15. Бұлшықет ішілік инъекция жасау Жабдықтар : ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инесі бар 5-10 мл. стерильді шприц, ампула мен флакондағы дәрілік зат, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, зарарсыздандырылған мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.
2. Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.
4. Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).
5. Инъекцияға арналған шприц, спирттелген 3 мақта түйіршіктері стерильді науаға салу қажет.
6.Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесу: ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;
7. Инъекция жасайтын жерді пальпациялау. (саусақпен басып тексеру) (жамбастың жоғарғы сыртқы квандранты, санның алдыңғы латеральды аймағы , иықтың дельта тәрізді бұлшық еті аймағы ).
8. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).
9. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың 4 саусағымен иненің канюлясын ұстап; қалған саусақтармен шприцтің цилиндрін ұстаңыз.
10. Сол қолыңыздың бас бармақ пен сұқ саусақтарымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз. Инені тері астындағы май қабатынан өтіп, бұлшықетке ену үшін жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына 90° бұрышымен ұстап иненің 2/3 бөлігіне жеткілікті тереңдікпен (3,5 - 4 см) еңгізіңіз, 2-3 мм.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс. (сур.10)
11. Сол қолмен шприцті ұстап, бас бармақпен ақырындап поршеньді басып дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
12. Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған 3 мақта түйіршігімен басып, тез қимылмен иненің канюлясынан ұстап суырып алыңыз.
13. Инъекцияға дейін және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз.
14. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.