М. Жолдасбеков



бет9/12
Дата25.11.2023
өлшемі397,56 Kb.
#126360
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Екіншіден, Тоныкөк — ақылды қолбасшы. Оның есімімен Білге эпитеті ( Білге Тоныкөк) ү н е м і е г і з а т а л ы п о т ы р а д ы. Біздіңше, бұл Тоныкөктің сондайлық ақылдылығына сәйкес халықтың бертіндегі қосып берген аты. «Ақыл иесі, сөз иесі болдым» — дейді бір сөзінде Тоныкөк. Соған қарағанда оның әрі ақылды, әрі сөзге шешен болғандығы аңғарылады.
Тоныкөк — ұрда-жық асығыстың келте адамы емес, алдағыны күні бұрын болжап білетін сергек ойшыл.
Небір қиын-қыстау күндерде қай мәселенің тұсында да асықпай- аптықпай: «осылай етсем ше?» деп, өзіне сауал қойып барып, шешімін содан соң іздейді.
Әлсіреп жойылып бара жатқан түрк халқын қайта біріктіріп, қайтадан ел ете алатын басшыны сайлаудан бұрын Тоныкөк: «Арық бұқаның, семіз бұқаның барын білер ме екен? деп толғанады. Бұл — оның ақсүйектермен бұқараны өштестірмей, жауықтырмай ұстай алар ма екен, жақсы мен жаманды ажырата алар ма екен дегені еді.
Тоныкөктің данышпандық қасиетін түрк халқының жаулары да


31 М.Әуезов. «Уақыт және қаламгер», 206-бет.
мойындайды. Түрктерден сескенген қидандар, табғаштар, оғуздар өздерінің одақтастарына елші жіберіп, ақыл қосып, күш біріктірудің қажеттігін қайта-қайта пысықтап, әбіржіп жатады. Өйткені, олардың айтуынша: түрк халқының «Қағаны — алып, ақылгөйі — кемеңгер. Осы екеуі тірі болса, бізге жеңу жоқ» деп налиды. Мұндағы түрк халқының ақылгөйі деп отырғаны — Тоныкөк.
Тоныкөк — айлакер, әскери әдістердің жетік білгірі. Оғыздар, табғаштар, құтандар түрк халқына қарсы аттану үшін күш қосқалы жатыр дегенді естіген Тоныкөк күні-түні алдағы болғалы тұрған апаттан құтылар жолдарды, тәсілдерді іздейді ғой. Ақыры күллі ел болып соның дегеніне көшеді.
Тоныкөктің ойынша: «жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені — үзу оңай, ендеше ол үшеуі бірігіп күшеймей тұрғанда шабуылға түрк жауынгерлерінің өзі шығып, оларды шетінен біртіндеп талқандау керек». Көпті көрген, өмірден түйгені мол Тоныкөктің ақыл-айласы, сөйтіп,
түрк халқына жеңіс әпереді.
Жауға ойламаған жерден, дәл осылай, тұтқиылдан шабуыл жасау, бұл да қатал сындардан қапысыз өткен ең сүйікті әскери әдістерінің бірі.
Тоныкөк — саясаттың адамы. Осы қасиетіне байланысты академик Бартольд оны француз тарихындағы Талейранмен салыстырады. Көзі тірісінде өз атынан өзіне ескерткіш орнаттыруы да, тексте басынан аяғына дейін үнемі «мен», «мен» деп сөйлеуі де, оның тарихта өз атын қалдыруға қам жеген саясатшылдығынан еді.
Жоғарғы айтылғандардың үстіне Тоныкөк — жауапты, шешуші жорықтарға қол бастаған ерен батыр.
Ел шетіне жау келгенде түрк халқы үшін ол түн төсегінен түңіліп, ұйқысын төрт бөледі.



деп жазады.
Түнде ұйықтамадым, Күндіз отырмадым. Қызыл қанымды ағыздым, Қара терімді төктім,—

Ол — қорқуды білмейтін, жауға намысын жібермейтін ержүрек батыр.
Оның қайсар, батырға тән ерлігін мына бір үзіндіден айқын көреміз:

Алтын тауын асып келдік, Ертіс өзенін кешіп келдік, Көп екен деп неге қашамыз, Азбыз деп неге қорқамыз, Неге басындырамыз?


Шабамыз,—дейлі.

Мұнда мұқалмас жігер, орасан батылдық бар. Өздеріңізге мәлім, Білге қаған таққа отырғанда, оған кеңесші болған қарт данышпан жетпіс жаста еді.

Өзім қартайдым Ұлық болдым,—


деген жолдардан біз оның сол ұлғайған шағын көреміз.


Бірақ кәрі тарлан қартайдым деп отырмаған, өле-өлгенше түрк халқының қамында болған:

Мен өзім ұзақ жорықтарға да бастадым, Бүкіл түрк халқына


Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым,—

деген жолдар Тоныкөк өмірінің мақсаты мен нәтижесіндей. Орхон ескерткіші суреттеген көне дәуірдің жырауы, батыры, білгірі Тоныкөк міне, дәл осындай.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет