ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
90
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Тыныштық керек болса, бір жаныңа,
Өзіңді ғылым бірлан өнерге сал [10, 77 б.].
Немесе
Не нәрсе парыз болса, ғылым – парыз,
Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз [10, 155 б.].
Өз заманының патриоты ретінде адамдарды
ғылым-білім үйренуге шақырады. Ақын
түсінігінше, ғылымды білу – парыз. Ғылым – ең
алдымен жаныңның тыныштығы үшін керек
дегенді айтады. Сөзінің жаны бар сияқты.
Кедей байдан тіленіп борыш алғаны:
Өз-өзінен дарға асылғаны [10, 6 б.].
Немесе
Бұл күнде тіл сөйлемес, ақша – шешен,
Жүгірер бай жұмсаса, не мен, не сен.
Дүниеге дінін сатқан адамдардан
Алыс жүр, бой суытып аман-есен [10, 171 б.].
Бұл сөздердің бүгінгі күнгі заманауи
проблемалармен үндес екенін аңғаруымызға болады.
Сонымен ақынның фразеологизмдерді
жаңартып жұмсау тәсілі, халық тілі үлгісімен
жасалған, өз қаламынан шыққан қанатты
сөздері қазақтың ауыз әдебиеті тілімен ұштасып
жатқандығын дәлелдейді және қазақ фразеологиясын
байытуға қосқан үлесі болып саналады.
Қ о р ы т а а й т қ а н д а , М ә ш һ ү р Ж ү с і п
шығармаларындағы
фразеологизмдердің
окказионалды қолданыстары жасалу тәсілі
жағынан сан алуан екеніне көз жеткіздік. Қаламгер
әр өлеңнің идеясына сай осы түрлі тәсілдерді
үйлестіріп қолдана білген. Ақын жалпыхалықтық
тілдің тұрақты тіркес құрамынан ең қажетін
талғай отырып, мүмкіндігіне орай оларды
түрлендіріп пайдаланады. Өлеңдегі қолданысына
қарай фразеологизмдердің
стильдік бояуын
ажарлай түседі, атқаратын қызметін күрделендіре
түседі. Тұрақты тіркестерді жаңғыртып, өңдеп,
құбылтып, айшықты сөздермен толықтырып
қолдану арқылы фразеологизмдердің мәнмәтіндегі
мәніне экспрессивті-эмоционалды реңк беріп,
көркемдегіш қасиетін құлпыртып, стилистикалық
қызметін күшейтеді, прагматикалық мақсатын
айқындай түседі. ӘӨЖ 821.512.122.+821.512.161
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1 Будагов Р.А. Человек и его язык / 2-е изд. - М.: Изд-ство МГУ, 1976. – 210 с.
2 Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: Оқу құралы. -2-бас.-Алматы: Қазақ
университеті, 2008. -258 б.
3 Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері: көмекші құрал. –Алматы: Рауан, 1997. -80 б.
4 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: Филолог. ғылым. докт. ... дисс. –Алматы,
2007. -336 б.
5 Кунин А.В. О стилистическом контексте во фразеологическом ракурсе. Сб. Науч. тр.-в. - Москва,
1976. – 250б.
6 С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1996. – 304 б.
7 Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. -Алматы, 1983. -198 б.
8 Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы өлеңдері. –Павлодар: ЭКО, 2005. – 2 т. – 456 б.
9 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: ЭКО, 2007. – 485 б.
10 Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы өлеңдері. – Павлодар: ЭКО, 2005. – 1 т. – 425 б.
11 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. - 712 б.
12 Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. -Алматы, 1998. - 128 б.
13 Третьякова И.Ю. Внутренняя форма окказиональных фразеологизмов //
Проблемы семантики и
функционирования языковых единиц разных уровней: Материалы ІІ региональной научной конференции.
– Иваново, 2004. – С. 110-114.
14 Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. – М.: Высшая школа, 1969. – 205 с.
15 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары.
-Павлодар, ЭКО, 2008. – 5т. – 425 б.