М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


МЕЙРАМ СОПЫ РУЫНЫҢ ХАЛЫҚШЫЛ ТҰЛҒАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет13/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

МЕЙРАМ СОПЫ РУЫНЫҢ ХАЛЫҚШЫЛ ТҰЛҒАЛАРЫ
Қ. АЛЛАБЕРГЕН
т.ғ.д., профессор, С. Торайғыров ат. ПМУ, Павлодар қ. 


13
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қор болды бірлігі жоқ сорлы қазақ,
Басынып ата жауы етті мазақ.
Орыс пен қытайлардан қару алып,
Көрсетті жауыз қалмақ елге азап.
Қазақтың тарихына болып қанық,
Әлсіздігін олардың пайдаланып.
Иесіз қалған жерге шатыр тігіп,
Орыстар жанталасты қорған салып.
Зерепшанға ел кетті,
Естілерден ес кетті.
Дүние, малды тартып ап,
Қазақты орыс еңіретті.
Аяғы ауыр әйелдердің ішін жарып,
Найзасына шапалақты іліп алып.
Кемпір, шалды азықсыз шырылдатып,
Кетеді бала-шаға басын шауып.
Бұл туралы 346 хадисте Пайғамбарымыздың 
айтқан сөзі бар. «Патша Алланың көлеңкесі. Кім 
оны құрметтемесе Тәңірді құрметтеген болып 
табылады. Егер кім оны қорласа, тәңірді қорлағаны 
болады. Әулие Алланың жердегі еркесі. Алла оның 
тілегін қабылдайды. Әулиенің тілін алмаған мәңгі 
оңбайды. Сондықтан, су ішкен құдығыңа түкірме, 
сусының құриды. Алланың жердегі көлеңкесі мен 
еркесіне тіл тигізбе, тұқымың құриды. Патшаны 
ғайбаттау тәңірді ғайбаттау. Әулиенің тілін алмау 
оңбаудың белгісі».
Осындай қазақты орысқа бағындырсаң 
бодандықтан басың арылмайды деген сөзді болжап 
айтқан көмекей әулие Бұқар жырау болатын. 
Ол 1730 жылы Абылай ханға халқыңды орысқа 
бағындырмай «Екі жыл малды ту сақтап, шалдары 
жүзге келмей өлмеген, қойлары бір жылда екі 
қоздаған, қатын-бала қамы үшін Жиделібайсынға 
көшір»,- деп төмендегідей болжау өлең айтқан. 
Егер бағындырсаң қазақты орысқа,
Екі бастан амандас Сарыарқа деген қонысқа. 
Билігі кетер басынан,
Берекесі кетер асынан.
Тектен-текке күйдірер,
Күйдіруші көрші қасыңнан.
Қызығып тұрсың байқамай,
Қорыққаннан айта алмай.
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны арамдық,
Ісіктен аққан іріңдей.
Абақты деген үйі бар,
Сонда қазақ қамалар.
Қазулы даяр көріндей,
Жемтігіне шыбын үймелер.
Бір емес соры мың қайнар, 
Құбыладан келер бір кәпір.
Аузы-басы жүн кәпір,
Құдайды білер діні жоқ.
Жамандықтан басқа ісі жоқ,
Күн шығысқа қарайды.
Шашын алмай тарайды,
Жаяулап келер жұртыңа.
Бал мен май жағар ұртыңа,
Ел қамын айтқан жақсының,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Қара шекпен кигізіп,
Түрегеп тұрып сигізіп.
Құлдар менен құтаның,
Қолына билік тигізіп,
Есеп алар малыңнан.
Әскерге алар ұлыңнан,
Күндердің күні Абылай.
Еститінің көп болар,
Есіктегі құлыңнан.
Осы айтқаным Абылай,
Болмай қалмас артыңнан
Естідің міне қартыңнан.
Ағаш үйде кәпір бар,
Мұсылманның баласы.
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауызды болыңыз.
Қалған елді тастаңыз,
Бөтен елмен үйір боп,
Іргеңізді қоспаңыз.
Кәпір алмас демеңіз,
Наны қатты жемеңіз.
Зәбірі қатты бұл кәпір,
Алмай қоймас демеңіз.
Осындай тағы бір көрегендік өсиет-тілектер 
мен 1916-2016 жылдарға арналған болжау өлеңнің 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет