М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет182/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
1914-інші жылында, апрельде біздің 
қолымызға келді» - деп Ресей тарихынан көптеген 
тарихи мәліметтер келтіреді. Егер де Мәшһүр-
Жүсіп орысша білмесе, оқымаса, саяси сауаты 
болмаса онда осыншама деректерді қалай білген 
деген заңды сұрақ туады. Осы сұрақты сейілту 
мақсатында да және Мәшһүр-Жүсіптің тек қана 
түркі тарихын ғана біліп қоймай, орыс-еуропа 
тарихын да жетік білгендігінің нақты дәлелі деп 
білеміз [12, 198-199]. 
Мәшһүр-Жүсіп «Әбілғазы ханның шежіресін» 
жете зерттеп тарихына тоқталады: «Оның сөйлеген 
шежіресін Яуропа жұрты атам заманда перуаттап 
алған, Вельяминов‑Зернов жазған тариқтан 
көдедей көп Николайдың әкелері Александр 
патша француз тілінен орыс тіліне айналдырып, 
Казимбекке перуатдатқан. Сол Казимбек 
баспасынан алынған сөз – «Уыз хан шежіресі». 
Мұны «Әбілғазы хан шежіресі» атаған [12, 397]. 
«192? –ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке 
басылған «Еңбекші қазақ» газеті №2-нші нөмірінде: 
«Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар 
безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. 
«Сотқа сот қосылса -салмасын, сөзге сөз қосылса 
- демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам 
қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан 
кім екенін жазам» [12, -Б. 416] - деп ақын ескі 
мәдениеттің керек екендігіне ден қойып, Маркс 
ілімін жақтайды. Және «мәдениет» - деген терминді 
ХIХ ғасырда бірінші қолданған да Мәшһүр Жүсіп 
екендігін ескерте кеткенді жөн көрдік. 
«Таудан мұраттау түгел шағыр Некрасов 
айтқан: «Бәрі жердің астында көмілгенде, жоқ 
үміт және сонда жылар да жоқ, қаны қатқан, әлі... 
жүз ел ғұмыр ит һимна үмітте бол. Век живи, век 
надейся. Үмітсіз шайтан – ғалия лағын» - деп 
жазды Мәшһүр-Жүсіп [13, -Б. 3].
Мәшһүр-Жүсіп: «Мәдени халық қасында 
дүние халінен хабардар болған, болмаған кісілер 
өз ортасының халін білмеген кісілер ақымақ 
кісіге есеп қылынады. Бұлай болса қадар[и] көп 
халықтың халін білуге бола ма? Болады. Оның 
үшін жағырафия оқуы керек. [Жағырафия] жайын 
үйреткен білімге орысша география деп, бұған 
шейін жазылған сөздер жағырафияның керекті 
бір ғылым екенін білдіру үшін жетсе керек. 
Жағырафияның мектеп, медреседе сабақ болып 
оқылып, жағырафия [ны] медреседе оқытуға 
бола ма? Жас балалар мектеп, медреседе оқудан 
пайда қыла ала ма? Бұл сұраудың жауабына көп 
сөз жазуға орын жоқ. Мәдени жұрттар өнер, дін 
мектептердің программ [сы]на жағырафия қосып 
отырғандығы жетеді. Рум, Сияһым, Түркияда 
болсын, жалпы Еуропада болсын – жағырафия 
оқытылмаған ешбір мектеп жоқ. Бастауыш, орта, 
жоғары медреселерде сауда әр дін мектептерінің 
әрбірінде өздерінің дәрежесіне қарай жағырафия 
оқытылады. «Жағырафияны мектепте оқуда 
пайда жоқ» - деу басқа ғылымды, халықтарды 
ақымақ деген болады. Олай деу [дің] өзі – 
ақымақтық. Жағырафия адамды өткірлендіреді, 
ойын нұрландырады һәм Отанын сүйгізеді, басқа 
пәндерді білуге себепші болады. Әсіресе тарих 
ғылымының негізі дін ғылымына да қатынасы бар. 
Бұрынғы пайғамбарларымыз қай жердегі халықты 
иманға шақырғаны жағырафиямен білінеді. 
Олай болса, жағырафия оқығаннан кісі Алланың 
құдіретіне көңіл нығырақ сенеді» - дейді [5, 220-
221]. Мәшһүр-Жүсіп «мәдениет» - деген терминді 
ХIХ ғасырда тұңғыш қолданғанын атап өткеніміз 
орынды деп санаймыз. 
Бұдан әрі Мәшһүр-Жүсіп жағырафия – бек 
кең ғылым болып бірнеше бөлімге айрылады» - 
деп жағырафия (география) ғылымының дінмен 
қатысын айқындайды және Алланың құдіретін осы 
– жағырафия арқылы өте жақсы тануға болатынын 
жазады. Жағырафия пәні бала мінез-құлқымен 
тығыз байланысты екенін, мектептерге ғылым 
ретінде енгізу мәселесін де ең алғаш көтерген 
Мәшһүр-Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп жағырафияны 
бірнеше атақты бөлімдерге: жағырафия риазы, 
жағырафия табиғи, жағырафия сабасы, жағырафия 
тарихы, жағырафия риазыны (екі рет жазыпты 
– Ә.А.) бөледі. Және олардың ара-қатынасын 
ажыратып береді. Жердің форымы үлкендігін 
үстіндегі күрзі себетін сызықтарды Күн мен 
Айға Жердің жырақтығын білдіреді десе, табиғи 
жағрафия: жер үстінде болған таулар, сулар, 
ағаштар, адамдар һәм хайуандарды білдіреді, ал, 
саяси жағрафия: жер жүзінде болған патшаларды, 
ол патшаның қол астында болған мемлекет 
һәм шаһарларды білдіреді, тарихи жағырафия: 
бір мемлекетте бұрынғы заманда болып өткен 
қауымдардан, яки бұрынғы қауымдардың қай 
жақта тіршілік еткендігін білдіреді дейді. Сол 
сияқты, Мәшһүр-Жүсіп географиялық терминдерді, 
ономастикалық терминдерді қазақшалаған алғашқы 
адам болып табылады. Және де қазақшалағанда 


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет