М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан


Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi



бет39/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50

Құрылыс конструкцияларын есептеудiң негiздерi




Құрылыс конструкцияларын шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу


Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы.
Құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнде шектiк жағдайдың екi тобы қарастырылады:

  1. конструкцияның көтергiштiк қабiлетiнiң жойылуы немесе пайдалануға тіптен жарамсыздығы;

  2. қажетті деңгейде пайдалануға жарамсыздығы.

Шектiк жағдайдың I-тобы бойынша есептеудiң мақсаты: конструкцияны қираудан (морт, тұтқыр, шаршап қирау), оның пiшiнiн, тұру қалпын жоюдан сақтау. Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есептеудің мақсаты: конструкция бөліктерінің шектен тыс орын ауыстыруын болдырмау, жарықтың пайда болуы мен

ашылуына жол бермеу. I - топ бойынша есеп шарты
N Ф
түрiнде жазылады,

мұндағы, N - конструкцияның қарастырылатын элементiндегi қолайсыз сыртқы күш әсерiнен пайда болатын ең үлкен iшкi күш; Ф - элемент қимасының геометриялық өлшемдеріне, материалының берiктiгiне байланысты ең аз көтергiштiк қабілеті.
Шектiк жағдайдың II-тобы бойынша есеп
  
шарты бойынша жүргiзiледi, мұндағы,  - тұтыну кезiнде пайда болатын жарықтың ашылу енi, деформацияның мөлшерi; - мөлшерлер (нормалар)
бойынша пайдалануға кепiлдiк беретiн, немесе жобалау кезiнде берiлетiн шектi мөлшер.
Құрылыс конструкциялары берiк, қатты және орнықты болуы керек.


Күштер мен әсерлер. Мөлшерлiк және есептiк күштер


Конструкцияның жұмыс iстеу қабiлетi негiзiнен күштер және әсерлерге байланысты, сонымен бiрге материалының берiктiгiне, пайдалану жағдайына, жұмыс iстеу ерекшелiгiне байланысты. Мөлшерлер бойынша конструкцияның жұмыс iстеуiне мүмкiндiк беретiн күштер мәнiн мөлшерлiк күштер деп атайды. Мұндай мөлшерлік сыртқы күштерге конструкция тарапынан пайда болатын iшкi



мөлшерлiк күштер сәйкес келедi. Мысалы:
Рn -мөлшерлiк сыртқы күш,
M n -

мөлшерлiк момент, N n - мөлшерлік бойлық күшi және т.с.с.
Кенеттен күштердiң мөлшерлiк мәнiнен қолайсыз жаққа өзгерісін күш бойынша сенiмдiлiк коэффициентi арқылы ескереді.
Есептiк күштер формуласымен анықталады

f
Р Рn 

мұндағы f
- күш бойынша сенiмдiлiк коэффициентi.

Сыртқы есептiк күштерге сәйкес келетiн iшкi күштер есептiк iшкi күштер деп
аталады, мысалы: M , N , Q . Конструкциялар есебіндегі күштердің мөлшерлерi
2.01.07-85 “Күштер мен әсерлер. Жобалау мөлшерлерi” деп аталатын құрылыс мөлшерлерi және ережелерiнен (ҚМжЕ-ден) алынады.
Күштер мен әсерлер - тұрақты және уақытша болып бөлiнедi.
Тұрақты күштер (өздерiнiң бағыты мен орналасу орындарын өзгертпейтiн) деп көтергiш, шектегіш конструкциялардың салмақтары, топырақтың салмағы мен
қысымы және алдын-ала кернеуленудiң әсерi есептеледi.
Уақытша күштер уақыт бойынша тұрақсыз, олардың белгiлi бiр уақытта әсер етпеуi де мүмкiн, сол сияқты орны ауысып отырады. Уақытша күштер ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ерекше болып бөлiнедi. Уақытша ұзақ мерзімді күштерге тұрақты қондырғылардың, сұйықтар мен қатты денелердiң (қоймалардағы мен кiтапханалардағы және дән қоймаларындағы) салмақтары, жабынға, қабырғаға түсетiн күштер, газдар мен сұйықтардың, төгiлетiн денелердiң салмақтары, кейбiр, қары көп жататын аудандар үшiн қар жабынының салмағы жатады.
Бұл күштердi “Құрылыс мөлшерлерi және ережелерi”, каталог, стандарттар бойынша қабылдайды.[1,2]
Қысқа әсер ететiн күштерге адамдардың, жиһаздардың, жеңiл қондырғылардың, көтергiш транспорттық қондырғылардың салмақтары, атмосфералық - қардың, желдiң әсерлерi жатады. Қардың әсерiнен болатын күштер, негiзiнен, белгiлi бiр жердегi қар жабынының қалыңдығына және үй төбесiнiң пiшiнiне байланысты.
Метеорологиялық қызметтiң зерттеулерi бойынша ТМД территориясы 6 ауданға бөлiнген.
Әрбiр аудан үшiн қардан болатын мөлшерлiк күштер:

0
Рn P c ;

мұндағы,
P0 - 1м2 жер бетiндегi қар салмағы, ол құрылыс мөлшерлерi мен

ережелерiнде берiледi; c - үй төбесiнiң пiшiнiне байланысты жер
бетiндегi (жазық беттегi) қар жабынынан пайда болатын күштен, төбедегi қар жабынынан болатын күшке көшу коэффициентi; с - әртүрлi төбе пiшiндерiне байланысты алынатын коэффициент, оның мәні еңіс және тік төбе пішіндері үшін,

сәйкесінше,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет