М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет109/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
қыруар. Мысалы: «Шешендер – мәуелі ағаш», 
«сөз – бір жеміс», «ақыл - дария», «ауыз - садап», 
«сөз - гауһар».
Көркемдік қиялдың жемісіндей көркем 
теңемелер де Мәшһүр – Жүсіп шығармаларында 
мол кездеседі.
Айталық : «Дарияның толқынындай дүние 
жүзі», «Дойбының тақтайындай қылды көкті», 
«Назым сөз бақшада өскен бау ағаштай», я 
болмаса «Бақшада үлпілдеген қызыл гүлдей», 
«Жылпылдап кейбіреулер қолда тұрмас», // 
«Жылмағай қабыршағы жоқ балықтай», «Қырық 
кездей бар сан алтыннан» және т.с.с.
Әйтпесе Мәшһүр – Жүсіп «Гүлшат - Шеризат» 
қиссасында Гүлшат арудың болмыс бітімін 
бейнелеуде мынадай поэзиялық сипаттаулар 
қолданады: «Тал бойында бір мін жоқ», // Шыны 
айнаның көзіндей», «Тал жібектей оралып, // 
Айдай балқып нұрланып», «Кер маралдай керіліп // 
Оймақтай аузы бүріліп», «Ұжымақтың қор қызындай, 
// Жылқының шаңқан бозындай», «Сұлулығы 
санамадай, // Хатшылар қиған қаламадай».
Әрине, бұл жерде Мәшекеңнің сөз саптасы, ой 
толғауы халықтың – фольклорлық дәстүр негізінде 
шыққан.
Мәшһүр –Жүсіп поэзиясында ақыл – ой елегінен 
өткізілген өмір тәжірибесінің даналық тұжырым-
қорытындысы, жоғары адамгершілік мәдениетінің 
ереже-қағидасы іспетті ғибратты кеңестер мол. 
Мысалы, «Қалмады ойлай – ойлай басымда ми» 
деген толғауында мынадай толғамдар бар:
1. Түзу бас, тура жолдан теріс те баспа
Өнерсіз надандармен араласпа.
Бір істен пада көрмей, залал тартсаң,
Бой бағып екіншілерді аяқ баспа.
2. Дұшпан біліп қоймасын сырды десең,
Жанкүйер досыңа да сырыңды айтпа! 
3. Адалдың айырмассың адалдығын,
Көрмесең бір жаманның арамдығын.
Мақтаулы жұрт ауызында болам десең,
Біреудің ауызға алма жамандығын.
4. Дос, жолдас қылам десең қауым, көпті,
Бойына үйір қылма өкпе, кекті.
Жамандыққа жақсылық мінез қылып,
Бола бер бәріне де ыңғайлы епті. 
5. Бір сөзді шығарады бір сөз түртіп,
Ағыздым алтын қылып мен мысты ертіп.
Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,
Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып.
Өмір мектебінен өткен ақынның осындай 
ұлағатты ойлары - өсек ұрпақ үшін өнеге. Бұлар 
ақыл мен сұлулықтың тұтас түзілген құймасындай.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев орыс әскерінің 
полковнигі, ірі, оқыған азамат Мұса Шорманов 
(1819-1885) дүниеден өткенде жоқтау шығарған. 
Сонда ұлы жиындарда он үшінші би атанған 
Шорманның асыл тұяғы Мұсаның кескін-келбетін, 
келісті өнерпаздығын, кемел мүсіндепті-ау!
Бас қосылған жиында
Бұлбұлдай болып сайраған.
Бұлақтай ағып қайнаған, 
Сөйлеген шақта сөздері,
Шамшырақтай жайнаған.
Болмаса толқынды топтың ортасында 
диірменнің тасындай ойнаған сабаздың тегеурінді 
сілтесін былайша баяндайды:
Жақсылар бас қосқанда,
Алды –артына тосса да,
Шылбырынан шалдырмай
Құбылып гүл-гүл жайнаған.
Немесе 
...Бал –шекер тамып сөзіңнен
Нұр балқып раушан жүзінен,
Жұртыңның мейірін қандырдың,
Жұрт астым деген жақсыны
Жарысы сөйлеп келгенде,
Ақылынан таңдырдың.
Яки сегіз қырлы, бір сырлы асыл ардагер
қанатты шешен болмысы мынадай:
Есіл бір сондай бекзаттың жұрт аузына қараған.
Көркі менен сымбаты, ақыл мен ілім, дәулеті,
Баршасы бірдей табылып, әр пендеге жаралған.
Ұлттық әдебиет тарихындағы жарқын тұлға 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз шығармаларында 
ақындық өнерін, қуатын: «Болаттан ағып түскен 
құрыштаймын, // Бәйгеден күнде келген қара 
көкпін, // Қысқа күнде қырықты ілген қыран 
едім», - деп сипаттапты. Десе дегендей-ақ. Кең 
тынысты, кемел ойлы, ағысты – толқынды 
поэзиясы тарихилық, этнографиялық, тілдік-
стильдік тұрғыдан ғана емес, көркемдік –суреттілік 
жағынан да бағалы.


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет