Едіге балаларының бірі ‑ Шоң. Мәшһүр-Жүсіп «Едігенің көрген түсі»-деген
жазбасында; Едіге бидің балалары қатынының
бойына бітерде көрген түсі: 1. «Шоң биде қара
бүркіт ұстадым. Жемсауы үлкен, әр түрлі аңның
бәріне салып едім: Жемін екі қанатымен бүркеп
отырып жеді. Парақор болады!»-деген екен. 2.
«Қиғара туарда қырғауылдың қоразын ұстадым,
мал баққаннан басқаға жарамас»-деген екен. 3.
«Шорманда (Сарманда) тот басқан темір қылыш
тауып алдым. Оның тотын кетіріп, іске жаратамын
дегенше, кім бар, кім жоқ?!»-деген екен. 4.
«Торайғырда-сұңқар ұстадым: айдын шалқар көлдің
бір шетінен кірді, бір шетінен шықты. «Алған
құсын бір шоқымады, табанымен басып, кежиді де
отырды. Адамының сұңқары болар!»-деген екен.5.
«Қосдәулетте ұстағаным қаршыға еді, артынан
кешікпей жапалақ болып кетті»-деген екен. Едігенің
бес ұлы; Шоң, Қиғара, Шорман (Сарман), Торайғыр,
Қосдәулет болған екен. Жазбада Торайғыр би, Шоң
би, Ізден абыз – үшеуі құрдас екен, сол уақытта
екеуі (Шоң мен Торайғыр) қырық тоғызда екен деп
те айтылады. Бұл-Мәшһүр-Жүсіптің қателігі емес,
бұдан біз ел аузынан бірнеше нұсқасын жинағанын,
қалай естіді бір сөзін өзгертпей жазатын әдеті
сақталағанын байқаймыз.
Енді бір нұсқасында Едігенің бәйбішесі Борсық
кіші жүздің қызы, жүремелете алты қыз тапқан
екен. Едіге қатынына дәреттенші-депті. Ол сөздің
мәнісі қатынын суға шомылдырып алып, сонан соң
бейсенбіден жұмаға қараған түні құсша шағылысып,
қатынас жасайтын болған. Қатыны жақтырмай:
-Қойшы арман! А...ын ырбайтып, қыз итті таба
бергеннен не түседі?-депті.
-Ит, былшылдама! Тұр деген соң, бол деген
соң, бол, жылдам, дәреттен! Жап-жаңа бір бүркіт
ұстадым. Балақ жүні тұғырды жауып кетті, жемсауы
мейлінше зор. Салмаған да аңым болмады, алмаған
да аңым болмады. Екі қанатын бүркеп алып, алған
аңын бір айыртпады. Өзі би болар, өзі парақор
болар. Заманындағы адамның толық дөкей ірісі
болар. Үбірлі-шүбірлі болып, арты өсіп-өнер!-деп,
қатынына жатқан екен де, қатыны ұл тауып: «Бұл
шоң болар!»-деп, атын «Шоң» қойған екен. «Шоң»-
қырғыз тілі болса керек-деп жазады Мәшһүр-Жүсіп.
Жалпы, қазақ даналарының туысы да ертедегі
батырлардың туысына ұқсайды.
Шоң би Шоң би Едігеұлы (1754, 1771, 1764-1836)
– би, Баянауыл сыртқы округінің 1833-1836
жылдарында аға сұлтаны болған. Шоңның туған
жылы жөнінде нақты дерек әлі жоқ. А. Янушкевич:
«Шоң сұлтан болғанымен, ірі адам болыпты. Ол
орыстар осы жерге келер алдында өмір сүрген.
Ақылы, әділдігі және күш-қуатымен ол өз
айналасындағы адамдар арасында үлкен беделге
ие болған. Оның айтқаны анау – мынау ханнан
ӘОЖ 882.151.212.2