Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

«Мен өзімді мақұлдаймын»
деп жиі айтыңыз. Бұны күніне 300-400 
рет қайталаңыз. Қаншама көп айтсаңыз, соншалықты жақсы. Бұл сөз қашан да сізбен 
бірге жүрсін, сіздің дұғаңыз секілді болсын. Бұл сөз сіздің санаңызға қарсы 
тұрғандардың бәрін анықтап береді. «Осынша семіз бола тұрып, мен өзімді қалай мақұл 
көре аламын?» деген теріс пікір келгенде, немесе «Осы маған жәрдем береді» деп 
ойлаудың өзі ақымақтық деп ойлағаныңызда барып, сіз үшін өз ойларыңызды 
бақылауға алатын уақыт келді дей беріңіз. Бұндай ойларға назар аудармаңыз. 
Ол 
ойларды сол күйінде қабылдаңыз 
да, жөніне жіберіңіз. Бұндай ойларға: «Мен сізді 
бос жібердім және өзімді мақұл көрдім» деңіз. 
Кейбіреулер, бұл жаттығу ақымақтың ісі және мұнда ешқандай мағына жоқ деп 
ойлайды. Мейлі, бұндай ойлар да сіздің санаңыздан өтіп кетсін, егер сіз өзіңізге оларды 
таңдамасаңыз, олар сізге ешқашан билік ете алмайды. 
Бұндай ойлар – сіздің уақытқа 
қарсылығыңыз.
Ештеңеге қарамастан жалғастыру керек. Өзгелер сізге не десе де көңіл бөлмеңіз. 
Егер сіз, біреулер өзіңіз мақұлдамаған нәрсені жасап жатқанда, осы сөздерді қайталай 
алған болсаңыз, онда сіз рухани өрлеу үстінде екеніңізді ішіңізбен сезесіз.
Біз өз ойларымызды өзімізге бағындырғанымызша, олар бізге билік ете алмайды. 
Өз ойларымыз ешқандай мағынаға ие бола алмайды. 
Біз оларға мағына береміз, 
сондықтан қандай мағына беретінімізді біз, тек қана біз таңдауымыз керек.
Өзімізді өзіміз сезінуіміздің бір бөлігі өзгелердің пікірінен арылу болып табылады. 


26 
Егер мен сізге ұдайы «ақшыл көк шошқа» десем, сіз маған күлер едіңіз немесе мені 
ақымақ санар едіңіз. Сіз оған ешуақытта сенбеген болар едіңіз. Біздің өзімізге 
айтатындарымыздың да көбісі осы секілді шындыққа жанасымсыз. Егер біз өзіміздің 
бағамыз бойымыздың ұзындығына байланысты дегенге сенер болсақ, онда біз бос 
далбасаға сенген боламыз. Біз өз кемшілігіміз деп жиі ойлайтын нәрсеміз, мүмкін 
біздің жеке қабілетіміздің көрінісі шығар. Біздің ерекше қасиетіміздің өзі осы болар. 
Жаратылыс өзін ешуақытта қайталамайды. Табиғат жаратылғалы бері бір біріне 
ұқсаған қар ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы болған емес. Әрбір түймедақ бір-біріне 
ұқсамайды. Біздің саусақтарымыздың ізі де біз секілді әртүрлі. Табиғат солай жаратқан. 
Егер сіз осы ойды қабылдай алсаңыз, онда сіз өзіңізді өзгелермен ұдайы салыстыра 
бермейтін боласыз. Біреуге ұқсас болуға тырысу - өз жаныңызды бағаламау. Біз бұл 
планетаға келгенде өзімізді көрсете білу үшін келгенбіз. Мен де өзімнің рухани 
ізденістерімді бастағанша өзімнің кім екенімді білмегенмін. 
Демек, бізді бақытсыз ететін ойларды қуып шығуымыз керек, бізге ұнаған 
істермен айналысайық, бірге жүргенде өзімізді жақсы сезінетін адамдармен бір 
жүрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет