М. Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы


Ескерту: Оқушылар төмендегі талдау үлгісін басшылыққа алып, кесте бойынша қысқаша түртіп алып, ауызша сөйлеуге дайындалуы керек



бет7/8
Дата14.06.2023
өлшемі52,9 Kb.
#101417
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Ескерту:
Оқушылар төмендегі талдау үлгісін басшылыққа алып, кесте бойынша қысқаша түртіп алып, ауызша сөйлеуге дайындалуы керек.
ТАЛДАУ ҮЛГІСІ:

Кейіпкерді сипаттайтын көркем сөз

Көркем сөзді 3 аспектіде өзара байланыста талдау

Тура мағынасын анықта

Мәнмәтіндегі мағынасы арқылы кейіпкерге мінездеме бер.

Образдың автор идеясын жеткізудегі орнына баға беріп, идеяға қатысты түйін шығар

Көп жаудың албастысы, ел еркесі - метафора



«албасты» сөзі - тура мағынасында түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі;
«Ел еркесі» - халықтың, көпшіліктің қалаулысы, сүйіктісі



Абылай ханның сөзіндегі «албасты» метафоралық қолданысы мәнмәтінде «жау» сөзімен тіркесіп, 3-жақта тәуелденіп қолданылған. Бұл метафора арқылы автор Батыр Баянның шабуылда күтпеген жерден (сайтандай) оқыс қимылдап, ғайыптан шыққандай табанда әдісқойлық танытып, жауын тырп еткізбей жеңетін тегеурінді батыр, ерекше күш иесі екенін танытқан. Ол – жауына қырғидай тиетін адуынды да қайтпас ер.
Ел мен жерді жаудан қорғауда батырлығымен аянбай еңбек сіңірген батырды халық аялайды, еркелігін көтереді. Ол - халықтың аялайтын аяулысы, әспеттейтін елеулісі, көпшіліктің көзайымына айналған батыр.

«Көп жаудың албастысы, ел еркесі» күрделі метафорасы -Абылай ханның аузынан айтылған, батырға берілген жанама мінездеу. Бұл - автордың батырлықты дәріптеудегі бір амал-тәсілі. Автор метафоралық қолданыстағы жанама мінездеу арқылы басқа емес, хан бағалаған батыр Баянның абыройы асқақ, беделі зор батыр екенін танытқан.
Ел қорғаны болған батырлықты дәріптеу арқылы автор отансүйгіштікке шақырады.
Түйінді ой:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет