М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет57/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
38 Абусеитова М.Х. К истории казахской государственностий XVI-XVII вв. // Государство и общество 
в странах постсоветского Востока: история, современность, перспективы: Материалы международной 
конференций. - С.24.; Ее же. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. : история, политика, 
дипломатия. - С.123.
39 Көпеев М.Ж. Қазақ шежiресi. - Б.14-15.
40 Жандарбек З. Қазақ жүздерiнiң пайда болуы жөнiндегi жаңа деректер. // Государство и общество 
в странах постсовственного Востока: история, современность, перспективы: Материалы международной 
конференций. - С.57-58.
41 Тынышпаев М. Великие бедствия. - С.36-38.
42 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. - Алматы: Ғылым, 1992. - Т.2. - Б.63.
43 Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. - С.31-32.
44 Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XVI-XVII вв - С.105.
45 Марғұлан Ә.Х. Ежелгi жыр, аңыздар. - Б.45.
46 ОҒКҚҚ, №1178 папка. - Б.141(304).
47 ОҒКҚҚ, №1176 папка, №1бума. - Б.100(94;51)-107(101).
48 Сонда. Б.108(102;55)-111(105).
49 Сонда. Б.114(108;34)-120(114;61).
50 Сонда. Б.344(430;170)-345(431;171).
51 Сонда. Б.345(431)-346(432;172).
52 Көпеев М.Ж. Таңдамалы. / Құрастырған С.Дәуiтов. - Алматы: Ғылым, 1992. - Т.2. - Б.91-96.; 
ОҒКҚҚ, №1170 “а” папка. -Б.111(60)-124(67).
53 ОҒКҚҚ, №1170 “а” папка. - Б.124(67)-127(68).
54 ОҒКҚҚ, №1173 папка. - Б.394-406.
55 Сонда. Б.406-408.
56 Сонда. Б.408.
57 ОҒКҚҚ, №1645 папка. - Б.76(250)-83.
58 Сонда. Б.83-85.
59 Сонда. Б.85-87.
60 Сонда. Б.108-112,146-148.
61 ОҒКҚҚ, №1177 папка. - Б.221(264;147)-235(278;141).
62 Сонда. Б.236(279)-244(287).
63 Сонда. Б.244(287).
64 Сонда. Б.244(287)-248(291).
65 Сонда. Б.247(290;147)-248(291). 


57
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын кешендеп 
зерттеу жалпы қазақ әдебиетінің өткен тарихын 
кең қарастыра алмау тәрізді олқылықтармен 
байланысты екенін еске салғымыз келеді. Мәселен, 
қазақ әдебиетіндегі дастан жанрының туу, қалыптасу 
тарихын, ондағы өзекті сала діни қиссаларсыз кең 
қамту мүмкін еместігі белгілі. Әміршілдік жүйе 
дін атаулыға, оның ішінде ислам дініне өршелене 
қарсы болып, ол саладағы ізденістердің бәріне 
тыйым, кедергі жасап келгені мәлім. Әйтсе де не сөз 
арасында, не жартылай сынаған қалыпта шаң беріп, 
әйтеуір бір кезде діни дастандар болғанына жарық 
түсірерлік пікір білдірулер болмады емес. Мәселен, 
1959 жылы әдеби мұраға арналған конференцияда 
М.Әуезов зерттеуші Б.Шалабаев баяндамасын 
сынай келіп былай дейді:”Және көршілес, туысқан 
шығыс елдерінің “халықтық дастан” аталатын 
“Сейфіл-Мәлік” , “Таһир-Зуһра” , “Шәкір-Шәкірат” 
, “Жүсіп-Зылиха” тәрізді жырларының қатарына 
“Сал-салды” қосуы да орынсыз болды. Бұл жыр 
–Мұхаммед пайғамбар мен оның шариярларының, 
ісләм дінін тарату жолындағы барынша агрессивтік 
қантөгіс, діншіл озбырлық аңыздарды дәріптейтін 
шығарма” [1] .
Бұл пікірден М.Әуезов тәрізді әдебиет 
білгірінің де өміршілдік жүйе қыспағынан 
босана алмағанын, әрі жекелеген шығарманы 
сынап, басқа асыл туындыларды сақтап қалу 
талабын байқаймыз.Мәселен, “Жүсіп-Зылиха“ 
шығармасында орталық қаһарман ретінде Жүсіп 
пайғамбар алынуы бұл туындының кенжелеп 
жарық көруіне әсер етпеді дей алмайтынымыз 
белгілі. Сонымен бірге сыналған түрде болса да 
“Сал-салдың“ аталуы да әдебиет тарихында ондай 
шығарманың бар екенін еске салуымен де сол кез 
үшін мәнді құбылыс дегіміз келеді.
Мәшһүр-Жүсіптің дастандарын, оның ішінде 
діни тақырыптағы туындыларын зерттеуге кіріспес 
бұрын, дастан жанрының бастау көзін, оның ішінде 
қазақ діни қиссалар өрісін танытуда ХІХ ғасырда 
жарық көрген В.В.Радлов кітабына: “Киік”, 
“Шарияр” , “Кубас” , “Бозторғай” , “Заман ақыр” , 
“Құсайын қиссасы “ енуінің үлкен мәні болғанын 
атап айтуымыз керек.
Қазақ қисса-дастандарын, оның ішінде діни 
қиссаларды таныту үшін алдымен оған үлкен ықпал 
еткен шығыс ақындары Фердаусидің /934-1026/, 
Г.Низамидің /1141-1209/, Сағдидің /1184-1291/, 
Ә.Науаидің /1141-1501/ т.б. дастандарының мәнін 
ашуға зерттеуші Ә.Қоңыратбаев көп еңбек етті. 
Мәселен, ғалым: “Қисса, шайырлық әдебиетіне 
арналған зерттеулер ойдағыдай емес“-деп , сол 
олқылықтың орнын толтырарлық сараптауларын 
ортаға салды.[2] 
Сондай-ақ фольклорлық дастандардағы миф, 
аңыз мәнін сараптаған М.Қараев [3] көне түркі 
дастандары мәніне назар аудартқан Р.Бердібаев [4], 
көне халық эпосының /демек кейін жазба әдебиетке 
әсер еткен шығармаларды-Г.Ж./ қалыптасу, даму 
тарихын сөз еткен Ш.Ыбыраев [5], ерте дәуірдегі 
қазақ әдебиетіндегі дастан жанрын сараптап, сол 
арқылы кейінгіқиссалардың бастау көзін аша түскен 
Н.Келімбетов [6], “Оғызнама” , “Мұхаббатнама” 
дастандары мәнін талдаған М.Жармұхамедов [7] 
т.б. еңбектері де осы саладағы ізденістер өрісін 
кеңейтуге мұрындық болғаны анық.
Сонымен бірге араб-қазақ, парсы-қазақ, жалпы 
шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиеті байланысын 
зерттеп, ондағы сюжеттердің қазақ әдебиетіне 
тигізген ықпалын сараптаған: Ә.Дербісәлиев [8], 
Ө.Күмісбаев [9] т.б. еңбектерін атап өткіміз келеді.
Сондай-ақ діни қиссаларға арналмағанмен, жалпы 
дастан, поэма жанры ерекшелігіне, оның жанр 
түрі ретінде қазақ әдебиетіндегі даму тарихына 
арналған: Ә.Нарымбетов [10] , Б.У.Азибаева [11] 
кітаптары да - елеулі ізденістер айнасы.
Әйтсе де, қазақ ақын-жазушылары ішінде ең 
көлемді мұра қалдырған 
Мәшһүр-Жүсіп екенін, оның жазбаларының 
жалпы көлемі 25 томдай болатынын сараптасақ, 
бұл салада тындырылған іс өте аз екенін де тез 
анықтай аламыз. Тіпті, бұған дейінгі Мәшһүр-
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет