М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ де зерттей түсуді қажет етеді» - дейді С. Дәуітов
(Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалылары, 1990.
─ 17 б.). Біз де осы ойға толығымен қосыламыз.
В.Г. Белинский шығармасын оқыған ақын, А.
Пушкин, М. Лермонтов өлеңдерін аудармады,
білмеді деп айта алмаймыз. Осы орайда, Мәшһүр-
Жүсіптің 1176-шы қолжазбасынан Пушкин туралы,
Конфуций, Сократ, Платон, Сағдиді Еуропа, орыс
оқымыстылары да біледі деген сөздерді оқыдық.
Демек ақынның орыс-еуропа әдебиетін білгені
айдан анық. Абайдың «Екінші сөзінің» мән-
мағынасына Мәшһүр-Жүсіптің қазақтың мұңын,
орыс империясының отарлау саясатын әшкере
еткені, қазақты жалқау деп сынағаны бір-біріне өте
ұқсас екендігі айтылып өтті. Сол сияқты ауылдың
атқа мінерлерін сынауы, тұрмыс-салт, әдет ғұрыпқа
байланысты, өнер-білімге, ғылымға шақырған
өлеңдері, батыстан, шығыстан, орыстың ғылымын,
тілін білу керек деген өсиеттері де аз емес.
Мәшһүр-Жүсіп «асыл жақ» туралы былай
дейді. «Жағырафияда мұндай сөздер айтылмай,
бұлардың орнына шырық, ғырып, шымыл һәм
жынып оң. Бұларға «асыл жақ» - тегіс жер жазықта
туып жан-жығымызға қарасақ, айналамызда көк
пен жер тұтасқан сияқты көрінеді. Сол көрінген
дөңгелекті «Нықта шарабы» (шырасы) дейді.
Асыл жақтың араларында болған жерге «туынды
жақ» - дейді. Хыритаға (картаға) қараған кісінің
оң жағы «шырық», сол жағына түскен шепті
«ғырып», жоғары жағы «шымыл», астыңғы жағы
«жыноб» болады. Күн әр уақытта бір жерден
шығып тұрмағандықтан, күннің шығысы мен асыл
жақты белгілеуге қатысы (қақысы) болғандықтан,
Темірқазық жұлдызымен белгілеу анық болады» -
деп жазады [5, 221].
Мәшһүр-Жүсіп жер бетіндегі халықты бөлмей
бәрі біріне-бірі қарындас деген. Мысалы: «Дүние
барша кісілердің ортақ орны болып, адамдар бір-
біріне қарындас болғандықтан, әр-қайсысының
халінен хабардар болғандықтан, кісінің қадірі
әлбетте артық болады» - дейді [5, 220]. Бұл
– сөзіне өзі зерттеген мына жайттар да әбден
дәлел бола алады. Ең алдымен Мәшһүр-Жүсіп
орыс-еуропа мәдениетін жетік білген бе? Соған
біраз шолу жасалық. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
орыс-еуропа әдебиетін өте жетік білген деп
нық сеніммен айта аламыз. Оған біздің көзіміз
жетті. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына төмендегі
бірнеше мысалдарды келтіреміз. Кезінде академик
Мұхаметжан Қаратаев: «Кейінгі кезде белгісіз
ақындардың аударып ел арасына тараған «Евгений
Онегиннің» үзінділері табылды. Мәшһүр - Жүсіптің
қолжазбаларының ішінде белгісіз ақын аударған
Пушкиннің кейбір өлеңдері шықты» - деген еді
[6, 117]. Әрине, бұл пікірге кейбір ғалымдармыз
күдікпен қарап келгені де рас еді. Мәшһүр-Жүсіп:
1917 жылы алған әйелін өз ықтиярымен үйіне
апарып салады. Сонда жолдастары мұныңыз не
дегенде «Оның ойнап күлетін жас өмір, жас шағы.
Менің қартайып тоқтаған уақытым. Келешегі бар,
жас өміріне кеселім тимесін! – деп босаттым!
- деп жауап берген екен. Және де айтатын еді:
- «Онегин, Татьянаәңгімесін байқамадыңдар
ма? Жас пен кәрі еш уақытта да жолдас болып,
жақсы өмір, қызық дәурен сүре алмайды» - деп [7,
321]. А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын
мысалға келтіреді. Енді бірде ақын: «[А.С. Пушкин
өлеңі] Пушкин сөзі деп біреу жазыпты: Қаңғыдым
жан қинадым шындықты іздеп» - деп жазып алған
[8, 290].
В.В. Радлов туралы Мәшһүр-Жүсіп «... Бұл
ғылым білімнен бастап, мұнан былайғысы бұрын
қағаз жүзінде нұсқа болып жазылмаған. Үш жүздің
ішінде кеудесі хат болған Қаракесекте – Бердәлі
қожа, Қанжығалыда – Саққұлақ, (Әлике) Лике-
Байдалыда Аққошқар – Сайдалының Аққошқары
– сондай қазақ жақсыларынан естуіменен Мәшһүр
Иүсіф (Иосиф – Ә.А.) Көпеевтің қағаз жүзіне
тахырия қылып, оһым өз зиһынан жасалған сөзлерді
мыхымұх міркіб қылып кейінгі заманға жәдігер
(иадкер) үшін жад әуелі басы Василий Васильевич
Радловтың жинаған сөзі – қазақ әдебиетлерінен»
- жазған [11, 16]. Немесе, «Жетпіске жетіп, жер
таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған
күнімізде неміс жұртынан шыққан Василеиш
Радлов қазақ әдебиетін жинап бастырған екен.
Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған.
«Қазақтың түбі» деп, Васили Василиш Радлов
баспаға бастырған» - деп жазды (ОҒКҚҚ, №1177
папка, 279 бетте) [7, 400-401],
Мәшһүр-Жүсіп «1810-1848 жылдардың
арасында тіршілік қылған Виссарион Белинский
- өз тұсында замандастарынан басы озған,
арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты,
ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа:
«Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, - дейді, -
жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді,
- дейді. –Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда