М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


ҚАЗАҚТЫҢ ҚИССА – ДАСТАНДАРЫ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП



Pdf көрінісі
бет58/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

ҚАЗАҚТЫҢ ҚИССА – ДАСТАНДАРЫ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП
Г.Қ. ЖҮСІПОВА
ф.ғ.к., доцент, Астана қ. 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
58
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Жүсіпке арналған жалғыз диссертацияда да 
ақынның баспа бетін көрген таңдамалы екі 
томдығы материалдарымен шектелу орын алғанын 
көреміз [12].
Ал, ақынның бұрын баспа бетін көрмеген 
шығармалары, оның ішінде діни қиссалары 
жоғарыдағы еңбектердің бәрінде де талданбақ 
түгіл мүлде аталмауының өзі осы саладағы арнайы 
ізденістің қажет екендігін дәлелдейді.
Қазақ әдебиетіндегі діни тақырып дегенде, 
оны оқшау қарастырмай, оған алдымен ықпал еткен 
орта ғасырлық араб, парсы әдебиеті ролін анықтау 
қажеттігі туады. Зерттеуші Ш.Қ.Сәтбаева қазақ 
оқымыстысы Ш.Уәлихановтың ХІХ ғасырдың 
өзінде қазақ, араб поэзиясын салыстыра талдаған 
пікірін келтіреді:”Дала өмірін жырлаған поэзия 
болғандықтан, бұл екі елдің поэзиясы бір-біріне 
өте ұқсас, екеуінің де сюжеті дала өмірі тәрізді 
үнемі біркелкі болып келеді“ [13].
Түркі тілді халықтар әдебиетіне /демек көне 
қазақ әдебиетіне де –Г.Ж./ араб, парсы тіліндегі 
ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерінің 
қаншалық ықпал еткенін зерттеуші Б.У.Әзібаева 
да жете дәлелдеген [14].
Мифтік аңыздардың әлем әдебиеті дамуындағы 
роліне зерттеуші Е.Исмайловтың жоғары баға 
бергені белгілі: “Дүние жүзі әдебиетіндегі Фауст, 
Прометей сияқты образдардың төркінінде мифтік 
негіз жатқандығы бізге белгілі”[15]. Жалпы 
УШ-ХХ ғасыр аралығындағы араб, парсы, 
түркі халықтары әдебиетіндегі діни бағытта 
жазылған шығармаларды жинақтап, оларға 
“сопылық әдебиет“ атауы қолданылып келгені 
де мәлім. Сопылық әдебиеттің қандай жағдайда 
пайда болып, қалай өрістегені туралы құнды 
пайымдауды арабтанушы ғалым Ә.Дербісәлиевтен 
табамыз:”Аббастық халифалар дәуірінде исламда 
мистикалы-аскеттік ағым-суфизм қалыптасады. 
Аскет-суфилер немесе факир дәруіш деп аталатын 
софылар ислам әлемінде христиан монахтары 
секілді роль атқарады. Софылар байлықтан 
безініп, жер бетінің ләззат қызығынан бас 
тартуға , жоқшылық өмірді және жаратушымен о 
дүниеде табысуға шақырған. [16] Ә.Қоңыратбаев 
сопылық поэзияны «дидактикалық поэзия» ретінде 
қарастырып: «Оның басында құдай, пайғамбарға 
сыйыну тұрған»[17],-деп көрсетеді.
Зерттеуші Ы.Дүйсенбаев шығыстан қазақ 
әдебиетіне сюжет желісі ауысқан шығармалар 
туралы айта келіп, оның ішінде діни 
тақырыптағылардың біраз орын алатынын ашады: 
“Өйткені сол шығыстан ауысқан үлгілердің өзі 
бір текті емес, мысалы, халықтық туындылар, 
классиктердің шығармаларынан басқа “Жұм-
Жұма”, “Сал-сал“, “Зарқұм“, “Мұхаммет 
пайғамбардың Миғражға шыққаны“,“Кербаланың 
шөлінде“, “Мұхамметханафия“,“Мәлікаждар“ 
және тағы басқалар секілді негізінде ислам дінін 
уағыздауды мақсат еткен қисса-дастандар да аз 
емес» [18].
Сопылық әдебиеттің ХІ ғасырда жаңа мәнге 
ие болып толыққандығын Ә.Дербісәлиев белгілі 
ғалым Е.Э.Бертельс еңбегіне сүйеніп дәлелдейді: 
“Суфизм діни-мистикалық ағым ретінде УШ 
ғасырда-ақ пайда болғанымен, ХІ ғасырдың 
соңында өз идеологиясын антикалық және 
христиан ой-пікірімен толықтыра отырып жетіліп, 
жаңа мазмұндағы ағымға айналып үлгерген 
болатын“.[19] Сонымен қатар Ә. Дербісәлиев бұл 
идеяны өрістетіп, Х ғасырдағы араб мәдениетінің 
өкілі Әбу Ибраһим Исхақтың “Диуан әл-адиб“ 
/“Әдеби жинақ“/ атты еңбегіне көңіл бөлгізеді:“Әбу 
Ибраһим Исхақ “Жинағы“, “Кіріспемен“ басталған. 
Онда ол сол кездегі өзге де авторлар секілді әуелі 
жаратушы мен оның елшісі Мұхаммадқа мадақ 
арнайды“[20]
Ортағасырлық араб әдебиетінде алдымен 
Алланы, пайғамбарды мадақтау кең орын алды 
[21], десек, мұның әсері ХШ ғасырдағы ғұлама 
ақын Сағдидің “Гүлстан“ дастанынан да толық 
көрінетіні белгілі. Ә.Қоңыратбаев шығармада: “д, 
тағдырға қанағат ету… ж.құдайға салауат… н. 
дұға“, қысқасы, Аллаға мойынсыну бөлімдері бар 
екенін айтады. [22]
Жоғарыда айтылғандай, араб мәдениетімен 
тығыз байланыста дамыған түркі әдебиетінде де 
басты тақырып, өзекті сарын алдымен Алланы, 
одан соң пайғамбарды дәріптеу болғаны аян. 
Мәселен, Жүсіп Баласағұнның 1069-1070 жылы 
жазылған “Құтты білік“ кітабының қара сөзбен 
берілген кіріспесінің ең басында мына сөздер тұр: 
“Бісмілләхи-р-рахмани-р-рахим! Әзиз, уә, күллі 
ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі 
жанның бәріне ризық берген құдіреті күшті тәңірге 
ырзамыз“.[23] Ал, одан кейін берілген өлеңмен 
жазылған кіріспе бөлім де Аллаға сүйіспеншілік 
білдірумен басталады: “Құдіретті бір хақ барша 
алапқа,// Соған лайық мәртебе де, мадақ та.”[24] 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет