АЛМАТЫ
2014
ОƏЖ 81. 373
ББК 81. 2-3
Қ 74
Жамбыл облысы əкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының
тапсырысы бойынша жарық көрді.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің Ғылыми кеңесінің
шешімімен баспаға ұсынылған (хаттама №9, 24.03.14).
Кеңесшілер:
К.Н. Көкірекбаев, Ү. Сапақова, Т.Ж. Жаңақұлов,
М.Н. Сарыбеков, М. Рысдəулет, Е. Əлімжан, Т. Молдақынов,
Ə. Əзбергенова, Ж. Кəрібаев, А. Майлыбаев, Б. Масат.
Пікір жазғандар:
Жанұзақ Т. – ф. ғ. д., профессор,
Əбдуалиев А. – т. ғ. д., профессор,
Тілеубердиев Б. – ф. ғ. д., профессор.
Құламанова З.А.
Жамбыл облысының топонимикалық анықтамалығы / З. Құламанова. –
Алматы: «Арыс» бас пасы, 2014. – 808 бет.
ISBN 978-601-291-242-5
Ономастикалық материалдар – еліміздің мол қазына мұрасы, мəдени-рухани
байлығы. Облыс топонимдерін жинап, есепке алып хаттау ана тіліміз бен ұлттық
тарихымыздың сыр-сипатын, халқымыздың əдет-ғұрып, салт-санасын тереңдей
зерттеу үшін құнды құжат болып табылады.
Осы мақсатта дайындалған облыстың топонимикалық анықтамалығында
Қазақстан Республикасы Президентінің Жар лық тары мен Үкімет қаулылары бой-
ынша қалпына келтірілген тарихи жəне жаңадан қойыл ған, өзгертілген елді мекен
атаулары, сондай-ақ облыс ойконимдері, гидронимдері жəне оронимдері туралы
толық мəлімет берілген.
Анықтамалық мемлекеттік тілді стандартты түрде пайдаланатын ХҚКО, АХАЖ
жəне басқа ресми орындар үшін, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.
«З.А. Құламанова. Жамбыл облысының топонимикалық анықтамалығы» атты ғылыми
туындыға ҚР Əділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 29.08.2014 жылғы
№1701 авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу куəлігі берілген.
ОƏЖ 81. 373
ББК 81. 2-3
Қ 74
©
Құламанова З.
, 2014
© «Арыс» баспасы, 2014
ISBN
978-601-291-242-5
Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаула-
ры арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан
ғасырлық тарихынан сыр шертеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 1998 жылдың 17 наурызын-
дағы республикамыздың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен
кездесуінде жер-су атауларын жинап-зерттеудің мемлекетіміздің саяси
стратегиясы үшін аса маңызды екендігін атап көрсеткен еді. Мемлекет
басшысы: «Ономастикалық саясатты» босаңдатуға болмайды. Жалтақтай
беретін ештеңе жоқ. Отаршыл заманды еске алып, халықтың намысы-
на тиетін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи үндестігін
бұзып тұратын атауларды да ауыстырмаса болмайды... Ендеше ештеңеден
қысылмастан халықтың ұлттық рухын көтеретін, Қазақстан мемлекетінің
мемлекеттілігін танытатын ұлттық атауларды беріп, елді мекен атау-
ларын өзгертуден еш қымсынудың қажеті жоқ деп есептеймін. Ата-
бабаларымыздың жүріп өткен əрбір жолы, əрбір қазған құдығының ата-
уы бар, ал атау – тұнып тұрған тарих, соны зерттейік, жинастырайық...
тарихты қайта қараңдар...», – деп, зиялы қауымға тиісті тапсырма берді.
Елбасының осы пікірі қоғамымызда соңғы кезеңдерде ерекше жандана бас-
тады, əсіресе, ономастика саласындағы үлкен жұмыстарға да қозғаушы
күш болды.
Осы себепті де жəне еліміздің басынан өткен сан қилы заманда көптеген
топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су
атауларын зерттеу, жүйелеу бүгінгі күні өзекті мəселелердің біріне айналып
отыр. Еліміздің қалалары мен қалашық, ауыл, кент, т.б. елді мекендерінің ат-
ЖЕРДІҢ АТЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАДЫ
КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВ,
Жамбыл облысының əкімі
тарын зерттеу қоғамның даму, өсу тарихын, халқымыздың тарихи-мəдени
мұрасын анықтау, жер-су атауларының мемлекеттік тілде қолданылуы мен
қызмет аясының орнын жүйелеу үшін де аса қажет.
Жасыратыны жоқ, еліміздегі жер-су атауларын жинау, зерттеу, сөздіктер
шығару ісіне кеңестік кезеңде көп көңіл бөліне қойған жоқ. Егеменді ел
атанып, тəуелсіз мемлекет мəртебесіне жеткеннен кейін, Елбасымыз атап
көрсеткендей, мемлекетіміздің саяси стратегиясы үшін аса маңызды бұл
шаруа біртіндеп қолға алынып, қарыштап, қанатын кеңінен жая бастады.
Бұл тұрғыдан алғанда, биыл 75 жылдығын тойлап отырған Жамбыл об-
лысы ынта қойған зерттеушілерге игерілмеген тың сияқты десе де болады.
Өйткені, республика топонимикасына арналған еңбектер мен сөздіктерде
Жамбыл облысының кейбір жер-су аттары ғана қамтылған. Аса бай санала-
тын облысымыздағы жер-су атаулары күні бүгінге дейін тұтас жиналмаған.
Сондықтан, өз ғалымдарымыз қолға алған осы еңбектің жарыққа шығуын
қош көрдік.
Облысымыздың тарихына көз жүгіртсек, оның аумағында көне за-
мандарда арғы бабаларымыз – сақтар мен сарматтардың, қаңлылардың,
үйсіндердің болғаны, Батыс Түркі қағанатының өмір сүргені, одан кейін
Қарлұқ, Оғыз, Қарахан хандықтарының билік орнатқаны белгілі. Одан
бергі замандарда моңғолдар үстемдік етті, Жоңғар қалмақтары үздіксіз
шабуылдады, ең ақыры, жерімізді патшалық Ресей отарлады. Бұл тари-
хи оқиғалардың бəрі байырғы жер-су аттарының үсті-үстіне өзгертіліп
қойылуына ықпал еткені сөзсіз.
Облыс орталығы боп отырған Тараз қаласының өзі екі мыңдық жылдық
тарихында небір қилы замандарға куə болып, атауын сан мəрте өзгертті.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен көне
Тараздың ежелгі тарихи аты қайта қалпына келтірілді. Мұндай ойлы
шешімді облыс жұртшылығы ғана емес, егемендік игілігін көріп отырған
бүкіл еліміз қуана қабылдады.
Облыс аумағында жалғыз Тараз қаласы ғана емес, басқа да елді
мекендердің тарихи атаулары (Құлан, Айша бибі, Сарыкемер, Бурыл,
Түймекент, Шақпақ ата, т.б.) қалпына келтірілді. Мемлекет басшысы
тапсырғандай, «отаршыл заманды еске алып, халықтың намысына тиетін
атаулар» да біртіндеп ауыстырылды. Бұл үрдістің алдағы уақытта да жүре
беретініне сенімдіміз. Оған бүгінгі таңда ес жиып, еңсесі көтеріліп отырған
облыс жұртшылығының атсалысатынына да еш күмəніміз жоқ.
Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр келеді. Сондықтан келер
ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін елдігімізді əйгілейтін, ұлттығымызды
ұлықтайтын тарихи атауларымыздың тарихи шежіре екендігін санаға
құю – біздің басты міндетіміз деп санаймыз. Өлкеміздегі əр жердің, судың,
елді мекендер мен мəдени орындардың аттарының қатпарлы сыры –
кейінгі ұрпаққа өнеге. Біздің биік те абыройлы мақсат-мүддеміз – бабалар
мұрасына байыппен бажайлап қарау болуы тиіс.
КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, тəуелсіздік тұғырынан көрінген тұста халқымыздың
асыл қазыналарына жаңа жол ашылып, ұлттық танымда қайта өрлеу кезеңі (ре-
нессанс) басталды. Осы бағытта бұрын белгісіз, зерттелмей келген, халық жа-
дынан арнайы шеттетілген мұраларымыз қайта жарық көріп, халықтың рухани
игілігі ретінде, зерттеу нысанына айнала бастады. Саясат салдарынан тыйым
салынып келген елді мекен атауларының өзі қайта жаңғырып, отаршылдық
мазмұндағы топонимдер жойылып, оның орнына жаңа жəне халықтық топоним-
дер қалпына келтірілді. Топонимика – гр. topos+nomas «жер аты», яғни жер-су
аттары деген мағынаны береді.
Осымен байланысты Жамбыл облысының əкімшілік-аумақтық бөлініс атаула-
рын, яғни елді мекен атауларын – ойконимдердің шығу төркінін көрсету жəне
этномəдени сипатын анықтаудың, осыған орай ойконимдерді тарихи-линг вис-
тикалық, этномəдени тұрғыдан сипаттаудың мəні ерекше.
Қазақ ономастикасының күрделі саласы топонимия бойынша айтарлықтай
зерттеу жұмыстары жүргізілгенмен оның кейбір жеке бөліктері, атап айтқанда,
ойконимия күні бүгінге дейін зерттеу нысанынан сырт қалғаны айқындалып
отыр.
Шынтуайтқа келгенде, Қазақстан топонимдерін (елді мекен) тарихи-линг-
вистикалық тұрғыдан кең көлемде зерделеу тек топонимика үшін ғана маң ызды
емес, тарихи лексикология, грамматика, география, тарих, этнология, мə де ниет-
та ну, т.б. ғылымдар бойынша да аса құнды.
Еліміздің қалалары мен қалашық, ауыл, село, т.б. елді мекендерінің аттарын
зерттеу қоғамның өсіп, даму тарихын, халқымыздың тарихи-мəдени мұрасын
анықтау, халық тілін, ойконимдердің мемлекеттік тілде қолдануы мен қызмет
аясының орнын жүйелеу үшін де аса қажет.
Ұлы Жібек жолының жағасындағы Жамбыл облысы қалаларының тарихы,
екі мың жылдан асатын ойконимдері өз бойларында жүздеген жылдардың тыл-
сым тарихын, мəдени байлықтар мен тарихи тұлғалардың, халық батырларының
есімдерін сақтап келеді. Сол елді мекен – қала, ауыл, село аттары арқылы
халықтың көрші елдермен жасаған мəдени-саяси қарым-қатынасын, тығыз бай-
ланысын, олардың бір-біріне тигізген игі ықпалының негізінде халық тілінің
баюын, мəдениетінің өсіп, дамығанын анық байқаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда
еңбек Елбасы қолдап, Үкімет тарапынан қолға алынып отырған «Мəдени мұра»
бағдарламасына толық сай келеді.
Бұл еңбек Қазақстан топонимиясының бір бөлігі – Жамбыл облысының
аймақтық ойконимдеріне арналып отыр.
Ономастикалық терминологияда ойконимия – елді мекен аттарының жалпы
жиын тығы. Ал ойконимика – елді мекендердің пайда болып қалыптасуы мен
жұм салып қолданылуын, оның қызмет аясын ғылыми тұрғыдан зерттейтін
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ
8
9
топонимиканың бір бөлігі. Ойконимия өзара іштей бірнеше терминдік атаулар-
дан тұрады.
Ойконим – топонимнің бір бөлігі. Кез келген мекен, тұрақтың жалқы атауы,
оның ішінде қала типтесі – астионим, ал ауыл типтес атаулары – комоним деп
аталады. Мысалы: Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Көкшетау,
Шымкент, т.б.
Годоним – урбанонимнің бір түрі, яғни қала ішіндегі нысандардың атаулары
(даңғыл, көше, алаң, т. т.). Урбаноним – қала ішіндегі топографиялық нысандардың
аттары. Бұл термин кейде ойконим, немесе астионим деп те қолданыла береді.
Астионим термині мен полисоним термині синонимдес термин ретінде қатар
қолданылып та жүр. Ал гидроним – су аттарының жиынтық атауы. Олар: өзен,
көл, арық, құдық, кран, қақ, мұхит, бастау, бұлақ, теңіз, т.б. Ороним – тау, асу,
төбешік, қырат, жота, т.б. атаулары (№1кесте).
Бұл кітапта тек ғана Жамбыл облысының əкімшілік-аумақтық бөлінісіне ғана
тəн елді мекен атаулары емес, аймақтық бейресми ойконимдер де қамтылды. Со-
нымен қатар анықтамалықта Жамбыл облысының гидронимдері мен оро ним-
дері туралы да мəліметтер берілді.
Кітапты дайындау барысында 1993 ж. 8 қыркүйектегі «Қазақстан Респуб-
ликасының əкімшілік-аумақтық құрылымы туралы Заң» мен ҚР Президентінің
1995 ж. 5 наурыздағы Жарлығы жəне ҚР Үкіметінің 1996 ж. 5 наурыздағы Қаулы
жəне 2013 жылғы 21 қаңтардағы қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістерді
тұтас басшылыққа алдық.
Топонимдердің бір түрі болып саналатын ойконимдер адамдардың, қоғам дар-
дың тарихы іспеттес. Олар түрлі себептермен дүниеге келіп, ғұмыр кешеді де,
өм ірде кеңінен қолданыс табады, былайша айтқанда, олардың өздеріне тəн та-
рихы болады. Кей бір атаулар мыңдаған жылдар, кейбіреулері тек жүздеген, баз
біреулері санаулы жылдар ғана өмір сүреді. Олардың бұлай ғұмыр кешуі тарихи-
қоғамдық, сая си-экономикалық факторларға байланысты болады.
Əрбір ойконим өз дəуірінің жемісі, олар тарихи жағдайларға байланыс-
ты дүниеге келген. Ойконимнің пайда болуының уақыты көрсетілмегенмен,
олардың мазмұнында сол кезеңдердің ны шандары байқалып тұрады. Оны
атаудың мазмұны мен құрылымынан байқау қи ын емес.
Тарих тағылымына сүйене отырып, ойконимдердің пайда болуы тарихи кез-
ең дерге тікелей байланысты екендігін байқауға болады. Бірақ атаулардың нақ-
ты хронологиясы көбіне жазба деректерде көрсетіліп, тіркелгендігіне, құ жат-
талғандығына байланысты маңызы зор ғылыми факт болып саналады. Алайда
түркі əлемінде ойконимдерді зерттеп білудің ең басты қиындығы жазба ес-
керт кіштердің тапшылығы болса, бұл аз мұралардың өзі тəуелсіздік алғаннан
кейін ғана ғылыми айналымға түсуге мүмкіндік алды. Ойконимді зерттеудің,
зерделеудің ерекше маңызы бар. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, арғын, алшын, т.б.
тайпалардың ұлан-ғайыр далаларының ойконимдік жүйелерін мүмкіндігінше
зерттеп, келер ұрпаққа табыс ету – аталмыш ғылымның мақсат-міндеті. Өйткені
тарихта өктемдік империялық саясат салқынының нəтижесінде ойконимдер
көптеген өзгеріске ұшырады. Ал олар – халқымыздың байырғы сан ғасырлық
тарихын бейнелеп, келер ұрпақтардың мақтанышына айналар бірден-бір баға
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ
10
11
жетпес құндылықтар. Тарихта Тұран даласына көз тіккен көптеген жаулап
алушылардың агрессорлық əрекеттерін тойтару мақсатында қиян-кескі со ғыс-
тардың болуы, көптеген өркениеттердің орнығуы бай дала ескерткіштері мен
жазба ескерткіштерін дүниеге келтірді. Бұл біздің халқымыздың тарихы мен мə-
де ниетінің өзіндік келбетін анықтайтын фактілер.
Ойконимдерді жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасын, дү-
ниетанымын, əдет-ғұрпын, наным-сенімін, ырымдарын, этнологиялық пі шім-
бей несін толық аңғаруға болады. Олар тіліміздің ішкі заңына сай қалыптасады,
сөйтіп лек си ка-семантикалық, морфологиялық бай мазмұнға ие.
Белгілі бір халықтың тілі мен дінін, қоғам өмірінің тарихи-мəдени жəне этно-
ло гиялық сипатын анықтауда да қала, кент, ауыл, село, қыстақ атаулары мəнінің
ерек ше екендігі белгілі.
Қалалар мен кент, ауыл, қыстақ атауларында əр дəуірдің тарихи сырлары мен
мəдени құндылықтары жəне тарихи тұлғалардың, халық батырларының есім дері
айтарлықтай мағлұматтар қалдырып отырса, солардың негізінде ел-жұрт тың
көшіп-қону, араласу, бір-бірімен қалай тығыз байланыс жасағанын, халықтар ті-
лі нің байып, толысып отыруын байқаймыз.
1917 ж. дейін Жамбыл облысының батыс бөлігінің көп жері, бұрынғы Сыр-
дария облысына, ал кішігірім шығыс бөлігі бұрынғы Жетісу облысына қарады.
Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары ол Түркістан Совет Республикасының құ ра-
мында болды. 1924 ж. Орта Азия ұлт республикаларының құрылуына байланыс-
ты əуелі Сырдария, кейінірек Алматы округінің құрамына кірді. 1939 ж. 14 қа-
зан да өз алдына облыс атанды. Орталығы – Тараз қаласы (бұрынғы Жамбыл).
Еліміздің егемендікке қолы жетіп, тəуелсіз мемлекет болуымен байланыс ты
республикамыздың əкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі ойконимдер мен ірі фи зи-
калық-географиялық атаулар əлем тілдерінің көбінде қарым-қатынасқа түсіп, ха-
лықаралық дəрежеде қызмет атқаруда.
Жамбыл облысы топонимдерінің (елді мекен атауларының) тілдік, құ ры-
лым дық ерекшеліктері, лексика-семантикалық классификациясы (жікте месі),
та рихи-лингвистикалық, этномəдени сипаттары мен қолдану аясы мейлінше
ауқымды. Ойконимдер аудан, облыс, республикалардың əкімшілік-аумақтық
карталарында ғана емес, дүниежүзілік географиялық карталар мен атластарда
беріліп, ірі саяси-қоғамдық мəнге ие болуда. Сондықтан да қазақ тіліндегі елді
мекен атаулары, нақтырақ айтқанда, Жамбыл облысы территориясындағы топо-
нимдер жинақталып, анықтамалық ретінде басылып отыр.
Осымен байланысты күні бүгінге дейін тұтас жиналып, бір жүйеге кел тіріл-
меген топонимдерді ғылыми тұрғыдан талдау, еңбектің өзектілігі мен сонылы-
ғын, қажеттілігін дəйектейді.
Ғасырлар тарихындағы халқымыздың еншісіне берілген төл атаулардың
зама науи өзгерістеріне байланысты бұрмалануын қалпына келтіру, елдік рух-
ты жандандырып, отансүйгіштік сезімін келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру
секілді қазіргі күн тəртібіндегі өзекті мəселелердің шешілуіне, іс жүзіне асыры-
луына Жамбыл облысының топонимдері туралы еңбекті дүниеге келтіруде өз
дəрежесінде үлес қоспақ.
Сонымен бірге əлемде қалыптасып отырған геосаяси жағдайдағы, ха л ық -
аралық қауымдастық тарапынан елімізге, оның өткен тарихы мен этно мə -
дениетіне деген қызығушылықтың артуына байланысты оның болмысын, та-
биғатын, ұлттың өзін тануға ойконимдерде көрініс тапқан халықтың ру ха-
ни құндылықтарын ашу арқылы жол ашылатыны хақ. Осымен байла нысты
облыстың ойконимдік ұйымдасу ерекшелігі мен жалпы қазақ хал қының
этникалық құрылымының таксономиялық деңгейлерін белгілейтін этно мə-
дениеттік дəстүрлі терминдер мен атаулар баршылық. Мысалы: Айша бибі,
Бəйдібек, Мыңбұлақ, Садырқорған, Дулат, Қазақ, Ботамойнақ, Аса, Сұлутөр,
Көкдөнен жəне т.б.
Мұнда келтірілген материалдар ел ішінен жинаған жəне республикалық, об-
лыстық, аудандық карталар мен мұрағат (архив) материалдарынан жинаған
жалпы саны бір мыңға жуық картотекалық қорға енгізілген қалалар мен қала
үлгісіндегі елді мекен аттары, сондай-ақ əр дəуірге тəн географиялық, тарихи
əде биеттер мен ғылыми еңбектерден түзілген.
Бұл бөлімдегі негізгі мақсат – Жамбыл облысындағы елді мекен, жер аттары-
ның қойылуының заңдылығын, лексикалық мағынасын жəне грам ма тикалық
жүйе сін, тілдік құрылымын жете түсінуге жол ашу. Облыс то по нимдерінің көне
фор ма сы мен шығу тегін, олардың этномəдени сипатын ан ық тап, аймақтың мə-
дени тұрмыс-тіршілігінен қосымша тың деректер мен ақ па раттар жинау, тілдік
тұр ғы дан талдап, дəлелдеу.
Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттер іске асырылды:
- аймақтық көне ойконимдер корпусын тарихи құжаттар, мұрағаттық матери-
алдар негізінде жинақталған деректермен толықтыру;
- көне ойконимдердің қазіргі заманға жеткен ойконимдермен тарихи сабақ тас-
тығын орналасуына (локализация) қарай сəйкестендіру, идентификациялау;
- облыс ойконимдерінің шығу, даму, қалыптасуына əсер еткен этномəдени, та-
рихи жəне географиялық факторларды айқындау;
- облыс ойконимдерінің лексикалық қабаттарына, олардың жасалу заң ды лық-
тары мен морфологиялық құрылымына, лексика-семантикалық жіктемесі мен
та рихи-лингвистикалық түсініктемесіне тілдік талдау жасау;
- облыс ойконимдерінің этномəдени сипатын жаңа əлеуметтік-тілдік жағда ят-
пен сəйкес түсіндіру;
- еліміз тəуелсіздік алғаннан бергі қалпына келтірілген тарихи атаулар мен жа-
ңар ған, өзгерген ойконимдерді тілдің коммуникативтік қызметіне сəйкес бағалау.
Алғаш рет Жамбыл облысының ресми жəне бейресми ойконимдері, архе ой ко -
нимдері (ежелгі қала, елді мекен атаулары) жүйелі түрде жинақталып, тү зілді. Со-
ның негізінде облыс ойконимдерінің тілдік, тарихи-лин гвис ти ка лық, эт номəдени
сипаты кешенді түрде зерттеліп, талданды;
- облыс жеріндегі біздің дəуірімізге дейінгі, орта ғасырдағы жəне жаңа дəуірдегі
қа лалық мəдени ошақтарына байланысты ойконимдер археологиялық, архивтік,
қытай, парсы, араб, түркі т.б. дереккөздеріне сүйене отырып анықталып, бір
жүйеге келтірілді;
КІРІСПЕ
12
- ғасырлар қойнауында түрлі тарихи-əлеуметтік себептермен өзгертіліп немесе
қоғам жадынан іркіліп, ығыстырылып қалған елді мекен аттарын қалпына кел-
тіру мəселелері қарастырылды;
- Жамбыл облысы ойконимдерінің тарихи-лексикалық қабаттары мен лек-
сика-семантикалық, фоно-морфологиялық құрылымы айқындалып, жасалу заң-
дылықтарына орай, нақтылы атауларға сөзжасамдық, морфологиялық талдау жа-
салынды;
- сөз етіліп отырған аймақ ойконимдерінің сол географиялық ортада тілдік құ-
рал арқылы қалыптасатындығы жəне тарихилығы өңір ойконимдері арқылы нақ-
ты дəйектелді.
Еңбекте келтірілген қорытындылар мен нəтижелер ойконимдердің тілдік си-
паттарын ғылыми тұрғыдан дəлелдеп, қазақ топонимиясы мен қазақ оно мас-
тикасының қалыптасу үрдістерін анықтап, теориясы мен практикасын тол ық-
тыруға белгілі дəрежеде өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Жамбыл облысы топонимдерінің зерттелуі қазақ жерінің тарихы мен болмы-
сын, мəдениетін топонимдер арқылы анықтаудың ғылыми-теориялық негізін да-
мытып, жетілдіруге септігін тигізеді.
Ойконимдер сырын зерттеп, анықтап, танып білу – жас буынның ұлттық са на-
сының дамуына игі ықпал етеді.
Ономастикадағы қазақ жалқы есімдерінің атқаратын қызметін этномəдени
тұрғыдан анықтау қазақ халқының мəдени-тілдік дүниетанымын арттырады.
Қарастырылған облыс топонимдерінің барлығы республикалық, облыстық,
ау дандық топографиялық карталарда берілуімен қатар, əкімшілік-аумақтық бө-
лі ністерде, тарихи-географиялық анықтамаларда, оқулықтар мен оқу құрал да-
рында, мемлекеттік құрылымдардың іс-қағаздарында, байланыс бөлімдері мен
көлік жүйелерінде, түрлі дипломатиялық құжаттарда, халықаралық қатынас
жүйелерінде, Ішкі істер мен Əділет министрліктерінде, баспасөз бен бұқаралық
ақпараттарда, туристік сапарларда кеңінен қолданылып, күнделікті өмірімізде
ер екше қызмет атқаруға пайдасын тигізеді.
Облыс ойконимдерінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, олардың ақиқаттарын жал-
пы адамзаттық құндылық тұрғысынан зерделенген қорытындыларын оно мас-
ти калық комиссияға, қайталанып басылатын энциклопедияларға, оқу лық тарға,
анықтамаларға пайдалануға жəне республика, облыс, аудан оқыр ман дарының
назарына ұсынуға, аймақтағы экскурсия мен туризм бюро сы ның қызметінде
толығынан пайдалануына болады.
Бұл анықтамалық Қазақстанның толықтырылған географиялық картасын жа-
сауға, мемлекеттік жəне халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО-ның т.б.) да қа-
жет тұстарда талаптарын қанағаттандырады.
Еңбекте келтірілген топонимдерді талдау нəтижелері мен материалдарын,
оларға берілген сипаттамалар мен түсініктемелерді көпшілік қауым еркін пайда-
лана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |