Баспадан Қара нанның дәмі Алғашқы тәлімгерлер Ыстық стаж Тұйық шеңбер Мәселелер осылай шешілетін Уақыт перзенттері Ескі екпін күшімен Біреудің қатесі үшін біреу



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата28.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2871
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оглавление
Баспадан
Қара нанның дәмі
Алғашқы тәлімгерлер
Ыстық стаж
Тұйық шеңбер
Мәселелер осылай шешілетін
Уақыт перзенттері
Ескі екпін күшімен
Біреудің қатесі үшін біреу күйіп...
КАЗАҚСТАН ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ССР ОДАҒЫ
РЕСПУБЛИКАЛАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСТЕРІНЕ ҮНДЕУІ
2

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
ƏДІЛЕТТІҢ АҚ ЖОЛЫ
Нұрсұлтан Назарбаев: əділеттің ақ жолы:— Н 17 Алматы: Қазақстан,
1991.— 288 бет.
Құрметті оқырман! «Қазақстан» баспасы Сіздің қолыңызға Қазақ
ССР-інің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың
«Əділеттің ақ жолы» атты кітабын ұсынып отыр. Онда қоғамымыз
бүгінгі таңда басынан кешіріп отырған дағдарысты кезеңнің көптеген
көкейтесті мəселелері сөз болады — Сіз Президенттің тереңнен қозғаған
ой-толғаныстарымен танысасыз, өзіңіздің ойыңыздан шықпай жүрген
алуан түрлі сұрақтарыңызға нақты жауап табасыз. Қазіргі қысталаң
жағдайда тура жол тауып ілгері басу мүмкін бе? Егер мүмкін болса, не
істеп, не қоюымыз керек — міне, Президент Сіздің алдыңызға осы
мəселелер жөніндегі өз ойлары мен нақты жоспарларын бүкпесіз жайып
салады. Əсіресе қазіргі нарықтық экономикаға көшу проблемалары жан-
жақты сөз болады. Ал мұның бəрі Сізді де, Сіз сияқты миллиондаған өзге
адамдарды да дəл қазір ойландырмай, толғандырмай қоймайды. Олай
болса, Президент халықпен, соның ішінде Сіздің Өзіңізбен де сырласьш
3

ақылдасып отыр деген сөз.
Кітапта автордың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері де,
соңғы 20—30 жыл ішінде елімізде, соның ішінде əсіресе Қазақстанда болған
саяси жəне экономикалық өзгерістер туралы оның жеке өзінің пікірлері де,
белгілі саяси жəне қоғам қайраткерлеріне берген бағалары да бар. Мұның
бəрі де туған республикамыздың өміріне, ондағы нақты жағдайлар мен
проблемаларға, оларды шешуде кездескен қиындықтарға, қателіктерге,
оларды жою жолындағы принципті күреске тікелей байланысты
тартымды баяндалуы кітаптың əрбір қазақстандық үшін құндылығын
арттыра түседі,
«Əділеттің ақ жолы» қалың оқырман қауымға арналған.
Баспадан
Біздің қазіргі шағымызда оқырманға өз өміріміздің ең қиын тұстарын
қамтитын жаңа саяси кітап ұсына қою оп-оңай нəрсе емес. Оқырман қажып
бітті. Бірақ ол кез келген өркениетті қоғамға тəн табиғи, тіпті керек десеңіз,
қажетті ақпарат атаулының көптігінен емес, қайта оның қандай сипатта
екендігінен мезі болған. Алуан түрлі айыптаулар мен əшкерелеулердің
нөсерлі дауылдай жойқын күші, митингілер алаңдарында ғана емес,
сонымен қатар отбасы, ошақ қасында да қызбалықты күшейте түсетін,
бəрін де құлатуға, бəрін де жоюға шақырған ұрандар, белгілі саяси
жетекшілер мен тұтас бір саяси топтардың сезім қылын шертетін
мінездемелері (көбінесе кəдуілгі таңбалау) жөнінде күн сайын болып
жататын өзара пікір алысулар қаншама десеңізші... Дегенмен кез келген
адамды кəдімгі қалыпты жағдайынан ауытқытуға қабілетті нəрсенің бəрін
бірдей тізіп шығу тіпті қиын. Ал, неғұрлым сезімтал деген, шын мəнінде
4

кімнің демократ, кімнің либерал, кімнің консерватор, кімнің реакционер
екенін бар ниетімен түсінгісі келеді деген адамдардың өздері де оң жақтың
қайда, сол жақтың қайда екенін баяғыда-ақ ажыратудан қалған.
Олар үрей мен өкініштен, тұйыққа тірелу сезімінен қажыды.
Біреудің жуан білегіне үміт арту сияқты қатерлі дерттің қайталану қаупі
адамдардың неғұрлым жақсы тұруды қаламағандығынан емес, қайта бұдан
да жаман жағдайға душар болар ма екенбіз деген қорқынышынан туады.
Өйткені жағдай енді сəл нашарласа, одан əрі нашар болуы да мүмкін емес
дəрежеге жетті. Сондықтан да ең болмаса аз ғана аялдап, айнала
төңірегімізге көз жүгіртетін кез келген жоқ па: біз өзіміз қайдан келіп, қайда
тоқтадық, кім болдық, бұрынғыша қараңғылық құшағында «ескі дүниенің»
сынықтарына сүрініп-қабынып ілбіп қана бара жатқан жоқпыз ба,
алдымыздан жарық сəуленің белгісі біліне ме?
Міне, тап осындай қажеттілік — аз ғана аялдап, айнала төңірегімізге
көз жүгірту қажеттілігі —«Молодая гвардия» баспасын өзінің мақсаты
жағынан əдеттегіден біршама өзгеше осы кітапты шығаруға итермеледі.
Сіздің қолыңызға тиген кітап — өмірбаяндық баяндау да емес, белгілі бір
тақырып төңірегіндегі сұхбат та емес. Біз бұл кітаптың кейіпкеріне өзі
туралы айтуды қажет деп санайтын нəрсенің бəрін де қамтуды ғана
ұсындық. Бірақ сонымен қатар оған əдетте теледидар экраны алдында
отырған, газет не кітап оқып отырған кезімізде өзімізге өзіміз жиі-жиі ойша
қоятын, бірақ бəрібір жауапсыз қала беретін сұрақтарды қою құқын сақтап
қалдық.
Еліміздегі қазіргі саяси жетекшілердің арасында біздің таңдауымыз
неге Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа түскенін алдын-ала түсіндіріп
жатуды қажет деп санамас та едік. Бірақ бір нəрсенің басы ашық, мұның
себебі Советтік Қазақстанның тұңғыш Президентінің өз республикасында
да, бүкіл елімізде де, шетелде де кеңінен танымал болып отырғандығында
ғана емес. (Сөз реті келгенде айта кетейік, оның халық арасында жəне түрлі
саяси күштер арасында ие болған жоғары рейтингіне өзінің мемлекеттік
қызметін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
міндетімен ұштастыра жүргізуі кедергі жасап жүрген жоқ.) Кеңінен
танымал болудың да түр-түрі бар екені айдай анық нəрсе. Біздің
көзқарасымыз бойынша, ең жаман нəрсе — кеңінен танымал болудың қара
бастың қамын ғана жеуге айналып кетуі. Ондай кезде мақсатқа жету үшін
кез келген құралды пайдалануды ақтап алатын белгілі заң күшіне енбей
5

тұра алмайтыны сөзсіз. Ал нағыз кеңінен танымал болу дегеніміз əрқашан
өзге мақсаттарға, адам үшін өзінің жеке басының «менінен» мейлінше
жоғары тұратын теңдесі жоқ асыл қасиеттер мəн-мағынасына айналатын
абзал мақсаттарға ұдайы талпынудың нəтижесі болып табылады. Бірақ біз
Н. Ə. Назарбаевпен оқырмандарымыздың көпшілігінен гөрі неғұрлым
жақын таныс бола тұрсаң да, оның жеке басының қасиеттері мен
адамгершілік абырой-атағы жөнінде өз пікірімізді өзгелердің қай-
қайсысына болса да таңуға құқымыз жоқ деп санаймыз. Бұл кітаптың
беттерінен əркім-ақ өзінше терең ой толғауына жəне өзінше қорытындылар
жасауына қажетті елеулі мəселелер таба алады ғой деп үміттенеміз.
Қоғамдық жəне саяси өмірде қазіргі жүріп жатқан процестердің жеделдік
сипатын ескере отырып, бұл кітаптың жазылған уақытын, сонымен қатар
қайда жазылғанын көрсете кетейік: 1991 жылғы наурыз-сəуір айлары,
Алматы қаласы
ара нанны  д мі
Əуел баста ақынның: «Бұл дүниеге оның қатерлі шағында келген
кісі шадыман» деген сөзін түсіне қоймағанымды мойындаймын. Бəлкім,
нағыз жырсүйер қауым мұныма ден қоймас, ал енді əдеби сыншылар
менімен тіпті келіспес те, дегенмен қазір маған Федор Иванович Тютчев
жұмыр басты пенденің өмірдегі сəулелі жақтарды ғана емес, сонымен қатар
оның қайшылықтарға толы көлеңкелі жақтарын да алғыс айта қабыл
алуына мүмкіндік беретін айрықша бір шуақты шақты айтқан сияқты
көрінеді. Онда тіршіліктің аса биік жəне ақырына дейін түсініп болмайтын
мəн-мағынасы жатқандай. Бəлкім, бұл қараңғы түнекте ұзақ уақыт адасып
жүріп, біз бен сізге ұқсап, тескентаудың ар жағында жарық барын əлі
көрмесе де ойша сезініп, қайдан келіп, қайда баратынын бағдарлаған, əбден
арып-ашыған, ауыр жолының түпкі мақсаты қандай екенін ұғынған
жолаушының жағдайы секілді шығар.
Қазір біз табан жолымызды түк көрмей, қарманып жүріп табудан
арылып келе жатқандаймыз. Бірақ əлі де тайып кетудің, таптаурын болған
бұлтарысты бұралаң жолға түсіп кетудің қаупі зор. Бұндай сəттерде
өткеннің тағлымы туралы тəптіштеу дəстүрге айналған дерлік. Ал мен үшін
қазір көп айтып, қызыл кеңірдек болыса беретін өткен шақ — бұл ең
6

алдымен менің өз тағдырым, менің жақындарымның тағдыры.
Қазақта жеті атасын білмеу мүлде ұят. Сондықтан да қазір тіпті
қаладағы пəтерде кішкентай немерелеріне олардың атасы, атасының атасы,
бабалары мен арғы тегінің кім екенін жəне кім болғанын ыждаһатпен
айтып отыратын ақ шашты əжелер аз емес. Қазақтарды өткен күнмен
байланыстыратын бұл халық дəстүрі, зерденің басқа да қуатты тамырлары
болмаса, олар осы ғасырдағы баса-көктей өктемдеп енген мидай араласып
кету əрекеттеріне қарсы тұра алмаған болар еді. Бірақ, бұл айрықша əңгіме.
Біздің зердеміз, əсіресе күйінішті сəттерде, алыста қалған балалық
шақтың көріністерін ойға оралтатыны кездейсоқ болмаса керек. Сəби
зердесі дүниені неғұрлым табиғи қалпында қабылдап, тіпті ең ұсақ-түйек
дейтін, бірақ ең қасиетті жайларды есте сақтап қалуға қабілетті деген сөз
бекер емес шығар. Маған қазір Қазақстанның соғыстан кейінгі, əсіресе мен
ересек тартқан елуінші жылдардағы тағдырын көз алдыма келтірудің
оңайлығы сондықтан да болар. Қалай десек те, есімде қалған ең əуелгі
əсерлерімді, бəлкім, Алатау жоталарының ғажайып сұлулығын суреттеуден
бастағаным жөн болар еді. Əйтсе де, басқа бір сезім — ұдайы аш-құрсақ
жүруім санамда күштірек жатталып қалыпты.
...Мені құлқын сəріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы
қалашығындағы (қазір онда Қарғалы мəуіті-шұға комбинаты бар) ертеңгі
сағат алтыда ашылатын дүкенге уақтылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға
шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұрамын. Егер алды-артымда
тұрғандар тыныш болып, мені кезектен итеріп шығарып жібермесе, ұлы
сəскеде нанға ілігемін. Қап-қара нан, салмақты, колды сəл батырсаң,
қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке əкелу үшін
кезекке екі, кейде үш қайтара тұратын едім. Мұндай нанды ұзақ сақтауға
болмайды. Бөлкелерді турап-турап, кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл
бəріміз үшін зор қуаныш болатын. Алайда анда-санда — сиыр бұзаулағанда
нағыз мейрамға кенелетінбіз.
Əдетте оның сүтін талшық ететінбіз. Айран ұйытып, жүгері
талқанын шылап жейтінбіз. Егер сол нəпақа болмағанда күніміз қараң
болатыны кəміл еді. Біздің үй ғана емес, айнала төңіректегілердің бəрі
осылай тірлік ететін.
Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір
нəрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет
іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен —
7

қойшылардың ұлымын, немересімін жəне шөбересімін. Демек, ешқандай
ақсүйектер əулетінен емеспін.
Менің ата-бабаларым Алатау баурайында, қазір Алматы
облысындағы Қаскелең ауданының құрамына енетін Шамалған ауылында
өмір сүрген. Бағзы заманнан бері қарай басқа да көптеген халықтар секілді
қазақтар да балаларына фамилия етіп əкесінің ныспысын беретін болған.
Біздің кей жерлерде жəне жалпы Шығыста бүгінде де осылай етіп жүр.
Егер біздің əдет-ғұрпымыз қазіргі паспорт жүйесіне кереғар келмегенде
мен Назарбаев емес, Əбішев болып жүрер едім.
Атам да, жалпы оның əулеті де, іс жүзінде далалық емес, таулықтар
еді. Бұның өзі Қазақстан үшін мүлде тың құбылыс болатын. Олар таудағы
жайлаудан етекке сирек түсетін. Тау шатқалдарын қыстап қалатын кездері
де болатын. Бірақ Назарбай кенет дүние салғанда үйелмені ойға түсіп,
отырықшылық өмірді бастауына тура келіпті. Ол менің əкемнің не бары
үшке толған кезі екен. Ал он бір жасында Əбішті ауқатты орыс үйіне жалға
орналастырыпты. Бұл тұста біздің ауыл сол жылдардың өзінде əр түрлі
ұлттар мен ұлыстардың аралас-құралас мекені болғанын атап өткен абзал.
Қаскелең өзенінің бір бетінде қазақтар, екінші бетінде — Орталық
Ресейден, Доннан қоныс аударушылар, украиндар тұрып жатты. Олар тату-
тəтті өмір сүрді, жер де, су да бəріне жететін...
Жасөспірім жетімек аса шаруақор, қайырымды адамдарға тап
болыпты — олар Никифоровтар еді. Ол орысшаны тез үйреніп,
шаруашылыққа төселіп алады, іскерлігінің арқасында барған сайын
таптырмайтын қызметкер болыпты. Əкем етік тігіп, жер өңдеп, диірмен
жүргізіп, жəрмеңкеде ұтымды сауда-саттық жасай да білетін. Жəне де ол
орыстың, қазақтың əндерін кұйқылжыта салатын. Əйелі Əлжан да өзіне
бап қосылған. Рас, ол да жетім екен, бірақ шынтуайтында, ауылда əн
салып, өлең шығаруда оған ешкім тең келмейтін. Олардан аз да болса маған
да бір нəрсе жұғыпты — əлі күнге дейін домбыраның құлағында ойнауға
бармын.
Əрине, ол жылдар ешкімнің қағанағын қарқ, сағанағын сарқ қылған
емес, əн мен биге ілуде бір қол тиетін. Əкем айтатынындай, арқа еті арша,
борбай еті борша болғанша еңбек етуге тура келіпті. Алайда, «еңбек ет те,
міндет ет» деген ғой. Қожайын Никифоровтың əулетінде үш ұл бар екен,
бірақ барлық мəселеде оларға басшылық жасау Əбішке жүктелетін
болыпты. Еңбекақы да əділ беріліп, əкемнің орыстардан ешқашан меселі
8

қайтып көрмепті. 29-шы жылдың қатерлі көктемі келмегенде, қазақ пен
орыс əулеттері, бəлкім, осылай зейнетті еңбек қаракетін кешіп, өмір сүре
берер де ме еді. «Коллективтендіру» деген тіл сүріндіретін түсініксіз сөзді
шамалғандықтар тұңғыш рет сонда естіген болатын. Қазақтар өздері үшін
«феодализмнен бірден коммунизмге өту» заманы басталғанын үш ұйықтаса
түсінде де көрмеген еді. Əйтсе де Қаскелеңнің арғы-бергі жағасындағы
мықты қожалықтар ыдырап, мал-мүлікті тəркілеу туралы қара қауесет
жайылғанда түйткілдің қайда екенін тез түсінді.
Колхоз белсенділері алдымен Никифоровтың тамырына балта
шапты. Əкеме тимепті — жалшының аты жалшы ғой. Керісінше, кедейлер
комитетіне шақырып, дəмелендіріп, тəркіленген диірменді бергісі келіпті.
Тек Əбіш кісі дүниесіне кызықпапты, өйткені оның қандай маңдай термен
келетінін басқалардан гөрі жақсы білетін. Бəрінен жұрдай болған адамдар
ауылдан шұбырып кетіп жатты. Тəркіленгендердің баз бірін Қазақстанның
басқа өлкелеріне, ал кейбірін одан əрі — Солтүстікке айдады. Шамалғанды
басқа жақтан жер аударылған «кулактар» басты. Алайда, олардың
шаруашылықпен айналысуына рұқсат етілмей, қолдарына қайла мен
кетпен ұстатып, тауда жол салуға жекті. Қазір де, ондаған жыл өтсе де,
жергілікті тұрғындар осынау бұралаң жолды —«жазалылардың жолы»
деседі. Əкеме сол құрылыста бригадир болу тапсырылыпты. Сол
«жазалылардың» арасынан ол менің болашақ анамды кездестіріпті.
Қазақ даласына ауыр нəубет келді. Бүгінде біз республикада сол
коллективтендіруді жедеғабыл жүзеге асыруға ешқандай да не теориялық
негіз, не экономикалық жағдай болмағанын түсінеміз. Дөрекі басшылық,
кейбір жергілікті кадрлардың қарақан бастың қамы үшін тап күресін
ушықтырып, «елді жеделдете отырықшыландырудың» онсыз да жосықсыз
қарқынын одан əрі ұшындыруы ауыр жағдайды тіпті қиындата түсті. Ал В.
И. Ленин РК(б)П VIII съезінде сөйлеген сөзінде кейбір шыдамсыз
солшылдарға Ресей орталығының үлгісімен Шығыс халықтарына таптық
күресті ешқандай да таңуға болмайтынын түсіндірген болатын: «Біз осы
халықтарға барып: «Біз сіздердің қанаушыларыңызды лақтырып
тастаймыз»,— деп айта аламыз ба? Біз мұны істей алмаймыз... Бұл арада
сол халықтың дамып жетілуін күту керек...» (Л е н и н В. И. Шығармалар
толық жинағы, 38-том, 175-бет). Бірақ əсіре революционерлердің мұны
күткісі келмеді.
Сондай партия функционерлерінің бірі — 1925 жылдан 1933 жылға
9

дейін БК(б)П өлкелік комитетін басқарған Ф. И. Голощекин еді. «Асыра
сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөз оның сүйікті мəтеліне
айналды. Қазақ халқына құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық қасірет əкелген
«қазақ ауылын Қазан сыпырғышымен ұшықтаймыз» дейтін жек көрінішті
ұранның иесі де, орындаушысы да сол болды. Көшпелі малшының жалғыз
күнкөріс көзі — малын тартып алды. Күтімсіз жануарлар жемшөпсіз
колхозда жаппай қырылды, ал адамдар аштан өлді. Егер 1926 жылғы
бүкілодақтық халық санағында республикадағы қазақтар саны ең шамамен
дегенде 3 миллион 628 мың адам болса, 1939 жылғы санақ бойынша 2
миллионға əрең жетіп жығылды. Тек аштықтың өзі жүз мыңдаған адамның
өмірін жұтты. Қазақстаннан тыс жерлерге 1,5 миллион қазақ үдере көшті,
оның 400 мыңдайы кері оралмады.
Əкем де үй-ішімен тау сағалап, қайтадан мал жаюға кіріседі, көшіп-
қонып жүреді. Сол кездегі жан түршіктірерлік жағдай оның жүрегіне
жазылмастай жара салды.
...1962 жылы мен, жас металлург, комсомол съезінің делегаты болып
Мəскеуден үйге оралғаным əлі есімде. Əрине, əсер деген ұшан-теңіз! Əкем
мен көршілерге асығып-үсігіп Хрущев туралы, оның еліміз комсомолдары
алдындағы сөйлеген сөзі туралы, қала мен ауыл арасындағы
өзгешеліктердің бірте-бірте жойылып, село өмірінде керемет мүмкіндіктер
болатынын баса айттым. Үлкендердің маған көңіл бөлгеніне масаттанып,
ақсақалдар жүзінде мысқыл пайда болғанын байқамай сайрай беріппін. Ал
əкем маған құстаналап қарап отыр екен. Ақыры, нұрлы болашаққа қарай
бағытталған қозғалысымызға кедергі жасайтын қосалқы жеке шаруашылық
пен үй маңындағы учаскені жөн-жосықсыз жерден алып, жерге
салғанымда, қарт Əбіштің төзімі таусылды білем.
— Тоқтат, балам, мұндай сөзді радиодан ести-ести құлағымыз
сарсыған. Одандағы мынаны айтшы: Мəскеудегілердің есі дұрыс па өзі?
Əлде отызыншы жылдағыдай жұртты тағы да аштықпен титықтатпақ па?
Ауыл адамында жер болмаса, қойшыны жеке малынсыз қалдырсақ — олар
даладағы жел қуған қаңбақ емес пе? Сұлтан (үйде мені осылай атайтын),
сен ренжімей-ақ қой, жүрегің жарыла қуанатындай ештеңе жоқ, сен бізге
жаманат хабар жеткіздің...
Мен сондағы өз қателігімді арада көп жыл өткен соң жерлестеріме
сүйіншілете жақсы хабар əкеліп, түзеттім. Бұл да Мəскеуге барып,
мəртебелі Кремль кабинетінде мен үшін өте маңызды да есте қалатын
10

əңгімеден соң болып еді. Михаил Сергеевич Горбачевпен болған сұхбатта
əңгіме республикада ет өндіруді шұғыл арттыру мəселесіне ойысқанда
шаруа қожалықтарын шектеу емес, барынша дамыту жайында ол кезде
құлаққа тосын естілетін ой қозғадым. Ауыл тұрғындары екі сиыр ұстаса да,
онын бақса да мейлі — алла жар болсын! М. С. Горбачев мені қолдады,
тəуекел етіп, республикада тəжірибе жасап көруге келісім берді. Бұл жеке
секторға кең жол ашқан СОКП Орталық Комитетінің 1987 жылғы белгілі
наурыз Пленумынан көп бұрын болғанын атап өткім келеді. Ал жалгерлік
пен фермерлік жөнінде ол кезде тіпті сөз де жоқ болатын!
Қысқасы, Мəскеуден оралысымен ең əуелі соңғы сайлауда өзімді
ССРО халық депутаттығына сайлаған жерлестерімнің ортасына келдім.
Қабылданған шешім туралы айттым. Олардың балбұл жанған жүздеріне
қарап, қасымда əкемнің жоқтығына қатты өкіндім. Ақылман Əбіш жаңа
кезеңге жеткен жоқ, оның шаруагер жанын жадырататын соны хабарды
ести алмай кетті.
Іске жаңаша көзқарас нəтижесі (негізінде жаңа еш нəрсе ойлап
табылған жоқ еді) менің өзімді де таң қалдырғанын мойындау керек. 1987
жылдың аяғында-ақ Қазақстанда ет өндіру жан басына шаққанда 5
килограмм өсіп, одан кейін де бұрын-соңды болмаған қарқынмен артты.
Егер 1975 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта үстеме не бары 2
килограмм болса, соңғы бесжылдықта ол 12 килограмм өсті. Бұның бəрі
мемлекет тарапынан бөлінетін қосымша шығын мен күрделі қаржысыз-ақ
жасалды! Ал біз болсақ, шаруаның табиғи белсенділігі мен іскерлігін
тежейтін тас берік есікте сəл ғана саңылау ашып, жаппай əкімшілдіктің тым
қапырық ахуалында адамдарға титтей ғана еркіндік беру үшін қолдан
келгенді ғана жасадық...
Кеуде кере тыныстау дегеннің қандай бақыт екенін балалық шақтан
бері білемін. Əкем колхозға кірсе де (басқа таңдайтын ештеме болған жоқ),
тауда қалып, колхоз малын бақты. Қазақтар қой, қара мал барында
жұтамайтынын ежелден-ақ білетін. Сол таудағы жайлауда мен дүниеге
келіппін. Бұл 1940 жыл еді.
Сол жылы бізді бір қырсық шалыпты — қыстауда өрт шығыпты.
Əкем өртті өшіремін деп жүріп қатты күйіп қалыпты. Əсіресе қолы.
Тəуіптердің əрекетінен қайран болмады, қолы икемге келмей, қатып-семе
бастады. Бір жылдан кейін соғыс басталғанда оны сол себепті əскерге
алмапты, əкеме «ак билет» беріпті. Бірақ соғыстың ауыр сыны біздің
11

шаңырағымызды да айналып өткен жоқ. Ересектердің айтуынша білетінім,
сол бір сұрапыл жылдары біздің үйімізді аштық пен аяз ұдайы қыспаққа
алыпты. Ең қорқыныштысы касқырлар болыпты. Олардың жан
түршіктірерлік зарлы үнмен ұлығанын естігенде, анамның жүзі неге қуқыл
тартып, боп-боз болып кететінінің шын мəнісін кейін, есейгенде барып
түсіндім. Ол қасқырлардан қорықпаған. Əкем ит-құстың бетін жалғыз
қолымен де қайтаратынына сенімді болыпты. Ең қорқыныштысы басқа
екен — егер ұялас қасқырлар бір қойды тамақтап кетсе, онда учетчиктің
алдында қалай ақталмақ? Ол кезде ешқандай себепке кұлақ аспайтын: егер
шопан қорадағы қойын аман сақтамаған екен — сотқа тартылып, он жыл
арқалап кете баратын.
Зады, таудың тез өте шығатын жазы ғана қуанышқа кенелтетін.
Ойын баласы мені таудың көкорай шалғыны тек сұлулығымен
қызықтырып, эстетикалық əсерге бөлеп қана қоймайтын. Ол көп жағдайда
тағамдық жағынан қызықтыратын. Қант, күлше, шай дегендерің көзден
бұлбұл ұшқан, мейлінше қат еді. Оның есесіне анамның көмегімен тəтті
тамырды, хош иісті жеміс-жидекті, басқа да кəделік нəрселерді іздеп тауып,
теріп əкелуді тез үйреніп алдым. Негізінен соларды талғажау етіп күн
көретінбіз. Жетіп, артылып жататыны Алатаудың қарлы шыңдары үстіндегі
мөп-мөлдір көгілдір аспан, жомарттықпен құйылған күн нұры, кəусар ауа
болатын. Балалық шағымның сол таудағы қайталанбас саф ауасы.
...Соғыстан кейінгі жылдар есімде жақсы сақталыпты. Ата-анаммен
бірге етектегі Шамалғанға алғаш рет түскенбіз. Жұрт Жеңісті тойлап
жатты. Мұндай қарақұрым халықты бұрын көрген емеспін. Көп жай анама
да тосындау еді. Ол да балкарларды, чешендерді, немістерді, месхеттік
түріктерді (сол кезде олар өздерін əзірбайжандармыз дейтін еді) тұңғыш рет
көріпті. Соғыстың сол сұрапыл жылдары біздің бір кездегі тып-тыныш
жатқан момақан ауылымызға кімдерді жинамады десеңізші! Тегінде,
Жеңістен кейін еліміздегі қатал тəртіп жүйесі сəл де болса жұмсарған болуы
керек, Шамалғанға отызыншы жылдары басқа жаққа жер аударылған
«кулактардың» кейбірі қайта орала бастады. Бауыр басқан жерге
Никифоровтар да, рас балалары ғана келді. Ал, отағасы бір қиырдағы жат
жұртта мəңгілік көз жұмыпты.
Қазір сол жылдар еске түскенде көп жайға таң қаласың. Мүлде
басқаша өмір болатын! Мəселен, бүгіндері Қазақстанда да, басқа көптеген
республикаларда да шиеленіскен тіл мəселесін алайықшы. Ол кезде бұл
12

мəселе ешкімнің ойына да кірмейтін. Екі немесе бірнеше тіл білу əбден
үйреншікті болатын. Əкем жер ауып келген балкарлардың тілін жақсы
білетін, олардың бауырындай болып кетіп еді. Иə, бұрын бірде-бір орыс
сөзін естімеген алты жасар мен орыстар қазақша білмесе, олардың арасында
қалайша өмір сүрген болар едім? Араға бір жыл салғанда менің де
əжептəуір орысша тіл сындыруым онша қиынға соққан жоқ. Балкарлармен,
түріктермен кəдімгідей сөйлесе беретінмін, чешендерді түсініп, тіпті неміс
балаларымен олардың тілінде бірлі-жарым сөздерін айтып тіл қатысатын
едім. Бүгінде ұлтаралық қарым-қатынастың осынау қымбат жарасымын
қалай жоғалтып алғанымызды түсіну қиын. Біз неге өзіміздің тіл
қазынамызға жүрдім-бардым қарадық екен. Міне, қашанда осылай: барды
бағаламай, жоққа жылаймыз.
...1990 жылғы қыркүйекте Алматыдағы орыс-қазақ аралас
мектептердің бірінде миллион халқы бар қаланың бүкіл тұрғындарын
дүрліктірген жарылыс болды. Бақытқа қарай, құрбан болған ешкім жоқ еді.
Біздегі айтылатынындай «тиісті орындардың» күш салуына қарамастан,
арандатудың нақты айыпкерлері табылмады. Əлдекімдер бұны балалардың
қауіпті шалдуарлығы деп есептегенмен, маған бұл əрекет белгілі саяси
мүдде көздеген үлкен «ағалардың» қатысуынсыз өтпегендей болып
көрінеді де тұрады. Оның себебі мынадай. Жарылыс орны мектеп үйін
қазақ жəне орыс бөліктері етіп екіге бөліп тұрған темір тор тұрған жер
болғанының өзі тегін емес. Оны білім төңірегіндегі көлденең көк
аттылардың əкімшілдік ыңғайына жығылып, мектепте екі директор, екі оқу
ісінің меңгерушісі, мүлде екі түрлі мұғалімдер коллективі құрылғанда
орнатыпты. Рас, бір апанда екі аю ешқашан бірге тұра алмайтынындай,
«егемендік» үшін тартыс басталып ақырында, үй ішінде «шекаралық шеп»
құрумен аяқталыпты. Бұл, шынында да, біздің кейбір парламенттерде
үйірсек болып алған бөлшектену ойындарына ұқсап тұрған жоқ па!
Мұғалімдер өз əрекеттерімен балаларды ұлттық белгілеріне қарай бөліп,
қасіретті тартыс заңы бойынша ертелі-кеш əйтеуір бір жарылуы тиіс
«минаны» өз қолдарымен қойғанын байқамай да қалған.
Əлі күнге дейін өздеріне деген сүйіспеншілігімді сақтаған өз
мұғалімдерімнің орнында қазіргі «ұлт тазалығын» қызғыштай
қорғайтындар болғанда, Шамалғанның мен оқыған шағын да қораш орыс-
қазақ аралас мектебінде қаншама темір тор орнатылған болар еді деген ой
келеді. Бізде орысша да, қазақша да кластар болатын жəне де оларда əр
13

түрлі ұлт балалары оқитын. Егер украин не чешен баласы қазақша оқыса,
еш сөкеттігі жоқ еді. Мəселен, мен əуелі қазақ класына барып, алты жылдан
кейін орысша, ал содан кейін оныншыда қайтадан қазақша оқи бастадым.
Əлбетте, балалардың аты балалар. «Қабырғамен қабырға» тұтасып
тұрып та, көшемен көше де төбелескен сəттер болды. Бірақ ешқашанда
«төбелескіштер» тобы ұлттық өзгешелігімен жіктелмейтін. Егер қазақ үйіне
месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде
Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...
Жас ұлғайған сайын адамдар бұрынғыларға бүйрегі бұрып, кешкен
ғұмырын əсірелеп еске алады деседі. Бəлкім, бұл солай да шығар. Бірақ
халықтар достығы мен үшін ешқашан əлдебір жалпылама ұғым емес. Ол
сенімен бірге өмір сүріп, ортақ ойлармен қарекет кешіп жүрген басқа ұлт
өкілдеріне деген қарапайым адамның сезімімен астасып, көрініс тауып
жатады. Сондықтан да кейінгі кезде «достық» деген сөзден қашқақтап, оны
«ұлтаралық қатынастар» деген мəнсіз сөз тіркесімен алмастырып
жүргеніміз өкінішті-ақ.
Кешегі мен бүгінгіні салыстыру мүлде жарамсыз қылық екенін
түсінемін. Мұндайда сағынышқа бой алдырып, жеке адамның жалаң
топшылауына ұрыну оп-оңай. Алайда, қазір қабағы қарс жабылып, түксиіп
жүретін, жүзінен жылылық сезілмейтін өз отандастарымның ызалы жүзіне
қарап, үнемі өзіме өзім сауал қоямын: бұның себебі не? Бүгінгі өмір
кешегіден сондайлық нашар ма? Былайша қарағанда, тіпті де олай емес
секілді. Тіпті біздің қоғамымызды түгелдей меңдеп алған бүкіл жағымсыз
құбылыстарды, дүкендердің жартылай бос тұрған сөрелері мен қылмыстың
күрт өсуін қоса ескерсек те, қырқыншы, елуінші жылдардағы өмір деңгейі
əлдеқайда төмен көрінер еді. Бəлкім, мұндай қоғамдық торығушылықтың
себебі имандылықтың жұпыны тартуында жатқан шығар. Адамдар
алдарқатудан шаршады, дəл бүгін еш нəрсеге жете алмай, əлдебір
перспектива атаулыдан айрылып қалды. Жəне ең жаманы, тер төге адал
еңбек етуді ұмытты, бұған көп ретте жиырма жылға созылған брежневтік
басқарудың іріген-шіріген жағдайы мейлінше ықпал етті. Шығыста, егер
пайғамбар қателессе, оған ілесіп, барша үмбеті сүрінеді деседі. Жаппай
теңгермешілік пен жауапсыздықтың, жемқорлық пен жалған ұрандардың
жемік тоты адам жанын жегідей жеп, имандылығынан айыру жағына
келгенде сталиндік қуғын-сүргін кезеңіндегіден де асып түсті.
Қазір бүкіл педагогтық коллективтер қайтсек тиімді
14

ұйымдастырамыз деп бастарын қатырып жүрген еңбек тəрбиесі дейтініміз
менің мектеп қабырғасындағы жылдарымда көкейкесті қиын проблема
болмайтын. Егер сол кезде əлдекім балалардың бойында еңбекті құрметтеу
сезімін тəрбиелеу қажет деп өзеуресе, бəлкім, оны есуас санар еді. Өйткені
біз қазір ауа жұтып тыныстаудың қажеттігі жөнінде дəнеңе айтпаймыз ғой.
...Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші
жылдардың бас кезі. Анам колхоздан күтіп-баптауға бір гектар қызылша
алады. Көктемнен бастап алғашқы қар түскенге дейін бір толастамайтын
азап еңбек. Тұқым сепкеннен кейін ми қайнатқан ыстық күн астында бел
жазбай жүріп, осынау гектардағы егісті сиретіп қолмен жұлуды көзге
елестетіп көріңізші. Бұл ғұмыр бойы есте қалады. Ал ақырында қызылша
тамырлап, піскен кезде оны үлкен пышақпен тазалап, тиеп өткізіп, содан
соң Боралдай қант заводына барып, бір жарым қапшық қант алу үшін
колхоздан берілетін анықтамаға қол жеткізу керек. Еңбеккүніңе алатының
сол ғана, ал ақшадай соқыр тиын да төленбейтін.
Əкеме таудың қия бетіне бірнеше гектар бидай егіп, астығын
колхозға өткізу тапсырылғаны есімде қалыпты. Бидай піскенде əкем
екеуміз оны қолмен орғанбыз. Түнделетіп айдың жарығымен ордық. Масақ
біркелкі, бірыңғай жатуы үшін шалғыға тырма қосақталатын. Бұндай ауыр
жұмыста екі-үш сағат осылай жұмыс істегеннен кейін тұла бойың сіресіп,
белің жан шыдатпастай сыздайтын еді. Біз орып, шешем баулап, қызылдау
үшін колхоз орталығындағы қырманға апаратынбыз.
Негізінде əкемнің басты шаруасы мал бағу болатын. Егер оны
ертеден түнге дейін еңбек етті десем, бəрібір бұл да жетімсіз соғып жатар
еді. Мен оның қай кезде ұйықтайтынын, немесе ештеңе істемей, құр
тынығып отырған сəтін көрген емеспін. Бірде отын жарса, бірде томар
қопаратын, енді бірде бірдеңе сату үшін базарға кетіп бара жататын. Ол
дəулетті орыстар қолында өскендіктен егін салуды да жақсы білетін.
Пəлендей білімі болмаса да, миуа ағаштарын будандастыруға кəнігі еді.
Жұрт біздің бакқа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе
бір жағында кəдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп
тұрған ағашты тамашалайтын.
Əкем өсірген ондай алманы кейін еш жерден де көрген емеспін.
Өзінің сүйікті сортты алмасы — апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай
сақтайтын еді. Наурыз бен сəуірде оны базарға апарып, қымбатырақ сатуға
болатын. Бірақ басқа да қиындықтар қоздап жататын: Шамалғаннан
15

Алматыға дейін 45 шақырым, алма ат-арбамен тасылатын, оны біреулердің
жолай тонап кетуі де мүмкін еді.
Маусым айында-ақ біз картоп қазып, оны да базарға апаратынбыз.
Картоп егер алдында əкем оның тұқымын үйде, сонау ақпан айында-ақ
дайындай бастайтын. Біздің үйіміз сондай тұқымдық картопқа толып
кететіні есімде. Əкем əрбір картопты көзіне қарай бірнеше бөлік етіп
кесетін. Ең бастысы өскіннің жерге көмілуінде болатын.
Картопты қазып алғаннан кейін сол жерге себілген жоңышқа да
біраз пайда түсіретін. Ол жемшөп ретінде жоғары бағаланатын əрі өтімді
болатын.
Бұны неге еске алып отырмын? Ол кезде қанша шарқ ұрып колхозда
ойың онға, санаң санға бөлінгенімен өмір сүру, дəлірек айтқанда, аман
қалу, үй маңындағы қосалқы шаруашылықтың арқасында ғана мүмкін
болатын еді. Жаңылмасам, біз еңбеккүнге бір рет қана толмаған жеті қап
бидай алған болатынбыз. Үш-төрт центнер тартқан шығар шамасы. Біз ол
астықты колхоз орталығынан арбамен алып келдік, көңіліміз өсіп, өзімізді
бақытты сезініп (өзіміздің табан ақы, маңдай терімізбен тапқанымыз ғой!)
келдік.
Алайда, күндердің күнінде үй маңындағы жерімізді (ол жарты гектар
еді) азайта бастады, əуелі он сотықты, одан соң тағы да бірте-бірте кесіп ала
берді... Əкем ат десе ішкен асын жерге қоятын. Бірақ көп ұзамай одан да
күдер үзуге тура келді — ат ұстауға да тыйым салынды. Сондағы себеп
жемшөп колхозға керек екен. Ал бірде өз көзіме өзім сенбедім: əкем алма
ағаштарын өз қолымен отап жатыр. Сөйтсем, əр түп ағаш үшін салық
төлеуден құтылу керек болыпты. Үй іші қатты тарықты: ішетініміз құр шай
ғана, анда-санда бір түйір қант болады. Маңдайға біткен жалғыз сиырдан
колхозға тапсырылуға тиісті сары май мөлшерінің көптігі сонша, өзімізге
тек көк сүт қалатын.
Əрине, көп нəрсені түсіндіруге болады. Бірақ соншалықты еңбекқор
адамдарымыздың мұндай мүшкіл халге қалай тап болғанын кей-кейде
ойлай бастасаң-ақ, сайтан алғырды еш түсінбей бас қатыруға тура келетінін
қайтерсің!..
Ол кезде менің бір ғана нəрсеге ықыласым қатты ауды: тезірек
еңбекке араласып табыс тауып, үй ішіне түскен ауыртпалықты аз да болса
жеңілдетсем дейтінмін. Өйткені, балалардың үлкені мен едім. Менен өзге
үш бала болатын, оның үстіне əкемнің де, шешемнің де жиен қыздары
16

бізбен бірге тұратын. Əжеміз де бар еді, үйіміздің іргесінде əкемнің мылқау
немере бауыры тұратын. Ол өзі бір ғажайып адам еді — денесі алпамсадай,
орасан зор күш иесі болса да, адамдарға, айнала төңірегіндегілердің бəріне
бірдей соншалықты нəзік сезіммен қарайтын мейірбан жан еді...
Оқып білім алуға құштарлығым қаншалықты зор болғанымен де,
бəрібір үй ішіне əйтеуір бір қолғабыс етсем деген сезім жеңе берді. Оның
үстіне біздің ауылға келіп-кетіп жүрген студенттердің қайыршыдай хал
кешіп, қатты қиналатынын өз көзімізбен көретінбіз. Ол кезде жарытымды
стипендия деген болмайтын.
Оқу маған о бастан жеңіл тиді. Сөз реті келгенде айта кетейін, мен
бірінші класқа барғанда біздің жеке өз үйіміз де жоқ еді. Əке-шешем көшіп-
қонумен жүретін: жазда тауға кетіп, кейін күзге қарай етекке түсіп,
қыстауға бір-ақ оралатын. Сондықтан да менің төртінші класқа дейін
əкемнің інісінің үйінде жатып оқуыма тура келді. Əдетте мені мектепке
баруға əтештің шақыруына қарай оятатын. Сағат дегеніңіз атымен
болмайтын. Ұйқылы көзбен қалың қарды омбылап, алты-жеті шақырым
жол жүріп мектепке жететінмін. Жеткен кезде кейде сағат əлі бес не алты
болып шығатын. Ондайда күзетшінің қайырымы түссе жақсы, есік ашып,
ішке кіргізеді, пеш жағады. Оның жанында маужырап ұйықтап алуға да
болады. Үйге берілетін тапсырманы орындайтын уақыт тек түн мезгілі
ғана. Өйткені, атқаратын шаруа шаш-етектен: малға шөп салу, қорадағы
малдың астын тазалау, су əкелу, огородтың арамшөбін отау жұмыстары
тіпті таусылмайтын. Оның есесіне алтындай қымбат уақытты бағалай
білуді үйрендім, сабаққа дайындалуға да, өзім қатты құмартып алған кітап
оқуға да уақыт табатын болдым. Əрине, кітап оқуымда ешқандай да белгілі
бір жүйе жоқ еді. Мектеп кітапханасынан қолға түскендердің бəрін ала
беретінмін. Менің бақытыма қарай, оның кітап қоры онша жұпыны болмай
шықты. Пушкиннің, Лермонтовтың, Лев Толстойдың, Горькийдің,
өзіміздің қазақ классиктері — Мүсіреповтің, Мұстафиннің, Əуезовтің,
Мұқановтың көптеген туындыларын оқып шығуымның сəті түсті. Ал енді
менің де, құрдастарымның да фантастика мен шытырман оқиғалы
кітаптарға деген құмарлығымыз ерекше еді. Бізді Дюма, Конан Дойл,
Беляев, Хаггард, Купер кейіпкерлерінің мүлде əдеттен тыс, бейтаныс болса
да, соншалықты тартымды əлемі қатты еліктіретін. Біз өз ойынымызда сол
бір қызық дүниені қайталауға тырысатынбыз. Біздің шамалғандық өз
нояндарымыз да, Шерлок Холмстарымыз да, қызыл тəнді үндістеріміз де, ақ
17

түсті із кесушілеріміз де бар болатын...
Бұл тұста сол жылдардағы қала мен патриархаттық ауыл өмірінің
бір-бірінен мүлде алшақ болғанын айта кеткен де лəзім. Қала баласы үшін
тіпті де таңсық емес нəрселердің бəрі біз үшін көп ретте қол жетпейтін
арман болып қалатын. Бізге күйбең тіршілік етене жақын болатын, ал
күнкөріс қамы əлдеқайда қиынырақ еді. Бұның өзі біздің болашаққа деген
талпынысымызды едəуір тежей түсуге, өз мүмкіндіктерімізді неғұрлым
шектеп бағалауымызға еріксіз итермеледі.
Геолог болсам деген мүбəда арманның қайдан сап ете қалғанына
өзім де қайранмын. Бəлкім, газеттердің əсері болар. Біз жоғары класта
жүргенде «Лениншіл жас» пен «Ленинская смена» газеттерін қызыға
оқитынбыз. Сол кезде баспасөз бен радиода Қазақстан Магниткасының
құрылысы туралы, осы кəсіпорынның келешегі жəне оған жастарды
шақыру жайында көп жазылып, көп айтылатын. Неге екенін қайдам, ол
кезде менің ұғымымда тау-кен қазбалары, металлургия геологиямен бірдей
болып көрінетін. Əкем геологтың кім екенін білмейтін. Бірде ол ойламаған
жерде мынадай бір оқиғаға тап болыпты. Қысқа салым отарды етекке
түсіріп, құмға қарай айдап бара жатып, ол геологиялық партияның үстінен
түседі. Адасып кетіп, əбден шаршап-шалдыққан геологтар шағыл құмның
үстінде өлім аузында жатыр екен. Аттары өліп, түйесі кетіп қалыпты. Əкем
олардың ауыздарына су тамызып, тамақтандырып болған соң өзімен бірге
ерте келіпті. Үйге келісімен маған: «Осындай геолог болғың келеді ғой?»
деп сөзін қысқа қайырды.
Қалай дегенде де əкем менің оқуым керек екенін түсінді. Ол да, анам
да ептеп қана хат танитын, ал сауатты кісілерді құрмет тұтатын. Тегінде
қазақтар арасында оқымысты адамдар елден ерекше құрметке ие болатын.
Біздің үйге бас сұққан мектеп директоры мен мұғалімдердің де бір ауыздан
менің оқуды жалғастыруым керек екендігін айтуы да əсер етті-ау деймін.
Əкем бір нəрсені де байқапты: менен ересек жастардың өзі де қанша
тырысқанымен, қара жұмыста қабырғасын қанша қайыстырғанымен өз ата-
аналарының тауқыметін жеңілдетіп жарыта алған жоқ екен. Сондықтан да
жетіжылдықты бітіргеннен кейін менің оқуды жалғастыруым керек пе,
əлде жұмыс істеуім қажет пе деген мəселе күн тəртібіне қойылған кезде
отбасының кеңесі бала оқи берсін деп кесімді шешімге келгені кездейсоқ
емес еді. Сонымен мен туған ауылымнан тұңғыш рет жолға шықтым.
Əзірше ұзай қойған жоқпын — онжылдық мектеп-интернаты бар аудан
18

орталығы Қаскелең онша алыс емес еді.
Өзіміздің асыраушымыз болады деп үміт артып отырған мені ата-
анамның өз қолдарынан шығарып алып, қаншалықты қатерлі
қиындықтарға шыдауға тəуекел еткенін сол кездің өзінде-ақ түсінген едім.
Сондықтан да əр демалыс сайын үйге келгенде ондағы шаруаның
қайсысына болса да барынша көбірек қолғабыс етуге жанымды сала
кірісетінмін. Айта кетейін, жаздыгүні бұрын да селтеңдеп бос жүруге уақыт
та, мұрша да болмайтын. Əрбір оқу жылынан кейін не егіс даласына, не
таудағы шабындыққа пішен шабуға баратынбыз, не мал бағуға кететінбіз.
Менің мектеп бітіруім, егер осылай деп айтуға болса, бір «тарихи»
оқиғамен тұспа-тұс келді. «Коммунизм дегеніміз Совет өкіметі жəне бүкіл
елімізді электрлендіру» деген əйгілі лениндік қағидаға химияландыру деген
нəрсе қосылды. Шамасы, Н. С. Хрущев Совет өкіметі де, электр де
жеткілікті бола тұра əлі де коммунизмнің төбесі көріне қоймағандықтан,
тағы бір қоспаны шұғыл түрде қосу керек деп санаған-ау, сірə.
Қысқасы, мен Қазақ мемлекеттік университетінің химия
факультетіне түсуге бел байладым. Бұл жолы əкем бұл ниетімді бірден
қолдай кетті. Байқауымша, ол да химияландыру туралы əңгімелер мен
радио хабарларын көп естіген болуы керек. Оның үстіне жазу жаза білмесе
де, газет оқуды сүйетін. Ауылда бірінші болып радио сатып алғанымызды
да айта кеткен мақұл. Бұл өзі ұмытпасам, 1954 жылы Алматы базарына
барған бір сапарымызда болған сияқты еді. Тап қазіргідей есімде — жəшік
«Москвич» деп аталады екен. Бастапқыда үйімізден əлгі кереметті көріп,
«тірі адамның дауысын» есту үшін біздің Подгорная көшесіндегілердің
түгел жиналып келіп жүргені əлі есімде.
Бəлкім, ҚазМУ-ге түсуге талпынған сəтсіз əрекетімнің тарихын
тəптіштеп айтудың керегі де жоқ шығар. Алайда ол тауы шағылған жас
жігітті алғаш рет терең ойландырып, оның өмірінде ұзақ жылдар бойы
ұмытылмас із қалдырды. Тегі, біздің əулетімізге жақын жамағайын ішінде
тіпті бірде-бір жоғары білімді кісі болған емес. Əкем жалғыз сиырымыздың
жалғыз өгізшесін сатып, ескіше 2800 сомды қалтама салып бергенін
ешқашан ұмытпақ емеспін. Бұның өз шаңырағымыз үшін қандай
ауыртпалық болғанын тым жақсы пайымдағандықтан да, мен ол қаржыға
ілуде бір аса қажеттілік болмаса, тимеуге тырыстым.
Өмірде түрлі əділетсіздіктер бар екенін, жұрттың институтқа пара
беріп те түсетінін мен əкемнен сол жолы-ақ батасын беріп, сапарға
19

шығарып салар алдында ғана естідім. Жатақхана бөлмесінде алты талапкер
абитуриент болдық. Өзімді қосқанда үшеуміз қатардағы қарапайым ауыл
балалары едік, ал езге үшеуі дөкей бастықтардың балалары екен. Біреуінің
əкесі, жаңылмасам, Орал облыстық партия комитетінің хатшысы,
екіншісінің əкесі Алматы облысындағы бір аупарткомның хатшысы,
үшіншісінің əкесі, кім екені дəл есімде жоқ, ол да бір ірі бастықтың бірі
болатын. Біз, ауылдан келгендер, емтиханға күн демей, түн демей, бас
көтермей дайындалатынбыз. Керісінше, біздің көршілеріміз күндіз-түні
қыдырудан қолдары тимей жүрді, қалай шашса да ақшалары жетіп жатты.
Біресе паркке, біресе биге кететін. Дегенмен ол үшеуінің екеуі еш нəрсе де
білмейтіні ə дегеннен-ақ байқалып қалды.
Бастықтардың «сері» балаларының емтиханды сəтті тапсырып,
оқуға түсіп кеткенін айтып жату артық деп ойлаймын. Мені əуелгі негізгі
пəн емтиханында бір жарым сағат қинады. Бəрібір химиядан бес деген
үздік баға алдым. Алайда, басқа сынақтарда емтихан алушылардың алдын-
ала кесіп-пішіп қойған ниеті салқынын тигізді. Соның салдарынан оқуға
түсу үшін ауадай қажет бір балл жетпей қалды. Қабылдау емтиханында
өзімді бір жарым сағат бойы қинап, шын мəнінде тиянақты білімім бар
екеніне көзі жеткен химия профессорының шырылдап ара түсуі де
қабылдау комиссиясына ықпал ете алған жоқ.
Бірақ бір таң қаларлығы сол, əлгі оқиға ол кезде дəл қазіргідей
зығырданымды қайната қойған жоқ еді. Бəлкім, өзімізді сондай көнбістікке
тəрбиелегендіктен де болар. Əкем əрқашан: бөтен іске араласпа, ешкімге
тиісуші болма, басшылыққа қарсы келме, сынама деп құлағыма құятын да
отыратын. Мен əкемнің өзі де барынша көнбістікке тəрбиеленгенін —
əйтеуір аман-есен от басында болып, ешкім ұстап əкетпей, сотталмай
жүрсем болғаны дегенді ғана қанағат етіп келгенін енді-енді түсіне
бастағандаймын. Оны түсінуге болады: өйткені отызыншы жылдардың
қуғын-сүргінін өз көзімен көрді ғой. Оның үстіне, Түрксіб темір жолын
салуда өткен «мектебі» де əсер еткен болар. Онда қол арбамен топырақ
тасыған екен. Айта кетейін, сонда екпінді атанып, рекордты текшеметрлер
тасығаны үшін 36-шы жылы Сталиннің өзі қол койған грамота алыпты.
ҚазМУ-ге түсудегі сəтсіздіктен кейін өмір өз сабасына қайта түсе
бастады. Бірақ ол онша көпке ұзай қойған жоқ. Бұған дейін айтып
өткенімдей, біздің азын-аулақ табысымыздың бір көзі жоңышқа еді. Біз оны
орып, кептіріп, баулап болғаннан кейін əкемнің: «Ертең базарға барамыз!»
20

деген сөзін естігенше асығатынмын. Кешке қарай жоңышқаны арбаға тиеп
қойып, таңғы сағат төрттерде «Алматының көк базары қайдасың!» (ол
кезде колхоз базары осылай аталатын) деп, жолға шығатынбыз. Сағат
ондар шамасында жетіп үлгеретінбіз. Сауда қатарында мен, əлбетте, көп
кідірмейтінмін. Товарымызды сатудан дүсетін табыс есебінен əкемнен
киноға деп бір сом алып, Алматының көшелерін кезіп, үлкен қаланың
əдеттегіден тыс, өзіме беймəлім əрі өте қызық көрінетін тіршілігін
тамашалап кететінмін.
Бірде көше кезіп келе жатып үстерінде көгілдір түсті ұшқыштар
киімі бар үш адамды көріп қалдым: базардан қайтқан үш ұшқыш торға
Алматының қиярын толтыра салып алыпты. Балалық шақтың ақылдан
адастырар құмарлығы қайта оянды. Бала кезімізде ұшқыш болуды
қайсымыз армандамадық дейсің! Əлгілердің соңынан ілесіп ұзақ жүрдім,
бірақ жақындауға жүрексінемін, ақыры көңілімді демдеп алып, біреуінің
жеңінен тарттым:
— Кешіріңіз ағай, сізбен сөйлесуге бола ма?
Шамасы, менің жүзімде соншалықты толқу мен
тайынбаушылық сезімі ойнап тұрса керек, ұшқыштар алғашқыда не
дерін білмей, абдырап қалғандай. Ал мен болсам, бұрын өзімде ешкашан
болмаған əдетпен, қазақ жəне орыс сөздерін араластыра ұшқыштар курсына
қалай түсуге болатынын қызына қазбалай сұрадым. Ол курс қайда өзі?
Оған түсу үшін не қажет? Талабымның шын екеніне көздерін жеткізу үшін
олардың қолына аттестатымды тықпалай беріппін. Ол кезде мен оны реті
келсе əйтеуір біреулерге мақтана көрсету үшін қалтамнан тастамайтын
едім: ондағы бағалар кілең бестік болатын, бір ғана төрттік бар еді.
Ақырында түсіністік-ау. Жолдан былайырақ шығып, бас киімін
дағдысы бойынша желкесіне қарай ысырып қойып, ұшқыштардың шені
үлкендеу біреуі менің құжатыма үңілді. Оқып шықты да риза болған
сезіммен мырс ете қалды, серіктеріне көз қысып қойды да:
— Жігітім, сенің аттестатың күшті-ақ екен! Мұндай құжатпен
курсты қойып, институтқа түсу де ұят емес! Ал жүр, кеттік...— деді.
Торларын көтеріп бəріміз бірге сол жылдары республика азаматтық
авиация басқармасы орналасқан 8 Наурыз көшесіне тарттық. Жолай
ұшқыштардың Киевтен келгені, енді бірнеше сағаттан кейін кері ұшып
кететіні белгілі болды. Ал менің жолым шынымен-ақ болып тұр екен —
Киевтің азаматтық авиация институтына түскісі келетін абитуриенттерді
21

қабылдау тап сол күні осы басқармада басталып жатқан болып шықты.
Содан кейін оқиға ертегідегідей тез өрбіді. Жаңа таныстарымның
айтуымен өтініш жаздым. Аттестатымды қарап, паспорттық мəліметтерімді
ауызша айтуыммен жазып алған қызметкер көп кідіртпей-ақ, басқа
құжаттарыңды соңынан əкелерсің дегендей, маған медициналық
комиссиядан өту үшін жолдама жазып берді. Сөйтіп дəрігерлердің
кабинеттеріне жасқанбай кірдім. Кешке қарай денсаулығымның жарамды
екенін анық білдім. Енді емтихан тапсыру ғана қалды.
Базарға қарай құстай ұштым. Бірақ оған жақындаған сайын аптығым
басылып, аяғым кібіртіктей берді. Кешіккеніме ренжіген əкемнің жүзіне
көзім түскен бойда-ақ мүлде абдырап қалдым, сосын ештеме айтпауға
бекіндім. Сөйтіп ол күні тіс жарып еш нəрсе айтпадым. Одан кейін де əр
нəрсені бір сылтауратып Алматыға емтихан тапсыру үшін барып жүргенде
де үндемедім. Тек бір ай өткен соң қабылданғандар тізімінен өз
фамилиямды анық көргеннен кейін ғана көңілім орнына түсіп, ата-анама
бəрін де айттым.
Содан соң не болғанын есіме түсіргім де келмейді. Əрине, анамның
еңірегенде етегі жасқа толды. Бір қиырдағы Киевке итің лақты ма, оның
үстіне ұшқыш боламын дейсің! Мен сені ажалыңнан бұрын өлсін деп
туыппын ба?! деп отырып алды. Əкем көп еш нəрсе айтпады, тек кешке
қалайда үйде болуымды тапсырды. Кешке ауламызға туысқандар жинала
бастады, Шамалғанның ақсақалдары келді. Əбіш ешкімді қалдырмапты,
ауыл-аймақты түгел шақырыпты. Кеңес басталды.
Сол кезде ауылдастарымнан естіген ащы сөздерді қайталап
жатпаймын. Ол сөздердің мəн-мағынасы кіндік қаның тамған, туған
жердегі нəрлі тамырдан қол үзіп кетуге болмайды, əлпештеп алақанына
салып, аялап өсірген атамекеннен алыс кету жарамайды, оның үстіне өз
тағдырыңның тізгінін жанашыр адамдардан жасырын ұстағаның жөн емес
дегенге сайды... Қанша ренжісем де ештеңе шықпады. Бəлкім, мен тап сол
кезде өз жерлестеріммен қаны бір тамырлас екенімді тұңғыш рет сезінген
де болармын, олар менің өмірім мен қам-қарекетіме немқұрайды бола
алмайтынына көз жеткізген де шығармын. Қысқасы, келесі күні жүрегім
қан жылап тұрып қабылдау комиссиясынан құжаттарымды қайтып алдым.
Жас оқырмандардың баз біріне менің бұл əрекетім жасықтық болып
көрінері сөзсіз. Несі бар, қазіргі жас жігіттер мен қыздар шешім қабылдауға
келгенде ол кездегі бізге қарағанда əлдеқайда тəуелсіз екені рас қой.
22

Принципінде бұл жақсы да. Бірақ ашығын айтсам, қазіргі жастардың
еркіндігі, дербестігі көбінесе олардың іс-əрекеттеріне деген
жауапкершілігіне сəйкес келе бермейтінін жиі байқап жүрмін. Көбінесе
имандылық қасиетті таңдауға, жасалатын іс-əрекетке имандылық
тұрғысынан баға беруге келгенде жастардың өзімшілдігі басым соғады.
Əлбетте, ол кезде менің де өз айтқанымда тұрып алуыма болатын еді. Оның
үстіне, қайтсең де бармайсың деп үзілді-кесілді тыйым салған да ешкім
болған жоқ-тын. Алайда, үлкенге ізет білдіру біздің тəрбиеміздің алтын тіні
болатын жəне де ата-ананың ақ батасынсыз қандай іске болса да кірісу тіпті
ақылға қонбайтын нəрсе еді. Бұл біздің ұрпақтың бойындағы онша жаман
қасиет емес кой деп ойлаймын. Ол біздің қанымызға құртақандай
кезімізден бастап сіңген. Əкем: үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да,
танымасаң да алдымен сəлем бер деп өсиет етуден жалықпайтын.
«Ассалаумағалейкум!» деп сəлем бергенде үлкен кісілердің жүздері
жадырап сала беретіні есімде. Бұған жауап ретінде міндетті түрде:
«Шырағым, кімнің баласысың?» деп сұрар еді. Мынадай да əдет-ғұрып бар
болатын. Егер ұзақ уақыт алыс сапарда болып, ауылға қайта оралсаң, өз
үйіңе кірерден бұрын сол ауылдың ең жасы үлкен тұрғынына сəлем беріп,
батасын алу міндетті еді. Бəлкім, қазір мұның бəрі де біреулерге ұсақ-түйек,
елеусіз нəрсе болып көрінер? Бірақ ата-бабалардан қалған мұндай əдет-
ғұрыпқа жұрттың бəрі қашан да тақ тұратын. Балалары ата дəстүрін
сақтаса, оларды əрбір əке мақтаныш тұтатын.
...Ал ол кезде Қазақстанда еліміздің ең ірі металлургия
комбинаттарының бірі салынып жатқан жаңа Теміртау қаласының аты
дүрілдеп тұрған болатын. Бірде «Ленинская сменаның» қолға түскен бір
нөміріндегі хабарландыруды оқыдым. Теміртауда болашақ металлургтер
дайындайтын фабрика-завод училищесіне оқуға баруға комсомолдық
шақыру жайында жазылыпты. Оқушы бір жыл бойы мемлекеттің толық
қамқорлығында болады екен.
Осы хабарландыруды əкеме көрсеттім. Оқып шығып, ұзақ ойланды.
Сонан соң ауыр күрсініп:
— Не дейін, балам, бет алдыңнан жарылқасын, дүние кең, аралап
көр, қиналсаң, қайтып орал,— үйіңе келесің,— деді.
Аудандық комитеттен комсомолдық жолдама алуға, жолға шығуға
екі күн толық жетті. Ұзақ ойланып, қоштасып жатпай-ақ, пойызға
отырдым, Теміртау қайдасың деп тартып кеттім. Вагонда серіктеріммен
23

болған əңгіме үстінде: алда ауыр жұмыс күтіп тұрғанын, бірақ
металлургтердің жалақысы жоғары екенін білдім. Мен жұмыстан
қорықпайтын едім, ал үй-ішіме қолғабыс беремін деп қылаң еткен үміт өз
таңдауымның дұрыстығына деген сенімімді нығайта түсті.
Əңгімені жаппай əміршілдік-əкімшілдік жүйе өктемдік еткен уақыт
пен тоқырау кезеңіне тек экономикадағы тұралау тəн болмағандығынан
бастайык. Тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеологияда да, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста да орын алды. Брежневтің жеке басына
табыну етек алған жағдайда, əсіресе жетпісінші жылдардың аяғы мен
сексенінші жылдардың бас кезінде, елімізде əлдебір əлеуметтік енжарлық
пайда болып, барған сайын күшейе түсті. Бұл жолы жеке басқа табыну ең
алдымен Мəскеуде басталып, оны Брежневтің төңірегіндегі серіктері —
Саяси Бюро мүшелері, СОКП Орталық Комитетінің хатшылары
қалыптастырды. Дерт партиялық-мемлекеттік құрылымды жоғарыдан
төменге дейін меңдеп алды. Ол республикалар мен облыстардың - басшы
кадрларына да тез жұқпай кала алмады. Л. И. Брежневтің республикалық
Орталық Комитеттердің басшыларын, ал олар өз кезегінде облыстық
партия комитеттерінің хатшыларын жеке өздеріне шын берілгендік
принципі бойынша — тек өз адамдарынан ғана қойып отырғанын ескеру
керек. Оның үстіне, қуатты сүзгі ретіндегі аппарат та «жаңылыс кету»
ықтималдылығына іс жүзінде титтей де жол бермейтін. Өзіңіз ойлап
көріңіз: айталық, обкомның бірінші хатшысы болып сайлану үшін ол
қызмет орнына ұсынылған кісі əуелі республика Компартиясының
Орталык Комитетіндегі, одан соң СОКП Орталық Комитетіндегі бүкіл
иерархиялық қызметтік сатыларда болып, нұсқаушымен, сектор
меңгерушісімен, ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің
орынбасарымен жəне меңгерушісімен, кадр мəселелерімен айналысатын
хатшымен, Саяси Бюроның екі-үш мүшесімен алдын ала əңгімелесуден өтуі
керек еді. Одан əрі ол партиядағы екінші дəрежелі адамға баратын, ал ең
соңында ғана Бас хатшыға жететін, осының бəрінен кейін Орталық
Комитеттің Секретариаты мен Саяси Бюросының мəжілістерінде
талқыланатын. Жергілікті жерлерде ешқандай демократия болған жоқ —
СОКП Орталық Комитетінің ұсынысы іс жүзінде ең соңғы, түпкілікті
шешім болып есептелді. Обком пленумының үлесіне қалай болса солай қол
көтеріп, дауыс беру ғана қалатын.
Əрине, іске мұндай тұрғыдан келу, əсіресе партия активіне мүлде
24

бейтаныс адамды сырттан əкеліп ұсынған жағдайларда кейде жергілікті
жерлерде түсінбестік туғызатын. Алайда, партиялық тəртіпті өзгеше түсіну,
жоғары орындарға тек қана лəппай деп бас шұлғи бағыну күшті болатын.
Оның үстіне, елдің бірінші басшысына жақын адамдар басқарған жекелеген
аймақтар ғана емес, сонымен қатар еліміздің тұтас өңірлері де сынның
өрісінен толығымен тыс қалып келді. Кезінде Қазақстанда, Өзбекстанда,
Украинада, сондай-ақ бірқатар облыстарда қалыптасқан жағдайды еске
алсақ та жетіп жатыр.
Партия басшылығына Ю. В. Андропов келгеннен кейін өндірістік
жəне əлеуметтік салаларда тəртіп орнатыла бастады. Қарапайым адамдар
мұны мақұлдап қарсы алды. Алайда жоғарыдан басқарушы буындардағы,
бүкіл қоғамдағы өзара қарым-қатынастар жүйесін, елдегі,
республикалардағы, облыстардағы орын алып келген саяси тəртіпті
түгелдей өзгертпейінше, елеулі табысқа қол жеткізуге болатын ба еді?
Сондықтан да СОКП Орталық Комитетінің сəуір Пленумының шешімдері
мақұлдап қарсы алынды жəне зор қолдауға ие болды. Кəне, 1985—1986
жылдары бүкіл елімізде бұрқ ете қалған ынта-жігер тасқынын еске
алайықшы. Адамдар дүр сілкініп, ыкыласпен еңбек ете бастады, əуелгіде іс
оңға басқандай көрінді. Мен халық партиядағы жаңа басшылыққа сеніп,
партия өмірімізді жақсартуға қабілетті салауатты топ бар екеніне үміт артты
деп ойлаймын.
Бұрынғы кездерде партия басшыларының бəрі бірдей жағдайға
қарай бейімделе беруші ме еді? Өз басым бұл сұраққа тап солай еді деп
үзілді-кесілді жауап бере алмаймын. «Иə, солай еді» деп кесіп айту партия
басшыларының арасында кіршіксіз адал адамдар атымен болған жоқ деп
санайтындардың пікірімен келісу болып табылады. Бірақ, жағдай тіпті де
олай емес еді! Ал жағдайдың ауанына қарай төңкерілмеу мүмкін болмады
десек, бұл — басқа мəселе. Шынында да ұлы еліміздің басшылығында бір
жапырақ қағазға қарамай, тіпті бір ауыз сөзді де ұғынықты айта алмайтын
аурушаң шалдардың отырғанын көрген кезімізде біздің қайсымыз
қорланбады дейсіз? Алайда, біле тұра лажсыз ымыраға баруға тура келді.
Əйтпесе өте күшті қалыптасып қалған жүйе кімді болса да сыртқа итеріп
тастайтын еді. Мəселен, партиялық жаза беру механизмі əрқашан тоқтаусыз
жұмыс істейтін. Ол кезде партбилеттен айырылудың не екенін түсіндіріп
жатудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын.
Əлбетте, бірсыпыра жұрт сол кездері шалыс басып, адасуды өздері
25

үшін қолайлы санады, сөйтіп бəріне де көзді тарс жұмып, ешқандай
мұқтаждықты білмей, жақсы жағдайда шалқып өмір сүре берді. Дегенмен,
мұндай бейімделгіш жағымпаздар қайда да, қай заманда да болып келген.
Сонымен қатар елеулі адасушылықтар адал деген адамдарға да тəн болғаны
сөзсіз. Өйткені көптеген адамдар бірнеше ұрпақ бойы қалыптасып, қатып-
семіп қалған тəртіпті əлде бір табиғи нəрсе деп қабылдады. Айтпақшы, бұл
проблемаларға кейінірек неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталсам деймін.
Сіз осыдан сəл ғана бұрын қарапайым да түсінікті сияқты көрініп
келген, бірақ аяқ астынан ұлтаралық қатынастардың күрделі, кейде тіпті
қайғы-қасіретке толы проблемаларына айналған мəселелерді əлденеше рет
қозғап жүрсіз. Республикадағы көп ұлтты халықтардың ынтымағы
жарасқан өмірі туралы айта келіп, Сіз Қазақстанда осы ғасырда күшпен
жүргізілген ассимиляцияны да еске салдыңыз. Бүл жерде көпе-көрінеу
қайшылық жоқ па?
Мен бұл екі ұғымды — біздің ортақ Ұлы Отанымыздың халықтары
достығы мен күштеп жүргізілген ассимиляцияны — бір-бірімен
шатастырмау керек деп санаймын. Біздің білетініміздей, елімізде
ассимиляцияға тек қазақтар ғана ұшыраған жоқ. Мен үшін бұрынғы
«көсемдердің» ұлыдержавалық шамшылдығы мен ғұмыр бойы жер
жыртқан қарапайым орыс мұжығына, немесе өзіммен бірге домна пешінің
қасында тұрған əрі менің адам қатарына қосылуыма көмектескен орыс
жұмысшысына тəн кез келген басқа ұлттар өкілдеріне деген шынайы
достық сезімі сияқты құбылыстардың арасында айқын шектелген берік
шекара бар. ССРО халықтары арасында ешқашан да өзара түсіністік болған
жоқ деп пайымдайтындармен үзілді-кесілді келіспеймін. Мұның өзі не
қасақана айтылған өтірік, не өмірден де, тарихтан да барынша мақұрым
қалып бейхабар болу. Осы орайда кемел ойлы адамдардың қай-қайсысы да
өзінің өмір тəжірибесінен көптеген мысалдар келтіре алады деп ойлаймын.
Менің Қазақстан Магниткасында көп ұлтты еңбек коллективтерінде өте
ғажап жарасымды өзара қарым-қатынастардың орнағанына куə болуыма
тура келді. Түрксібті, Үлкен Балқашты, Жезқазғанды салу кезінде де тап
осылай болған еді.
Одақтас республикалар арасында да əрқашан жылы шырайлы оң
қатынастар болып келді. Əрине, оларда тұратын кейбір байырғы ұлттар
өздерін жəбір көргендей, тіпті белгілі бір дəрежеде қысым көргендей
сезінетін — көптеген ұлт өкілдерінің оқшаулануға талпынысы, бəлкім,
26

кездейсоқ пайда болмаған да шығар. Бірақ, біріншіден, мұның өзі
адамдардың арасындағы аралас-құралас қатынасқа ешқашан да пəлендей
салқынын тигізген емес, ал, екіншіден, бұрын ұлттардың праволарына шын
мəнінде қысым жасалғанына орыс халқы немесе басқа қайсыбір халық
кінəлы деушілік қылмыспен барабар.
Тарихи жағынан алып қарағанда Қазақстан халқының этникалық
құрамы мейлінше əр текті болып қалыптасқан. Оның үстіне, бізбен Орта
Азия аймағының халықтары да көрші отыр. Сонымен қатар Шығыс
Сібірдің байырғы ұлттары іргелес тұрып жатыр, ал республика шығысында
Қытайдың көп ұлтты Синьзян-Ұйғыр ауданымен шектеседі. Қазақстан
тарихында орыс халқы айрықша роль атқарады. Қазақтар да, басқа барлық
ұлт өкілдері де өздерінің маңдайына олармен мəңгі бақи бірге тұрып,
ынтымақтастық пен достықта өмір сүру жазылғанын сөздің ең жақсы
мағынасында алғанда ерекше сезімталдықпен ежелден-ақ жете түсінген деп
ойлаймын. Мұндай сезімсіз, мұндай түсініксіз олар өздерінің тіршілігін
үйлестіре де алмаған болар еді. Оның үстіне бұл, мен айтар едім, қанға
сіңген өсиет ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға, баладан немереге қалып, əлі
де жалғасып, менің пайымдауымша, мұның өзі біздің бүкіл аймақтың
халықтарына тарихтың кейбір кезеңдерінде, ашығын айтайық, адамдардың
жан дүниесінде олардың бір-біріне деген белгілі өшпенділік ұрығын сепкен
құбылыстардың салдарларына душар болудан сақтануына септігін тигізді.
Мұны біздің де білуіміз керек жəне бұл мəселе терең де байыпты тарихи
талдауды талап етеді. Бұл арада біздің ғалымдарымыздың жемісті қызмет
етуіне қыруар мол мүмкіндік бар. Егер біз адамның жан сезімінің
жайқалған жазирасында анда-санда бой көрсетіп қалатын зиянды
арамшөптерден арыламыз десек, онда олардың өсіп шығатын түп тамыры
қайда екенін түсінуіміз, білуіміз керек.
Ал біз қазір ұлтаралық қатынастар деп атау ұнап жүрген салада, тіпті
өз тарихымызды жөнді білмей тұрып, негізінен жағдайды кездейсоқ зерттеу
арқылы ғана əрекет етуге күні бүгінге дейін тырысып келеміз. Егер Қазан
төңкерісінен кейінгі кезеңде тап сол қазақ халқының есінен оның бүкіл
өткен өмірін біржола сызып тастау үшін бəрі де істеліп келгенін ескерсек,
бұған таң қалатын ешнəрсе де жоқ. Қалай дегенмен де, тіпті революцияға
дейін сауатсыздық жайлады деген Қазақстанның өзінде де жүз адамның
ішінен оқи білетін, жаза білетін екі-үш адамды қалай да табуға болатын.
Мұнда ғасырлар бойы жазбаша тарих та, кенен бай əдебиет те жасалып
27

келген еді. Ал отызыншы жылдары ондағы бүкіл аймақта ежелгі араб
жазуын əуелі латыншамен, сонан соң кириллицамен тағы да ауыстыруды
қалай түсіндіріп беруге болар еді? Мен мұның бəрі де біле тұра саналы
түрде жасалды деп ойлаймын. Ал, «марксистер» оған ұлттар арасындағы
айырмашылық атаулының бəрі де, сөз жоқ, жойылмай қоймайды-мыс деген
ғылыми негіздеуін тықпалады. Сөйтіп халықтың зердесіндегілерді
ұмыттырып, адамдарды кəдімгі мəңгүрттерге айналдыра бастады. Алдымен
оның ең жақсы қасиеттерін құртуға кірісті, өйткені зердедегі жаман
қасиеттердің жаны сірі келеді ғой. Біз мұны айтуды қаласақ та, қаламасақ
та, əйтеуір қазақ халқының жан дүниесінде кемсітушілік сезімінің сақталып
қалуы тіпті де кездейсоқ нəрсе емес. Үлкен аймақтан байырғы тұрғын
халықтардың тілдері, мəдениеттері, дəстүрлері жойылып бара жатқан
жағдайда басқаша болуы мүмкін де емес еді.
Шын мəніндегі тарихты қалпына келтіру жəне өткен өмірімізді
сəулелендіру арқылы біз халықтар арасында анда-санда бой көрсетіп
қалатын түсініспеушіліктің себептерін жоя аламыз ғой деп ойлаймын.
Кейде советтік ресми тарихнаманың шындықты шырылдатып, өңін
айналдырып жіберуге шеберлігін көргенде таң қалмасқа амалың жоқ.
Оның үстіне, мұның өзі ең жаңа тарихымызға ғана қатысты емес. Айталық,
өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарында Кенесары Қасымов
жасақтарының патша отаршыларына қарсы жүргізген күресі халық
мүддесіне қарсы келетін мейлінше ұлтшылдық жəне феодалдық-
байшылдық қозғалыс ретінде көрсетіледі. Бұл орайда XIX ғасырда
Қазақстанды күшпен отарлау айрықша белсенділікпен жүргізілген кездің
тарихы туралы тіс жарып ештеңе айтылмайды. Бізге неғұрлым жақын
кейінгі кездегі коллективтендіру революциялық идеяны сахараның
көшпелі тұрғындарына көшіру арқылы жүзеге асырылды. Мұның өзін
орасан зор табыс етіп көрсетуге дейін барды. Ал оның салдары тіпті
басқаша еді:халықтың қолындағы бірден-бір күнкөріс құралы малын алып
қойғаннан кейін жүз мыңдаған адам аштан өлуге душар болды. Сонымен
бір мезгілде сталиндік қуғын-сүргін нəубеті болып, ұлттың бетке ұстар
таңдаулы перзенттерінің жергілікті зиялылардың тамырына балта
шабылды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның үлесіне өздерінің ата-
мекендерінен зорлықпен кінəсыз қуылған халықтарды балкарларды,
чешендерді, ингуштарды, месхеттік түріктерді, Қырым татарларын
паналатудың ауыр міндеті тиді. Баспаналары мен туған жерінен айрылған
28

адамдардың бізге кеңіл күйі қандай жағдайда келгенін көзге елестету қиың
емес. Жергілікті халықтың пікірімен санасу тың жəне тыңайған жерлерді
игеру өріс алған кезде де ешкімнің ойына кіріп-шықпаған болатын. Рас, бұл
шараның экономикалық тиімділігі болған еді. Алайда бұл жерлер шынында
да иесі жоқ, бос жатқан, ешкімге де керексіз еді деп, совет адамдарының
барлығын да дерлік шатастыруға дейін барды. Ал, іс жүзінде ол жерлерде
мал өсірумен айналысатын қазақтар ғасырлар бойы тұрып келді, олар жер
қадірін жақсы білетін, оның құнары мен отын қашырып, тоздырып алмау
үшін жайылымды ұдайы ауыстырып, көшіп-қонып жүретін. Ғасырлар бойы
қалыптасқан дəстүр бойынша бүкіл жайылым мал өсірушілер арасында
өзара бөлінетін. Тағы да бір өкінішті жағдайға душар болдық: тек Қазақстан
ғана емес, бүкіл еліміз мал шаруашылығының аса қуатты базасынан
айырылып қалды. Сонымен қатар Одақтың европалық бөлігінен
Қазақстанға тағы да екі жарым миллионға жуық адам көшірілді тың
игерушілер келді. Барлық жерде жаңадан ірі-ірі мектеп ғимараттары салына
бастады, ал оқу қазақ тілінде жүргізілетін жергілікті шағын мектептер
жабылумен болды. Оның үстіне халықтың өз арасында да балаларымызды
ана тілінде оқытып қажеті қанша барлық жоғары оқу орындары мен
техникумдарда оқу тек орыс тілінде жүргізіледі ғой деген пікір бірте-бірте
қалыптаса берді. Менімен замандас буынның құлағына ата-аналардың
өздері: «адам боламын десең, орысша оқы» дегенді құя бастады. Тіпті
байырғы жергілікті тұрғындары 90-95 процент болатын аймақтардың
өзінде де орыс тілінде сөйлеу қажет болды Жергілікті зиялы қауым, əсіресе
жазушылар, ақындар, драматургтер табан тірер негізінен айырыла бастады.
Ана тілінде əдеби шығармалар жазудың мəн-мағынасы қалмады десе де
болатын еді, өйткені оқырман қауымның шеңбері апатты жағдайға дейін
тарылды. Солай бола тұрса да өз халқыңды жəне оның мəдениетін қорғау
үшін бір ауыз сөз айтуға тырысудың кез келген түрі ұлтшылдықтың
жасырын түрде бас көтеру əрекеті ретінде қабылданды. Мысалы, ұлы
жазушы Мұхтар Əуезовтің немесе аса ірі совет ғалымы Қаныш Сəтпаевтың
жəбір шеккен азапты тағдырларын еске түсірсек те болады.
Л. И. Брежневтің сөйлеген сөздерінің бірі еске түседі. Онда біздің
халықтарымыздың бейне бір алмастың қырындай жалт-жұлт етіп,
əрқайсысы өз бояуымен, өз тілімен, өз мəдениетімен гүлденіп келе жатқаны
айтылған болатын. Бұл сөздер кейін жергілікті басшылардың бір
баяндамасынан екінші баяндамасына көшумен жүрді. Нақты өмір
29

шындығымен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұндай жалтырақ сөздерді
ести-ести құлағымыз сасыған болатын. Ал, іс жүзінде қазақтар қайдағы бір
екінші сорттағы адамдарға саналы түрде айналдырылды. Сөйтіп олардың
жан жүрегінде реніштің пайда болуы əбден табиғи нəрсе еді. Бірақ тағы да
қайталап айтамын, тағы да ерекше ескертемін: бұл реніштің қатардағы
қарапайым орыс адамына немесе басқа да ұлт өкілдеріне тіпті де қатысы
жоқ. Қарапайым еңбек адамдары қашаннан ынтымақтаса өмір сүріп, жұмыс
істеп келеді. Ол аз десеңіз, Қазақстанда Россия жұмысшы табының көмегі
арқасында жергілікті ұлт өкілдерінен жоғары маманданған
жұмысшылардың үлкен отряды пайда болды. Россияның көмегімен
жергілікті техникалық интеллигенция даярланды. Қазақтар орыс тілі
арқылы өздеріне орыс мəдениетінің ғаламат мол қазынасына есік ашып
қана қоймай, сонымен қатар əлемдік өркениеттің рухани биік шыңдарына
қол жеткізді.
Біз өзіміздің барлық қайғы-қасіретіміздің қайдан келгенін,
əміршілдік-əкімшілдік жүйе орнатқан адам төзгісіз қатал тəртіптің кімге
қажет болғанын айқын түсінеміз. Тоталитарлық идеялар үстемдік еткен
жылдарда орыс халқының да, оның мəдениетінің де аса ауыр зардап
шеккенін əрбір адал ниетті адам жақсы түсініп, жақсы біледі. Біздің
интернационализм принциптерінен айнымауымыздың, барлық ұлт
өкілдерінің күш-жігерін топтастыруды, құрамында барлық ұлттар мен
ұлыстар еркін дами алатын Одақты қайта құруды жəне жаңартуды батыл
жақтап отыруымыздың себебі де, міне, осында. Алайда тап қазір мен бұл
тақырыпты тереңірек ашуға бара бермеспін де, өйткені ол берілген
сұрақтың шеңберіне сыймайды жəне айрықша терең талдауды талап етеді.
«Халықты отырықшыландыруды шапшаңдату» проблемасын ғана
емес, сонымен қатар қоғамдық дамудың басқа да көптеген мəселелерін
«аттың жалы, түйенің қомында» асығыс шешудің неге апарып
соқтыратынын қазақ халқының басынан кешкен ащы тəжірибесі айқын
көрсетіп отыр. Əлеуметтік даму процесінің заңдылықтарын күшпен өзгерту
көбінесе қайғы-қасіретке толы жағдайларға ұрындырады. Біз өзіміздің
қазіргі қайта құруымыздың «революциялық сипаты» бар екенін ұдайы
қайталап айту арқылы тарихтың тағлымын толық көлемінде ескермей
жүрген сияқты көрінбейміз бе? Мəселені асығыс-үсігіс бастырмалата
шешудің талай рет қайталануының қыруар зардаптары көз алдымызда
ғой...
30

Тарихтан көп нəрсе үйренуге болатыны айтпаса да белгілі. Бірақ
қателіктерге қайтадан ұрынбас үшін біз, неге екенін қайдам, əйтеуір тарих
тағылымдарымен санасуды қаламаймыз. 1985 жылы бізге экономиканы
қайта құру үшін екі-үш жыл керек дегенді айтқан еді. Экономикалық
өзгерістер жасауды неден бастау керек екендігін принципінде дұрыс
белгілей тұра, партия мен мемлекет басшылығы, кейін мəлім болғанындай,
саяси жүйе реформасымен байыпты айналысуды тіпті ойларына алған жоқ.
Демократияландыру мен жариялылықты сөз жүзінде айтып қана қою əлі
ештеңе де бере алмайтын еді. Экономикада түбегейлі реформа
жасамайынша, əлгі екі егізден қазіргідей құбыжық құдірет кана туатынына,
сірə, ешкім де күмəн келтіре қоймаған шығар. Меніңше, алғашқы кезде
жұрттың бəрі де дерлік адамдардың жүйкесін жұқартқан бірқатар
құбылыстарды жою жəне пікірлер алуандығына жол беру арқылы бүкіл
өмірімізді жақсылыққа қарай оп-оңай күрт бұрып жібере аламыз деп ойлап
қалған болуы керек. Бірақ біз ынты-шынтымызбен шындап күрес ашқан
нəрселер (мысалы, желбуаз беделділер, негізсіз жеңілдіктер, сынға қысым
жасау, пара алу, жемқорлық бəрін тізіп шығу мүмкін емес) мұхиттағы
мұзтаудың жоғарғы жағы ғана, тамыры неғұрлым теренде жатқан
себептердің салдары ғана болып шықты. Еліміз қазір сондықтан да терең
экономикалық жəне саяси дағдарысқа ұрынды. Елуінші, алпысыншы
жылдардағы жүзеге асыра қаламыз деген реформалардың тағдыры қалай
болса, сол шамалас болды. Бірақ мұның зардабы əлдеқайда күшті еді,
өйткені стратегиялық тұрғыдан өрескел қателіктер жіберілген болатын.
Мұндай жағдайда біздің бүкіл экономикалық жəне саяси алып
кемемізді қысқа мерзім ішінде қажетті бағытқа қарай бұрып, елеулі
нəтижелерге жете қоямыз деу, əрине, жалпы айтқанда утопиялық тəтті қиял
ғана еді. Ал, соңғы жетпіс жылдағы өз тарихымызға көз жүгіртер болсақ,
аса күрделі мемлекеттік, əлеуметтік жəне экономикалық проблемаларды
шешуге осындай утопиялық тұрғыдан келудің қаншама мысалын табар едік
десеңізші! Қайта құру басталған кезде бізде оның ойластырылған бағыты
да жоқ екені арада аз уақыт өтпей-ақ мəлім болған-ды. Біз алға қарай
жылжыған өз қозғалысымыздың барысында бəрін де үйренеміз, бізге
өмірдің өзі бəрін де ұдайы үйретумен келеді десті... Қалай дегенмен де нені
болса да асығыс жүріп бара жатып емес, тыныш жағдайда алаңсыз үйрену
керектігі айдай айқын ақиқат. Осылай еткенде біз, бəлкім, өзін өзі
ақтамаған, шалағай ойластырылған асығыс бастамалар мен тəжірибелерге
31

соқтықпаған да болар едік. Оларға неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталғым
келіп тұрған жоқ. Қазір, өндірісті демократияландыру дегенді сылтау етіп,
кəсіпорындардағы тəртіп пен реттілікті қалай қожыратып алғанымызды
ғана немесе салық салудың жүйесін ойластырмағандықтан кооперативтік
секторды қайта өркендету идеясын қалай бұрмалағанымызды жəне ақша
айналысын біржолата қалай бұзып алғанымызды ғана мысал ретінде айта
кетейін. Қайта құрудың əр жылы сайын қателіктер мен ағаттықтардың
саны геометриялық прогрессиямен өсіп отырды. Ал, 1990 жыл бұл
тұрғыдан алғанда мейлінше рекордты жыл болды. Енді, міне,
ойластырылмаған ұмтылыс жасаудың кезекті əрекетінің өте-мөте өкінішті
қорытындыларына тап болып отырмыз. Менің өз басым жалпы алғанда
секіріс атаулы мен асығыс-үсігіс əрекеттер жасауды қолдамаймын. Қазір
қоғамымыздың жаңа сапалық жағдайға көшуі ұзақ уақытты қажет ететіні
жұрттың бəріне де белгілі. Дегенмен де халықтың көкейіне қонымды нақты
қадамдар, дəл нысаналар мен айқын мақсаттар қазірдің өзінде қажет болып
отыр.
Сіздің естеліктеріңізден «жаппай əкімгершілік үстем болған кездің
кісі тұншықтырарлық ауыр ауасы жайлаған ахуалында» да жақсылыққа
қарай шұғыл бетбұрыс жасаудың, мысалы, ауылшаруашылық өндірісін
дамытудың сəті түсті деген қорытынды жасауға болады. Мұның өзі қазір
«Бізді 1985 жылға кері қайтарыңдар!» деп талап қоюшылардың айтқаны
дұрыс деген сөз болып шықпай ма? Немесе, əрі кеткенде, мұндай
айқындамада шынында да ақиқаттың алар үлесі бар ма?
Əрине, мұндай ұран көтеріп жүргендерді кей жағдайда түсінуге де
болады. Халықтың күнкөріс дəрежесі күрт төмендеп кетті, өндірістің
карқыны бəсеңдеп барады, магазин сөрелері қаңырап бос қалуда, осының
бəрінің үстіне елдегі əлеуметтік жағдай шегіне жеткенше шиеленісіп отыр.
Бірақ өткен өмірге кері шегінуге болмайды. Ең басты нəрсені түсіну керек:
біз тым ұзақ уақыт бойы бейғамдықпен əрі парықсыздықпен, шын мəніне
келгенде несие есебінен, өмір сүріп келдік, өзіміздің ұлттық байлығымызды
ішіп-жеп, сарқып біттік. Ал, соның сазайын əйтеуір бір сөзсіз тартуымыз
керек болатын сондай кез, міне, енді келді. Бұл жерде қайта құрудың түкке
қатысы жоқ. Елдегі қалыптасқан жағдай ол туралы жаңа ғана айтып өттік
субъективтік ағаттықтардың ғана салдары емес. Экономиканы жүргізудің
ескі тəсілдері баяғыда-ақ тұралап біткен болатын, ал ол тəсілдерге қайта
оралуға əрекеттену дағдарысты барған сайын тереңдетіп, оның зардапты
32

салдарларын күшейте түсуі ғана мүмкін.
Біз ауыл шаруашылығының проблемаларын қозғап өткендіктен, бұл
саладағы істің жай-жапсарын түсіндіре кетейін. Ия, біз өткен бесжылдықта
іс жүзінде ауыл- шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін өндіруді едəуір
арттыруға шынында да қол жеткіздік. Мұның өзі ең алдымен жеке
сектордағы шектеу атаулының барлығын да алып тастау есебінен жүзеге
асты. Алайда селодағы өндірістік қатынастарды түбегейлі қайта
ұйымдастырудың сəті əлі де түсе қойған жоқ. Əзірше басқарудың бұрынғы
жүйесі сақталып отыр. Сондықтан да аудандық буын барлық
шаруашылықтарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келеді, ал
совхоз директорлары өздерінің артықшылық құқтарынан айырылып
қалмау үшін кез келген жаңалық атаулыға, көп жағдайда əсіресе жалгерлік
пен фермерлікті өндіріске енгізуге қасарыса қарсылық жасауда. Мұндай
жағдайда республика ауылшаруашылық кəсіпорындарының шамамен
үштен бірі зияннан шыға алмай келеді. Бірақ жергілікті жерлерде мұның өзі
ешкімді де шын мəнінде толғандырмай отыр, өйткені оларды мемлекет
жəрдем беру арқылы демеп отыр. Совхоз немесе колхоз жұмысты
неғұрлым жаман істесе, мемлекеттен жəрдемді солғұрлым көп алады, ал
олардың қызметкерлерінің жалақысы пайда тауып отырған табысты
шаруашылықтардағымен салыстырғанда жоғары болып шығатындығын
қайтерсіз. Сондай-ақ, бұған керісінше, шаруашылық жұмысты неғұрлым
жақсы істей бастаса, оған берілетін жоспарда, тапқан пайдасынан
алынатын, сөйтіп артта қалушы өзгелерге бөліп берілетін салық та арта
түседі. Міне, тап осындай ақылға қонымсыз жүйе сақталып отырғанда
біздің елеулі табыстарға қол жеткізе аламыз деп байсалды пайымдау
айтуымыз мүмкін бе?
Тағы бір маңызды жағдайды ескерген жөн. Адамдардың
психологиясы өзгеріп отырады жəне оны тоқтату мүмкін емес. Адамдар
жалгерлік коллективтерге барған сайын ынта-ықыласымен ағылуда,
фермерлік шаруашылықтар құруда жəне олардағы еңбек өнімділігі
мейлінше жоғары болып отыр. Қазір бізде жалгерлік жəне фермерлік
шаруашылықтар мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікте жақсы
дамып келеді. Қазақстанның өзіндік жағдайларын ескере келе біз тап қазіргі
кезеңде жерді жеке адамдардың меншігіне сату əлі ерте деп санаймыз.
Əрбір танабының өзі алты жүзден мың гектарға дейін жететін орасан зор
алқаптарды сатып алуға кімнің шамасы келе қояды дейсіз. Оның үстіне
33

бізді халықтың өзі де түсіне қоймас еді. Дегенмен біз таяу уақытта қазіргі,
пайдаланып жүрген жерлерді мемлекет меншігінен ішінара айыратын
болуымыз керек деп ойлаймын. Қандай жағдайда да тек алға қарай жылжу
керек, бізде одан басқа жол жоқ.
Сіз жиырмасыншы-отызыншы жылдарда ассимиляцияның,
коллективтендірудің, сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын қатты шеккен
Қазақстанның ауыр жағдайына бірнеше рет тоқталып өттіңіз. Бірақ ол кезде
алда жұрттың бəрін де орасан қатал жаңа сын сағаттар күтіп түр еді ғой.
Қазақ халқы кешегі Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік пен батырық
көрсетті. Мұның дəлелі ретінде көптеген мысалдар келтіруге болар еді.
Панфилов дивизиясының жауынгерлік даңқын немесе Мəншүк
Мəметованың, Əлия Молдағүлованың... есімдерін еске алсақ та жеткілікті.
Сіздің ойыңызша, қазақтар сол кезде не үшін соғысты?
Олар совет адамдарының басым көпшілігі не үшін соғысса, сол үшін
соғысты яғни өз Отаны үшін соғысты. Қазақтар əміршілдік-əкімшілдік
жүйенің езгісін орыс халқының, кез келген басқа да ұлттардың қарапайым
өкілдерінің мүдделерімен ешқашан да байланыстырмағаны туралы ойымды
бұған дейін атап айтқан болатынмын. Өйткені отызыншы жылдардың тап
сол заңсыздықтарынан жұрттың бəрі де бірдей зардап шекті ғой. Бұл ретте
Никифоровтар əулетінің тағдыры туралы айтқан əңгімемді еске алсақ та
жетіп жатыр. Тіпті одан да зорын айтайын: елдің басына түскен ортақ
қайғы-қасірет халықтарды бұрынғыдан да күштірек топтастырды, бір-
бірімен тізе қоса, қоян-қолтық қол ұстасуға мəжбүр етті. Бүкіл еліміздің
басына бірдей төнген ажал қаупін жете сезіну де бірлікті күшейтуге ықпал
етті. Менің өз басым Совет Одағы халықтарының достығы Ұлы Отан
соғысында мейлінше қатал сынға шын мəнінде төтеп бергеніне кəміл
сенемін. Ал бұл достықтың қайнар көздерінің қайда екенін ресми насихат
ондаған жылдар бойы құлағымызға құйып, санамызга сіңіруге тырысып
келген «данышпандық ұлт саясатынан» іздемеу керек дейтін болсақ, мұның
өзі басқа мəселе. Жоқ, ол достық тамырлары тіпті басқа жақта, ол достық
сталиндік қатал тəртіптің халыққа жат саясатына қарамастан, оған қарама-
қарсы қалыптасып дамыды əрі нығая түсті.
Совет халқының фашистік басқыншыларға қарсы қасиетті
соғысының басталған күніне үстіміздегі жылы елу жыл толатынын еске
салмай кете алмаймын. Жеңістің біз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін
бəріміз де жақсы білеміз. Жасымыз жетпегендіктен соғысқа қатысуымызға
34

тура келмеген мені де, шамасы, менімен қатарлас ұрпақтың басым
көпшілігін де соңғы жылдары қатты мазалап жүрген бір сезім бар өйткені
біз сол жеңімпаздарға лайық, адам қалыпты өмір сүретіндей жақсы жағдай
жасауды əйтеуір бір қамтамасыз ете алмай-ақ қойдық. Ол ол ма, турасын
айтайық, қартайған шағында көптеген ізгі мұраттарға, əділдік атаулыға
деген сенімдерін жоғалта бастаған сол адамдардың алдында біз өзіміздің
борышты екенімізді ұдайы есте ұстауға тиістіміз. Қазір «Соншалықты
кұрбандыққа не үшін бардық?» деген сұрақтар жиі естіліп жүр. Мен мұны
біздің бəрімізге тағылған кінə деп білемін. Бірақ мұндай кезде адамдардың,
əсіресе жастардың жан дүниесінде сол Жеңіс бізге керек пе еді əлде керек
емес пе еді деген мəселе төңірегінде күмəнды пікірдің тууына жол беруге
болмайды. Менің жеке өз басым Жеңістің орасан зор терең мəні болғанына
кəміл сенемін. Өйткені ол соғыста дүниежүзілік өркениет тарихында
бұрын-соңды болып көрмеген орасан зор зұлмат күш талқандалды.
Республиканың Президенті ретінде менің алғашқы жасаған қадамымның
бірі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қосымша жеңілдіктер беру туралы
арнайы жарлық шығару болуы тіпті де кездейсоқ нəрсе емес. Оны
қазақстандықтардың барлығы да зор қанағаттанғандық сезіммен қарсы
алды.
35



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет