21
Секс ғажап, біз үшін секспен айналысу ішіп-жеу сияқты қалыпты жай.
Бір сәтке
жаратылыстың шексіздігін көзімізге елестетейік. Бізге мұндайды көзге елестету тіпті,
қиын да. Ал Кеңістік ішінде көп галактикалар бар. Күнді көп планеталар айналып
жүреді, олардың арасында Жер бар. Барлық Кеңістікті жаратқан Күштің – біздің
жыныс
мүшемізді бағып отырған бұлттан биікте отырған шал екенін көзімізге елестету маған
өте қиын! Дегенмен де бізді бала кезімізде осылай үйретті. Бізге бұл ақымақтықтан
арылу өте маңызды. Бірақ та мені дұрыс түсінбей қалмаңыз.
Мен ешқашан кез
келгенмен болатын еркін сексті насихаттамаймын. Біздің ережеміздің көбісі ескірді,
сондықтан
көбісі оларды бұзып, екіжүзді бола бастады. Біз санамыздағы сексуалдылық
кінәсін жойып, адамдарды өзін және басқаларды сүю мен құрметтеуге үйреткенде ғана
олар ең жоғарғы – Мейірім мен Қуаныштың атынан автоматты түрде өмір сүре
бастайды. Біздің барлығымызда да, өзімізді жек көру мен өзімізден жиіркенуіміздің
әсерінен сексуальдылыққа байланысты проблема өте көп.
Сондықтан да біз өзімізге де,
өзгеге де нашар көзқарастамыз. Мектептерде сексуальды ағарту жан жақты
жүргізілмейді. Біз балаларға олардың денесі, жыныс органдары және сексуальдылығы
қуаныш үшін жаратылғанын өте терең деңгейде түсіндіруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: