М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. Кіріспе



бет2/9
Дата02.12.2023
өлшемі54,13 Kb.
#132345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. 2

Негізгі бөлім
2.1. «Абай жолы» романындағы үйленуге қатысты салт-дәстүрлер. М.Әуезов қазақ қанымен біте қайнасып кеткен ең ұлы дәстүрлеріміздің бірі той жасау салтын өз шығармаларынан қалыс қалдырмаған-ды. «Той дегенде домалайды қу бастар» деген сөз нағыз қазақ жұртына айтылғандай. Әрине ,қазақтың тойы ешкашан да бітпесін. Бұл тойда халқымыз бар жиған тергенін өзінің жақындыры, ұл- қыздары, бауырлары, туыстары үшін аямай шашып, есесіне жарты ғұмырларына жетерліктей қуаныш шаттыққа бөленіп, бір марқайып қалары һақ. Ауыз толтыра айта берсек шашымыздың түгі жетпестей болар еді. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың Ділдәмен отау құруы да бірнеше салт-дәстүр арқылы көрініс табады.
Осыдан он жыл бұрын Алшынбай ауылына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай ауылы күміс таратқан .(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 – кітап.179 б.)
Құдалық (дәстүр) – күйеу жігіттің әкесі баласы мен, өзінің жақындары мен құда түсуге келеді. Құда түсу – аса қызықты өтеді. Құдалардың келуі «құда түсер» деп айтылады. Алдын ала ескерту бойынша қыз әкесі өз туыстары мен жақындарына, сыйлас адамдарына хабарлайды. Құдаларды аса құрметпен, салтанатпен қарсы алады. Екі жақтың құдалары бірібіріне құрметтеп сыйлықтар тапсырып қуанышқа бөленеді. Құда аттанар, құда тарту, атбайлар, құйрық-бауыр т.б. Жігіт жағынан келген адам – «бас құда», күйеудің және қыздың әкесі – «бауыздау құда» – ең жақын адамдар. «Бас құда» жаңа жерге келген қыз үшін (келін) әр уақытты қымбат сыйлы адам болады. Жаңа түскен келін оны «ағеке» деп атайды, өйткені ол әр уақытта келінге назарын аударып жүреді. Келін оны әрқашан құрметтеп жүреді. «Құда түсу» – өте мағыналы, аса жоғарғы дәрежеде қазақтың ұлттық болмысын көрсетеді (Кенжеахметұлы С., 2007, 31 б.).
Қыз айттыру (дәстүр) – әр түрлі болған. Егер ұл мен қыз әлі жас, мүмкін әлі дүниеге келмеген күнінде адамдар бірін-бірі жақсы білетін, дос, жолдас, дәрежелерінде тең адамдар, бірінікі ұл, не қыз болса құда болуға келіседі. Бұл атастыру деп аталады. Тумаған балаларымен құдаласу – «бел құда», бесіктегі балалары барлар құдаласса – «бесік құда» деп аталады (Кенжеахметұлы С., 2007, 24 б.).
-Әлі тұра тұр ,басыңда үкі жоқ деп қиғылық салады!
Басқа үкі тағу- бар күйеудің әдеті.Ол ғана емес қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп,елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын.
-Ата- баба жолы осы !Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі – күйеу,шешесі – қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді.Ки ! – деп,дәл аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімнің бәрін кигізеді.(М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 – кітап.180 б.)
Күйеу киімі – қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі. Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Ұрын бару. Қыз ауылына бару үшін ер жігіт күйеу киімін кию керек екен. Ол қызыл шапан, қызыл шұғамен тысталған үкілі бөрік . Абай осы киімді киюге қарсы болады. Жол-жөнекей бірнеше ауылды басып өтемін. Сонда мен өзім жұртқа күйеу болып барамын деп көрсетемін бе?сол ауылға жақындағанда бірақ киемін деп көнбеді.Әжесі: «балам салттан аттап кете алмайсың, ол бізге сын»- деп ескертеді.
Осы салтқа байланыстыАбай мен Ербол арасындағы әңгімеге назар аударайық.
Абай: Ербол осы мен салт-дәстүрге таң қаламын. Анам маған Ділда саған ұнайма?-деген сауал қойған жоқ. Ділдаға да ондай сауал қойылмағанын сеземін. Бірақ екі елдің үлкендерінің өз қызықтары өзінде, тарту-таралғыларын бір-біріне сыйлап, құрмет көрсетіп шабылып жатыр.
Ербол: Рас айтасың. Жаңбырша жауған тілектер. Алай да сый-құрметті аямай беріп жатыр. Үлкендердің қуанышы шексіз. Бірақ Ділданы ебін тауып мен көріп қайттым. Ақ сары, орта бойлы сүйкімді қыз. Тал бойында олқылық жоқ.
-Ал, шешелер,көрімдік !
-Көрімдік кәні!
-Болмаса,балаларыңды көрсетпейміз,беті ұялады! – деп алғашқы келген келіншектер күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады.
-Алыңдар,көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер,алыңдар! – үлкен бәйбіше қолына шашуын алады.
-Өмір – жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым! – деп шашу шашады (М.Әуезов.Абай жолы.Роман-эпопея.1.2 – кітап.182 б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет