16. Көктамырішілік инъекцияны орындау
Жабдықталуы: ұзындығы 40 мм, қимасы 0,8 мм инесі бар бір реттік 10-20 мл стерильді шприц, ампулалар мен флакондардағы дәрілік зат, этил спиртінің 70% ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.
2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.
4.Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).
5. Инъекцияға арналған шприц, спирттелген 3 мақта түйіршіктері стерильді науаға салу қажет.
6. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз.
7. Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз .
8. Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұмырдығыңызды ашып - жауып жұмыс жасауын, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
9.Спиртке батырылған екі мақта түйіршіктерімен егетін орынды (ең толық тамырды тапқаннан кейін) өңдеңіз (бірінші түйіршік 10-нан 10 см-ге дейін, екіншісі-инені енгізу орны, содан кейін мақта түйіршіктерін "Б " санатындағы контейнерге тастаңыз).
10.Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің цилиндріне орналастырыңыз;
11.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз .
12.Абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз.
13.Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
14.Бұраманы босатып, пациенттен жұдырығын ашуын сұраңыз, инені тамырға тигізгенін тексеру үшін поршеньді қайтадан өзіңізге қарай тартыңыз.
15.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Науқастың қал-жағдайын бақылаңыз.
16.Шприцте аз мөлшерде ерітінді (0,5 мл) қалғаннан кейін иненің инъекция орнына үшінші мақта түйіршігін басып, тамырдан инені шығарасыз;
17. Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз.
18. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.
19. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |