Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде
ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.
1 теңгеде –
Әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде –
Әбілхайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Жеке жұмыс: дидактикалық-танымдық
тапсырмалар
Сабақты пысықтау: Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп көрейік.
-Ақша деген не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)
-Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)
-Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
-Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
-Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)
-Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық фабрикада)
Мақал – сөз мәйегі.
1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
2.
Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.
Түйін сөз: Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.
2 дос саябақта келе жатып,
біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:
- Оны қайтесің,
оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:
- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру –
өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.