М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ қазақ халқының тағдыры бұл-төртеуін әрине
бей-жай қалтыра алмады. Ресей империясының
бодандық әрекеті қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық, мәдени-рухани жақтарын да
қозғады. Бұл саясат қазақ халқының оянуына,
алдыңғы мәдениетке ұмтылуына да әсері қатты
болды. Бұлардың шығармаларының мән-мазмұны,
идеялық қазығы орыс отаршылдығына дейінгі
ақын-жырау дәстүріне иек артқанмен заманына
қарай басқа бағыт алып, басқа идеяларға толы
болды. Осы кезеңдегі халықтың ауыр тұрмысын,
рухани мәдениетін жырлау осы-төртеуінің еншісіне
де тиді. Сөйте тұра, олар - орыс-еуропа мәдениетінен
көп үйренді.
М-Ж. Көпеев «Аспан, жер және адам
жаратылыс туралы» еңбегінде: Платон - (Жүсіп
қолданысында Аплатон) хакім ақылына сенді:
«Өлмеймін!» - деді, кәне, өлмей қалғандығы?!
Ендеше сен маған құдай ақыл берген екен,
ғылым, білім берген екен деп, ақылыңа, ғылым,
біліміңе сенбе! Сенгіш болсаң құдайыңа сен! -
деп Аплатонның ақыл туралы кейбір қағидасына
өзінің пайымдауын айтады. Құдай жоқ деген
сол уақыттағы қағиданың қате тұжырым
екендігін, Джордана Бруно, Коперниктердің ой-
тұжырымына сүйенеді. Орыс сыншысы Виссарион
Белинскийдің туған өлген жылын (1810-1848)
көрсетіп, өз тұсында замандастарынан басып
озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың
атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы деп жазды. Ол
айтқан пәлсәпа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік
бар, - дейді, - жеке заттар, жеке көріністер туады,
өледі, кетеді, - дейді. - Бірақ тіршілік еш уақыт
өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын
туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен
толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші
толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз
тереңдеп я әлі күнге орнында, әлі күнге тірі
қозғалады, ұшы - қиыры жоқ ауданды кең бесігінде
толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды,
оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» - деп
сөйлеу керек» - дейді. В.Белинскиді қазақшаға
аударып, оның айтқандарынан философиялық ой
түйеді. Оның Лермонтовқа, Гогольге, Гончаровқа
берген бағасын, әдебиет сыншысы екендігін дөп
басып айтады. В.Белинскийдің «Московский
наблюдатель» (1838-1839 жылдары) журналындағы
сын мақалаларын оқығандағы ақынның өзіне
қажетті жерін жазып алып қазақша аударғаны
байқалады (З.Қабдолов, С.Қыйрабаев, А.Нұрқатов.
Қазақ әдебиеті, 2 бөлім. ОМБ, 1955. - б. 6-18).
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы
орыс революциясы туралы айтқандары
революционер демократ В. Белинский
шығармаларын оқыған кейін туған ой болуы әбден
мүмкін. Дарвиннің: «Талай замандар өткенде,
биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал,
құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдіктер
шығады»-деп «Құран кәрімдегі» адам топырақтан
жаратылған деген оймен сабақтастырады. Жер
бетіндегі тіршіліктің пайда болу көзін анықтайды.
Немесе, ақын Мәшһү-Жүсіп Көпеев Михаил
Баскиннің: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер
тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі
қап-қатты болып тұрған жеріміз бір кезде даулдап
жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар
өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа
келген» - деген сөзін келтіріп, өзінің кейбір
шығармаларына арқау еткен. Затаевичтің қазақ
әндерін ел аралап жазып алғанын: «Затаевичтің
қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені» - деп үлкен
баға береді. «Адам мен жұлдыздар арақатынасы»
деген еңбегінде Жилинус сөзінің дұрыстығына ден
қояды. Жилинус атанған бір данышпан айтқан:
«Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай
қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза
ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген ғибрат
сөзіне құлақ асады. Мұндай мысалдар, Мәшһү-
Жүсіп шығармаларында өте көп кездеседі. Біз
ақынның орыс-европа ойшылдарын, зиялыларын,
биологтар мен философтарын оқығандығын,
еңбектерін оқып қана қоймаған, шығармаларына
арқау қылып пайдаланғанын тағы бір мәртебе
шегелеп айтқымыз келеді.
Мәшһүр-Жүсіптің Л.Толстой, А.Пушкин,
М.Лермонтовтың шығармаларымен таныс-біліс
болғанын, олардан үйренуге шақырғанын әр кезде
жазғандарынан білеміз. Осы орайда Қазақ ССР
Ғылым акадаемиясының академигі М. Қаратаев
мынандай бір қызық факті келтіреді: «Бірінші
бағыттағы халықтық ақын-жазушылар Пушкинді
Абай дағдысымен ұнатып, шамасынша оқып, қазақ
тіліне аударып келді ...» - дейді Мәшһүр-Жүсіп
туралы жазғанында (М. Қаратаев. Туған әдебиет
ойлары. ─ Алматы, 1958. ─ 114 б.). Осыдан ой
түйетін болсақ, аударма белгісіз ақындікі емес,
М-Ж. Көпеевтікі екені сөзсіз. Өйткені, Мәшһүрдің
өзі де орысша әжептәуір білген ғой. Бұл мәселе әлі