М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет16/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Басшылардың кәсібі ұрлық болар,
Қолдайтын періштесі пірі болар.
Зекетсіз кедейлердің жиған малы,
Жең ішінде парамен құрып болар.
Ол заман қай заман, ыққан заман,
Жақсына жаман келіп жыққан заман.
Әділеттің атасы арам өліп,
Ұры-қары көбейген тақыр заман.
Молдасы көп білем деп дана болар,
Сорақылығы халыққа мәлім болар.
Шариғат пен хадисте жұмысы жоқ,
Құранды қате оқып, күнә болар.
Оқыған ғұламалар таусыолған соң,
Ұры-ұары шоқындысы солда болар.
Қара тауық, қара тауық,
Жүрген жерің сондай қауіп.
Жеті дұшпан болғаныңда,
Әлде кімге болар қауіп.
Сәуірік туып айғыр болар,
Талай жас қыздарың
Ұяттан безіп, буаз болар.
Сиынған пірің молда «мүкірік».
Бір құдайға шет болар,
Мұсылмандыққа жеткенше.
Адамдар бір-біріне,
Қайырымсыз жат болар.
Мұсылмандыққа жеткен соң,
Сонда ғана барып-барып ел болар.
Екі мың да он алтыншы жыл болар,
Қой үстіне торғай жұмыртқалаған заман туар.
2015-2016 жылдары дін басына имам Мұхамед 
әл Мағди келіп, бүкіл дүние жүзіне ислам дінін 
күшейтеді. Елдің бейбітшілікке қолы жетеді.
Сонда боларсың қазақ боларсың,
Дін, тіліңмен табысып.
Толарсың, қазақ толарсың,
Егін мен малға жарасып.
Жасарсың қазақ, сонда жасарсың,
Туғаныңмен табысып.
Туар әлі сондай күн,
Гүлденіп, өсіп, тауысып.
Өткен азап ұмыт боп,
Жүректе қалар мұң болып.
Барға – жоққа бұл дүние кезек тимек,
Жеткенше пенде асығып пісіп-күймек.
Құдай ұрған пендесін қан қақсатып,
Құшырланып, құшақтап, аяп сүймек.
Мәңгі бақи бір заман тұрмақ емес,
Қалжыратып, қажытып бәрін тегіс.
Өлмеген құл көреді асықпаңдар,
Көптен күткен ағашың беріп жеміс.
Аман бол, ағайын,
Тату бол, қимасым.
Араздықты қояйық,
Арамзалық мінезді.
Бәрін де жояйық,
Дін мен тілді қуаттап.
Күншілдік тамырын жояйық,
Өлген соң белгілі,
Қайтып кеп тұрмасың.
Ел анау, мен мынау,
Қайтейсін бір басым.
Аман бол, ағайын,
Тату бол, қимасым.
Асқынды боп, арқа-жауыр жараларым,
Күүнен-күнге асқынған ауруларың.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды біл,
Қазағым, қайран халқым, бауырларым.
Дүниенің базарында арзан нарқым,
Нарқым арзан, болса да қымбат даңқым.
Дүниенің тірішілігінде қадірім жоқ,
Өлгеннен соң әттеген-ай, дерсің халқым.
Көшірдім ақ қағазға рауан сөзін,
Бұлдырап көрмей барады екі көзім.
Дұғаға қолыңды жай жамағаттар,
Мәшһүрдің көрмессің енді, басқан ізін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет