БАЙЗАҚ АУДАНЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
36
37
Терiс
Терис
арық
ар.
Байзақ ауд.
Самбет
Самбет
арық
ар.
Байзақ ауд.
Байбек
Байбек
арық
ар.
Байзақ ауд.
Көктеуарық
Коктеуарык
арық
ар.
Байзақ ауд.
Аққойлы
Аккойлы
арық
ар.
Байзақ ауд.
Қайырма
Кайырма
арық
ар.
Байзақ ауд.
Жүнiсбек
Жунисбек
арық
ар.
Байзақ ауд.
Аққойлы
Аккойлы
арық
ар.
Байзақ ауд.
Бөріарық
Бориарык
арық
ар.
Байзақ ауд.
Молсақал
Молсакал
арық
ар.
Байзақ ауд.
Тегiстiк
Тегистик
арық
ар.
Байзақ ауд.
Левобережный Левобережный
канал
кан.
Байзақ ауд.
Қарабөгет
Карабогет
бөген
вдхр.
Байзақ ауд.
Шалке
Шалке
бөген
вдхр.
Байзақ ауд.
Қарабатыр
Карабатыр
бөген
вдхр.
Байзақ ауд.
Ынтымақ
Ынтымак
бөген
вдхр.
Байзақ ауд.
Темiрбек
Темирбек
бөген
вдхр.
Байзақ ауд.
Оронимдердің
қазақша атауы
Оронимдер-
дің орысша атауы
Ороним
түрлері (қаз.)
Ороним
түрлері
(орысша)
Аудан
Ботамойнақ
Ботамойнак
тау
г.
Байзақ,
Жамбыл ауд.
шекарасында
Сыртбелдiк
Сыртбельдик
таулар
горы
Байзақ ауд.
Маралбайтөбе
Маралбайтобе
төбешік
буг.
Байзақ ауд.
Жайлаутөбе
Жайлаутобе
төбешік
буг.
Байзақ ауд.
Түйетөбе
Туйетобе
төбешік
буг.
Байзақ ауд.
Жиек
Жиек
құм
пески
Байзақ ауд.
Кiшiқұм
Кишикум
құм
пески
Байзақ ауд.
Бетпақдала
Бетпакдала
географиялық
атырап
географи-
ческая
область
Жамбыл,
Қарағанды,
Оңтүстік
Қазақстан
облыстары
Аймантөбе
Аймантобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қозытөбе
Козытобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қосқорған
Коскорган
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Аққойлы
Аккойлы
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қоңыртөбе
Коныртобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Шөлтөбе
Шольтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Құрманбайтөбе
Курманбайтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Байқасқа
Байкаска
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қоңыртөбе
Коныртобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Мəмбеттөбе
Мамбеттобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Зылиқа
Зылика
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Сүленбайтөбе
Суленбайтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қоңырбайтөбе
Конырбайтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Осалтөбе
Осалтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Беген
Беген
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Бөбек
Бобек
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Мыңжар
Мынжар
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Күмiстөбе
Кумистобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Дамолла
Дамолла
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Дүйсенбайтөбе
Дуйсенбайтобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
Қаратөбе
Каратобе
қорған
кург.
Байзақ ауд.
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
38
39
Жаргүл
Жаргуль
қорғанның
ескі орны
разв.
крепости
Байзақ ауд.
Шəлке
Шалке
қорғанның
ескі орны
разв.
крепости
Байзақ ауд.
Қаратөрткөл
Каратортколь
ескі қала
орны
старое
городище
Байзақ ауд.
Қоңырбайтөбе
Конырбайтобе
ескі қала
орны
старое
городище
Байзақ ауд.
Төрткөл
Тортколь
қорғанның
ескі орны
разв.
крепости
Байзақ ауд.
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
(Байзак) – аудан аты.
(Байзак) – а. Байзақ ауданы.
Аудан тұрғындарының ұсынысын ескере отырып, кезінде Жетісу өңіріне
бел гілі болған Байзақ датқаны мəңгі есте қалдыру мақсатында 04. 12. 95 жылы
ҚР Президентінің №2696 Жарлығымен бұрынғы Свердлов ауданы Байзақ деп
аталған. Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, тек оңтүстігінде ғана Қырғыз
Алатауының тауалды аласа қыраттары мен қырқалары орналасқан. Ең биік
жері оңтүстігінде (1637м). Солтүстігінде Мойынқұмның қырқалы-ұялы жə не
шағылды құмдыалқабы, орта бөлігінде Талас өзенінің аңғары жатыр. Климаты
тым континеттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң, солтүстігі аң ыз ақты.
Ауданда Талас, Көделі өзеніне қарай аға ды. Жерінің топырағы негізінен сұр,
солтүстігінде құмды, оңтүстігінде боз ғылт қоңыр топырақты. Оларда жусан,
көкпек, күйреуік, жыңғыл, сексеуіл өседі. Жан уарлардан қасқыр, түлкі, қоян, ат-
жалман, бөдене кездеседі.
Байзақ ауылы. Байзақ ауданы. Бұрынғы Кеңес жəне Красная Заря селоларының
қо сылуына байланысты ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 04. 05. 1993 ж.
№2189 ХІІ Қаулысы бойынша, Қоқан хандығына қарсы, халық үшін күресте
ше иіт болған Байзақ датқа есімін мəңгі есте қалдыру мақсатымен Байзақ ауылы
бо лып аталды.
Байзақ датқа Мəмбетұлы (1789 – 1864).
Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан беделді
адамдардың бірі, шешен əрі батыр. Əулие ата төңірегіндегі қазақтарды билеу үшін
Қоқан хандығы тағайындаған əкім, датқа. Ол алғаш Кенесары Қасымұлының
қозғалысына қатыспақ болды, кейін одан бас тартып, қырғыздарды қолдады.
Өмірінің соңғы кезінде Байзақ датқа Қоқан хандығының зорлық-зомбылығына
ауыр зейнет, алым-салығына қарсы шығып, Россияға қосылуды жақтады.
Осы мақсатпен баласы Ақмолда батыр – басы босаған мың қаралы жігітті
Əулиеата іргесіндегі тұрған (1864) орыс əскеріне жəрдемге жібереді. Мұны
білген қоқандықтар Байзақ датқаны Қоқан хандығының аталығы Əдімқұлдың
бұйрығымен Шымкент қаласында зеңбірек аузына қойылып, атылады. Оның
быт-шыт шыққан денесінен қалған екі саусағы ғана Талас өзенінің жағасына
Сарыкемер ауылының маңына жерленеді. Саусақтары жерленген мазар əлі күнге
дейін «Байзақ сөресі» аталады, өйткені, 1865 жылы осында Байзақ датқаның асы
да өткізілген болатын (Б. Əбділдаев. Байзақ датқа, Алм. 1995 ж., 6-бет).
Ботамойнақ
(Ботамойнак) – а. о. Байзақ ауданы,
(Ботамойнак) – а. Байзақ ауданы.
Бұрынғы Свердловка ауылы Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жо-
ғарғы Кеңесі Төралқасының 04. 05. 93 ж. № 2189-XII Қаулысы бойынша өз гер -
тіліп, тарихи аты Ботамойнақ қалпына келтірілді.
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
40
41
Бұл жер бедерінің «ботаның мойны, мойнағына» ұқсас болғандықтан солай
атал ғаны байқалады.
Бурыл
(Бурыл) – а. Байзақ ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем-
ле кеттік ономастика комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Ровное ауылы
Бурыл ауылы болып өзгертілді.
Сарыкемер
(Сарыкемер) – А.А. о. – ауыл əкімшілік округі орталығы (Байзақ ауданының
ор талығы (1938-1993 жж.). Облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-ба тыс-
қа қарай 10 км жерде, Талас өзенінің сол жағалауындағы сұр жусан, баялыш,
күйреуік, көкпек басым өскен, тауалды жазығының сұр, шалғынды-сұр то пы-
рақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 15,6 мың адамнан аса. Ipгесі
1875 жылы қаланды. Халық ауылға қоныстанбаған кезде, ауыл маңындағы
Талас өзенінің бойы сарыкемерленіп, күнге шағылысып тұратындықтан ежел-
ден бұл жер Сарыкемер аталған. 1880 жылы орыс көпесі Михайловтың атымен
Михайлов ка ауылы аталып келген.
Бұрынғы Михайловка ауылы ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР
Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 19.03.1992 ж. №1265 ХІІ Қаулысымен өзінің
бұ рын ғы тарихи атауы Сарыкемер қалпына келтірілген.
Сары (сын есім) + кемер (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағы-
насы: «бұл маңдағы кемердің, жардың сарғылт болып жататынын біл діреді». Ал
кемер сөзі үнді-ир. -ар. тілдері негізіндегі қамар, қамыр, хамар не месе халха-
монг. хам, кам, хем, кем+ар (-ар, -ер) – терең сай, саға, тар алқап, кей де қыр (одан
аққан өзен) мəндерін береді. Кемер термині біріккен тұлғаларда көп жағдайда
түр. бүктар, қобұ терминдерінің де өтеуін береді. Мəселен: ар. комор (аралда-
ры) «ай», ир. Хами «ой»; алт. -хақ Кем (чик), Улуг Хем (Енисей); қаз. Ақкемер,
Сарыкемер, Қаракемер, өзб. Сарыкам, Даровозкам; бур. Хамар-Добан (Шығыс
Сібірдегі тау қыры); балк. Беккам (сөзбе-сөз) «терең шат» атауларынан осы ны
көреміз.
Сарыкемердегі бұрынғы кірпіш зауыты, нан, тамақ комбинаты, жол құ-
ры лысы, автокөлік мекемелері, ауыл шаруашылығы техникалық бірлестігі,
т.б. кəсіпорындар мен мекемелер 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, ак-
цио нерлік қоғамдар мен серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына біріктірілді.
Олардың ішіңдегі ірілері: «Сарыкемер» автокөлік кəсіпорны, «Əулиеата құсы»
акционерлік қоғамдары, «Байзақ» Өндірістік кооператив. Одан басқа аудандық
тұтынушылар кооперативі, телекоммуникациялық торап, мемлекеттік пошта то-
рабы, элек тр лен діру жүйесінің мекемесі жұмыс істейді.
Сарыкемерде 3 орта, 2 бастауыш мектеп, музыкалық, спорт мектептері, мə-
де ниет үйі, клубтар, 5 кітапхана, Ғ. Мұратбаев атындағы мұражай, 2 стадион,
ме шіт, аудандық аурухана мен емхана, дəріхана, отбасылық-дəрігерлік амбула-
тория, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Абай
(Абай) – ауыл Байзақ ауданы,
(Абай) – ауыл Шу ауданы.
(Абай) – ауылдық округ Т. Рысқұлов ауданы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында
қойылған елді мекен аты.
Аймантөбе
(Аймантобе) – а. Байзақ ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем ле-
кет тік ономастика комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Ленин ауылы
Аймантөбе ауылы болып аталды.
Жайтөбе
(Жайтобе) – ерте орта ғасырлық қала орны. Байзақ ауданы, Төрткөл ауылы-
ның солтүстік шетінде, Қарасу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Оны 1984,
1986 ж. Қазақ КСР ҒА Тарихи жəне мəдени ескерткіштері жинағының архео-
ло гиялық экспедициясы (жетекші К.М. Байпақов) зерттеді. Қаланың сақталып
қалған бөлігі таға тəріздес болып келеді. Ұзындығы 150 м. ені 30 м. Жайтөбенің
жартысынан көбін өзен суы шайып кеткен. Кезінде 700 метрге жуық дуалдың
қазір қалдықтары ғана сақталып қалған. Жайтөбенің орнынан құм тостаған,
табақша, көзе, т.б. асханалық бұйымдар сынықтары жинастырылған. Табылған
ма териалдарға карағанда, жайтөбелік тұрғындар VII-XII ғасырларда мекен етіп,
егін жəне мал шаруашылығымен айналысқан деуге болады.
Жақаш
(Жақаш) – а. Байзақ ауданындағы ауыл, Суханбаев атындағы ауылдық əкім-
ші лік округтің орталығы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан 25 км жерде,
боз жусан, ши, жүзгін аралас сортаңды шөп өскен кұмайтты сұр, сортанды сұр
топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 1 мың адамнан аса. Іргесін
1929 ж. «Батырақ» а.ш. артелін ұйымдастырушылар қалаған. 1962-1997 ж. Фрун-
зе атындағы қызылша өсіретін ұжымшардың орталығы болды. Ауылға 1989 ж.
Т. Рысқұловтың серігі, а.ш. өндірісін ұйымдастырушы Жақаш Мамыровтың
есімі берілді. Жақашта өндірістік кооператив жəне бірнеше шаруа қожалықтары
жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, мешіт,
мектепте Кеңестер Одағының Батыры А. Суханбаев мұражайы жəне ауыл ор та-
сын дағы алаңға батырдың ескерткіші орнатылды.
Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша, облыс əкімінің 06.07.92 ж.
№60 ше шімімен Фрунзе ауылы өзгертіліп, Жақаш ауылы аталды. Бұл кісі
атына байланысты қойылған атау.
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
42
43
Диқан
(Дихан) – а. о. Байзақ ауданы,
(Дикан) – а. Байзақ ауданы.
Зат есімнен жасалған атау. Егіншілікпен шұғылданатын еңбекшілердің құр-
ме ті не қойылған атау.
Жетібай
(Жетибай) – Байзақ ауданындағы ауыл, Жалғызтөбе ауылдық əкімшілік
округінің орталығы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа
қарай 15 км жерде ақ жусан, баялыш, күйреуік аралас өскен шалғынды сұр
топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2, 0 мың адамнан аса. Іргесі
1962 ж. Фрунзе атындағы қызылша өсіретін ұжымшар ретінде қаланған. Оның
негізінде Жетібайда 1997 жылдан 1 өндірістік кəсіпорын, 2 шаруашылық серік-
тестігі, 200-ден астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта жəне бастауыш
мектеп, клуб, дəрігерлік амбулатория жəне фельдшер-акушерлік пункт бар.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының
04. 05. 1993 ж. №2189-ХІІ Қаулысы бойынша, Ново-Ивановка ауылы өзгертіліп,
Жетібай ауылы аталды.
Зəуірбектөбе
(Зауирбектобе) – ортағасырлық қоныс орны. Байзақ ауданы Абай ауылының
шетінде, Кеңес су қоймасының оң жағалауында орналасқан. Зəуірбектөбені
1978 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы ашып,
зерттеді. Қазіргі орны үшбұрышты келген төбешік. Көлденең 110x120 метр,
биіктігі 2, 5 метр шамасында. Ол табандағы ені 10-15 метр, биіктігі 2 метрдей,
бұрыштарында мұнара қалдықтары байқалатын үйінді жалмен қоршалған.
Қоныстан сыры жоқ табақша, құмыра, көзе жəне басқа да ыдыстардың
сынықтары жинастырылған. Табылған заттарға қарағанда Зəуірбектөбені
халық VII-IX ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен
айналысқан. Кісі есіміне байланысты қойылған атау.
Кеңес
(Кенес) – Байзақ ауданындағы ауыл, Көптерек ауылдық əкімшілік округінің
орталығы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке карай 28 км жер-
де, Талас өзені тармақтарының бірінің жағалауында, баялыш, күйреуік ақ жусан
басым өскен бозғылт сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,
2 мың адамнан аса. 1956 – 97 ж. аралығында «Кеңес» қой өсіру ұжымшарының
орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 ж. Кеңесте 24 шаруа қожалығы
құрылды. Ауылда орта, бастауыш мектептер, клуб, фельдшер-акушерлік пункт,
т.б. мекемелер бар. Кеңес өкіметіне байланысты қойылған атау.
Көктал
(Коктал) – Байзақ ауданындағы ауыл, аудан орталығы – Сарыкемер ауы-
лынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Талас өзенінің тармақтарының
жағалауында, бұта аралас жусан, баялыш, күйреуік басым өскен шалғынды бoз
топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 9 мың адамнан аса. Жам-
был жұмыртқа-құс фабрикасының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997
жылдан Көкталда серіктестік жəне 14 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Орта
мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Көк
жəне тал сөзінің бірігуінен жасалған атау.
Қостөбе
(Костобе) – VI – XII ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданы Сарыкемер
ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Алғаш
А.Н. Бернштам 1938 ж. зерттеген. 1985 – 1987 ж. К.М. Байпақов бастаған Қазақ
KCP FA Тарих, археология жəне этнография институтының Тараз археологиялық
экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қостөбе VI ғасырда қоныс аударған
соғдылықтар негізін қалаған Жамукат қаласының орны болса керек деп болжа-
нады. Қостөбе қаласының орта бөлігі дөңес болып келген. Көлемі 420x450 м.
Ке зінде Қостөбе биік қабырғамен айнала қоршалып тұрған. Сақталып қалған
қабырғалардың биіктігі 3 метрге жетеді. Қабырғалардың бұрыштарындағы
мұнаралар биіктігі 16 – 18 метр болған. Қаланың төрт қақпасы болған. Қазіргі
кезде қақпалардың қабырғалардан ажырап қалған бөліктері ғана сақталып
қалған. Қазба жұмыстарының жүргізілуі барысында Қостөбедегі сарайдың
орны анықталды. Сарайдың қабырғалары шикі кірпіштен қаланған, тек бір
қабырғасы ғана пахсадан тұрғызылған. Сарай 20-дан астам бөлмелерден тұрады.
Оның орталық залының көлемі 9, 5x8, 2м, салтанатты бөлмесінің көлемі 8x14 м.
бөлмелердің біразында ошақтардың орны сақталып қалған. Қазба жұмыстары
кезінде керамикадан жасалған ыдыстар, сүйектен жасалған бұйымдар табылды.
Сондай-ақ, табылған бұйымдардың ішінде сырғалар, белдіктің тоғалары да бар.
Белдік тоғалары тауыс құсының жəне қораздың бедерлі суреттерімен ойылып
безендірілген.
Қостөбе
(Костобе) – Байзақ ауданындағы ауыл, Қостөбе ауылдық əкімшілік округінің
құрамында. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 12 км
жерде, жусан аралас сұлыбас, бидайық басым өскен қоңыр, қызғылт қоңыр
топырақты, төбелі-жонды келген таудың құрғақ шөлейт белдемінде орналасқан.
Тұрғыны 1, 5 мың адамнан аса. Ауыл 1993 ж. дейін Головачевка деп аталып
келген. 1996 ж. дейін Жамбыл ауданы арнайы бірлестігінің бөлімшесі болып
келді. 1997 жылдан Байзақ ауданына ауысты. Ауылдa өндірістік кооператив
жəне бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты. Қостөбеде орта мектеп, клуб,
кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Құмжота
(Кумжота) – Байзақ ауданындағы ауыл, Бурыл ауылдық əкімшілік округінің
құрамында. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 17 км жерде,
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
БАЙЗАҚ АУДАНЫ
44
45
боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен бозғылт қоңыр, сұр топырақты шөлейт
белдемде орналасқан. Тұрғыны 3, 0 мың адамнан аса. Ауыл 1961 – 97 ж. Ровное
көкөніс-сүт кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан
Құмжотада өндірістік кооператив, ЖШС жəне бірнеше шаруа қожалықтары
құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік амбула-
тория, т.б. мекемелер бар.
Қызыл жұлдыз
(Кызыл жулдыз) – Байзақ ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің
ор та лығы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10
км, Тараз қаласынан 1 км жерде, Талас өзенінің жағалауында, бөз жусан, бая-
лыш, көкпек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр, бозғылт сұр топырақты
шө лейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 4, 6 мың адамнан аса. Мұнда 1976 ж.
Жамбыл ауданы мал бордақылау бірлестігі құрылған. Кейіннен бірлестік Байзақ
ау данына беріліп, оның негізінде Қызылжұлдызда 1997 жылдан 2 өндірістік ко-
оператив, 218 шаруа қожалығы жəне «Қызыл жұлдыз» атты ЖШС жұмыс іс тей-
ді. Ауылда орта, орталау мектептер, 2 клуб, отбасылық-дəрігерлік амбулатория,
т.б. мəдени жəне əлеуметтік мекемелер бар.
Құмбел
(Кумбел) – Байзақ ауданындағы ауыл, Бурыл ауылдық əкімшілік округінің
құрамында. Аудан орт. – Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 17 км жерде, боз
жусан, баялыш, күйреуік басып өскен бозғылт қоңыр, сұр топырақты шөлейт
белдемде орналасқан. Тұрғыны 3, 0 мың адамнан аса. Ауыл 1961-1997 ж. Ровное
көкөніс-сүт кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан
Қ-да өндірістік кооператив, ЖШС жəне бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, т.б.
мекемелер бар.
Мəдімар
(Мадимар) – Байзақ ауданындағы ауыл, Ынтымақ ауылдық əкімшілік
округінің құрамында. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай
25 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік көкпек басым өскен сұр, шалғынды
сұр топырақты қуаң шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 2, 1 мың адамнан
аса. 1996 ж. дейін Ынтымақ ауылы аталып келді. 1950-1997 жылдары жүгері
тұқымын өсіретін Октябрьдің 40 жылдығы атындағы ұжымшардың орталығы
болып келді. Оның негізінде Мəдімарда «Мəдімар» ЖШС жəне 40-тан астам
шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшер-
акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Кісі есімімен байланысты қойылған атау.
Мырзатай
(Мырзатай) – Байзақ ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор та-
лы ғы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 12 км жер-
де, бөз жусан, баялыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты
шө лейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адамнан аса. 1975-1997 жж.
ет бағытындағы (құс еті) Жамбыл құс фабрикасының орталығы болып келді.
Оның негізінде 1997 жылдан Мырзатайда өндірістік кооператив, ЖШС жəне
шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-
акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Hарымбай
(Hарымбай) – орта ғасырлық қалашық орны. Байзақ ауданы Байзақ ауылынан
7 км шығыста, Тараз – Тегістік автокөлік жолынан солға қарай 0, 5 км жерде.
1936 ж. KCPO FA Қазақстан филиалы мен KCP FA Материалдық мəдениет та-
рихы институтының археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам)
ашқан. 1986 ж. Тараз археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов),
2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетек.
К.М. Байпақов) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Hарымбай «төрткүл» түріндегі
қалаларға жатады. Қазіргі орны бұрыштары төрт тарапқа қараған ромб тəрізді
келген төбешік. Шетінен есептегенде көлемі 240 м. Ішкі бөлігі тегіс, құрылыс
іздері байқалмайды. Қалашықты барлық жағынан ені 1, 5 м, үсті 3-5 м,
табандығы кейде 20 метрдей болатын жал қоршап жатыр. Беткейлері еңістеу
үйінді жалдың үстінде биіктігі 0, 4 – 0, 5 метр, орташа ұзындығы 15 метрдей,
ені 10 м шамасында мұнара орнының қалдықтары бар. Жалдың сыртқары
бөлігінде бұрыш мұнаралары орналасқан. Олар жал бойындағы мұнаралардан
көлемділеу. Оңтүстік-батыс жəне солтүстік-батыс үйінді жалдарда алтыдан,
солтүстік-шығыс жəне оңтүстік-шығыс жалдарда төрттен мұнара орындары
бар. Төрткүл ені 10 метр, кей жерлері 25 метрдей болатын, тереңдігі 0, 8 метр
ор мен қоршалған. Құрылыс қалдықтарына жəне табылған заттарға (құмыра т.б.
сы нықтары) қарағанда Нарымбайды халық VIII-XII ғасырларда мекендеген.
Олар егін, мал шаруашылықтарымен, қолөнермен шұғылданған.
Достарыңызбен бөлісу: |