М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


Сарман (Шорман шын аты, Едігенің ұлы



Pdf көрінісі
бет140/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Сарман (Шорман шын аты, Едігенің ұлы
Шоңның інісі) мен Шоң
Шоң би бір шаруа жөнінен ақылы алты тарап 
болып отырғанда, бір-екі даугерді Сарманға айдап 
жіберген екен. Сонда Сарман екеуінің сөзін сұрап 
естіп алып: 
-Сен де жана бер, сен де жана бер!-депті.
Екеуі қайта Шоңға келіпті. 
-Қайттіңдер, біттіңдер ме?-депті.
-Екеуімізге де жанға салды,-депті.
Сарманды шақырып алып:
-Мұның рас па?-деген екен.
-Маған салсаң, осы сөзден басқа айтарым 
жоқ!-депті.
Шоң бидің бір әйелден жеңілуі 
Кіші жүз Атантай хан 60 жасқа келгенше 
баласы болмай, бала үшін елден қаңғып, бір сұлу 
қыз алыпты. Атантай 5 жыл тұрғаннан кейін, 
Атантай қаза болып, алған әйелі 25 жасында 
ерге тимей отырып қалғанын Орта жүздегі Шоң, 
Шорман билер естіп, Шоң бидің әйелді алуға көңілі 
кетіп, Шорманға:
-Сол әйелді маған алып беруге жәрдем 
көрсететін болсаң, сенің қалауыңды беремін!-деп, 
Шорманды ертіп, Атантайдың үйіне барады. Барып 
отырса, Атантайдың өлгеніне 2-3 жыл болса да, үй 
айналасы тозбаған. Ері жолаушы кеткен әйелше 
ұстап отырғанын ұнатып, Шоң би жақсы кеңестер 
айтып отырады. Кезек Шорман сөйлеуіне келгенде, 
Шорман: ері өлген әйелдердің ұяты шығып, буаз 
болып, болмаса, өсегі білініп, қалғандарды ерсіз 
отырмақ жағына бейім сөздер сөйлейді. 
Сонда әйел айтады: 
-Ұлы өзеннің бойынша
Үлгілі билер қонады.
Үлгілі билердің кеңесі
Рулы елге болады.
Шөкет қара суларға
Шөңкиген билер қонады.
Шөңкиген билердің кеңесі,
Шөметейінде болады.
Шоң, Шорман ұялып аттанып кетіпті. 
Шоң мен Тіленші
Екі елдің дау-жанжалды, «Ердің құны-нардың 
пұлы»-сияқтыларды Қаракесек, Төртуылдың 
билері бас қосып, бітім, тыным қылып, ел арасын 
тыйыштандырып, жайландырады екен. Сонда 
Қаракесектің биі-Тіленші, Төртуыл биі-Шоң би-
екеуі бас қоспақшы болып, Шоң би Қаракесекке 
бет алып жүрмекші болып: «Айдабол Тайкелтір 
бидің Өрік деген тоқалынан туған Өтеп сақауды 
ала жүрейік!»-деп, барса, Өтеп кедейлікте қара 
қасқаның өзі екен. 
-Атым, тоным жоқ-деген соң, Тайкелтірдегі 
Манкен байдың торы жорғасын алдырып, мінгізіп, 
шұға шекпенін алғызып кигізіп, алып жөнелді. 
Сонда Өтеп сақау айтыпты:
-Адынан буа сөйлейін бе, артынан қуа 
сөйлейін бе?-дегенде, Құдай рахмат қылсын, Шоң 
би айтқан екен:
-Артынан қуамын деп жүргенде, жеткізсе 
жақсы, шалдырмай, шығып кетсе, қапы соғып 
қаларсың. Не болса да, алдынан буа сөйле!-депті.
Билер бас қосып, сөзді бастағаннан-ақ Өтеп 
сақау ешкімге сөз бермеді, Тіленшінің аузын 
аштырмады. Сонда Тіленші не дерін білмей: 
- Мынау өзі жағасы кір-кір немең кім өзі?-депті:
Сонда Өтеп сақау айтқан екен:
- Көйлек кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, 
сүйек кірі қайтсе кетер?-дегенде, Тіленші:
- Менің сүйегімде не кір бар? Әкем-Бекболат, 
бабам-Қазыбек,-Бошанға, Болатқожаға шейін 
шұбыртып, сөйлегенде, сонда Өтеп сақау айтқан 
екен: 
- Әкең айсыз қараңғы түн еді, жерошақтың 
басында, көгеннің қасында жататын шеше-сол 
Мықыра күң еді,-дегенде, Тіленші сөз таба алмай, 
Шоңға айтқан екен:
- Ай. Шоң-ай, мына сөзді биті быжынаған, 
құрты құжынаған жаманыңнан есіттірмей, өзің-ақ 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет