Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Ақылды жаттықтыру 
Өзіңді сынау
– бұл өз «мылжыңыңызды» автоматты түрде іске қосу, немесе 
латынша «едо» («бұл») аталатын нәрсе. Сіз ойыңызды өзіңізді үнемі қорлауға және 
өзгерістерге қарсылық жасауға жаттықтырғаныңыз соншалық, оның сізге не айтқанына
көңіл бөлмеудің өзі қиын.
Бұрын суреттелген жаттығуды жасаймыз. Айнаға қараңыз да өзіңізге: «Мен 
өзімді осы қалпымда сүйемін және құрметтеймін» деп айтыңыз. Бұны айтқанда сіз 
өзіңізді қалай сезінесіз? Мүмкін, жұрттың бәрін және өзіңді кешіргеннен кейін сізге 
әлдеқайда жақсы болған шығар? 
Өзімді өзім жоққа шығарған күндері, кейде өзімді шапалақтаушы да едім. Мен 
ол кездері өз-өзіңді қабылдаудың мәнін білген жоқпын. Менің басқа бірдеңеге 
қарағанда, өзімнің жетімсіздігіме деген сенімім күшті болатын. Егер біреу маған мені 
сүйем деп айтса, менің табан асты реакциям: «Неге? Ол менен нені көрді?» болатын.
Немесе мендегі: «Егер шын мәнінде менің кім екенімді білсе, олар мені сүймес еді» 
деген классикалық ой. Мен бұл кезде біздің сыртқы «Меннен» өзгеше, өміріміздегі 
барлық жақсылықтар ішкі «Менді» қабылдаудан басталатынына шүбәланған жоқпын. 
Сыртқы «Мен» - бұл біздің бұрынғы бағдарламаларымыздың нәтижесі болып 
табылатын біздің іс-әрекетіміз ғана. Ішкі «Мен» - Бұл Құдаймен арадағы үзілмейтін 
байланыс, өмірдің бағасыз сыйы. Бұл кітапта сөз тек қана ішкі «менге» деген махаббат 
жөнінде болады. 
Мен өзімнен жақсы қасиеттер іздей бастадым, бұл менің өмірімді күрт 
өзгертті. Денсаулығым әлдеқайда жақсарды. Мықты денсаулық өзіңе деген 
махаббаттан басталады. Бұл өзара қарым-қатынасқа, творчестволық бейімділіктерді 
дамытуға, байлыққа да қатысты. Кейінірек, өзімдегі барлық, тіпті, оншалықты «жақсы» 
болып көрінбеген қасиеттерді де сүйіп, мақұлдадым. Сонда, тек сонда ғана менің
өмірімде айтарлықтай прогресс басталды.
«Мен өзімдегінің бәрін мақұлдаймын» жаттығуы 
Мен бұл жаттығуды жүздеген адамға ұсынамын, ал нәтижесі адам сенбестей. 
Келесі ай бойына: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет