8
бұлай түйіндеу қарабайыр боп көрінуі мүмкін, бірақ менің
өзім оны көрдім және өз
басымнан өткердім.
Біз өткен уақытқа деген өз қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз
Өткен уақыт мәңгілікке кетті. Бұл факт және бұған ештеңе істей алмайсың.
Бірақ өткен уақытқа деген біздің ойымызды өзгертуге болады.
Сізді баяғыда біреудің
ренжіткені үшін қазіргі сәтте өзіңді-өзің жазалау қандай ақымақтық болып көрінеді.
Мен реніш сезімдері кернеген өз клиенттеріме: «Салыстырмалы түрде жеңілдеу болып
тұрғанында реніштеріңізден қазір құтылуларыңызды өтінемін. Хирургтің пышағының
сіздің үстіңізден төніп тұрғанын немесе табытта жатқан сәтіңізді күтпеңіз.
Онда сізге
үреймен қоңсы қонуға тура келеді. Үрей жағдайында жазылу туралы ойға көңіл бөлу
өте қиын болады. Бірінші біз өз қорқынышымыздан құтылуымыз керек» деп кеңес
беремін.
Егер біз дәрменсіз құрбанбыз және біздің өмірімізде барлығы да баянсыз деген
танымды ұстанатын болсақ, онда Жаратушы біздің танымымызды қолдайды да, біздің
өміріміз қоқысқа айналады. Бұлардың барлығы да ешкімге ешқандай пайда әкелмейтін,
жартыкеш кертартпа пікір екенін түсіну біз үшін өте маңызды.
Тіпті Құдай туралы да
ол біздің жағымызда, бізге қарсы емес деп ойлау керек.
Өткеннен азат болу үшін кешіруге дайын болуымыз керек
Өткеннен өзіңді өзің
азат ету мен жұрттың бәрін, әсіресе өзіңді өзің кешіру үшін
біз өзімізге таңдау жасауымыз керек. Біз қалай кешіруді білмесек те, бірақ мұны қатты
қажет етуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: