М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет112/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Айқап туралы» (1911, қаңтар -1915, 
қыркүйек) – Мәшһүр Жүсіп өзгелердің сән 
үшін жазылатындығын, «оқып байқап» 
көрмейтұғынын, майлық, сулық, шаршы орамал 
ретінде тұтынатынын, ал өзі бұл басылымға деген 
ықыласын, сөзге үйірлік қасиетін мәлімдейді.
«Басқа да бұрынғы шешендік үлгілері» 
- Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында молынан 
көрініс тапқан. Төле би, Жобалай – Жаңабатыр би, 
Күнтубаласы Жанайдардың алғыр, тапқыр сөздері 
және «Заман азбас, ел азар», «Қариялардан қалған 
сөз», «Байғыз деген құс болар» дейтін толғамдар 
жинақталған. 
Сондай –ақ Мәшһүр Жүсіптің: «Бұрынғы 
өрнекті хан, үлгілі билердің сөздерін айтушы да 
таусылды, шын құлақпен тыңдаушы да таусылды.
Енді сұм жалғанның сұмдық сөзі. Ел тозығы жетіп, 
сөзден азғындық белгісі - осы» - деген пікірінің 
жаны бар.
«Газет-журналдардағы сын» - Мәшһүр 
Жүсіптің мерзімді баспасөз бетіндегі материалдарға 
қатысты мақаласында «жүректі түртіп, ойды 
қозғайтұғын дәнеме жоқ», «құлақ-мұрыннан 
жұрдай», «жарапазан есепте» өлеңге, «түзеттім, 
мәнісін түзеттім» деген көзбояушыларға сыни 
көзқарасын білдіреді.
«Жаңылтпаштар» - қазақ ауыз әдебиетіндегі 
балалар фольклорының бір түрі. Ж. бала тілінің 
жетілуіне, оралымды, жатық, анық сөйлеуіне, ана 
тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз 
саптауға үйретеді. Мәселен: «Қырда қылау, Қызыл 
ала бұзау. Жатыр жалмаң құлағы, Қиқу қыздардың 
қызыл ала тырнағы. Қызыл тырнағы қылтылдақ, 
Сүйір тырнағы жылтылдақ».
«Географиялық мәліметтер туралы» - Тянь-
Шань, Памир, Алтай, Орал таулары, Сырдария, 
Амудария, Еділ, Жайық, Ертіс өзендері, Мұз 
теңізі туралы мәліметтер берілген. Мәшһүр 
Жүсіптің ғұламалық зердесі шағын географиялық 
мәліметтерден көрініс тапқан. 
«Бұрынғы құдалық әңгімелері» - бұрынғы 
замандағы өлшеусіз байлық иелерінің әсіре жөнсіз 
құдалығы, келін түсіруі, қыз ұзатуы, әкесіне ас 
бергендігі, қызықты дүние қызығының, сасық 
байлықтың басы қандай, аяғы қандай, ешкімге 
опа бермейтіндігі, «жұрт көзіне түспек, ел аузына 
ілінбек өзі бір атақ», «бұл дүние жиылған жеріне 
не жылан, не шаян, не у, онан басқасы жоқ 
екендігі», «біреуге опа қылмаған дуние біреуге опа 
қылмайтындығы», тұрмыс-тіршіліктің, «бөліспе 
бүліншіліктің» нақты мысалдары, дәйек-айғақтар 
арқылы баяндалады.
Алтай –Қарпықтың атақты байы Сапақ «Үш 
жүзден бай таңдады, құда болуға, Кіші жүзде 
Байсақал деген бай бар деп, байлығын өзіне тең 
көріп, сол Байсақалға Кенесары-Наурызбайдың ағасы 
Саржан төрені алып, елу кісімен құда түсуге барды.
Қалыңдықтың бір сәукелесінің құны бес 
жүз байталға татиды екен. Қыз жасауының өзі 
бес отау, бір алтын шатыр, бес жүз жылқы және 
де қыз отауының уығын атпен жүріп байлаған 
екен. Керегенің басы мен аяғы, уық, күлдіреуіш, 
шаңырақтың өзінде тұтам күміспен көмкерілген. 
«Ай дейін десе, аузы бар, Күн дейін десе көзі бар» 
бір қасық сумен жұтып жібергендей, жасы дәл он 
бесте сұлу қыз екен.
Тоқетері, Сапақ бәйбішесі өз келініне «өзі 
ұйқышы, өзі жынды, неше түрлі жамандықты 
жапсыра берді...» Әрине, бұлайша ғайбаттау 
- ойсыздықтың, дүниеге тойымсыздықтың, 
топастықтың, тасырлықтың белгісі. Мұса 
Шорманұлының лебізіне жүгінейік: «... әдейі 
Сапақтың келінін іздеп барсам, бет біткеннің сұлуы 
екен. Ұрғашының алғара қиғашы екен. Сөйлескен 
жанды магниттей тартып кететұғынның өзі екен. 
Шай қайнатып, әбдіресін ақтарып шай салғанда, 
шайдың иісі отырған үй түгіл, ауылды аралап 
мұрын жарып кетті». 
Бұл орайда Мәшһүр Жүсіп «Байлық алды – 
денсаулық, онан соңғы – ақжаулық, мұнан кейін 
– жүз саулық, мұнан асса, жын шалық» деген 
әулиелердің сөзін орайлы келтіреді де, Сапақ 
бай жын шалықтың-шалығымен орыстың Майор 
деген бастығымен төбелесіп жер ауады. Келінін 
Сапақ байға келістіре шағыстырудың кесірінен 
бұл жалғаннан татар тұз –дәмі таусылады.Мұның 
тарихы былайша өріледі. Келін жүрегі ажалдың 
құрығына ілінетінін сезген соң: «Бір кішкене 
қайғысын қойнына алып құшақтап жататұғын 
болыпты. Керек төсекте, жатқан жерінде өлтіріп, 
құшағында жатқан баланы қатынның қолын 
кескілеп, әзер айырып алған екен дейді».
Сібірдің он сегіз мың казак-орысы атқа қонып, 
Кенесарының ауылын шапқанда, Сапақтың баласы 
бір жерошаққа жасырыныпты, үстіне бір түйенің 
жабуын тастатқан екен. Бір орыс-казак жабуды 
көтеріп қалса, бұғып жатқан сорлы байдың 
баласын мылтықпен бір-ақ атып кете барыпты. 


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет