  педагогиканың  маңызы  ора-
сан.  Халықтық  педагогиканың  негізінде 
ұлттық 
сана-сезімді, 
ар-ожданды, 
ұлтжандылықты, 
отансүйгіштікті, 
қоғамдық 
жүйедегі 
ережелер 
мен 
ұстанымдарды,  ұлттық  рухты  ұрпақ  жа-
дына  тоқыту  жүзеге  асырылады.  Осыған 
орай белгілі педагог-ғалым К.Оразбекова 
«Иман  жəне  инабат»  еңбегінде: «Халық 
педагогикасының  негізгі  көздер  мақсаты 
–  бай  тарихи  тəжірибеге  сүйене  оты-
рып,  келер  ұрпақты  еңбекке,  өнер-білім 
машықтарын  меңгеруге,  отбасы,  ауыл-
аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы 
басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның 
белсенді  бет-бағдарын  қалыптастыру» 
[5. 29 б], – деп  тұжырым  жасайды.  Осы-
лайша,  халықтық  педагогиканың  тəлім-
тəрбиелік негізі ретінде  ата-ананы, үлкенді 
құрметтеу,  кішіге  қамқор  болу,  жағдайы 
төмен  адамдарға  қайыр  қылу,  əдептілік, 
парасаттылық,  адалдық,  шыншылдық, 
тектілік  сияқты  жəне  т.б.  қасиеттер  кең 
байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан 
буынға жалғасын табуда. Сонымен бірге, 
ұлттық  құндылықтар  мен  ұстанымдар 
жайлы  отбасында  қалыптасқан  көзқарас 
пен  көңіл-күй  көп  жағдайда  баланың 
есінде өмір бойына сақталынады. Сондай-
ақ, өсе келе оның мінез-құлқында көрініс 
тауып,  өмірлік  ұстанатын  бағытына  ай-
налуы да мүмкін. Бұған қазақ халқының 
ауыз  əдебиетіндегі  «Отан – қуат,  отбасы 
– шуақ», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны 
ілесің» жəне т.б. нақылдар дəлел.
Жеке 
тұлғаны 
қалыптастыру – 
объективті  процесс.  Ол  əр  адамның  бала 
кезінен  бастау  алуы  қажет.  Баланың  да-
муы  жəне  жеке  тұлға  болып  қалыптасу 
процесі отбасында негізделеді. Отбасында 
ата-анасы  жəне  өзге  де  отбасы  мүшелері 
баланың  тəлімді  де  тəрбиелі  болып 
өсуіне  ерекше  назар  аударатыны  анық. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  баланың  бойына 
жас  кезінен  ұлттық  тəрбие  мұраларын 
орнықтырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі, 
бала  жасынан  қалыптасқан  мінез,  тəлім-
тəрбие, 
қарым-қатынас 
қағидалары 
көбінесе  есейгенде  де  сақталынады. 
Сондықтан  əр  адам  өзінің  ар-намысын, 
қадір-қасиетін  жоғары  ұстап,  өзін-өзі 
тəрбиелей білуі керек. Өзін-өзі тəрбиелеуге  
əр  адамның  жақсы  қасиет  пен  талғамға 
үйренуінің негізінде өз бойындағы бағалы 
ізгі  қасиеттерін  жетілдіруі  жатады.  Олай 
болса, «моральдың  негізгі  міндеті – 
адамның  мінез-құлқын  тəрбиелеу,  осы 
арқылы  олардың  бойында  адамгершілік, 
əдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, 
сөйтіп  адам  мен  қоғам  арасындағы 
қатынасты  реттеу  болып  саналады» 
[5. 23 б].  Сөйтіп,  адамның  жеке  тұлға 

47
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
ретінде  қалыптасып,  даму  процесінде 
отбасының  рөлі  ерекше.  Отбасында 
тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалып, 
баланың  мінез-құлқының  негізі,  сондай-
ақ, оның еңбекке, қоғамдық-саяси ортаға, 
адамгершілік, идеялық-саяси жəне рухани 
құндылықтарға деген қарым-қатынасы да-
мып, жетіледі. Демек, адамның қоғамдық-
саяси жүйеге еніп, қатынасқа түсуі отба-
сынан бастау алады.  
Баланы  оқыту  мен  қоғамдық  жағынан 
тəрбиелеуде  де  отбасының  рөлі  ора-
сан  зор.  Өйткені,  жас  ұрпақ  өкілдерін 
терең  білімді,  жоғары  саналы,  биік 
адамгершілікті  болашақ  жеке  тұлға 
ретінде  қалыптастыруда  отбасындағы 
берілген  тəлім  мен  тəрбиенің  маңызы 
ерекше.  Отбасында  ата-аналар  балаларға 
өнегелі  іс-əрекеттерімен  үлгі  көрсетумен 
қатар,  оларды  өз  халқын,  барлық  адам-
зат  дүниесін  сүюге,  ана  тілін,  ұлттық 
жəне  жалпыадамзаттық  рəміздер  мен 
құндылықтарды біліп, маңызын түсінуге, 
қазақстандық отаншылдыққа, мемлекеттік 
рəміздердің  мəнін  ұғынуға  тəрбиелейді. 
Мұнымен қоса ата-аналар баласының са-
насы  мен  көзқарасын  қалыптастыруға, 
бағыт-бағдары 
мен 
ұстанымдарын 
жетілдіруге  атсалысады.  Бұл  ретте  қазақ 
зиялысы М. Арын: «Грек ғұламаларының 
айтуына  қарағанда,  адамның  белгілі  бір 
ұлтқа, халыққа тəн екендігін айқын сезіну 
үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі 
тиіс. Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы 
білуі қажет. Екіншіден, сол ұлттың дінін 
терең  меңгергені  жөн.  Үшіншіден,  сол 
ұлттың  дəстүрін  толық  бойына  сіңіруі 
тиіс.  Төртіншіден,  сол  ұлттың  тарихын 
бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, 
сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын 
жақсы  білуі  парыз.  Осындай  бес  си-
паттаманы  бойына  дарытқан  адам  ғана 
сол  ұлттың  толық  қанды  өкілімін  деу-
ге  құқылы  дейді  грек  ойшылдары...  Де-
мек, өзіңді өзің білгің келсе, өз ұлтыңды 
тереңнен  танығың  келсе,  онда  жоғарыда 
тізбелеген  бес  шартты,  бес  анықты 
жақсы  білуің  керек.  Бұларды  дұрыстап 
түсініп,  парызға  балап,  баршамыз  бүге-
шігесіне дейін білуге ұмтылсақ, оның өзі 
бір  құдірет  болар  еді», – деген  ұйғарым 
жасаған [6. 13, 14 б]. Білікті ғалым өз пай-
ымдамасын одан əрі былайша түйіндеген: 
«Адам  дүниені  тануды,  өмірді  тану-
ды,  ең  алдымен,  өзінен  бастауы  керек... 
Бұлар  туралы  əңгімелеп  отырғандағы 
мақсатымыз – ұлттық  қасиеттерімізді 
осы  бес  сипат  арқылы  танып-білу.  Тану 
дегеніміз  аяқталатын  процесс  емес. 
Өзімізді  өзіміз  танығанда  өзімізді  таны-
ту  үшін  тануымыз  керек.  Біздің  жақсы 
жақтарымыз  да  бар,  осал  тұстарымыз 
да  жеткілікті.  Соның  күшті  жақтарын, 
яғни  ұлттық  қасиеттердің  бүгінгі  та-
лаптарына  сəйкес  келетіндерін  түгелдей 
іріктеп  алып,  соны  байытып,  дамытып, 
басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық 
деңгейімізді көтере білу. Өзіміздің жақсы 
қасиеттерімізді басқаларға танытқан кез-
де жетіспей жататын тұстары болса, онда 
басқа  ұлттардың  тамаша  қасиеттерін 
бойымызға  сіңіру  үшін  де  өзімізді  та-
нуымыз  керек.  Бұл – үлкен  мақсат» [6. 
54  б].  Міне,  осылайша  отбасында  жас 
жеткіншектердің  адами  бет-бейнесін, 
адамгершілік  қалпы  мен  жеке  тұлғалық 
болмысын  қалыптастыруға  жан-жақты 
негіз  салынады.  Осы  орайда  өсіп  келе 
жатқан  жас  ұрпақты  қазақ  қоғамындағы 
Майқы  бидің  «Түгел  сөзі»,  Əз  Жəнібек 
ханның 
«Əдет-ғұрыптары», 
Қасым 
ханның «қасқа жолы», Есім ханның «Ескі 
жолы» мен Тəуке ханның «Жеті жарғысы» 
сияқты мемлекет атынан заң дəрежесінде 
қолданылатын 
маңызды 
ережелерге 
сүйене  отырып  тəрбиелеудің  маңызы 
айрықша. «Жеті жарғы» – бұл құқықтық, 
əдет-ғұрып ережелері жинақталған заңдар 
жүйесі. Онда қоғамның саяси-əлеуметтік 
құрылымындағы  басқару,  билік,  мүлік 
заңы,  қылмыс  заңы,  елшілік,  əскери, 
жұртшылық  заңы,  жер  дауы,  құн  дауы 

48
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жайындағы қарым-қатынастар мəселелері 
қарастырылған.  Яғни, «Жеті  жарғы» – 
қазақ əдет-ғұрып заңдарының жинағы. 
Қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістерді 
жүзеге  асырушы  ірі  реформатор – Тəуке 
хан (1680-1718 ж.ж.)  болды.  Ол  «Халық 
кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты ор-
ган  ретінде  қалыптастырып,  олардың 
мемлекеттік  құрылымдағы    рөлін  арт-
тырды.  Сөйтіп,  адам  мен  қоғамның  ара 
қатынасының 
негізгі 
ұстанымдарын 
айқындады.  Қазақ  елінің  ғасырдан 
ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік 
билігінің  даму  тарихында,  ұлттық 
тəрбиеге  негізделген  ел  басқаруда  билер 
институтының  алатын  орны  ерекше.  Би-
лер институты –шынайы  халықтық үлгіде 
құрылып,  ежелден  елдік  əдет-ғұрыпқа 
негізделген  дəстүрлі  құқық  нормаларын 
берік  ұстанған  тəуелсіз  сот  жүйесі.  Би – 
халыққа  сот  төрелігін  турашылдықпен 
жүзеге асыруда əділ билігімен танылған, 
соттық  функцияны  атқаратын  қызметші. 
Қазақтардың дəстүрлі саяси өмірінде жеке 
тұлғаны  күштеп  басқару  жүйелері,  яғни, 
түрмелер  мен  азаптау  орындарының, 
сондай-ақ,  қатаң  бақылауға  негізделген 
мемлекеттік  биліктің  болмағаны  белгілі. 
Қазақ  қоғамында  өлім  жазасы  өте  си-
рек  қолданылып,  негізінен  жазалау  айып 
салу  тұрғысында  жүзеге  асырылған. 
Жалпы көшпелі қазақ тіршілік əрекетінде 
басқа  адамдарға  қарағанда,  қоршаған 
ортаға  тəуелді  болып  келді.  Сондықтан 
да  бостандық,  жеке  бастың  еркіндігі, 
өзіндік  қадір-қасиетін  жоғары  ұстау 
сезімі  оның  табиғи  тұрмыстық  болмысы 
мен  көзқарасында  орныққан.  Осылайша, 
Қазақ  хандығының  саяси  құрылымында 
басқа  ұлт  аймақтарына  қарағанда  дала 
демократиясы  қалыптасқан.  Бұл  жайт 
қазақ  халқының  қатал  билік  жүйелеріне 
тəуелсіздігінен,  адамға  жеке  тұлға 
ретінде  түсіністікпен  қарым-қатынас  жа-
саудан,  жеке  билікке  бағынушылықтың 
болмауынан  көрінеді.  Бұған  қоса  қазақ 
қоғамындағы кез келген қоғам мүшесінің 
билеуші  топтың  алдында  өз  ой-пікірін 
еркін  білдіру  құқығы  баянды  етілген. 
Мəселен, «бас кеспек болса да, тіл кеспек 
жоқ» деген қазақ нақылы осының дəлелі.  
Яғни,  қазақтардың  дəстүрге  негізделген 
саяси  өміріндегі  билер  соты  өзіндік 
мəні  бар,  дəйекті  əрі  əділетті  шешімдер 
қабылдаған институт болған. 
Айта кетерлік маңызды жайт, бұрынғы 
билер  бүгінгі  мемлекеттік  биліктің 
функциясын  атқаруға  қатысып,  заң 
шығарушылық,  билік  айтып,  ел  басқару 
қызметінің  барлық  түрлеріне  араласқан. 
Олар  қазақ  еліндегі  түрлі  ұлыстар  мен 
ру-тайпаларды  басқару  мен  оларды  би-
леуде, ел мүддесі мен бірлігін қамтамасыз 
етуде  көшелі  іс,  даналық  ойларымен 
хан,  сұлтандар  мен  бектерге  түзу  бағыт 
беріп  отырған.  Ұлттық  идеологияны 
қалыптастыруда, ел басқаруда туындаған 
шиеленістерді  ақыл-парасатпен  шешуде, 
ұрпақ  бойында  ұлттық  қасиеттерімізді 
егуде  жəне  халықты  отаншылдық  рухта 
тəрбиелеуде шешен-билердің зор маңызға 
ие болғандығы даусыз жайт. Билер ел басы-
на қиыншылық туған кезеңдерде халыққа 
пана  болып,  қорғаушы  əрі  қолдаушы 
қызметін  де  абыроймен  атқара  білген. 
Бұған  халық  жадында  сақталған  «Елге 
бай құт емес, би – құт», «Қабырғадан қар 
жауса,  атан  менен  нарға  күш,  Ел  шетіне 
жау  келсе,  қабырғалы  биге  күш», «Би – 
хан  біткеннің  қазығы,  бұқара  жұрттың 
азығы»  деген  даналық  сөздер  дəлел.  Со-
нымен,  қазақ  қоғамындағы  билер  инсти-
туты – мемлекеттік  мүдде  үшін  ежелгі 
антикалық дəуірден ХХ ғасырдың басына 
дейінгі аралықта мемлекеттік билік сала-
сын  жəне  əділ  сот  жүйесін  жүзеге  асыру 
мен  дамытуға  өлшеусіз  үлесін  қосқан  ірі 
тұлғалар  болып  табылады.  Сондықтан 
ұрпағының  қамын  ойлаған  ойшыл-
даналардың,  шешен-билердің  өнегелі 
тəлім-тəрбиесін  бала  бойына  дарытудың 
мəні зор.  

49
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
Демек,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
ұлтымыздың  бойындағы  үлкенді  сый-
лау,  кішіге  ізет  көрсету,  адамдар-
мен  қарым-қатынас  жасауда  байып-
ты  қылық,  биязы  мінез  таныту  сияқты 
ұлттық  қасиеттеріміздің  ұрпақ  бойын-
да  қалыптасуы  қоғам  игілігі  үшін  өте 
маңызды.  Өйткені,  ұлттық  дəстүрге  де-
ген  саналы  көзқарасы  қалыптасқан,  ар-
ƏДЕБИЕТТЕР:
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13-14б.
2. Əл-Фараби. Бақытқа жету жайында//Əл-Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: 
Ғылым, 1975. - 420 б. 
3.  Əл-Фараби.  Бақыт  жолын  сілтеу//Əл-Фараби.  Əлеуметтік-этикалық  трактаттар. – Алматы: 
Ғылым, 1975. - 17 б.
4. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
5. Оразбекова К. Иман жəне инабат. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 152 б.
6. Арын М. Бес анық (тəрбие туралы толғамдар). – Алматы: «Арыс» баспасы, 1996. -120 б. 
Резюме 
В статье рассматривается роль семьи в развитии национального воспитания. 
Summary 
The article discusses the role of families in the development of national education.
намысы берік жас ұрпақ қана кейін өзінің 
Отан алдындағы, халық алдындағы пары-
зын  адал  орындап,  адамзат  бақыты  мен 
ел игілігі үшін қызмет ететіні сөзсіз. Ал, 
біздің  міндетіміз – отбасындағы  əрбір 
баланың  жадына  сəби  шағынан  бастап 
ұлттық тəрбие негізін егу болып табыла-
ды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет