М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет90/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

шын көңілмен Аллаға ғашық болуға шақырады.
Құдайды шын ықыласпен көңіліне алса [15, 9 б.].
Ешкім жоқ шын көңілмен Аллаға ғашық [15, 
915 б.].
К ө ң і л  – к о н ц е п т у а л д ы қ м а ғ ы н а ғ а 
ие тілдік бірлік. Көңіл қазақтың танымын, 
наным-сенімін білдіруде, адам эмоциясы мен 
сезімі, психологиялық жай-күйін суреттеуде 
қолданылады. Көңіл сөзі ақын танымында 
аналогия, ассоциация сияқты ойлау процесі 
заңдылықтарының нәтижесінде туындайтын 
ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына 
туғызуға негіз бола алады. Ол – фразеологизм 
жасауға тірек сөз бола алатын тілдік бірлік.
3. Фразеологизм сыңарларының арасынан 
сынамалап сөз ендіру. Фразеологизмдер 
құрылымы тұрақты болғандықтан да сырттан 
сыналап сөз қосуға көне бермейді. Ал 
поэзиялық шығармаларда мұндай құбылыс 
өте жиі ұшырасады және өлең тілінің әр түрлі 
қажеттілігін өтеу үшін осылайша ұшырасуы заңды 
да. І.Кеңесбаев: «Көркем әдебиетте, оның ауызша, 
жазбаша түрлерінде, халық тіліндегі белгілі бір 
фразеологизмді сәл ұлғайтып, немесе ықшамдап, 
өлең өлшеміне не көркем текске ұштастыра өріп 
қолдану сәттері болып тұрады... бұл секілді саналы 
әрекет жолымен болған өзгерістер арасына бөгде 
сөздер енсе, дистант құбылыс деп аталады»,-дейді 
[12, 103 б.].
«Сынамалап енгізілген сөздер тұрақты сөз 
орамының мағына тұтастығына нұқсан келтірмей 
жымдасып, үндестік тапса, нормадан жөнсіз 
ауытқу емес» [15, 54 б.].
Фразеологизмдерді қолдану барысында 
кездесетін дистант құбылысын барлық сөз табы жасай 


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
88
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
алады және олар фразеологиялық варианттарды 
жасайтын тәсіл болып табылады. Дистант 
құбылысы Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы 
фразеологизмдерде де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет