10. Ампуладандәріні жинау Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, ампуладағы дәрі, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» ).
1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз. (Ампуланы май ерітіндісімен су буында 37 ° C температураға дейін қыздырыңыз).
3.Стерильді шприцті жинаңыз.
4.Барлық ерітінді оның кең бөлігінде болатындай етіп ампуланы сәл сілку қажет.
5. Ампуланың атауын өшіріп алмайтындай тар бөлігін спиртпен сүртіп,кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу
6.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек. Инені абайлап ампулаға енгізіңіз .
7.Сол қолдың саусақтарымен: 1-ші, 4-ші және 5-ші шприцтің цилиндрін ұстаңыз ( 2-ші және 3 — ампула).
8. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.
9. Инеге қалпағын киігізіп, шприцті тік деңгейде, көз деңгейінде ұстап тұрып, шприцтен ауаны шығару.
10. Дайын шприцті инъекцияға арналған стерильді науаға салыңыз.
11. Пайдаланылған материалды қауіпсіз утилизациялау қоқыс жәшігіне салыңыз («А» санаты).
11.Флаконнан дәріні жинау
Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, флакондағы дәрі еріткіш,70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» санаты).
1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.
3.Стерильді шприцті жинаңыз.
4.Флаконның алюминий қақпағын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу. Резеңке тығынды спиртпен өңдеу.
5.Егер дәрі бөтелкеде ұнтақ түрінде болса,құтының резеңке тығынын шприцпен тесіп, еріткішті енгізіңіз.
6.Шприц конусынан флаконды инемен бірге алу, инесіне жанастырмай антибиотик толық ерігенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз.
7.Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп,сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз.
8. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.
9. Инеге қалпағын киігізіп, шприцті тік деңгейде, көз деңгейінде ұстап тұрып, шприцтен ауаны шығару.
10.Дайын шприцті инъекцияға арналған стерильді науаға ( лоток) салыңыз.
11.Пайдаланылған материалды қауіпсіз утилизациялау қоқыс жәшігіне салыңыз («А» санаты).