М и н и стр л ігі С. Т о р ай ғы р о в аты н д ағы п ав л о д ар м ем л е к е ттік у н и в ер си теті т ор айғыровт ану дәрістер жинағы Павлодар 2006


дәрежеге  көтере  сипатталған  образы  екені  анық.  Алайда  ақынның



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.01.2017
өлшемі6,51 Mb.
#2958
1   2   3   4   5   6   7   8   9

дәрежеге  көтере  сипатталған  образы  екені  анық.  Алайда  ақынның 
кедейдің  өмірі  туралы  сырттай  жанашырлық  білдіріп  сырт  көзбен 
қарап 
сипаттамағаны, 
өзі 
жасынан 
жоқшылықтың 
зардабын 
көргендіктен  өмірде  алған  әсерлеріне  сүйініп,  ашы  шындықты  терең 
сезініп,  тебірене  жазғаны  ерекше  көңіл  аударарлық. 
Сондыктан
поэманың әр сөзінен, мысалы:
Кедей сорлы дүниенін азабында,
Екі  сорлы байлардың қазанында,
75

Шиетгей  қызыл қарын,  үрлек бастар 
“Маған, маған” дегі шулар, тамак жесе, — 
деген  секілді  сипаттамаларынан  соның  бәрі  жасынан  бейнеттен  көз 
ашпаған  ақынның  оз  басынан  кешкендей,  етінен  өтіп,  сүйегіне 
жеткендей әсер аламыз. 
Екі 
поэмасының 
идеясы 
жалғас, 
алдыңғы  ноэмасындағы  сияқты,  бүл  поэмасында  да  ақын  көптеген 
күрделі  саяси  философиялык  мәселелерді,  қазақ  халкының  көкейтесті 
мәселелерін  қозғайды,  дәл,  орынды  қорытынды  айтады,  бәрін  де 
кедей,  халық  мүддесі  түрғысынан  карап,  шешеді.  “Адасқан  омір” 
әдебиеттік  “Мен” деген  біреудің  өмірі,  корген,  білгені,  сезген,  түйген 
сыры  болса,  бүл  поэма  кедейдің  өмірі,  көрген,  білгені,  сезген, түйгені. 
сыры  болып  келеді.  “Кедей”  поэмасының  да  кей  жерінде  кайғы-шер, 
торыққандык  үн  бар,  ақыры  күңгірт  болАп  аяқталады.  Дегенмен, 
түтас,  жалпы  рухын  алғанда  поэмада  үміт,  талап,  күш,  қайрат, 
арпалыс лебі есіледі.
Қоғамдық  әділетсіздік  пен  төменгі  таптың  аянышты  күйі 
“Кедей”  поэмасында  тереңірек  қойылады.  Бүл  -   Сүлтанмахмүтгың 
әділетсіздікті  әбден  айыптап,  соны  тудырып  отырған  қоғаммен 
ажырасуын  танытатын  туынды.  Акын  мүнда  қазак  кедейінің  басынан 
кешкен  ауыр  түрмысын,  тіршілік  жағдайларын  суреттей  отырып, 
оның  өз  ортасынан  пана  таппай  бөлінуін  көрсетеді.  Ол  кедейдің 
ауылдағы  малшылық  өмірін,  калада  жүмысшы  боп  көрген  бейнетін. 
саудагерлердің алдауына үшырауы мен дін өкілдері тарапынан  рухани 
қысым 
көруін 
жан-жақты 
суреттейді. 
Оны 
бай 
баласымен 
салыстырып,  екі  адамды  екі  түрлі  теңсіздік  жағдайға  қойған  қоғамды 
айыптайды.
Сүлтанмахмүтгың “Кедей” поэмасы ақындық шеберлік жағынан 
да,  шындық  өмірді  көрсете  білу  жағынан  да  көркем  туынды.  Мүнда 
кедейдің  туғаннан  қартайғанға  дейінгі  жалшылык  өмірі  шынайы 
су ретте леді.
“АЙТЫС”  ПОЭМАСЫНДАҒЫ ДӘУІР  ШЫНДЫҒЫ
С.Торайғыров  өмірінің  ақырында  жазып,  аяқтай  алмай  кеткен
шығармасы  “Айтыс” (1919-1920).  1922  жылғы  “Адасқан  өмір”,  1933 
жылғы  “Толық  жинақта”  жарияланып,  көп  жылдар  бойы  оқырманға 
жол  таба  алмай  келді.  Елдікті,  егемендікті  аңсаған  өрелі  ойын  акын 
“Айтыста”  қоюлата  түсіп,  ата  қонысының  түтастығы,  ана  тілі 
мәртебесінің  кемімеуі,  салт-дәстүрдің берік сақталуы  сияқты  мәңгілік 
проблемаларды  қозғаған.  “Айтыс”  поэмасын  жазуда  ақын  қазақ
н е м е с е :
76

фольклорыдағы көне де құнарлы жанр айтыс  поэтикасына ден қоиған. 
Дала  ақыны  мен  кала  ақынын  салыстыра  келіп,  қоғамдағы,  қоршаған 
ортадағы,  өмірдегі,  сан  қырлы  әлеуметтік,  адамгершілік,  этикалық
проблемаларды көтерген.
\  XX 
ғасыр 
басындағы 
елдегі 
аласапыран 
жағдай 
Сұлтацмахмұтқа  қатгы  әсер  етті.  Осы  кезде  елдің  тұрмысын  алға 
қарай  жылжытып,  казақ  халкына  бостандық  әпереді  деген  зиялылар 
қауымының әрекетіне ақыннын көңілі толмады.  Қасіретке толы халық 
өмірі  кала  мен  даланьщ  айқасына,  орыс  пен  қазақтың  тәжікелесуіне
әкеліп соғып, дүниеге  “Айтыс” поэмасы келді.
Сұлтанмахмұтгың  “Айтыс”  (қала  ақыны  мен  дала  ақынының 
айтысқаны)атты  поэмасы  жариялылықтың  жарык  сәулесі  тұскенше 
жабык 
шығармалар 
сөресінен 
орын 
алып 
келгені, 
поэмаға 
“байшылдык-ұлтшылдық  пиғылды  әспеттейтін  зиянды  шығарма”
деген ат қойылып, айдар тағылып, тұтқындьщ күй кешкені мәлім.
Поэмада  екі  кейіпкер  бар  — дала  ақыны,  кала  ақыны.  Айтысты
бастаған қала акыны  менмендік танытып, менсінбей сөйлейді:
Сен кімсің семіз, толық тән жағынан?
Өгіздей бар шығарсың әл жағынан?
Көрінген, көрнегіңнен, жүрісіңнен,
Топастығьш білінген әр жағынан.
Сырткы  тұрпат  бойынша  мінездеме  берген  кала  ақынынын
жетесіздігіне дала ақыны байсалды жауап қайтарады.
"Мен, қазақ, қазақпын” деп мақтанамын,
Ұранға “алаш” деген атгы аламын.
Сүйгенім қазак өмірі, өзім қазак,
Мен неге қазакгьпсган сақтанамын?
Поэмадағы  Ақ  Жайықтан  Алтайға  созылған  шалкар  даланы 
еркін жайлаған  қазактың үрпағы екенін дала ақыны тамаша жеткізген. 
Қала  ақыны  өз  кезегіне  қарсыласына  сол  далаңда  бөгде  жанарды
селт еткізерлік не бар, несі қызығарлық деп қажайды.
Кең  тыішсты  дала  акыны  бабаларының  кіндік  кесіп,  кір  жуған
ата қонысын сипаттауға кең көсіледі.
Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,
Иісі аңқып, бетім сүйген  самал желім.
Күндік болып мал менен жанды өсірген,
Жаз жайлау, күзі күзек, қысқы тебін.
Толтырып  жағасына ақ ауылды, 
мың жылқы  жүзіп ішкен шалқар көлім...
Г
;
'
"
'

...Маңайы малға толып, бие байлап,
Жағалай взендерді қонған елім...
77

Поэмаға  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  екшелген  оаоалардың 
салт-дәстүр  , әдеті ерекше ілтипатпен суреттеледі.
Дала  акыны  казак  ауылындағы  билік  дәстүрін  мадактайды. 
“Қағазсыз,  полициясыз”  екі  ауыз  сөзбен  дау-дамайды  тиятын  төрелік 
айтқанда 
туарлыктан 
таймайтын 
билерді 
каланың 
паракор, 
қиянатшыл соттарына қарсы қояды.
“Айтыста” 
акын  өзі  талай  рет  шығармаларында  шегіне  жеткізе 
отырып 
суреттеген  тап 
қайшылығы,  қанаушы 
мен 
езушінің, 
қаналушының  дүрдараздығын  жанай  өтеді.  ГІоэманың  жанрлық 
сипаты  да  соны  қалайды.  Қай  кезде  де  болмасын  айтыскер  ақын 
қарсыласына  үпайын  жібермей,  үстем  шығу  мақсатында  жаманын 
жасырып,  жақсысын  асырған.  Сол  дағды  мен  дала  ақыны  да 
қарсыласы  алдында  туған  елінің  мерейін  үстемдету  ниетімен,  оның 
бүкіл  адами  танымға  үсынуға  үялмай  сыяіындарын  ғана  тілге  тиек 
еткен.  Дала  ақыны  кезінде  ел  басына  күн  туғанда  елінің  түтқасы 
болған,  оның  еркіндігі  мен  бостандығын  армандап,  сол  жолдағы 
қайшылыққа  қайыспаған  хандар  мен  бектерді,  батырларды  үлкен 
ілтипатпен еске алады.
Елі  үшін  картайғанша аттан түспей,
Бір күні бел шешеніп тамақ ішпей.
Ел қылған ерлерінен жетім кылып,
Халыққа болды да  ол дәрен көрген түстей, -
деп  елінің  есесін  ешкімге  жібермеуте  тырысқан,  халық  жолындағы 
үлдарды аңсайды. 
- Н
Халқымыздың  ежелден  өлеңді,  өнерді  қастерлейтін  абзал 
қасиеті,  туган  жерін,  әсем  даласын,  ел  қоргар  ерін  жырға  бөлеген 
акыны  С.Торайғыров  суреттеуінде  жарасымды,  нәрлі  поэзияға 
айналған.
“Ер Тарғын”, “Қобыландыны” оқып байқа, 
Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа. 
Акындықтың қуаты есіңді  алып,
Бас аламастан оқырсың қайта-қайта.
Кешегі  Бүкар жырау, Жанақ ақын,
Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын. 
Ахмет пенен Міржақып  әм Мағжан,
Алты алаштың баласы біледі  атын, 
деп мақтанышпен көркем сөз сарбаздарын өнегелейді.
“Айтыс”  поэмасында  тіл  күдіреті,  тіл  тағдырына  терең  мән 
берген.  Ана  тілі  адам  болмысымен  тығыз  байланыста,  ақыл-ой 
сезімімен бірлікте екенін тамаша жеткізген.
78

Қазақта  даналық  тұнып  тұрған  он  бір  макалын  поэтикалық 
шумақтарға  топтап, 
оқырманды 
ойланта, 
толғанта  тебірентіп
тиянақты тұжырым ұсынады:
Байқасаң, қазақтың өзінде бар,
Дүниенің генилігі,  пайғамбары.
С.Торайғыров  кейіпкері  дала  ақыны  енді  бірде  халыктың  әдет- 
ғүрып,  салт-санасы,  мінез-қүлкы  төңірегінде  ой  тербейді.  Дала 
ақынының  көзімен  қарағанда,  қазақ  тұрмысында  жасанды  қылымсу, 
өтірік  көлгірсу  жоқ,  үлкенді  сыйлау,  кішіні  қадірлеу  қанына  сіңген 
қасиет.
Даламда бар үят, қүдай деген;,
Қалаңдай намысы жоқ, жолсыз емен. 
Әділдердің көретін сыйлығы бар,
Жауыздарға бір жаза бар деп сенем.
Қала  түрмысының  біртіндеп  дала  өміріне  ене  бастауынан
қорқады дала ақыны.
Мың Париж, жүз Мәскеудін керегі жоқ, 
Басымда түрар болса осы қалып.
Даламның кеңшілдігін, бейқамдығын,
Жаным іздеп, жүрегім сүйеді анық, -  
дегенде,  дала  ақынының  бойындағы  елін  елти  сүйген  ізгі  махаббат
пен жаңалыққа тосырқай қараушылық аралас.
Мені өз еркіме қой, қалпыма қой,
Айтатын бар тілегім, қала, саған!
Еркіндігін,  елдігін сақтауды  көздеген,  ақ та пек  ғүмыр сүрмекші 
дала  ақынының  мінез  көзқарасы.  Дала  ақының  кесек  ой  қозғап, 
салмакты түйін  жасауына кейде тіпті түлғаланып,  биіктеп  кетуіне жол
ашқан.
Алланың  ақ  жолын  тану  өлеңдік  өрнекпен  кестеленіп,  күллі 
адамзатқа ортақ Рух тазалығы  мәселелерін  зерделейтін  ғибратка толы 
шумақтар  да  поэмада  мол.  Бүл  өлең  жолдарынан  акынның  жан 
тазалығын,  ар тазалығын  қуаттаушы,  бағалаушы  екендіпғ  байқаймыз. 
Поэмада  көтерілген  мәселенің  бірі  —  Алланы  тану  мен  оған  сену,
адамның мінез-қүлқын ізгілендіру.
Ислам деп қазағымның айтсам дінін,
Дос түрсын, дүшпан таппас  оның мінін.
Негізі ақылменен сонша үйлесер,
Мен  іздеп қозғай алмас ешкім тілін...
...Адам үлы -  патшасы жер жүзінін,
Еңбегің сал, пайдалан, шыгар кенін”
79

Ішті, тысты таза қыл дегені ғой,
Ойласаң дәрет, намаз дегендерін.
Әуелі бір аллаға иманды айтқан,
Сорлысын деп, болмас бір сенгенін.
Осындай бақыт жолы -  дін ислам,
Сүрасаң наныс жақтан сүйгенім:
“Адам болсаң, басқаға пайдаңды  шаш, 
Кәмілден соңға қалма, ілгері  бас;
Жоғарыла қүдайлыққа жеткеніңше, 
Қартаймайтын, өлмейтін есікті  аш!”  — 
деп,  ислам  дінінің  тазалығын  өрнектей  отырып,  адам  баласының 
жаман  қылықтан  бойын  аулақ  үстап,  жүректе  иман  нүрын  сөндірмеу 
парызын  рухани  жыр  өзегіне  айналдырған.  Бүл  өлең  жолдары  қазак 
даласындағы рух тазалығының мықтылығын жеткізеді.
Қазак 
үлтының 
мәрттігін, 
дархаһдығын, 
мейірімділігін, 
әдептілігін  суреттеу  арқылы  даланың  рухани  тазалығын,  рухтық 
қүндылықтарын дәріптейді:
Қонак үшін арналып бір жеке ақ үй 
Қара саба түрады иындаған.
Ол үйге киіз төсер, кілем жаяр,
Көрпе, жастық бәрі де болар даяр.
Не берсе нашарлығы  үшін берер,
“Қызмет қыл” деп отырмас тиын санап. 
Қыдырса нашарларын касына алып,
Бір табақтан ас жейді бірге барып.
Жасы үлкенді сыйлайды төрге отыртып,
Болса да қандай нашар, қандай кәріп.
Қазақ 
даласының 
кеңдігін, 
табиғи 
байлығын, 
табиғат 
көркемдігін  тамсана  жырлауы  арқылы  қазақ  халқымен  таныстыру  — 
поэмадағы  өзекті  ойлардың бірі.  “Көк күмбездің астында көк  масаты”, 
“алтынданған  сары  бел”,  “кең  дала”,  “шаңсыз  ауа”,  “самал  жел”, 
“шалқар  көл”  тәрізді  бейнелі  сөз  қолданыстары  қазақ  даласының 
табиғи сүлулыгын дәлелдеп түр.
Дала  заңының  әділдігін,  сөз  құдіретін  түсінген  дана  ұлт 
екендігін,  шешендік өнерін,  көрегендігін  өрнектеуі де  қазақ халқының 
табиғи болмысын  айшықтай түседі:
Кебеже қарын, кең құрсақ кемеңгерім,
Сатулы емес ақыл жұртқа тегін,
Талапкер мен жауапкер өзі іздеген,
80

Алдына кеп бітуге сондай ерін...
Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,
Кім оның жарлығынан мойын бұрған....
Ту алып, тұлпар мінген батырларым,
\  
Жатка жем болмау үшін жақындарым.
Әрі би, әрі батыр, аңғал емес,
\  
Күшіне серік қылған ақылдарын.
Сонымен  қатар,  қазақ халқының намысшылдығын,  елжандылық 
қаситтерін  де  кестелі  тілмен  өрнектеген.  “Жолыққан  найзасына 
жүндей үшқан”, “Алаштап”  үран  шыкса,  қаны  қайнап”,  “түлкі  алатын 
қырандай түйілгенде” бейнелі сөздердің қолданысы бірден-бір дәлел.
Қала  ақынын  өткір  сынның тезіне  алуы,  біріншіден,  кемшілікті
аямай  мінеу  айтыс  жанрынын  талабымен  үндессе,  екіншіден,
акыннын шаһармен жүздесуімен, қаланы танытуымен сабақтас.
“Айтыс”  поэмасында  оқиға түтастығы  жоқ.' Поэма  екі  адамның 
әңгімелесуі,  пікірсайысы түрінде жазылған.  Дастаннын мақсаты -  қос 
ғасыр  тоғысында  коғамдық  жаңа  биікке  көтерілгелі  түрған  қазак 
секілді  халыктың  бойындағы  кемшліғі,  жетістіп  қандаи  екінін 
таразылау.  Дала  ақыны,  қала  ақын  -   бірі  ескіні  колдаушы,  оірі 
жаңаны  жырлаушы  сипатында  көрінеді.  Бірін-бірі  сыйлаи  отырып 
сынайды, бүгін оньга да жаңалыкка, жақсылыққа саналмасын аитады.
Дастанда  жалпы  1005  өлең  жолы  бар,  онын  жеті  жүз  жиырма 
төрт  жолы  дала  ақынына,  екі  жүз  сексен  бір  жолы  қала  ақынына 
арналған.  Поэма  он  үш  тараудан  түрады.  І-тарауда:  үлты,  елі-жері 
туралы  айтылса;  ІІ-тарауда:  үлттык  дәстүр,  үлттық  кәде,  қазақы  із 
тәрбие  салт-сана  жайында;  ІП-тарауда:  даланың  бек  пен  хандарын, 
даналықты  дәріптесе;  ІУ-тарауда:  төре билерін,  кемеңгерлерін  мақган 
етеді;  У-тарауда:  ерлік,  батырлыққа  үндейді; -  УІ-тарауда.  емші- 
төуіптерді;  УІІ-тарауда:  пірді,  ишан,  кожа,  абыздарды;  УІІІ-тарауда. 
І^нды кты ,  шешендікті;  ІХ-тарауда:  ислам  дінін,  кажылықты 
дәріптейді; Х-тарауда:  ана тілін, үлггык пәлсапаны, қазақгын даналық 
көздерін;  ХІ-тарауда:  үлгтык  әдет-ғүрыпты,  сыпаиылықты, 
X  - 
тарауда:  қазақтын  кең  жайлауын,  даланын, 
адамның  сүлулығьш, 
саятшылықты,  келін  түсіріп,  қыз  үзатар  қасиетп  тоиларын,  ХШ-
тарауда: үлтгык көсіп, мал бағу өнерін дәріптеиді.
Поэма  күшті  айкаска  үқсас  диалог.  Сүлтанмахмүт  -   қазақтың 
қала  болуын,  мәдениетгі,  өнерлі,  білімді  болуды  көксеген  жанашыл 
ақын  Бірак,  қазақ  түрмысынын  шындығын  айтамын  деп,  дал 
барын жасьфа алмайды. 
Акын 
айткысы 
келген 
сырын, 
танытқысы  келген  шындығын  жан  тебірентер  өсерлі  суретке
81

айналдырып, түсіру үшін ең кажетті  бірден-бір сөз  іздеп  табу — шебер 
суреткердің парызы. Ақын Махамбет стилін барынша пайдаланған.
Кесекті туған аюмын,
Кескілеспей басылман.
Кілегей қара бүлтпын,
Келе бір жаумай басылман
Үйқас  өлеңнің  сыртқы  түріне  ғана  емес,  ішкі  сырына  тікелей 
қатысты нәрсе,  яғни өлеңнің ішкі жылуы үшін  ауадай қажет нәрсе.
Қара өлең үйқасына:
Алтын, күміс ішінде бір мал көрмей,
Қүрышы, кәне, көрейін, апгган өлмей. 
Малымменен рахат өмір сүрем,
Қалаңнан қойсаңдағы тиын бермей.
«
Достықты, опасыздық бәрін айтар,
Өлсе де таймайтүғын айтқан серттен.
Жер қайысқан қол, желекті туларды айтар, 
“Алаштап” үран салып дүсірлеткен.
Бүқар түсы -  қазақтың бүлінгені,
Күн батыстан суық жау көрінгені.
Жаяулап келер жүртыңа,
Балды май жағар мүртыңа,-
Өзі біліп бергені  көп пайдалы,
Сондықтан арасынан шықпас бүлік.
Біреуден сүт, біреуден күш табылар,
Тату өмір жасайды ойнап-күліп.
Поэмада мақал-мәтелдер де мол орын  алған.  Мысалы:  “Заманың 
түлкі  болса, тазы боп  шал”,  “Аспен  ат,  біреу таспен  атса  сені”,  “Еңбек 
қыл да, міндет қыл”
Сүлтанмахмүттың 
“Айтыс” 
поэмасы  •  жанры 
жағынан 
әңгімелесуге 
қүрылған 
(диалогиялық), 
сюжетсіз, 
лирикалық- 
философиялық  поэма.  Негізінде  Сүлтанмахмүт  орыс  отаршылдығын 
қатты 
әшкерелейді, 
қазақ 
халқының 
үлттык 
үлгі-өнегесін, 
шаруашылық  жүргізу  тәртібін  жоғары  бағалайды.  Чиновниктер  мен 
парақор  тілмәштар  билеген  қала  өмірінен  адамдары  еркін,  табиғи 
байлығы  халық  қазынасы  болып  табылатын  дала дарқандығын  артык 
есептейді.
Дала 
ақынының 
айналадағы 
өмірге 
өзіндік 
көзқарасы, 
қалыптасқан 
пікірі 
бар. 
қазақтың 
дастарханы 
жиылмайтын
Шалыс үйқас:
Егіз үйқас:
Кезекті үйқас:
82

қонақжайлылығы,  кімге  болса  да,  көңілі  ашық  дархандығы,  адамды 
күрметгеп,  сыйлайтын  қастерлі  қасиеті  дала  ақынының  айтыстағы 
бетке үстар нысанасы.  Үшқан қүс қанаты талатын  үшы-қиырсыз қазақ 
даласындағы  жақсылық  атаулы  дала  ақынының  мәртебесі  көтеріле
сөйл&ір тірегі.
\а л ы қ   санасында  бекіген  би  болу,  билік  айту  екінің  бірінің
колынан  келмейтін,  төкпе  шешендікті,  ерек  ақыл-парасатты,  қара 
қылды  кақ  жарған  әділдікті  талап  ететіні  атадан  балаға  мирас  өнер. 
Қүн  дауы,  жер  дауы,  жесір  дауы  сиякты  дау-шар  атаулы  дуалы 
ауыздардың  билгімен  шешілген.  Билікке  жүгініп  дағдыланған  дала 
ақыны  қазақтың  дауы  калаға қарап  “жалғыз  ауыз тіл  білмеген  сотқа
ісі түскен уақытка тосырқай қарайды.
Сөзімді жеткізуге тақсыр Мекең,
Бір атты азырқанбай алар ме екен?
Мекаппардың сөзінен мені танып,
Билік айтар сотың да сот-ак екен! -
Ақындықты  пайғамбарлыққа  балайтын  казақ  халқы  ақын- 
жырауларды  көкке  көтере  қадірлеген.  Сол  үрдісті  дала  акыны  да
үстанады:
Туған  тілге  перзенттік  махаббат -  С.Торайғыровтын  азаматтык-
рухтык болмысының ерекшелігін айшықтайтын күдірет.
Сүйемін туған тілді -  анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен  минутімнен,
Қүлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, қүлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
Апа деген сүйгендік сөз әм менен. 
Сүлтанмахмүттың  идеялық  мазмүны  жағынан  да,  жанрлық  түрі 
көркемдік  сипаты  жағынан  да  мәні  зор  туындысы  - “Айтыс”.  Поэма 
Деп  аталып  жүргенімен  онын  қүрылыс-бітімі,  жанрлык  түрі,  баяндау 
тәсілі  де  өзгеше.  Шығарма  дәстүрлі  екі  ақыннын  айтысы  емес,  екі 
адамды  кезек  сөйлетуді  (диалог)  акын  үтымды  көркемдік  тәсілі  етш 
колдана  білген.  Мүньщ  өзі  қазақ  өміріне  екі  түрғыдан  қарап,  біріне- 
бірі  карама-кайшы  екі  көзкарасты  білдіріп,  үлг  болып,  ел  болып 
макганарлык күндьшықтарымыз кандай деген сауалға кала ақыны мен 
дала  акынынын  түрғысынан  қарап,  мәселені  жан-жақты  талдап, 
бағалауға  мүмкіндік  туғызғанын  көреміз.  Шындықтың  піюр  талас 
үстінде  айкындалатынын толык ескерген.  Екіүдай қарама-кайшы пікір
83

оқырманның  ойлануына  түрткі  болып,  оны  өзінше  байлам  жасауға 
мәжбүр  етеді.  Қанша  мәнді  болса  да,  бір  мағыналы  ойды  даиын 
күйінде  қабылдаудан  гөрі  екіүдай  пікірлерді  салыстырып,  ойланып, 
шындыққа  өз  ақылымен  жету  оқырманға  кейде  әлдекайда  пайдалы 
болып  шығатыы  анық. Сүлтанмахмүт дала ақынын  үзақ сөйлетіп, оған 
ауыл өмірінің артықшылығын мақтанышпен  шабыттана айтқызады.
Бүл  түста  Сүлтанмахмүт  кыр  қазақтары  ғана  емес,  бүкіл 
халықтың  мүддесі  туралы  өзінің  көптен  көкейінде  жүрген  ойларын 
білдіргені  ап-айкын.  Дала  ақынын  сөйлеткенде  ақын  соның  сөзімен 
көптеген 
ешқашан  басын  жоймайтын  үлттық  күндылықтарды
сипаттайды.
Ақылды  хандар  мен  билер,  ел  қорғаған  батырлар,  дүлдүл 
шешендер,  ақындар  кең сахарада көшпелі  өмір жағдайында туып, өсті 
дейді.  Ана  тілінің  байлығын,  мүсылмаҢ|  діні  адамгершіліктің, 
имандылдықтың 
рухын 
себетінін 
тебіріне 
толғайды. 
Рухани 
тіршілікті ң,  шеттің  ықпалына  түсірмейтін  үлттық  қасиеттің  тамыры, 
қайнар  көзі  ауылда  деген  ойды  меңзейді.  Дала  ақынының  осындай 
сөздерін  Сүлтанмахмүтгың  өз  аузынан  шыққандай  қабылдауға 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет