М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет53/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
деп атанып қалды. Тоғыз жүз отызда Сарайшықта 
(офат) болды / 20/. 1738-де Әбiлхайыр хан бас 
болып, Адайдан басқа Кiшi жүз орысқа бағынады. 
1750-де Абылай хан мен өр Жәнiбек орысбен сауда 
араластыру үшiн Тройскiден базар аштырған. 1755-
шi жылда Құлыкесiнiң баласы Сүгiрәлi жасаққа 
келген қазаққа бiр өткелдiң аузында 100 ат ұстатып 
берiп Сүгiрәлi мырза атанған/21/’’.
Тарихтанушы ғалымның мүшел қайыру 
әдiсiн қолданып, тарихи оқиғаның қай жылы 
болғанын анықтауы ерекше көңіл бөлерлік. 
М.Ж.Көпеев 1837-1838ж. оқиғаларға қатысқан 
Байғозының ұлдарының мәлiметтерiне (Нұрсиет 
Байғозыұлының сол жылы туғанын) сүйенiп, 
Кенесары Қасымов көтерiлiсi ит жылы (1837ж.–ит 
жылы) басталды деген қорытындыға келеді /22/. 
Хан Кенесары көтерiлiсiнiң аяқ кезі туралы « Қазақ 
түбі» екi мезгiлдi қатар жазып кеткен: бiрi–1846 
жыл / 23/, екiншiсi–1847 жыл / 24/.
Хан Кенесарының Қамауға (Қамалға) 
келгендiгi туралы, Ұлы жүз халқының 
iшкi саяси жағдайы туралы Мәшһүр Жүсiп 
Көпеев мәліметтердi келтiре отырып, өз ой-
пiкiрiн,көзқарасын қоса айтады: “Iле деген 
өзеннiң Балқашқа құйған жерiн Қамау деп атайды. 
Қараталдың, Iленiң, Шудың алабын, Алатау 
төңiрегi Найман мен Vйсiн жайлайды. Албан, 
Суан, Дулат, Жалайыр, Шапырашты деген рулары 
Кенесары Ұлытау, Кiшi таудан ауып барғанда, сол 
Қамауға барған. Шапыраштыдан басқа Ұлы жүзде, 
Найман да Кенесарыны мойындай қоймаған. Ұлы 
жүз бұрыннан Қоқанға қарап атқамiнерлерi, еркегi 
жыл сайын сарттан шапан киiп тұратын. Найман, 
Темiрсу, Жемiнен, Алматы, Аягөздегi орысқа 
бағынып, терi шекпен киiп тұратұғын” /25/. 
Ендi бiр қолжазбасында ғалым қазақ 
хандарының билеу институтына, тек шежіресіне 
жеке тоқталып өтеді. Қалмақ қоңтажыларымен 
салыстыра келе, Мәшһүр Жүсiп Көпеев қазақ 
тарихындағы орталықтандырылған, бiрiккен 
абсолюттi билеу жүйесiнің жоқтығын сынап 
жазады: “1778 – жылдар Абылай ханның Орта 
жүзге хан болған шамасы. 1821-жылдар Уәлi хан 
өлiп, асы берiлген шамасы. Қалмақтарға да әртүрлi 
ат қойылса керек. Мұның ханы Қалдан Шерiн – 
Батыр баласы. Қара қалмақтың ханы қоңтажы, 
орыс историясында “хан тайшы” делiнедi. Он сан 
оймауыт, тоғыз сан торғауыт – бұлардың ханы 
кәрi Аюке Тапсыради деседi. Қоңтажы, Аюке 
бiрақ кiсiнiң аты болмайды. Шүршiт хан Ежен хан 
атағандай болғандарына айтыла берсе керек.
Қазақта мұндай үзiлмей бiрiнен соң бiрi болып 
тұратұғын хандық жоқ. Анда-санда қолдарына 
хандық тиiп қалады да, ұзамай быт-шыт болады” / 26/. 
Деректердi жiктеушi,топтастырушы ретiнде 
бергi ХVIII-ХIХ ғғ. тұлғаларды сараптауға 
келгенде Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы олардың 
кiмдердiң замандасы болғандығына назар 
аудартып, жiктейдi. Жәнiбектердi сараптау 
барысында ғалым Шақшақ Жәнiбектiң қалмақтың 
қоңтажысы Қалдан Шерiнмен замандас екенiн, 
ал керей Жәнiбектiң олардан сәл кейiн көзге түсе 
бастағанын ашып көрсетедi /27/. Мәшһүр Жүсiп 
Көпейұлы кейбір аңыз-әңгімелердегі көмескі 
мәліметтердегі тарихи тұлғаның аты өзгергенде 
(“Алаша хан” т.б.) халық жадында сақталынған 
есімін ғана мәлiмдеп, қай кезде өмiр сүргенiн өзi де 
анықтай алмағанын да жазып кеткен: “Қазақтың өз 
сыбағасына арналып хан болғандар: Қасқа жолды 
Қасым хан, ескi жолды Есiм хан, “Күлтөбеде күнде 
кеңес” атанған әз Тәуке хан, олардан соң 48 жыл 
хан болып билеген Абылай хан.
Қазақта хан болып, заң-закон жасап, халық 
қатарына қосқандар осы айтылған хандар. Алды-
арты жоқ Алаша хан деген бiр хан билеген. Қазақ 
үш жүзге бөлiнiп. Ұлы жүз Vйсiн, Орта жүз 
Арғын, Кiшi жүз Алшын атанғаны: Алаш деп ұран 
шақырысып, “Алаш алаш болғанда, Алаша хан 
болғанда, үйiмiз ағаш болғанда, ұранымыз Алаш 
болғанда деп айтатын заман болған” / 28/.
Сонымен қатар М.Ж.Көпеев кейбiр аңыз-
әңгiмелердiң шығу тегін, себебiн ашуға да 
ұмтылған. Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының
ХIХ ғ. бiрiншi ширегiндегі шиеленiсуiнiң түп 
төркінін, яғни алғышартын Абылай ханның 
қырғыздарға жасаған жорығынан басталатындығы 
туралы өз ой-пікірін ұсынады. /29/ Ал Сыпатай 
батырдың қырғыздармен достасуына Ұлы жүз 
руларының қырғыздармен көршiлес, аралас болу 
әсер еткен деп қарастырады: “Қырғыз таптары 
Шапырашты, Vйсiнмен аралас отырған: Сарбағыс, 
Солты, Бұғы. Сарбағыстан Әтiке Жырыққа алты 
ұлы алты ас берген. Сол алтауының бiрi–Қарабек, 
мұнан Жантай, мұнан Шабдан’’ / 30/.Сонымен 
бірге Ә.Исақовтың зерттеуiнде /31/ де Сыпатайдың 
ағасы Андас батырдың, Қанай мен Жаңғараш 
манаптардың Қарабалта деген жерде жерленгенi 
туралы деректер бар.


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет