1.
"master-detail" есеп беруін құру
2.
Есеп беруде графикалық және мемо-жолдардың кӛрінуін қамтамасыз ету
3.
Есеп беруді алдын-ала кӛру
14 - зертханалық жұмыс.
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру
Әдістемелік нұсқаулар
С++Builder- де жасалатын қосымшаның анықтамалық жүйесін құру келесі 4
кезеңдерден тұрады:
1.
Басқару элементтерінің /форма және ондағы компоненттер/ контекст номерлерін
тағайындау;
2.
Мәтіндік редакторды /мысалы, Word-ты/ пайдаланып анықтамалық жүйенің мәтіндік
файлын жасау;
3.
Арнаулы компилятор кӛмегімен анықтама файлын жасау;
4.
Анықтама файлын қосымша жобасына апарып қосу.
Компоненттердің контексттік номерлерін тағайындау.
Форма және онда орналасқан компоненттер анықтамалық жүйеге сәйкес контексттік
номер ала алады, ол үшін компоненттің HelpContext қасиетіне анықтама файлындағы
сәйкесінше тақырыптың номері беріледі. Қосымша орындалған кезде компонентті белгілеп
алып F1 пернесін бассаңыз анықтама терезесінде сол компонентке қатысты анықтаманы кӛре
алатын боласыз, егер оған сәйкес бӛлім немесе тақырып тағайындалмаған болса сәйкесінше
хабарлама шығады.
Жаттығу жұмыстары
Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау.
Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлы кез-келген мәтіндік редакторда, бірақ *.rtf
форматта жасалады. Мұны жасау үшін Microsoft Word процессорын да пайдалануға болады.
Мәтіндік файл жеке тақырыптарды білдіретін
бӛлімдерден /немесе парақтардан/тұрады.
Microsoft Word -та анықтама мәтіндік
файлындағы
бӛлімдердің
атрибуттары
сноскалар түрінде беріледі, бӛлімге сносканы
қою үшін курсорды бӛлімнің тақырыбының
алдына /немесе соңына/ апарып, Вставка-
>Сноска / Word 2003/ немесе Ссылки-
>Вставить сноску / Word 2007/ командаларын
орындайды.
1-кезең. С++Builder ортасында екі санды
қосуды орындайтын қрапайым қосымша
құрыңыз, қосымша терезесі келесі түрде
болсын /4.39-сурет/ және қосымшаны жеке
бумаға сақтап қойыңыз. Суреттегіге сәйкес форма тақырыбын, Label, Edit және Button
4.38-сурет. ProbHelp.rtf файлынын
бастапқы терезесі
компоненттерінің сәйкес қасиеттерін ӛзгертіңіз. Жоғарыда құрылған ProbHelp.rtf
файлындағы бӛлімдердің номеріне сәйкес Edit1 компоненттің контекст номеріне яғни
HelpContext қасиетіне 2 мән береміз, себебі оған сәйкес анықтама бӛлімі Kosilgiw1 –дің
реттік номері 2-ге тең, тура сол сияқты Edit2 мен Edit3 –тің HelpContext қасиеті сәйкесінше 3
пен 4 болады да, Button1 компонентінің HelpContext қасиеті ӛзіне сәйкес бӛлімнің реттік
номері 5-ші номерді алады.
2-кезең.Бұл кезең Microsoft Word редакторын пайдаланып, бастапқы *.rtf форматтағы
анықтаманың мәтіндік файлын құруды қамтиды. Программадағы элементтерге сәйкес оның
жалпы кӛрінісі келесі түрде болады /4.38, 4.39-сурет/ және бұл файлды, қосымша үшін
ашылған буманың ішінен MyHelp деген жаңа бума ашыңызда сонда ProbHelp.rtf деген
атпен сақтаңыз. Бұл құжаттың терезесінде 4.38- суреттегідей мәтіндерді теру керек
/анықтама терезесінде шығатын мәтін ӛзгеріп кетпес үшін ағылшын әріптері пайдаланылды/
және мұнда ең алғашқы бӛлім «Programma turali» Word-тағы Заголовок1 стилімен теріледі,
ал қалған бӛлімдердің тақырыптарын жай «қалың бояулы» шрифтімен жаса жеткілікті.
Мәтін теріліп болған соң әрбір бӛлімге сәйкес « сноскалар» қойылады/4.40-сурет, сол
жақтағы терезе/. Келесі қадамда курсорды бӛлімдерде орналасқан жай мәтіндер мен келесі
бӛлім тақырыбының арасына қойып, Вставка->Разрыв страницы командасын орындайсыз
сонда 5 бӛлімге сәйкес 5 терезе шығады /4.40-сурет, ортада және оң жақтағы терезелер/.
Файлды *.rtf форматта сақтауды ұмытпаңыз.
4.39-сурет. Анықтама файлын пайдаланатын қосымша терезесі
3-кезең.
3.1. Microsoft Word -та жасалған MyHelp/ProbHelp.rtf форматтағы мәтіндік файлды
анықтамалық жүйенің *.hlp файлына айналдыру үшін арнаулы Microsoft Help Workshop
компиляторын ашу керек, ол үшін Programm Files/Borland/СBuilder6/ HELP/TOOLS
каталогында Microsoft Help Workshop компиляторының hcrtf.exe файлын іске қосамыз, сонда
келесі терезе пайда болады /4.42- сурет/.
3.2. Келесі қадамда File->New командасы орындалады , пайда болған терезеден Help
Project таңдалынады.
3.3. Пайда болған Project File Name терезесінде, әуелі манағы даярланған
ProbHelp.rtf форматтағы мәтіндік файл сақталған MyHelp бумасын ашып алу керек, сонан
соң барып Имя файла тұсындағы терезеге жоба файлының атын, мысалы HelpProjFile1
теріп жазамыз /4.43-сурет./
4.40-сурет. ProbHelp.rtf файлынын «сноска» қойылғаннан кейінгі /сол
жақта/ және «разрыв страницы» қойылғаннан кейінгі /ортада, оң жақта/
терезелері
4.42-сурет. Microsoft Help Workshop компиляторының бастапқы
терезесі
4.43-сурет. Project File Name терезесінде жоба
файлының атын беру
3.4. «Сохранить» батырмасы басылғаннан кейін пайда болған терезеде
HelpProjFile1.hlp файлының параметрлерін тағайындау басталады /4.44-сурет/.
Бұл терезеде келесі параметрлер ӛзгертіледі:
-
Files параметрі, бұл манағы даярланған ProbHelp.rtf файлына баратын маршрутты
беру үшін қолданылады, ол үшін терезедегі сол Files батырмасына шертеміз, сонда Topic
Files терезесі шығады, сол терезедегі Add батырмасына шертсеңіз ProbHelp.rtf файлы
сақталған MyHelp бумасы ашылу керек, сол бумадағы жалғыз файл ProbHelp файлын
белгілеп « Открыть» командасын орындайсыз, нәтижесінде 4.44- суреттегі терезеде келесі
жол, Files параметрі пайда болады /4.45-сурет/;
-
Window парметрі, бұл программадағы анықтама шығатын терезенің атын беру үшін
қолданылады, бұл параметрді тағайындау үшін Window батырмасына шертіледі, пайда
болған Create a Window терезесіндегі курсор тұрған жерге main деп терезенің типін
жазасыз, OK басылғаннан соң келесі терезе қасиеттерін беретін Window Properties
терезесіндегі Title bar text тұсына терезенің атын, мысалы «АНЫҚТАМА ТЕРЕЗЕСІ» деп
жазады, нәтижесінде 4.46- терезеде Window парметрінің жолы пайда болады;
-
Map параметрінің терезесінде ProbHelp.rtf анықтама файлындағы әрбір
тақырыпшаға « #» таңбасы арқылы берілген идентификациялық атаудың /ID_1, ID_2, ... ,
ID_5/ оның « +» арқылы берілген реттік номерлеріне /1,2, ... , 5/ сәйкестігі тағайындалады,
ол үшін терезедегі Map батырмасына шертіп, пайда болған терезедегі Add командасы
орындалады, пайда болған келесі Add Map Entry терезеде Topic ID параметріне ID_1, ID_2,
... , ID_5 идентификациялық атауларды, ал Mapped Numeric Value парметріне сәйкес 1,2, ... ,5
4.44-сурет. HelpProjFile1.hlp файлының парметрлерін тағайындау
терезесінің бастапқы түрі
номерлерді бір-бірлеп жазып және олардың әрқайсысы үшін ОК орындалып отырады,
нәтижесінде 4.46-терезедегі Map параметрі пайда болады;
-
Config параметрінің қызметі анықтама файлының конфигурациясына ӛзгерістер
енгізу, мысалы, анықтама файлында >> немесе << батырмаларын пайдаланып алдыға не
кейінге оралуды жүзеге асыру үшін ол файлға BrowseButtons() функция-макросын қосу керек
болады, ол үшін терезедегі Config батырмасына шертіп, пайда болған Configuration Macros
терезесінде Add командасын орындалады, сонон соң шығатын Add Macro терезеде
BrowseButtons() деп жазып, ОК басылады, нәтижесінде 4.46-терезеде Config параметрі
шығады;
-
Соңғы қадам бұл параметрлері тағайындалған анықтама файлының жобасын
компиляцияға жіберу ол үшін терезедегі Save and Compile батырмасына шертесіз, егер
жобада қате болмай бәрі дұрыс болса нәтижесінде 4.47-суреттегі терезе шығады.
4.46-сурет. Анықтама файлы жобасының
параметрлерін тағайындау
терезесі
Ӛзіндік жұмыстарға тапсырмалары
4.47- сурет. Анықтама файлының проектісін компиляциялаудың
нәтижесін көрсететін терезе
4.48- сурет. MyHelp бумада пайда болған HELPPROJFILE1.hlp
анықтама файлы және HelpProjFile1.hpj проект файлы
Келесі мазмұндағы программалардың анықтамалық жүйесін құрыңыз:
1 тапсырма
1.
Пирамиданың кӛлемін табу.
2.
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.
3.
Параллелипедтің кӛлемін есептеу.
4.
Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған).
5.
Трапецияның ауданын есептеу.
2 тапсырма
1.
Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін;
2.
Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін;
3.
Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын;
4.
Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын;
5.
Атына сәйкес түстерді кӛрсете алатын;
3 тапсырма
№
Матриц
а
Тапсырмалар
Шектеу
1
A(5,7)
Матрицаның әрбір бағанының оң элементтерінің
қосындысын және олардың санын есте сақтау.
Нәтижесін екі жол түрінде шығару.
Aij>0
2
A(N,M)
Матрицаның әрбір жолының оң элементтерінің
қосындысын және олардын санын есептеп есте
сақтау.Нәтижесін екі баған түрінде баспадан шығару.
N<=4
M<=5
3
B(N,N)
Матрицанын бас диагоналындағы және одан тӛмен
орналасқан
элементтердің
қосындысын
және
элементтер санын есептеу.
N<=6
4
B(N,N)
Матрицаның бас диагоналынан тӛмен орналасқан оң
элементтерінін қосындысын және олардың элементтер
санын есептеу.
N<=4
Bij>0
5
D(K,K)
Матрицаның
жұп
орындағы
элементтерінің
элементтерінін
орнына
нольдерді
жазып
және
матрицаны баспаға шығару.
K<=5
6
D(4,4)
Матрицаның теріс элементтерінің орнына нӛльдерді, ал
оң элементтер орнына бірлерді жазу.
Dij<0
7
F(N,M)
Матрицаның әрбір жолындағы максималь және
минималь элементтерді тауып оларды сәйкесінше осы
жолдың бірінші және соңғы элементтерінің орнына жазу
N<=5
M<=3
керек. Матрицаны баспаға шығару керек.
8
F(4,3)
Элементтері бүтін сан болатын матрицанын әрбір
жолынын тӛртке еселі элементтерінің санын және
нәтижелерінің ең үлкенін табу керек.
(Nij / 4)*Nij
9
N(5,3)
Элементтері бүтін саң болатын матрицанын әрбір
жолынын беске еселі элементтерінің санын және
нәтижелерінің ең үлкенін табу керек.
(Nij / 5)*Nij
10
N(5,5)
M(3,Kmax) матрицасын құру керек, мұндағы Kmax- N
матрицасының оң элементтерінің ең үлкені. Мұндағы
M матрица элементтері N матрицаның оң элементтерін
ғана ала алады, ал теріс элементтердің орнына ноль жазу
керек.
15 - зертханалық жұмыс.
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті
Install Shield Express утилитасы арқылы жасау
Әдістемелік нұсқаулар
Install Shield Express - инсталлятор құрудағы қуатты және ыңғайлы құралдардың бірі.
Бұл түсінікті интерфейске, және деминимальды жады кӛлемін алатын профессионалды
инсталляторларға тән керекті функциялар жиынтығына ие.
Install Shield Express арқылы инсталляциялық қосымша құру үшін Install Shield Express
орындалуга жібереміз. Жаңа жоба құру кезінде жобаның атын енгізіп, қосымша файлдары
орналасқан каталогты кӛрсету қажет /4.49-сурет/.
4.49-сурет. Жаңа дистрибутив құру
"Include custom setup type" жалаушасын таңдаймыз. Осыдан кейін InstallShield-тың
басты экраны пайда болады, онда дистрибутивтi жасауы үшiн орындау керек болатын
адымдардың тiзбегi кӛрсетiлген /4.50- сурет/.
4.50-сурет. InstallShield Express басты терезесі
Set the Visual Design бӛлiмiнде қосымша туралы мәлiметтерi бар ӛрiстерді толтыру
керек: программалық топта кӛрінетін қосымша аты, орындалатын файл аты, қосымша
орнататын каталог /4.51-сурет/.
4.51-сурет. Қосымша параметрлерін орнату
Install
Shield
қолданушы
компьютерінің
дискілерімен
каталогтарын
идентифицирлейтін бірнеше айнымалыларданады:
-
- қолданушы кӛрсетуі арқылы орнатуға арналған каталог
-
- құрамында Windows бар каталог
-
- Windows\System каталогы
-
- құрамында Windows бар диск
-
- Windows\System каталогы бар диск
-
- Program Files каталогы.
Main Window бүктемесі арқылы инсталляционды қосымша тақырыбын, фон түсін және
логотипін орнатуға болады /4.52-сурет/.
4.52-сурет. Инсталлятор экранының ішкі түрін орнату
Features бүктемесін шерту арқылы жалғыз Automatic Uninstaller опциясын кӛруге
болады. Оны таңдалынған түрінде қалдыру қажет.
Келесі бӛлім - Specify InstallShield Options for Borland C++ - BDE, SQL Links және т.б.
қосымшалармен жиi қойылатын компоненттердi таңдауға арналған. Қажетті компонентті
таңдап (біздің жағдайда BDE) және Settings батырмасын басу арқылы, BDE бӛлімдерін
таңдау және бүркеншiк аттарды жасау үшiн тӛрт диалогтiк терезелер тiзбегiн аламыз /4.53-
сурет/.
4.53-сурет. BDE-нің орнатылатын бӛлімдерін анықтау
Бүркеншек ат параметрлерін орнату барысында бүркеншек ат типін және мәліметтердің
орналасатын жерін таңдауға болады. Қалған параметрлерін мәтіндік редакторде кӛрсетуге
болады /4.54-сурет/:
4.54-сурет. BDE бүркеншек атының параметрлерін орнату
Advanced Options бүктемесін шерту арқылы қосымша компоненттер (біздің жағдайда
BDE) файлы тізбегімен және олар туралы мәліметтермен танысуға болады.
Келесі бӛлім - Specify Components and Files - қосымшаның компоненттерi және файлдар
топтарын анықтауға, орнату түрлерiне арналған. Groups бүктемесін шерту арқылы
дистрибутив компоненттерін жасау үшін файлдар тобын құруға болады. Сонымен қатар
Explorer қолдануға болады және одан қажетті файлдарды drag-and-drop әдісімен (ол үшін
Launch Explorer батырмасын басу қажет) кӛшіруге болады. Топтарды бос тастап кетуге
ұсынылмайды.
4.55-сурет. Файлдар тобын құру
Components бүктемесін шерту арқылы, дистрибутив компоненттерін анықтауға болады
және олардың қандай файлдар топтарынан тұратынын кӛрсетуге болады. Топтарға кірмейтін
компоненттерді қалдыруға болмайды.
4.56-сурет. Дистрибутив компоненттерін құру
Келесі бүктеме - Setup Types –орнату түрін анықтауға арналған. Егер онда шертсе,
Typical орнатудың бір варианты (мысалға, сіз "Include custom setup type" жалаушасын
белгілеуді ұмыттыңыз). Бұл жағдайда Select User Interface Components бӛлімін таңдау қажет
және Components бүктемесін шертіп, Dialog Boxes тізімінен Setup Type және Custom Setup
опцияларын белгілеу қажет. Осыдан кейін Setup Types бүктемесіне оралып, инсталляция
түрін анықтауға болады. Ереже бойынша Custom және Typical құрамында барлық
компоненттер, ал Compact – қосымшаның жұмыс жасауына қажетті минимальды
компоненттер жинағы бар.
4.57-сурет. Орнату нұсқаларының құрамын анықтау
Select User Interface Components бӛлімінде қолданушы инсталляция кезінде қажетті
ақпараттарды енгізетін (мысалға, компания және ӛзі туралы мәліметтер, ӛнімдердің
сериялық нӛмірі) диалогтарды таңдайды, readme файлы және лицензионды келісімдермен
танысады, инсталляция каталогын кӛрсетеді, орнату түрін таңдайды және т.б. Preview
батырмасын басу арқылы диалогтарды алдын ала кӛруге болады.
Келесі бӛлім - Make Registry Changes – қолданушы компьютерінде тізілімнің жаңа
кілттерін (Keys бүктемесі) және олардың мағыналарын (Values) құруға мүмкіндік береді.
Бұл пайдалы болуы мүмкін, егер сіз қосымшада ActiveX компоненттері немесе OLE-сервер
құруда қолдансаңыз.
4.58-сурет. Қолданушы компьютеріндегі реестр
мәндерін және кілттерді анықтау
Келесі бӛлім - Specify Folders and Icons – болашақ программалық топ құрамын
анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар командалық жол (Advanced бүктемесі)
параметрлерін анықтайды.
4.59-сурет. Программалық топ құрамын анықтау
Соңғы бӛлім - Run Disk Builder. Инсталляциялық скрипт сақталғаннан кейін
(InstallShield басты терезесіндегі инструменттер панелінен дискеттің суреті бар батырманы
басу арқылы) және тасымалдаушының түрін таңдау қатқыл дискіде дистрибутивті дискет
бейнесінде құрылады. Осыдан кейн Create Distribution Media бӛлімін таңдап, құрылған
дистрибутивті дискетке жазуға болады.
4.60-сурет. Диск бейнесін құру.
Test Run опциясын инсталляционды қосымша жұмысын тексеру үшін қолдануға
болады. бірақ бұны қосымша құрылып жатқан компьютерде тексеру ұсынылмайды. Дұрысы
сіздің қолданушылардың компьютеріне ұқсас компьютерлерде тексерген жӛн. Бұдан басқа
осы компьютерге Windows кӛшірмесін жасаған дұрыс, инсталлятор дұрыс жұмыс жасамаған
жағдайда программалық жабдықты қайта қалпына келтіретіндей.
Инсталляциялық программаны орындалуы Select User Interface Components бӛлімінде
таңдалған диалогтар тізбекті пайда болады /4.61-сурет/.
4.61-сурет. Орнату программасының
диалогтарының біреуі осындай түрде болады
Инсталляциялық қосымша жұмысының нәтижесі қосымшаны және оның жұмысына
қажетті файлдарды қолданушы компьютеріне орнату, программалық топ құру, тізілімге
қажетті кілттерді енгізу /4.62-сурет/.
4.62-сурет. Инсталляциялық қосымша
жұмысының нәтижесі
Егер дистрибутивті құру кезінде Automatic Uninstaller опциясын таңдасақ, орнатылған
қосымшаны деинсталляциялау қажет болған жағдайда Windows панелдерін басқарудағы
"Установка и удаление программ" утилитасын қолдану керек.
Осындай жағдайлардан кейін InstallShield Express кӛмегімен функциональды және
дизайны жағынан қазіргі заман талаптарына сай инсталляциялық қосымша дистрибутивтерін
жылдам құруға мүмкіндік береді.
Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары
1.
Азық-түлік
дүкенінің
ассортименті
туралы
мәлімет
беретін
қосымшаға
инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;
2.
Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін қосымшаға инсталляциялық
қосымша дистрибутивін құру;
3.
Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын қосымшаға
инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;
4.
Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын қосымшаға инсталляциялық қосымша
дистрибутивін құру;
5.
Атына сәйкес түстерді кӛрсете алатын қосымшаға инсталляциялық қосымша
дистрибутивін құру;
V Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулар
1.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық
бӛлімінің мазмұны кіреді.
Курстық жұмыстың мазмұны тӛмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды:
- сыртқы беті;
- тапсырма;
- аннотация;
- мазмұны;
- белгілеу мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бӛлім (жұмыстың негізгі мазмұны);
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымдағы семестрдің
алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі.
Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер беріледі.
Тапсырмада тӛмендегілер кӛрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту пәні;
студенттердің аты–жӛні мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері мен орындалу
мерзімдері; жетекшінің аты – жӛні, оның қызметі, қолы және тапсыру мерзімі.
Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде ойластырылуы керек және
студенттердің дайындық деңгейі мен жұмысты орындауға кететін уақыты сәйкес болуы тиіс.
Қажетті мәліметтерге ҚР нормативтік-заңдық актілер, оқулықтар, оқу құралдары,
монографиялар, анықтамалық әдебиеттер, статистикалық материалдар, мерзімдік
басылымдар жатады.
Курстық жұмыстың мазмұнында тӛмендегідей құрылымдық элементтер айқындалуы
тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Орындалу мерзімі тӛмендегідей ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды - 1-2 апта,
әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен қатар, жұмыстың
құрылымдық элементтерің кӛлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15
бет, қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2бет.
Есептік – графикалық бӛлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу мерзімі, беттер
саны кӛрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу ұсынылады.
Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер қысқаша беріледі.
Аннотацияда курстық жұмыс кӛлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы мәліметтер
қамтылады.
Мазмұнында бӛлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді.
«Мазмұны» сӛзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады.
«Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде курстық жұмыста
қолданылатын белгіленулер мен қысқартулар тізімі сипатталады. Сӛздерді қысқарту үлгісі
тӛмендегіше:
ОБП– объектіге бағдарланған программалау.
Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың ӛзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі
мен шешу жолдарын кӛрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бӛлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бӛлім
зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру
қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай кӛлемінің ӛсуіне әкеледі. Жұмыстың
негізгі бӛлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс.
Қорытынды бӛлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар
енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады.
Курстық жұмыстың соңында белгілі бір тәртіппен библиографиялық тізімдер берілуі
тиіс.
2.
Курстық жұмыстың орындалу тәртібі.
Курстық жұмыстың орындалуын тӛмендегідей кезеңдерге бӛлуге болады:
-
тақырыпты таңдау;
-
әдебиеттерді іріктеу және үйрену;
-
жұмыс жоспарын құрастыру;
-
нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;
-
курстық жұмысты жазу;
-
курстық жұмысты толтыру (оформление);
-
курстық жұмысты қорғау.
3.
Курстық жұмысты әрлеу (оформление)
Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс, тӛмендегідей
ӛлшемдерді сақтай отырып: сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, жоғары және тӛменнен- 20
мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірлік интервал, 14 кегль болуы керек.
Курстық жұмыстың мәтіндегі барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан
алғашқы дерек кӛздері кӛрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың беттері нӛмірленуі тиіс.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек.
Студент жұмысты жазып және толтырған соң қорғау күнін белгілеп, қол қойып
кафедрасына ӛткізуі тиіс.
Курстық жұмыстың негізгі бӛлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әр
түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) ӛрнектелуі тиіс.
Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және логикалық
түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бӛлімдерге бӛлінеді, әрқайсысының ӛз нӛмері араб
цифрларымен сипатталуы тиіс.
Бӛлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс.
Бӛлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен
жазылуы керек. Бӛлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын
сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сӛздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.
Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 1 мм болуы керек.
Курстық жұмыстың бӛлімдері мен тараулары араб сандарымен нӛмерленеді. Тараулар
барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б.
Бӛлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы -1.2, 2.1, 3.1. т.с.с.
іске асырылады. Тараулар, бӛлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды.
0> Достарыңызбен бөлісу: |