М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


Тісіңді алыс жауға көп қадайсың



Pdf көрінісі
бет91/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Тісіңді алыс жауға көп қадайсың,
Артыңнан найза, қылыш бек таяйсың [10, 55 б.].
Немесе
Қас пен көздің, кірпіктің арасында
Талайсызға тікен боп тіл қадалар [15, 150 б.].
Сол сияқты
Ол молда бұрынғыдай бола алмады,
Көңіліне күндегі сөз қона алмады [15, 123 б.].
Әр жерде жұрт аузында әңгіме боп,
Құлақтың, естігенде, құрышы қансын
[15, 33 б.].
Автор өлеңнің үйлесімді ұйқасын бұзбау 
мақсатында фразеологизмдердің арасына 
сынамалап сөз ендіреді. Дистант құбылысы 
тұрақты тіркестердің мағынасына ешбір нұқсан 
келтірмейді, керісінше өзара жымдасып, үндестік 
табады. 
Иншалла, жазған сөзім бір де қалмас.
Бұл өнер тірім түгіл, көрде қалмас.
Болат мәтін - қанжармен тесілген тас,-
«Тесік тас, -деген сөз бар, -жерде қалмас» 
[10, 53 б.].
Ақын өзінің жазған сөздерін, ұлағаттарын 
болаттай берік мәтінге балайды. Болат мәтін 
қанжармен тесілген тас іспетті дей келе, олардың 
жай қалмасын халық мәтелін қолдана отырып, 
жеткізеді. Бұл жерде де ақын өлең ұйқасын бұзбас 
үшін дистант тәсілін қолданады.
Болмаса жақсылықтан еш нәрсеміз, Сорымыз 
сонда біздің қайнайды екен; Шаһар жаққа түзейді 
енді бетті; Қай жеріңнен келмей тұр, айтшы, 
күйің; Тұзағына бір жұрттың түсіп торлы; 
Делебем айқай шықса, кетер қозып; Ілінсем 
жақсылықпен ел аузына; Ақынның шек келтірме 
тіл жағына, Ілінсең сау қалмайсың тырнағына. 
Берілген мәнмәтіндерде ақын компоненттері 
дистант орналасқан фразеологизмдерді инверсияға 
ұшыратып та пайдаланады. Олар мазмұн 
тұтастығын бұзбайды. Фразеологизм құрамында 
кездескен сөздер ешбір стильдік мақсатты 
көздемесе де, экспрессивтілік үстеп, мағынаны 
кеңейтуге қатысады. Сондай-ақ, дистант құбылысы 
фразеологиялық варианттарды жасайтынын айта 
кетуге болады.
4. Фразеологизмдердің орнын алмастырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет