М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет2/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Бақылау сұрақтары:


  1. Сәулеттің мақсаты?

  2. Материалдық орта ретінде сәулет нені білдіреді?

  3. Ішкі сәулеттік кеңістікті ұйымдастыру қалай анықталады?

2–дәріс тақырыбы.


Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар, күштер мен әсерлер. Құрылыстық жылутехникасының негіздері. Құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы




Ғимарат - әртүрлі адам қызметі үшін қалыптасқан және арналған, ішкі кеңістігі бар жерүсті құрылымы (мысалы, тұрғын үйлер, зауыттық корпустар, мектептер).
Барлық басқа жерүсті, сондай-ақ жерасты және суасты құрылымдары инженерлік, яғни арнайы техникалық мақсаттарды орындауға арналған құрылымдарға (көпір, теледидарлық мачта, туннель, метро, резервуар, жолдар) жатады.
Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлек бөлмелерге бөлінеді.
Бөлме – бөлімшесі жоқ, ғимарат ішіндегі барлық жағынан қоршалған кеңістік (тұрғындық бөлме, аудитория, коридор, цех).
Бір деңгейде орналасқан бөлмелер қабатты құрайды. Қабаттар аралық жабындармен бөлінеді.
Барлық ғимараттар келесі үш үлкен топты құрайтын, бөлек бір-бірімен өзара байланысқан бөліктер мен элементтерден тұрады:

  • көлемдік-жоспарлық элементтер, яғни ғимараттың барлық көлемін бөлетін ірі бөліктер (қабат, бөлек бөлмелер, оны бөлшектейтін негізгі қабырғалар арасындағы ғимарат бөлігі);

  • конструкциялық элементтер – ғимараттың құрылымын анықтайды (іргетас, қабырғалар, аралық жабындар, шатыр);

–құрылыс бұйымдары – конструкциялық элементтер құрылатын салыстырмалы ұсақ бөлшектер (әрлеу тастары, панельдер, плиталар, баспалдақтар).
Ғимараттар тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • азаматтық – адамның тұрмыстық және қоғамдық қажеттіліктерін қамтамассыз етуге арналған тұрғындық және қоғамдық ғимараттар;

  • өндірістік – қорытындысында өндірістік өнім пайда болатын, құрал- жабдықтарды орналастыруға және еңбек процестерін орындауға арналған ғимараттар.

Ғимараттың кез-келген түрі функционалды, техникалық, сәулеттік және экономикалық талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Функционалды (технологиялық) мақсаттылық талабы ғимараттың өзіне арналған процесіне сәйкес болуын талап етеді (тұрғындыққа, демалуға, еңбекке ыңғайлылығы).
Ғимараттың техникалық мақсаттылық талабы толық ғимаратпен және оның бөлек элементерімен қабылданатын барлық сыртқы әсерлерді ескеруі қажет, оның конструкцияларының шешімімен анықталады.
Ғимаратқа үздіксіз әсер ететін күштер тұрақты жүктемелер, ал уақыттың бөлек аралығында (бөлігінде) әсер ететін күштер уақытша жүктемелер деп аталады. Тұрақты жүктемелерге ғимараттың көтеруші негізін құрайтын, конструкциялық элементтердің салмағынан тұратын ғимараттың өз салмағы жатады. Өз салмағы уақыт бойынша тұрақты және жоғарыдан төменгі бағытта әсер етеді. Ғимараттың төменгі бөлігіндегі көтеруші конструкциялар материалындағы кернеулер жоғарғы бөлігіндегілерге қарағанда үлкен болады. Өз самағының барлық әсерлері іргетасқа, ал ол арқылы негіздің топырағына беріледі.
Уақытша жүктемелерге желдік күштер жатады. Жел бағытын өзгертісімен,
солай жылдамдығын өзгертеді. Желдің күшті екпіні конструкция жұмысын қиындатып, ғимаратқа соққылық, динамикалық әсер етеді. Қардан берілетін күштер де уақытша жүктемелерге жатады. Желдің әсерінен қар жамылғысы, конструкцияларда қосымша кернеулерді тұдыратын ассиметриялық күштерді тудыртып, төбе жабындыларында біркелкі емес таралады.
Уақытша жүктемелерге пайдалы күштерде (адамдардан, технологиялық жабдықтардан, қоймада жиналатын материалдардан) жатады.
Күштік емес жүктемелер болып табылады:
–температуралық әсерлер (конструкциялардың сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне келтіреді);

  • атмосфералық және топырақтық ылғалдың әсері (конструкциялар материалдары қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады);

  • ауа қозғалысы (бөлмедегі микроклиматқа әсер етеді);

  • күн энергиясының әсері (конструкциялар материалдарының физика- техникалық қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады);

  • бөлменің қалыпты акустикалық режимін бұзатын шу әсері.

Тұрақты және үақытша күштерден басқа, ғимараттарға ерекше әсерлер де әсер етеді. Оларға жер сілкінуден сейсмикалық күштер, жарылыс әсерлері, шөгетін топырақтардың сулануындағы негіздердің біркелкі емес деформацияларынан әсерлер және т.б. жатады.
Күштің түсу орны бойынша жүктемелер бір нүктелі (құрал-жабдықтар салмағы), және біркелкі жайылған (таралған) (өз салмағы, қар) болып бөлінеді.
Әсер ету сипаты бойынша жүктемелер статикалық, яғни уақыт аралығында шамасы бойынша тұрақты күштер, мысалы конструкцияның өз салмағы және динамикалық (соққылық күштері), мысалы, жел әсері болуы мүмкін.
Сәулеттік–суреттік мәнерлілігінің талаптары ғимараттардың өзінің сыртқы (экстерьері) және ішкі (интерьері) түрлерінің жағымды болуымен, адамдардың психологиялық жағдайы мен санасына жақсы әсер етуімен негізделеді.
Экономикалық мақсаттылық ғимараттың берілген түрі үшін оны тұрғызуға тиімді еңбек, жабдықтар, уақыт шығындарын қарастырады. Үнемділіктің негізгі критериялары бір уақыттық капиталды салымдар (ғимаратты тұрғызудағы үнемділік), пайдалану шығындары (пайдалану үрдісіндегі үнемділік), ғимараттың кажулық және қайта калпына келтіру құндары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет